«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1295 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1295 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
«2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:
2006-2008 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 5-жолда:
4-бағандағы «2005-2007» деген сандар «2005-2008» деген сандармен ауыстырылсын;
5-бағандағы «550000» деген сандар «1362885» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «335000» деген сандар алынып тасталсын;
9-баған «1147885» деген сандармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-1-жолмен толықтырылсын:
10-1 | Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің машина жасау факультетін және оқу-өндірістік орталығын салу | БҒМ | 2006 | 561188 | 335000 »; |
«Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ» деген жолда:
9-бағандағы «38567852» деген сандар «39715737» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:
2007-2009 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 5-жолда:
6-бағандағы «365000» деген сандар «30000» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «812885» деген сандар «1147885» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-1-жолмен толықтырылсын:
10-1 | Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің машина жасау факультетін және оқу-өндірістік орталығын салу | БҒМ | 2006 | 561188 | 335000 »; |
«Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ» деген жолда:
8-бағандағы «32448347» деген сандар «32783347» деген сандармен ауыстырылсын;
3) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
04 «Білім беру» функционалдық тобында:
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» әкімшісі бойынша:
011 «Білім және ғылым объектілерін салу және қайта жаңарту» бағдарламасы бойынша:
«Алматы қаласында көру қабілетінде проблемалары бар балаларға арналған 250 орындық мектеп-интернат салу 335000» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан
аграрлық-техникалық университетінің
машина жасау факультетін және оқу-
өндірістік орталығын салу 335000»;
4) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 232-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«Алматы қаласында көру проблемалары бар балалар үшін 250 орындық мектеп-интернатының құрылысын жалғастыру» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне машина жасау факультетін және оқу-өндірістік орталығын салуға күрделі трансферттер аудару.».