Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы
№ 1022 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1230 Қаулысы
(2007.11.03. берілген толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 37, 487-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында (бұдан әрі - үлгі құрылым):
«1. Облыстық әкімдік» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті (басқармасы)».
2. Облыстардың әкімдері:
ҚР Үкіметінің 2007.11.03. № 176 Қаулысымен 1) тармақша толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1) бекітілген штат санының лимиті шегінде өз кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Көлік және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері:
1) облыстардың әкімдеріне үлгі құрылымға енгізілген толықтыруды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген департаменттердің (басқармалардың) ұсынылатын құрылымын жіберсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |