9) мәдени қызмет субъектілері арасында бәсекелес ортаны қалыптастыру;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан халқы мәдениетінің әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) креативті қызметтен нәтижелер алуға, оның ішінде кіріс алуға тартылған тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне кепілдік беру;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-2) мәдениетті, шығармашылықты, білімді, ғылымды, өндірісті және даму институттарын интеграциялау;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) мәдени құндылықтарды сақтау, қорғау және дамыту үшін қазіргі заманғы инновациялық және ақпараттық технологияларды ендіру болып табылады.
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері
1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан халқының мәдениетін қайта жаңғыртуға, сақтап қалуға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау;
3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
5) халыққа мәдени қызмет көрсетудің мемлекеттік ең төмен стандарттарын белгілеу;
6) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
7) дарынды адамдарды қолдауды қамтамасыз ету;
8) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттык, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдау;
9) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуі мен әкелінуіне, оларға меншік иесі құқығының заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға қатысты шараларды қабылдау;
10) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелікті қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;
12) мәдениет саласында ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қолдау;
13) Қазақстан халқының ұлттық мәдени игілігі мен мәдени мұрасын қорғауға және дамытуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени кеңістігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ оларды қолдау.
2-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
5-бап. Мәдениет саласындағы қызметті мемлекеттік басқару
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мәдениет, креативті индустриялар, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттарын бекітеді;
1-2) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3) креативті индустрияны дамытуға жәрдем көрсететін заңды тұлғаны айқындайды;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-4) Қазақстан Республикасының шет елдегі мәдениет орталықтарын қаржыландыру қағидаларын бекітеді;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) - 7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде шешім қабылдайды;
9) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;
12) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасайды;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) мәдениет саласында жергiлiктi атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді және оған әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет, креативті индустриялар, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3) мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беру тәртібі мен қағидаларын белгілейді;
2) мәдениет саласында ғылыми бағдарламалар әзірлейді, бекітеді және іске асырады;
3) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттарын әзірлейді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 3-4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-4) креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3-5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-5) креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізеді;
2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) театр, музыка өнерін, кітапхана және музей ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді;
8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-1) тармақша жаңа редакцияда
9-1) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды; 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-2) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді және оны іріктеу өлшемшарттарын белгілейді;
9-3) 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.29.09. № 143-VII ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
9-4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
2022.29.09. № 143-VII ҚР Заңымен 9-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
9-5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын және мемлекеттiк наградаларын беру, шығармашылық ұжымдарды наградтау туралы ұсыныстар енгізеді;
10-1) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 11-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-1) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды;
12) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, мен фестивальдер сыйлықтар мен жүлделер тағайындайды;
12-1) республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережелерін әзірлейді және бекітеді;
13) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) мемлекеттік мәдениет ұйымдары мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-1) тармақша жаңа редакцияда
15-1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды
15-2) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілейді;
16) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
17) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастырады;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) мәдениет саласында ғылыми-зерттеулерді ұйымдастырады;
18) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асырады және үйлестіреді;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін енгізу туралы өтінімдер жібереді;
19) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекітеді;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды
20-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогін жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 20-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 20-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-2) Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қолжетімділікті ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21) тармақша жаңа редакцияда
21) мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады және ол туралы ережені бекітеді;
21-1) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгілік ережені бекітеді;
23) Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі сарапшы комиссия туралы ережені бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 23-1), 23-2), 23-3), 23-4), 23-5) және 23-6) тармақшалармен толықтырылды
23-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
23-2) мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекітеді;
23-3) 2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 23-4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
23-5) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 23-6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-6) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 23-7), 23-8) және 23-9) тармақшалармен толықтырылды
23-7) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді;
23-8) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-9) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 23-10) тармақшамен толықтырылды
23-10) жеңімпаздарына мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 23-11) тармақшамен толықтырылды
23-11) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
24) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) өз құзыреті шегінде республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді, мәдениет мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
27) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіреді;
2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
29) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30) отандастармен мәдени байланыстардың дамуына жәрдемдеседі.
31) 2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
32) 2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 33) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
33) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 34) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
34) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;
35) 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 35-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 35-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35-1) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұрау салуына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiленімдерді тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атаулары ретінде пайдалану үшін келiседi не келiсуден бас тартады;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 35-2), 35-3), 35-4), 35-5), 35-6) және 35-7) тармақшалармен толықтырылды
35-2) - 35-5) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35-6) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35-7) мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлейді және оларды жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
35-8) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35-9) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 35-10) тармақшамен толықтырылды
35-10) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 35-11) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
35-11) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 35-12) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
35-12) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 35-13) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
35-13) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
35-14) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 35-15) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
35-15) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 36) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)