ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: жобалар бойынша көлемді орындау:
1. ЖЭО-2, Астана қаласының жылу желілері мен энергия желілері объектілерін жаңарту және жаңғырту - 83%.
2. 5 қосалқы станцияның құрылысы.
3. 2 қазандықтың және ЖЭО-1 қуаттарын, орталық жылу пункттерін жаңғырту және ұзындығы 87 км жылу желілерін жаңарту.
4. Астана қаласының № 7, 8 станцияларының қазандық агрегаттарын, № 5, 6 станцияларының құбыр агрегаттарын және су жылыту қазандығын орнатып ЖЭО-2 кеңейту және қайта жаңарту.
5. Астана қаласында ЖЭО-3 салу.
6. Алматы қаласындағы «Орбита» аудандық қазандығы қайта жаңарту және кеңейту.
7. Атырау қаласындағы Сәтпаев даңғылы бойындағы «Премьер-Сити» тұрғын үй кешенін электрмен жабдықтау.
Түпкілікті нәтиже: тұрғын үй аймақтары мен қоғамдық ғимараттарды сенімді жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін объектілерді пайдалануға қосу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: республика үшін экономикалық тиімділік елді мекендерді жылу- және энергиямен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жолымен қол жеткізіледі.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту:
*) Белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген жобалық-сметалау құжаттамасына сәйкес энергетикалық объектілердің құрылысы жөніндегі жобалар мен іс-шаралардың тізбесі, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
325-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Қазақстанның оңтүстік өңірі тұтынушыларын тұрақты электрмен
жабдықтауды қамтамасыз ету" деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2274216 мың теңге (екі миллиард екі жүз жетпіс төрт миллион екі жүз он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы; Қазақстан Республикасы Парламентінің "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (екінші оқылым) 2005 жылғы 9 қарашадағы № 23-III ҚРП қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: электр энергиясының жетіспеушілігін жабу, электр энергиясында бағаның тұрақты деңгейін сақтау кезінде күзгі-көктемгі кезеңдерде оңтүстік өңірлерде туындаған Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларын тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясын (бұдан әрі - ЖМАЭС) қосу және күзгі-қысқы кезеңдерде оңтүстік өңірлерде туындаған электр энергиясының жетіспеушілігін жабу мақсатында оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету; Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары үшін отын жеткізілімі бойынша шығындардың өтемақы жолымен электр энергиясына тұрақты тарифтерді сақтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Қазақстан- ның оңтүстік өңірi тұтынушы- ларын тұрақты электрмен жабдықтау- ды қамтамасыз ету | "ҚазТрансГаз" АҚ қаражаттарын аудару: 1) отын жеткізілімi үшін шығындарды өтеу бойынша шығыстар (2005 жылғы қараша-желтоқсан); 2) 2006 жылғы қаңтардан сәуір аралығында электр энергиясына белгіленген тарифтерді сақтауға қажетті отынның құны мен тасымалдау шығыстарын ескеріп, Т.И.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылар үшін отын сатып алу бағасының арасын- дағы айырманы жабу шығыстары. | Қаңтар-сәуір | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі, "ҚазТранс- Газ" АҚ |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: ҚҚС отынын бағалау кезінде 1212 млн.кВтч. көлемінде ЖМАЭС шиналармен бірге электр энергиясын жіберу: газ-54, 54-56, 84 $/мың.н.м.куб., мазут-113,52$/т (3 есептеу курсы бойынша 131,7 теңге).
Түпкілікті нәтиже: (2700 МВт) күтілетін "ең жоғары" жүктеме шектерінде Оңтүстік Қазақстанды тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: өндірілген электр энергиясына белгіленген тарифтерді сақтау.
Уақтылығы: шартқа сәйкес.
Сапасы: тұрғындарды күзгі-қысқы кезеңдерде электр энергиясы қажеттіліктерімен қанағаттандандыру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 325-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
325-1-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
027 «Облыстардың және аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды
ұйымдастыруға арналған нысаналы трансферттер» деген
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 450000 мың теңге (төрт жүз елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» (екінші оқылым) 2006 жылғы 20 маусымдағы № 42-III ҚРҮ Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2006-2007 жылдарда жылыту маусымына Арқалық қаласының жылумен жабдықтау объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қостанай облысы Арқалық қаласының жылумен жабдықтау объектілерін отынмен қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Облыстардың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыруға арналған нысаналы трансферттер | | | |
2 | | 100 | Арқалық қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыруға арналған нысаналы трансферттер | 2006-2007 жылдарда жылыту маусымына «Арқалық ЖЭК» ММК үшін отандық мазутты сатып алуға Қостанай облысының облыстық бюджетіне мақсатты ағымды трансферттерді удару. | шілде - желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі; Қостанай облысының әкімдігі, Арқалық қаласының әкімдігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: 2006-2007 жылдарда жылыту маусымына Арқалық қаласын жылумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: «Арқалық ЖЭК» МКК-нің тиімді жұмыс істеуі және жылумен жабдықтау қызметтерін үздіксіз ұсынуы.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: республика үшін экономикалық тиімділікке Қостанай облысының Арқалық қаласын жылумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жолымен қол жеткізіледі.
Уақытылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: нормалары мен ережелеріне сәйкес, M-100 маркалы мазут.