Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың
2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1153 Қаулысы
(2009.30.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 147-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 10 қаңтар мен 10 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 20 қаңтар мен 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 1153 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін
дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Мұрағат ісі мен құжаттама жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі
5.1 Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
5.2 Мұрағаттық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету
5.3 Ұлттық мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету
5.4 Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және кеңейту
6. Қаржыландыру көлемі мен көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8. Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама
жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның Паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының мұрағат ісі
атауы мен құжаттама жүйелерін дамытудың
2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаны Мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін
әзірлеу негіздемесі дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы
№ 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы
1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті елу елдің
қатарына кіру стратегиясы" атты
Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру
жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық
жоспарын және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасын орындаудың желілік
кестесінің 147-тармағына сәйкес
әзірленді
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және
әзірлеуші ақпарат министрлігі
Бағдарламаның Мұрағат ісі жүйесін жетілдіру
мақсаты
Бағдарламаның Алға қойған мақсатқа қол жеткізу
міндеттері мынадай міндеттерді іске асыру жолымен
шешілетін болады:
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
мұрағаттық ақпаратқа қол жетімділікті
қамтамасыз ету;
Ұлттық мұрағат қорының сақталуын
қамтамасыз ету;
халықаралық ынтымақтастықты дамыту және
кеңейту
Бағдарламаны 2007-2009 жылдар
іске асыру
мерзімі
Қаржыландыру Бағдарламаны іске асыруға мынадай
көлемі мен көздері қаржылық шығындар болжанады:
республикалық бюджеттен 65,5 млн. теңге
көлемінде, оның ішінде жылдар бойынша:
2007 - 20,6 млн. теңге;
2008 - 21,8 млн.теңге;
2009 - 23,1 млн. теңге;
Жыл сайынғы шығыстар тиісті қаржы
жылына республикалық бюджетті
қалыптастыру кезінде нақтыланатын
болады.
Бағдарламаны іске Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
асыраудан күтілетін ISO 9000 және ISO 15489 сериялы
нәтижелер халықаралық стандарттар деңгейінде
құжаттаманы жасау, ресімдеу, басқару
қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету
технологиясы, Ұлттық мұрағат қоры
құжаттарын сақтау және пайдалануды
ұйымдастырудың жалпы мемлекеттік
деңгейдегі бірыңғай қағидаттары
белгіленеді;
мұрағат құжаттарының тұрақты және
тақырыптық көрмелері ұйымдастырылады,
республикалық семинарлар өткізіледі,
Ұлттық мұрағат қорының құжаттары
бойынша мәліметтер базасын одан әрі
дамыту жүргізіледі және ол "электрондық
үкіметке" ықпалдастырылады;
Ұлттық мұрағат қорының құрамы мен
мазмұны оңтайластырылады, құжаттарды
цифрлі нысанға көшіру және Құжаттар
көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру
қорын құру жалғастырылады;
шет елдердің мұрағат қызметтерімен
мұрағат ісі мен құжаттама саласында
өзара тиімді қатынастар орнайды;
Египет, Малайзия, Польша, Ресей, АҚШ,
Түркия мұрағаттарында сақтауды
қамтамасыз ету, жаңа технологияларды
енгізу проблемалары бойынша тағылымдама
ұйымдастырылады.
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындаудың желілік кестесінің 147-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қаңтардағы № 146, 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулыларымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен бағдарламасын орындау мұрағат саласындағы ұйымдық және құқықтық қатынастарды жетілдіруге, мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға, Қазақстанның халықаралық мұрағат ұйымдарындағы бейнесін арттыруға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасын қабылдау әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына жауап беретін мемлекеттің мұрағат ісі мен құжаттама жүйесі моделін дамыту және одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін болжайды.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 қаулысымен 3 бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мұрағат ісі мен құжаттама жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
Қазіргі уақытта мұрағат ісі мен құжаттама жүйесі саласындағы стратегиялық функцияларды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, іске асыруды, бақылау-қадағалауды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті жүзеге асыруда.
Мұрағат саласын мемлекеттік басқару мынадай схема бойынша жүзеге асырылады:
_______________________________________________________
|Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі|
|________________________________________________________|
|
v
_______________________________________________________
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат |
| министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
|_______________________________________________________|
| ||||||
v ||||||
___________________ __________________ |||||| ________________
|Облыстардың, Астана,||Археография және | |||||_| Орталық |
|Алматы қалаларының ||деректану ұлттық | |||| | мемлекеттік |
|мұрағаттар мен || орталығы | |||| | мұрағат |
|құжаттама басқарма- ||__________________| |||| |________________|
|лары (бөлімдері) | ________________ |||| ________________
| (16) | | Орталық | |||| | Орталық |
|____________________| | мемлекеттік | |||| | мемлекеттік |
| | | ғылыми-техника-| |||| |кинофотоқұжаттар|
_________ ________ | лық құжаттама |__|||| |мен дыбыс жазба-|
|Облыстар-| |Қалалар-| | мұрағаты | |||| | лар мұрағаты |
|дың, Ас- | |мен ау- | | | ||||_| |
|тана, Ал-| |дандар- | |________________| ||| |________________|
|маты қала| |дың мем-| ________________ |||
|ларының | |лекеттік| | Мемлекеттік | ||| ________________
|мемлекет-| |мұрағат-| | мұрағаттардың | ||| | Құжаттану және |
|тік мұра-| |тары | |құжаттық матери-|__||| | мұрағат ісі |
|ғаттары | |_(166)__| |алдарының шағын | ||_| жөніндегі |
|(16) фил-| |фотокөшірмелерін| | | ғылыми-техника-|
|алдары | |жасау және қал- | | | лық ақпарат |
|(36) | | пына келтіру | | орталығы |
|_________| | орталық | | |________________|
| зертханасы | |
| | | _______________
|________________| | | Қазақстан |
|__| Республикасы |
| Ұлттық |
| мұрағаты |
|_______________|
Бұдан басқа, Ақпарат және мұрағат комитетінің құзырына 12 мыңнан астам мемлекеттік органдар мен ұйымдар, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың ведомстволық мұрағаттары мен құжаттамалық қызметтерінің жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және тексеру жатады.
Сонымен қатар, республикада өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бері қарай құжаттарды мемлекеттік сақтауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы мемлекеттік мұрағаттары жұмыс істейді. Бұл құжаттар Ұлттық мұрағат қорының ажырамайтын бөлігі болып табылады және мұрағат ісінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорына енгізілуі тиіс.
2001 - 2005 жылдар кезеңінде мұрағат саласы жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасы жасалды. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктерге шек қою, мемлекеттік, ведомстволық, жеке мұрағаттардың мұрағат ісі жөніндегі заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізу, қызметкерлердің еңбегін растайтын құжаттарды және олардың зейнеткерлік қамтамасыз етуіне ақша аудару туралы мәліметтерді мемлекеттік сақтауға қабылдау бөлігінде «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы жылдарда қабылданған 70-тен аса нормативтік құқықтық кесімдер мен әдістемелік құжаттар мұрағат ісі, басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттама жүйесін дамыту жөнінде жеткілікті заңнамалық база қалыптастырды.