Стандарттау әдістерін қолдану өнім өндірушіге сенім тетіктерінің біріне айналуы керек.
Техникалық реттеу жүйесінде стандарттау саласын әрі қарай дамыту және жетілдіру оларды балама халықаралық салалармен жақындастыруды және стандарттарды таңдау еріктілігі негізінде қолдануға көшуді көздейді.
Қолданыстағы стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру үшін:
экономика салаларында қолданыстағы стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарға талдау жүргізу және жүйелеу;
негіз құраушы мемлекеттік стандарттарды, техникалық регламенттерге дәлелқор болатын стандарттарды әзірлеу;
өнімді, қызмет көрсетуді, үдерістерді бақылау әдістеріне арналған мемлекеттік стандарттарды әзірлеу;
Қазақстан Республикасы экономикасының басым бағыттарының нормативтік құжаттарын үйлестіру үшін дамыған шет мемлекеттердің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарын сатып алу;
стандарттау және кәсіби қауіпсіздік пен еңбекті қорғау менеджменті жүйелері саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
стандарттаудың ТМД және алыс шет елдерде мемлекетаралық деңгейде даму үрдісін талдау;
ТМД және алыс шет елдерде бағалау және сәйкестікті растау тетіктеріне салыстырмалы талдауды жүзеге асыру;
кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында менеджмент жүйесі стандарттарын енгізу кезінде туындайтын проблемаларға және оларды шешу жолдарына талдау жүргізу;
техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін жүргізу;
Техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері депозитарийінің дерекқорын Бірыңғай нормативтік анықтамалық ақпарат жіктеуіштерін өзекті ету және ұсыну жүйесі (бұдан әрі - БНАА ЖӨҰЖ) бойынша енгізу және жүргізу;
Депозитарий жеткізушілерімен, шет мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдарының ақпараттық орталықтарымен және нормативтік қорларымен өзара әрекет ету;
мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асыру керек.
5.3 Қазақстандық сертификаттарды шетелде тану үшін жағдай жасау
Халықаралық тәжірибені есепке алып аккредиттеу мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде нақты мәртебеге ие болуы керек.
Аккредиттеу жөніндегі іс-әрекеттер:
сәйкестікті растаудың нақты салаларында жұмыстарды орындайтын сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтардың) құзыреттілігін растауға;
аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының (орталықтардың) іс-әрекетіне өнімді дайындаушылардың, сатушылардың және тұтынушылардың сенімін қамтамасыз етуге;
аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының (орталықтардың) қызметтерінің нәтижелерін тану үшін жағдай жасауға бағытталатын болады.
Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындайтын сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарды) аккредиттеу Қазақстан Республикасының Үкіметі қарастырған тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстандық сертификаттардың шетелде танылуын қамтамасыз ету үшін:
сәйкестікті растау жөніндегі мүдделі қазақстандық органдарды шетелдік аккредиттеу жүйелерінде аккредиттеуге дайындау жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру;
сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу;
зертханааралық салыстырмалы сынақтар жүргізу;
Қазақстанның ІАF және ІLAС халықаралық ұйымдарына кіруі бойынша дайындық іс-шараларын жүргізу, оның ішінде: аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органды алдын ала бағалау, білікті қызметкерлер даярлау, халықаралық деңгейде кемі 3 зертхана аккредиттеу;
техникалық реттеу саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу бойынша ұсыныстар дайындау қажет.
Сынақ зертханаларын (орталықтарын) қазіргі заманғы зертханалық және сынақ жабдығымен, сондай-ақ типтік салыстырмалы сынақтар жүргізу үшін балама машиналармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жандандыру керек.
5.4 Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен
стандарттардың мемлекеттік қорын дамыту және жетілдіру
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын (бұдан әрі - Қор) дамыту және жетілдіру Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуы үшін стратегиялық маңызды болып табылады, себебі стандарттарда және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда ресми қабылданған және белгіленген нормалар мен түсініктерге еркін қол жеткізуге, шет елдермен жасалатын саудадағы техникалық кедергілерді жоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қорды дамыту және жетілдіру мақсатында:
қор бөлімшелерін есептеу техникасымен қамтамасыз ету;
лицензияланған бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз ету;
полиграфиялық жабдықпен, ұйымдастыру техникасымен және арнайы жабдықпен қамтамасыз ету;
Қордың ақпараттық жүйелерін және жергілікті міндеттерін ілестіру.
5.5 Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық
шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты дамыту және жетілдіру
Ақпараттық орталықты дамыту және жетілдіру үшін жұмыстардың мөлдірлігін қамтамасыз ету мақсатында:
өңірлерде Ақпараттық орталықтың аумақтық бөлімшелерін құру;
Ақпараттық орталықты, оның ішінде өңірлерде ақпараттық орталықтың аумақтық бөлімдерін материалдық-техникалық жабдықтау;
техникалық регламенттердің, СФС шаралардың, стандарттардың, оларға өзгерістер мен өнімдер, үдерістердің сәйкестігін растау рәсімдерінің электрондық қорын құру;
Ақпараттық орталықтың ақпараттық жүйелері мен жергілікті міндеттерді ілестіру;
техникалық регламенттерді, дәлелқор болатын стандарттарды және өзге де шетелдік нормативтік құжаттарды түпнұсқа тілінен мемлекеттік және ресми тілдерге аудару қарастырылатын болады.
5.6 Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын
мемлекеттік бақылауды дамыту және жетілдіру
Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды дамыту бақылау қызметінің өзіне тән кез келген түрлерімен негіз құраушы қағидаттар жиынтығына негізделуі тиіс:
бақыланатын объектілерден әкімшілік және қаржылық тәуелсіздік;
заңдылықты сақтау;
мемлекеттік инспекторлардың әділдігі;
анықталған бұзушылығы үшін берілген жазаның бұлтартпастығы және шамаластығы;
тексерілетін объектілердің мемлекеттік және коммерциялық құпиясын сақтаған жағдайдағы нәтижелердің жариялылығы;
мемлекеттік бақылау жүргізу ережелерін халықаралық тәжірибеде қабылданған нормалармен үйлестіру;
қызметті өзі құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын басқа да органдармен үйлестіру.
Сондықтан нарық жағдайында мемлекет кәсіпкерлер қызметіне өзінің араласуын шектеуі, тек техникалық регламенттерде қарастырылған міндетті талаптарға бақылау жасауды жүзеге асыруы және өнімге бақылауды өткізу саласында басымдылықпен жүзеге асыруы тиіс.
Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды дамыту және жетілдіру үшін:
техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мониторингінің автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу, аумақтық органдарды өзекті етілген нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;
өнім үлгілерін оларды өткізу сатысында сапасы мен қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау жасау үшін сатып алуды және сынауды қамтамасыз ету;
жабдықтар және өлшеу құралдарымен жабдықталған көшпелі зертханаларды қамтамасыз ету.
5.7 Менеджмент жүйелерін халықаралық стандарттар негізінде енгізу
Әлемдік нарықта өнім сапасы мен қауіпсіздігі кепілдіктерінің бірі ISO, OHSAS, SА және басқа да халықаралық стандарттар бойынша менеджмент жүйелерін енгізу болып табылады.
Менеджмент жүйесіне арналған стандарттар сапа мәселелерінде басшылар мен мамандардың аса жоғары құзыреттілігіне және оларды арнайы дайындауға бағытталған, өндірісті ұйымдастыру және процестерді басқаруда жаңа тәсілдерді іздестіруді талап етеді.
Мемлекеттік мекеменің табысты қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшін жүйелендірілген және тексерілетін менеджмент қажет.
Экономиканың түрлі секторларындағы кәсіпорындарды сапа менеджменті жүйесін енгізуге дайындау үшін:
сапа менеджмент жүйесін енгізу және қоршаған ортаны қорғау бойынша салалық және өңірлік конференциялар мен семинарлар өткізу;
«Сапа саласындағы жетістігі үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурс және «Алтын Сапа» республикалық көрме-конкурсын өткізу;
кәсіпорындардың техникалық реттеу саясатының талаптарына сәйкес сапа жүйелерін енгізуін ынталандыру жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
Комитетте және оның аумақтық бөлімдерінде сертификатталған менеджмент жүйесіне инспекциялық бақылау жасау;
Комитетте және оның аумақтық бөлімдерінде сапа менеджментінің жүйесін қолдау және жақсарту қажет.
5.8 Стандарттау, аккредиттеу және сәйкестікті
растау саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
Қазақстанның техникалық реттеу саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысудағы негізгі міндеттері:
халықаралық және өңірлік техникалық регламенттер мен стандарттарды әзірлеу кезінде Қазақстанның мүддесін қамтамасыз ету;
түсті металдарды, мұнай өнімдерін және мұнай-газ жабдықтарын, жүнді, ауыл шаруашылығы машиналарын, аграрлық-өнеркәсіп секторының өнімдерін стандарттау жөніндегі «ДЕВКО» және «КОПОЛКО» - ISO Стандарттау жөніндегі халықаралық техникалық комитеттер жұмысына Қазақстан тарапынан қатысу жөніндегі жұмыстарды кеңейту, сондай-ақ Қазақстан үшін мүдделі болып табылатын стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес және оның техникалық комитеттері шеңберінде іс-әрекетті сақтау және кеңейту;
ТМД және алыс шет елдерінің стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі ұлттық органдарымен ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Техникалық реттеу жүйесінің дамуын қамтамасыз ету және жоғарыдағы міндеттерді шешу үшін:
мынадай халықаралық ұйымдарға: ІАF - аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумға, ЕА - аккредиттеу жөніндегі еуропалық ұйымға, ІLАС - аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымға, сондай-ақ толық құқықты мүше ретінде Халықаралық электротехникалық комиссияға кіру;
ISO Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым жұмысына белсенді қатысуды қамтамасыз ету қажет.
5.9 Техникалық реттеу мәселелерін насихаттау,
техникалық реттеу саласында мамандарды даярлау және
олардың біліктілігін арттыру
Техникалық реттеу мәселелерін насихаттау мақсатында техникалық реттеу жүйесін насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет.
Техникалық реттеу саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттырудың тиімді жүйелерін құру үшін:
техникалық реттеу саласында кадрлардың біліктілігін кәсіби арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
стандарттау, метрология және сәйкестікті растау саласында мамандарды даярлау және қайта даярлаудың типтік бағдарламаларын жетілдіру;
сарапшы-аудиторларды менеджмент жүйелеріне ISO 9000, 14001, 22000 (НАССР), 17025 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттары бойынша даярлау қажет.
Қазақстанда аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар берген өнімге арналған сертификаттарды шетелде тануы үшін қазақстандық мамандардың халықаралық сарапшы-аудиторлар тізілімінде тіркелуі қажет.
Осы бөлімде берілген іс-шараларды іске асыру ДСҰ талаптарымен үйлестірілген мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытып жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл, сайып келгенде, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және оның әлемдік рынокқа шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытуға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат 1 814 110 000 теңгені құрайды, оның ішінде 2007 жылға - 650 635 000 теңге, 2008 жылға - 576 150 000 теңге, 2009 жылға - 587 325 000 теңге.
Бұл ретте жыл сайын жасалатын қаржыландыру көлемі тиісті қаржыландыру жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай оң өзгерістерге қол жеткізіледі:
біртекті өнім мен процестер топтарына қойылатын арнайы талаптарды регламенттейтін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мәртебесіндегі 80-нен кем емес техникалық регламентті әзірлеп сараптама жүргізу;
стандарттар негізінде отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
адам өмірі мен денсаулығы үшін өнім және үдерістердің қауіпсіздігін арттыру;
осы кезеңде қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттардың санын 1300-ден 2007 жылы 1550-ға дейін, 2008 жылы 1800-ге дейін, 2009 жылы 2000-ға дейін көбейтуге;
ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру пайызын 53%-тен 65%-ке арттыру:
2007 жылы - 59%;
2008 жылы - 62%;
2009 жылы - 65%.
техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің және стандарттардың мемлекеттік қорының нормативтік базасын электронды режімдегі халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттармен жинақтау есебінен 47000-нан 50000-ға дейін көбейту (жыл сайын 1000 бірліктен кем емес);
техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің және стандарттардың мемлекеттік қорын арнайы жабдықпен және техникамен жарақтандыру;
техникалық реттеу саласында стандарттау, сәйкестікті бағалау (растау), сапа менеджменті және аккредиттеу аясындағы жұмыстардың халықаралық тәжірибесіне өту;
менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындар санын 2007 жылы 450-ден 800-ге дейін, 2008 жылы 1100-ге дейін және 2009 жылы 1500-ге дейін өседі;
стандарттау, аккредиттеу, сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту;
техникалық регламенттердің міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жасауды жетілдіру;
өткізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша кәсіпорындар, мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар шығару;
жұмысына Қазақстан қатысатын халықаралық техникалық комитеттердің санын 2007 жылы 7-ден 9-ға дейін, 2008 жылы 11-ге дейін және 2009 жылы 14-ке дейін көбейту;
ДСҰ-ның СТК және СФС шараларын қолдану жөніндегі келісімдері бойынша хабарламаларды өңдеу үшін (келіп түсуіне қарай) СТК/СФС жөніндегі ақпарат орталығының 15 аумақтық бөлімшелерін құру;
техникалық реттеу саласында мамандардың біліктілігін арттыру.
8. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін
дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Р/с № № | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу (іске асырылу) мерзімі | Болжанып отырған шығындар(мың теңге) | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Техникалық реттеу саласында заңнаманы дамыту және жетілдіру |
1 | Техникалық реттеу саласындағы заңнамамен сәйкес келтіру мақсатында заңнама мен нормативтік құжаттарды салалар бөлінісінде талдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ЭМРМ, ККМ, АШМ, ДСМ, ТЖМ, Қоршаған ортамині, АБА, ЖРА | жыл сайын, 25-қаңтар | Талап етілмейді | |
2 | Техникалық регламенттер әзірлеудің 2007-2009 жылдарға арналған жоспарын дайындау | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИСМ (жинақ-тау), ЭМРМ, ККМ, АШМ, ДСМ, ТЖМ, Қоршаған ортамині, АБА, ЖРА | 2007 жылғы 25-наурыз | Талап етілмейді | |
3 | Техникалық регламенттер әзірлеу жоспарын іске асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, ДСМ, ТЖМ, Қоршаған ортамині, АБА, ЖРА | жыл сайын, 25-қаңтар | Барлығы: 337 500,0 2007 ж. - 112500,0 2008 ж.- 112500,0* 2009 ж. - 112500,0* | РБ |
4 | Техникалық регламенттер жобасына сараптама жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25-қаңтар | Барлығы: 66 000,0 2007 ж. -22 000,0 2008 ж. -22000,0* 2009 ж. -22 000,0* | РБ |
5 | Техникалық регламенттер әзірлеу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИСМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, ДСМ, ТЖМ, Қоршаған ортамині, АБА, ЖРА | жыл сайын, 20-желтоқсан | Талап етілмейді | |
2. Қолданыстағы стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру |
6 | Стандарттау, метрология және сәйкестікті (растау) бағалау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеу және сатып алу, оның ішінде: стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарды талдау және жүйелеу; негіз құраушы мемлекеттік стандарттарды, техникалық регламенттерге дәлелқор болатын стандарттарды әзірлеу; өнім, қызмет көрсету, үдерістерді бақылау әдістеріне арналған мемлекеттік стандарттарды әзірлеу; стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау (растау) саласында халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды сатып алу | Ведомстволық нормативтік кесім | ИСМ | жыл сайын, 25-жел-тоқсан | Барлығы: 417177,0 2007 ж. - 139 059,0 2008 ж. - 139059,0* 2009 ж. - 139059,0* | РБ |
7 | Стандарттау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер, оның ішінде: ТМД елдерінде және алыс шетелде мемлекетаралық деңгейде стандарттаудың даму тұжырымдамасын талдау; ТМД елдерінде және алыс шетелде бағалау және сәйкестікті растау механизмдерін салыстырмалы талдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25-қаңтар | Барлығы: 34 511,0 2007 ж. - 10 840,0 2008 ж. - 11491,0* 2009 ж. - 12180,0* | РБ |
8 | Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйелері саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер: кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында менеджмент жүйесі стандарттарын енгізу кезінде туындайтын проблемаларды және оларды шешу жолдарын талдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25-қаңтар | Барлығы: 17 255,0 2007 ж. - 5420,0 2008 ж. -5745,0* 2009 ж. -6090,0* | РБ |
9 | Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін жетілдіру, оның ішінде: Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін жүргізу; БНАА ЖӨҮЖ бойынша техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері депозитарийінің дерекқорын енгізу және жүргізу; Депозитарий жеткізушілерімен, шетелдік мемлекеттердің стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдарының ақпараттық орталықтарымен және нормативтік қорларымен өзара әрекет | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ЭМРМ, ККМ, АШМ, ДСМ, ТЖМ, Қоршаған ортамині, Еңбекмині, АБА, ЖРА | жыл сайын, 25-қаңтар | Барлығы: 17 148,0 2007 ж. - 5716,0 2008 ж. - 5716,0* 2009 ж. - 5716,0* | РБ |
10 | Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25-қаңтар | Талап етілмейді | |
3. Қазақстандық сертификаттарды шетелдерде мойындау үшін жағдай жасау |
11 | Сәйкестікті растау жөніндегі мүдделі қазақстандық органдарды шетелдік аккредиттеу жүйелерінде аккредиттеуге дайындау жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25-қаңтар | Талап етілмейді | |
12 | Сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу | Ведомстволық нормативтік кесім | ИСМ | жыл сайын, 25-жел-тоқсан | Барлығы: 5 415,0 2007 ж. - 1805,0 2008 ж. - 1805,0* 2009 ж. - 1805,0* | РБ |
13 | Зертханааралық салыстырмалы сынақтар жүргізуді ұйымдастыру | Ведомстволық нормативтік кесім | ИСМ | жыл сайын, 25-жел-тоқсан | Барлығы: 22 302,0 2007 ж. - 6 928,0 2008 ж. - 7 287,0* 2009 ж. - 8 087,0* | РБ |
14 | Қазақстанның ІАF және ILАS халықаралық ұйымдарына кіруі бойынша жұмыстар: аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органды алдын ала бағалау; білікті қызметкерлер даярлау; халықаралық деңгейде кемі 3 зертхана аккредиттеу. | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25-қаңтар | Барлығы: 33 582,0 2007 ж. - 11 194,0 2008 ж. - 11194,0* 2009 ж. - 11 194,0* | РБ |
15 | Техникалық реттеу саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау: "Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ зертханаларының тізілімі", "Менеджмент жүйесіне берілген сәйкестік сертификаттарының тізілімі"; "Сарапшы-аудиторлар тізілімі"; "СТК/СФС жөніндегі хабарламалар тізілімі" | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | 2008 жылғы 25-қаңтар | Талап етілмейді | |
4. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын дамыту және жетілдіру |
16 | Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын дамыту және жетілдіру, оның ішінде: қор бөлімшелерін есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету; лицензияланған бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз ету; | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25-қаңтар | Барлығы: 16 688,0 2007 ж. - 6 688,0 2008 ж. - 5 000,0* 2009 ж. - 5 000,0* | РБ |
17 | Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын материалдық-техникалық жабдықтау: арнайы жабдықпен және техникамен, оның ішінде полиграфиялық жабдықпен қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | 2008 жылғы 25-қаңтар | Барлығы: 42 932,0 2007 ж. - 42 932,0 | РБ |
18 | Ақпараттық жүйелер мен жергілікті міндеттерін ілестіру: Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер мен стандарттардың мемлекеттік қорының ақпараттық жүйесін ілестіру; МАК-мен өзара әрекет шеңберінде техникалық реттеудің біріктірілген жүйесін ілестіру | Ведомстволық нормативтік кесім, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25-желтоқсан | Барлығы: 21 760,0 2007 ж. - 6 860,0 2008 ж. - 7 200,0* 2009 ж. - 7 700,0* | РБ |
5. Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты дамыту және жетілдіру |
19 | Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты дамыту және жетілдіру, оның ішінде өңірлерде ақпараттық орталықтың аумақтық бөлімдерін құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақ-тау), ДСМ, АШМ | жыл сайын, 25-қаңтар | Барлығы: 26 527,0 2007 ж. - 16 527,0 2008 ж. - 5 000,0* 2009 ж. - 5 000,0* | РБ |
20 | Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты, оның ішінде өңірлерде ақпараттық орталықтың аумақтық бөлімдерін материалдық-техникалық жабдықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | 2008 жылғы 25-қаңтар | Барлығы: 18 010,0 2007 ж. - 18 010,0 | РБ |
21 | Ақпараттық жүйелер мен жергілікті міндеттерді ілестіру: СТК/СФС жөніндегі, оның ішінде өңірлердегі аумақтық бөлімдер бойынша ақпараттық орталықтың ақпараттық жүйесін ілестіру; "Библиография" ақпараттық жүйесін ілестіру; "Мемлекеттік стандарттар" ақпараттық жүйесін ілестіру; "Сәйкестік сертификаттарының тізілімі" ақпараттық жүйесін ілестіру; Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жөніндегі ақпараттық жүйені ілестіру; Техникалық регламенттерді, стандарттарды дәлелқор үшін түпнұсқа тілден мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару | Ведомстволық нормативтік кесім | ИСМ (жинақ-тау), ДСМ, АШМ | жыл сайын, 25-жел-тоқсан | Барлығы: 317 188,0 2007 ж. - 99 800,0 2008 ж. - 105700,0* 2009 ж. - 111688,0* | РБ |
6. Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды дамыту және жетілдіру |
22 | Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мониторингінің автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу, аумақтық органдарды өзекті етілген нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды дайындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | 2008 жылғы 25-қаңтар | Талап етілмейді | |
23 | Өткізу сатысында тауар үлгілерін олардың сапасы мен қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау жасау үшін сатып алу және сынау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ДСМ | жыл сайын, 25-қаңтар | Барлығы: 120810,0 2007 ж. -40270,0 2008 ж. -40270,0* 2009 ж. -40270,0* | РБ |
24 | Жабдықтар және өлшеу құралдарымен жабдықталған көшпелі зертханаларды ілестіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25-қаңтар және 25-шілде | Барлығы: 56 022,0 2007 ж. -18674,0 2008 ж. -18674,0* 2009 ж. -18674,0* | РБ |
7. Халықаралық стандарттар негізінде менеджмент жүйелерін енгізу |
25 | ISO 9000, 14001, 22000 (НАССР), сондай-ақ OHSAS 18001, SА 8000 халықаралық стандарттары бойынша менеджмент жүйелерін енгізу жөнінде салалық және өңірлік семинарлар (конференциялар) өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25-қаңтар | Барлығы: 10 560,0 2007 ж. -3 520,0 2008 ж. -3520,0* 2009 ж. -3520,0* | РБ |
26 | Қазақстан Республикасы Президентінің» "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға конкурс және "Алтын Сапа" көрме-конкурсын өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25-қаңтар | Барлығы: 67 410,0 2007 ж. -22470,0 2008 ж. -22470,0* 2009 ж. -22470,0* | РБ |
27 | Техникалық реттеу саласындағы саясатқа сәйкес кәсіпорындардың сапа менеджменті жүйелерін енгізуін ынталандыру жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ІІМ, ЭБЖМ, ДСМ, ЭМРМ, Қоршаған ортамині, ККМ, АШМ, БҒМ, Еңбекмині, АБА, ТЖА | жыл сайын, 25-қаңтар | Талап етілмейді | |
28 | ISO (оның ішінде НАССР), OHSAS, SА халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес менеджмент жүйелерін әзірлеу, енгізу және сертификаттау мониторингін жүзеге асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25 қаңтар және 25-шілде | Талап етілмейді | |
29 | Техникалық реттеу және метрология комитетінде және оның өңірлік бөлімдерінде сертификатталған менеджмент жүйесіне инспекциялық бақылау жасау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25-қаңтар және 25-шілде | Барлығы: 8 920,0 2007 ж. -2 820,0 2008 ж. -2980,0* 2009 ж. -3120,0* | РБ |
30 | Техникалық реттеу және метрология комитетінде және оның өңірлік бөлімдерінде сапа менеджментінің жүйесін қолдау және жақсарту | Ведомстволық нормативтік кесім | ИСМ | жыл сайын, 20-жел-тоқсан | Барлығы: 60 558,0 2007 ж. -19558,0 2008 ж. -20000,0* 2009 ж. -21000,0* | РБ |
8. Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту |
31 | Қазақстанның халықаралық ұйым құрамына ХЭК - халықаралық электротехникалық комиссияға, ІАF - аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумға, ЕА - аккредиттеу жөніндегі еуропалық ұйымға, ІLАС - аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымға тең құқылы мүше ретінде енуі жөнінде жұмыстар жүргізу | Ведомстволық нормативтік кесім | ИСМ (жинақтау), СІМ | жыл сайын, 25-жел-тоқсан | ИСМ "Шетелдік іс-сапарлар"»005 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде | РБ |
32 | Қазақстанның басым бағыттардағы стандарттау жөніндегі халықаралық, мемлекетаралық техникалық комитеттердің құрамына кіруін, ISO стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым жұмысына қатысуын қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ЭМРМ, ККМ, АШМ, ДСМ, ІІМ, ЭБЖМ, ТЖМ, Қоршаған ортамині, Еңбекми ні, АБА, ЖРБ | жыл сайын, 25-қаңтар және 25-шілде | ИСМ "Шетелдік іс-сапарлар"»005 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде | РБ |
9. Техникалық реттеу мәселелерін насихаттау, техникалық реттеу саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру |
33 | Техникалық реттеу жүйесін насихаттау жөніндегі шаралар жоспарын әзірлеу | Ведомстволық нормативтік кесім | ИСМ | 2007 ж. 25-наурыз | Талап етілмейді | |
34 | Техникалық реттеу саласында кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | 2008 жылғы 25-қаңтар | Барлығы: 10 120,0 2007 - 10 120,0 | РБ |
35 | Техникалық реттеу саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың типтік бағдарламаларын жетілдіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), БҒМ | 2007 жылғы 20-желтоқсан | Талап етілмейді | |
36 | Халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторларды ISO 9000, 14001, 22000 (НАССР) және OHSAS 18001 халықаралық стандарттары бойынша даярлау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын, 25-қаңтар | Барлығы: 85 715,0 2007 - 26 924,0 2008 - 28539,0* 2009 - 30 252,0* | РБ |
| Жиыны: | | | | Барлығы: 1814110,0 2007 ж. -650635,0 2008 ж. -576150,0* 2009 ж. -587325,0* | РБ |