3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелерін шешу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайту, Қазақстанның халықаралық ұйымдар, әмбебап және өзге де халықаралық конвенциялар хатшылықтары алдындағы борыштық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету. Халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізуді уақытылы қамтамасыз ету (БҰҰ Бас Ассамблеясы, ВОИС, ОЭС, ИНТЕРПОЛ және т.б.).
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Халықа- ралық ұйымдар- ға және басқа да халықа- ралық орган- дарға қатысу | | | |
2 | | 100 | Халықа- ралық ұйымдарға қатысу | 1. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдарға кірістік, үлестік, ерікті қаржылық жарналарды төлеу және қарызды өтеу - 74 ұйымдар мен конвенциялар. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 2. Алматы қаласындағы Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығын ағымдағы ұстау, қызмет етуін қамтамасыз ету және ғимаратының жалға алу төлемін төлеу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. | жыл ішін- де | Қазақстан Респуб- ликасының Сыртқы істер министр- лігі |
3 | | 101 | ТМД-ның жарғылық және басқа да органда- рына қатысу | Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын ТМД-ның үлестік жарналарын төлеу - 21 орган, соның ішінде ТМД-ның жарғылық органдары (8 орган - ТМД Атқару комитеті, Шекара әскерi қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметі, Мемлекет- аралық ТМД статисти- калық комитеті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті үйлестіру бюросы, Әскери ынтымақтас- тықты үйлестіру штабы, ТМД экономи- калық соты, ТМД терроризмге қарсы орталығы, Мемлекет Басшылары Кеңесінің, Үкімет Басшылары Кеңесінің, Сыртқы істер министрлері Кеңесінің, ТМД Экономикалық кеңе- сінің мәжілістерін өткізу), ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы, ТМД-ға қатысушы мемлекет- тердің көліктік кеңесін үйлестіруші атқару комитеті, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіруші кеңесі, ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитеті, Халықаралық Аралды құтқару қоры, Мемлекетаралық Жолшылар кеңесі, Мемлекетаралық Стандартизациялау, метрология және сертификаттау кеңесі, Үкіметаралық авиациялық комитет, Мұнай және газ жөніндегі Үкіметаралық кеңес, Химия және мұнай химиясы саласындағы Үкіметаралық кеңес, Байланыс саласындағы өңірлік қоғамдастық, БАЫ жанындағы ақпараттандыру жөніндегі үйлестіру Кеңесі, Біртұтас Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру жөніндегі Жоғарғы деңгейдегі топтың сарапшылық- ұйымдастыру тобы. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. | жыл ішін- де | Қазақстан Респуб- ликасының Сыртқы істер министр- лігі |
4 | | 102 | Қазақстан Республи- касының Еура- зиялық экономи- калық қоғам- дастығы жанындағы Тұрақты өкілінің аппаратын ұстау | 1. Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты Өкілін және оның аппаратын ұстау. Бекітілген штаттық саны 5 бірлікті құрайды. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. 2. ЕурАзЭҚ жарғылық органдарының мәжілісіне даярлық. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. | жыл ішін- де | Қазақстан Респуб- ликаның Сыртқы істер министр- лігі мен ЕврАзЭС жанындағы Қазақстан Респуб- ликасының Тұрақты өкілдігі |
5 | | 103 | ТМД терро- ризмге қарсы орталы- ғындағы және ТМД Экономи- калық Кеңесі жанындағы эконо- микалық мәселелер жөніндегі комис- сияда Қазақстан Республи- касының өкілдерін ұстау | Қазақстан Республикасының ТМД- ның антитеррористік орталығындағы және ТМД-ның Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы тұрақты өкілдерін ұстау. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. | жыл ішін- де | Қазақстан Респуб- ликаның Сыртқы істер министр- лігі мен Қазақстан Респуб- ликасының ТМД-ның Антитер- рористік орталы- ғындағы және ТМД-ның Экономи- калық Кеңесі жанындағы экономи- калық мәселе- лер жөніндегi комиссия- дағы Тұрақты өкілдері. |
6 | | 104 | Ұжымдық қауіпсіз- дік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегi Қазақстан Республи- касы Өкілеттi өкілінің аппаратын ұстау | Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңесте Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілін және оның аппаратын ұстау. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. | жыл ішін- де | Қазақстан Респуб- ликаның Сыртқы істер министр- лігі мен Ұжымдық қауіп- сіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республи- касының Өкілеттi өкілі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі:
Қазақстан Республикасының 94 халықаралық ұйымдарда, конвенцияларда, ТМД-ның үлестік және басқа да органдарында дауыс беру құқығымен қатысуы, мемлекет басшылығының бастамашылықтарын ілгерілету мен іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу салаларындағы халықаралық ұйымдардың саясатын айқындау арқылы еліміздің ұлттық мүдделерін қорғау.
Түпкі нәтижесі:
Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа одан әрі интеграциялану жолымен сыртқы саяси және сауда-экономикалық мүддесін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде аймақтық және жаһандық бағдарламаларды шешуге қатысуы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету. Саясат, экономика, ғылым мен мәдениет салаларында шетел мемлекеттерімен, халықаралық ұйымдармен көп жақты қатынасты дамыту және нығайту.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығын - 141427,0 мың теңге, Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы жанындағы Тұрақты өкілінің аппаратын - 17361,0 мың теңге, ТМД терроризмге қарсы орталығындағы комиссияда Қазақстан Республикасының өкілін - 9690,0 мың теңге, ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияда Қазақстан Республикасының өкілін - 3708,0 мың теңге, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасы Өкілетті өкілінің аппаратын - 37821,0 мың теңге ұстау. Қазақстан Республикасы үшін халықаралық ұйымдарға қатысуын ішкі және сыртқы тиімділіктерін ақшалай түрде бағалау мүмкін болмайды.
Мерзімді уақыты:
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша Сарапшылық кеңестің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға Төлем жоспарын және борыштық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету.
Сапасы:
Халықаралық ұйымдардың жұмысының нәтижесімен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
67-қосымша
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 171253 мың теңге (бір жүз жетпіс бір миллион екі жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы" № 542-30қ қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Yкіметтік комиссиясы туралы" № 1283 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы "Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының қазақстандық бөлігінің құрамын бекіту туралы" № 1324 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 қазандағы "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы туралы" № 1058 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын және Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекарасының мызғымастығын қамтамасыз ету, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін реттеу, сондай-ақ трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, жергілікті жерлерде мемлекеттік шекара сызығын шекаралық белгілермен бекіту, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекарасын заңды түрде ресімдеу, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелерін реттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мемле- кеттік шекараны делими- тациялау және демарка- циялау | 1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының сызығын шекаралық белгілермен бекіту - 300 белгі (демаркация), оның ішінде қазақстан- өзбек шекарасында - 200 белгі, қазақстан-қырғыз шекарасында - 100 белгі. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. 2. Қазақстан аумағында Түрікменстан өкілдерімен шекаралық белгілердің (демаркация) далада орнатылуын тексеру және техникалық тұрғыдан жарақтан- дыру. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. 3. Қазақстан Республикасының аумағында трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелерін реттеу бойынша іс шаралар жүргізу, оның ішінде трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелерін реттеу бойынша қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының төртінші отырысы су-энергетикалық ресурстар мәселелерін келісу бойынша Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының сарапшылары жұмысшы топтарының мәжілісі, Шу мен Талас өзендеріндегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы келісімді қарау жөніндегі Қазақстан Республикасымен Қырғыз Республикасы- ның сарапшылары жұмыс тобының отырысы. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 4. Іссапарлық және өкілдік шығыстарды қамтамасыз ету және өтем ақысын төлеуге байланысты келіссөздер процесін жүргізу мәселесі бойынша: - Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау, оның ішінде қазақстан-ресей шекарасын демаркациялау мәселесі бойынша; - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау; - трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 5. Байланыс қызметіне ақы төлеу. Іске асыру мерзімi - қаңтар-желтоқсан. | жыл ішін- де | Қазақстан Республи- касының Сыртқы істер минис- трлігі, Қазақстан Республи- касының Жер ре- сурстарын басқару жөніндегі агент- тігі, "Казгео- карт" респуб- ликалық мемле- кеттік қазыналық кәсіпорны |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі:
Келіссөздер жүргізу, 300 шекаралық (қазақстан-өзбек шекарасында - 200, қазақстан-қырғыз шекарасында - 100) белгілерді орнату, шекара сызығы межеленген топографиялық карталарды басып шығару.
Түпкі нәтижелері:
Каспий теңізінің түбін мәжелеудің орта сызығын топографиялық карталарға түсіру, оларды сипаттау, жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен, Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекара сызығын шекаралық белгілермен бекіту, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі келісімдерге қол қою.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі:
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын - 58 705 мың теңгеге, Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасын - 30 965 мың теңгеге, қазақстан-түрікмен мемлекеттік шекарасын - 4 670 мың теңгеге демаркациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу жөніндегі келіссөздерді жүргізуге - 20 910 мың теңге, Қазақстан Республикасының аумағындағы трансшекаралық өзендер мәселелерін реттеу және қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған қаражат - 9 870 мың теңге және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасын демаркациялау мәселелері бойынша келіссөздерге қазақстандық делегацияның қатысуына - 35 426 мың теңге; байланыс қызметіне - 10 707 мың теңге.
Мерзімді уақыты:
Демаркациялау, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша келіссөздерді жоспарлы түрде жүргізу және қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес қажетті демаркациялық жұмыстарды орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
68-қосымша
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Шетелдік іссапарлар"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 800336 мың теңге (сегіз жүз миллион үш жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі "Республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы" № 410 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға арналған валюталық қаражатты жұмсауды ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" № 148 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамыту, Қазақстан Республикасының оң сипаттағы имиджін ілгерілету, Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы қарым-қатынастарын кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешуде Қазақстан Республикасының рөлін арттыруға жәрдемдесу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Шетелдік ісса- парлар | Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарын және өтемақысын төлеу, сондай-ақ шетелге шыққанда Қазақстан Республикасының Үкімет мүшелерi басқаратын Қазақстан Республикасы делегацияларының арнайы рейстер шығыстарын төлеу. Іске асыру мерзімi - қаңтар. | жыл ішін- де | Қазақстан Республи- касының Сыртқы істер минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі:
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, сондай-ақ үкіметтік делегациялардың шетелдік сапарларын өткізу, Қазақстанның сессияларда, конференцияларда, мәжілістерде, симпозиумдарда, саммиттерде, форумдарда, екі және көп жақты келіссөздерде, консультацияларда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне байланысты келіссөздерде, Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттардың жобаларына қатысты сарапшылардың консультацияларында өкілдік ету, соның ішінде электрондық үкімет құру, билер соты институтын құру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік үлгілерін ендіру секілді салаларды зерделеу және тәжірибе алмасу және тағы басқалары.
Іс-шаралардың жоспарланып отырған саны 817.
Түпкі нәтижесі:
Халықаралық құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және оларға қол қою, тәжірибе алмасу және тиімді ынтымақтасу орнату, әріптестік, іскерлік байланыстарды жолға қою, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту, әлемдік тауарлар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізу, қазақстандық тауарлардың сатып-өткізу нарығын кеңейту, тауарларды экспорттау кезіндегі кеден баж салығын азайту және т.б. Қаржылық-экономикалық нәтижесі:
Елден тысқары жерлерге қызметтік іссапарға жіберілген бір адамның (жетекші маман) 4 күн кезеңге Мәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген шығындары - 132 768,0 теңге және 4 күн кезеңге Мәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген бір адамның (Министр) шығындары - 345586,27 теңге (бір сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар - 239 177,13 теңге құрайды);
- Ресейге бір іссапарға арналған бір адамның шығыны - 132 768,0 теңге және Үндістан, ҚХР (Гонконг), Оңтүстік Корея, Чили, Филиппин елдеріне бір сапарға арналған бір адамның шығыны - 1 828 942,76 теңге (бір сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар 980 870,38 теңге құрайды).
Іссапарға жіберілген бір адамның орташа шығындарын негізге алып, осы бағдарламаның қаржылық-экономикалық тиімділігі туралы қорытынды жасау есеп-қисаптан көрініп тұрғанындай дұрыс болмайды, өйткені бір іссапарға арналған шығыстарға жіберілген адамның лауазымы, (мәселен, министрдің тәуліктік ақысына 20 пайыз үстемақы, 5* қонақ үйдің бір орынды бір орын нөмірінің құны шегінде жатын орны, "Бизнес" класс бойынша авиабилет құнының жолақысы қосылады), іссапарлық қызметі, іссапарға жіберілген ел сияқты факторлар ықпал етеді, өйткені әрбір елдің тәуліктікақы және жатын орны нормалары әртүрлі.
Мерзімді уақыты:
Басталғанға дейінгі әрбір шетелдік іссапарға ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
69-қосымша
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Өкілдік шығындар"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 997920 мың теңге (тоғыз жүз тоқсан жеті миллион тоғыз жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" № 173 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы "Республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі мен өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" № 281 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық қатынастарын дамыту және оның оң сипаттағы имиджін ілгерілету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасында ресми делегациялардың, соның ішінде шетелдік делегациялардың қатысуымен кеңестер мен семинарлар, салтанатты және өзге де өкілдік іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезіндегі өкілдік шығындары.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Өкілдік шығын- дар | 1. Ресми делегацияларды, соның ішінде шетелдік делегацияларды қабылдауға байланысты өкілдік іс-шараларды (кеңестер, семинарлар, салтанатты жиындар, конгрестер және т.б.) өткізу жөнінде шығындар мен өтемақы төлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезіндегі өкілдік шығындар. Іске асыру мерзімдері - қаңтар-желтоқсан. 2. Дүниежүзілік экономикалық форум демеуімен Алматы қаласында үшінші Еуразиялық экономикалық саммитті өткізу. Іске асыру мерзімдері - қаңтар- желтоқсан. 3. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ Съезі шеңберіндегі іс-шараларды дайындау және өткізу. Іске асыру мерзімдері - қаңтар-желтоқсан. | жыл ішін- де | Қазақстан Республи- касының Сыртқы істер минис- трлігі мен ше- телдер- дегі меке- мелері, Қазақстан Республи- касының мемле- кеттік органдары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі:
Сессиялар, конференциялар, мәжілістер, симпозиумдар, саммиттер, форумдар, екі және көп жақты келіссөздер, консультациялар өткізу, оның ішінде АӨСШК, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің, Дүниежүзілік экономикалық форумның, Еуразиялық медиафорумның шеңберінде өткізілетін жоғарғы деңгейдегі кездесулер, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер процесін жүргізу, Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттар жобаларына қатысты сарапшылар консультацияларын және т. б. өткізу. Іс-шаралардың жоспарланып отырған саны 387.
Түпкі нәтижесі:
Халықаралық-құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және қол қою, өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, серіктестік, іскерлік байланыстарды жолға қоюда тәжірибе алмасу, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту, тауарлар және қызмет көрсетулердің әлемдік рыногына шығу, қазақстандық тауарларды өткізу рыноктарын кеңейту, тауарларды экспорттау кезінде кедендік баж салығын азайту және т. б.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі:
Ресми делегацияларды қабылдауға байланысты бір өкілдік іс-шараны өткізуге арналған шығындармен айқындалады. "Өкілдік шығындар" бағдарламасын іске асыру барысында көрсетілетін қызметтердің бірлігіне арналған шығындардың жоспарланған көлемін іс жүзіндегі шығындардың көлемімен салыстыру мyмкін емес, өйткені барлығы осы іс-шараға қатысатын делегациялар мүшелерінің санына және олардың мәртебесіне байланысты. Адамның немесе іс-шараның саны жөніндегі орташа арифметикалық деректер жұмсалған қаражатты тиімді пайдалану туралы анық ақпарат бере алмайды, мәселен: "Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары лауазымды тұлғаларының отырысын және Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-мәжілісін өткізуге" 11388577,0 теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінді, қатысқандардың саны 250 адам. Бір адамға арналған шығындардың орташа мөлшері 455540 теңге құрады, ал Сенім грамотасын тапсыру 28600,0 теңге құрайды, оған қатысқандардың саны 14 адам. Бір адамға арналған шығындардың орташа мөлшері 2042,0 теңге құрайды.
Мерзімді уақыты:
Басталғанға дейінгі өкілдік шығындарды талап ететін іс-шараларды өткізуге арналған ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.