«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235
қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 470х Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 72-7-қосымшада:
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде»:
«52 дана спорттық мүкәмалмен жабдықтар сатып алу.» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Ұлттық штаттық командалар дирекциясы үшін 2 шағын автобус сатып алу.»;
«кереует - 20 дана), компьютер - 2 дана» деген сөздер «кереует - 24 дана, үстел - 10 дана, жұмсақ жиһаз - 2 жиынтық), компьютер - 3 бірлік, тұрмыс техникасы кемінде 7 дана, сейф - 1 дана» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |