Алайда ескі тәсіл»техникалық заңнаманы сәйкес келтіру мәселесінде елеулі роль атқарса да осы тәсіл негізін қалаған нақты техникалық нұсқаулықтармен нақты өнімге арналған тіке директиваларды әзірлеу қағидаты директиваларды енгізудің ауыр, қымбат және ұзақ мерзімді процедуралары салдарынан жалпы рыноктың дамуын тежеді.
1995 жылы Еуропалық Комиссия «Ақ кітапты» жариялады, ол арқылы директивалар арқылы техникалық үйлестіру үшін стандарттарды қолдануға қатысты «жаңа тәсіл» атанған ішкі рынокты бірізділеуге арналған жаңа әдістемені қолдану шешімі қабылданған 1997 жылы бір кесіммен Рим трактатын өзгертуге әкелді.
«Жаңа тәсілдің» іргелі қағидаты - негізінен жалпы сипатты, кез келген нақты техникалық нұсқаулықтарды шығарып тастаумен, негізгі талаптардың»аз санымен заңнамалық қол сұғуды шектеу.
Негізгі талаптар тұтынушылар мен қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты және міндетті болып табылады. Тексерілуге өнімнің осы талаптарға сәйкестігі ғана түседі.
Бірақ іс-әрекеттің нақты саласында негізгі талаптарды белгілеген жағдайда»жаңа тәсіл»директиваларында оның көмегімен негізгі талаптар сақталуы тиіс және мүмкін тәсілдер көрсетілмейді.
Бұл қызметті үйлестірілген стандарттар атқарады, оларда негізгі талаптар орындалуының практикалық әдістеріне қатысты және өндірушілерге өнімнің осы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуде көмек ретінде анықталған нақты нұсқаулықтар бар.
Үйлестірілген стандарттарды еуропалық стандарттау органдары (СЕН, CENELEC, ЕТSІ) әзірлеп бекіткен және олардың қолданылуы ерікті. Ұлттық стандарттау органдары үйлестірілген стандарттарды ұлттық деңгейде енгізуі керек.
Бұл үйлестірілген стандарттарды баяндайтын»кейбір ұлттық стандарттарды әзірлеу жолымен жүзеге асырылуы керек. Үйлестірілген стандарттарды баяндау Қоғамдастыққа мүше барлық елдерде бірдей жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта шамамен 22 жаңа тәсілдегі еуропалық директива мен 3072 үйлестірілген стандарттар құрылған. Әр директива үйлестірілген стандарттардың нақты тізімімен ілестіріледі.
Қолданыстағы техникалық реттеу жүйелерін реформалау Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина, Молдова Республикасы және Қырғыз Республикасымен жүзеге асырылып отыр және ол үшін сәйкес заңдар қабылданды.
Қазақстанда қолданыстағы техникалық реттеу жүйесі халықаралық жүйеден кәсіпкерлікті дамыту және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны шет елдердің рыногына жылжыту жолында елеулі әкімшілік кедергілердің бірі болып табылатын міндетті құжаттардың көптігімен және оларды әзірлеу процесінің мөлдір еместігімен ерекшелінді.
Міндетті техникалық нормалар стандарттарда және өзге де нормативтік құжаттарда: фармакопейлі баптарда; экологиялық, өрт, санитарлық, құрылыс, ветеринарлық, энергетикалық, табиғатты қорғау және көлік ережелері мен нормаларында белгіленді. Барлық нормативтік құжаттарда міндетті талаптар айқындалмаған.
Міндетті құжаттардың көп түрлілігі және сәйкестікті растаудың халықаралық модульдерін жеткіліксіз пайдалану отандық өндірушілерге өнім өндіруде қиындықтар, Қазақстанның сауда серіктестері тарапынан түсінбеушілікті, жеткізілетін өнімнің сапасына сенімсіздікті тудырады.
Осылайша Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы техникалық реттеу жүйесін реформалаумен тікелей байланысты.
Қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасында өнімдердің, үдерістердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейтін және 2005 жылғы 13 мамырда қолданысқа енгізілген «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленді.
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 тамыздағы № 800 қаулысымен бекітілген сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу ережесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысыменбекітілген саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты құру және оның жұмыс істеу ережесі қабылданды.
Уәкілетті орган бекіткен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген стандарттау және сәйкестікті растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің 14 нормативтік құқықтық кесімі қолданысқа енгізілді.
Мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелері мемлекеттік техникалық реттеу жүйесіне реформаланды, техникалық реттеу жүйесінің құрылымына кіретін бөлімшелер инфрақұрылымы қайта құрылды.
Қатарына Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Көлік және коммуникация, Төтенше жағдайлар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Денсаулық сақтау, Қоршаған ортаны қорғау, Ішкі істер, Қорғаныс, Ауыл шаруашылығы, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері, Ақпараттандыру және байланыс, Жер ресурстарын басқару агенттіктері, ҰҚК кіретін 14 мемлекеттік органда техникалық регламенттерді әзірлеуге және сараптауға арналған техникалық реттеу саласындағы Сараптық Кеңестер құрылды.
Қазақстан Республикасының заңдарын «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 468 қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық кесімдеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы енгізілді. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң Институтымен бірлесіп техникалық реттеу саласындағы бірінші кезектегі бес нормативтік құқықтық кесімнің жобасы әзірленді.
Жоғарыда аталған заңдардың қатарында техникалық реттеу жүйесін құру негіздері қарастырылған «Мұнай туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Лицензиялау туралы» және басқа Қазақстан Республикасы заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр және қауіпсіздіктің жалпы талаптары анықталады.
Өнімнің біртекті топтарына және/немесе олардың жанар май-энергетикалық кешенінде өмірлік циклдің процестеріне қойылатын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген арнайы (елеулі) талаптарды белгілеу міндеттері техникалық регламенттерде регламенттелуі тиіс.
Республикада техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры (бұдан әрі - қор) қалыптастырылды. Егер қордың өсуін өткен жыл ішінде динамикалық түрде қарастыратын болсақ, қордың нормативтік құжаттарының саны 2004 жылы 39 000, оның ішінде 600-ден астамы мемлекеттік стандарттар және 6000 халықаралық стандарттар, 2005 жылы 45 мыңға дейін, оның ішінде 1000-нан астам мемлекеттік стандарттар, 6000-нан астам халықаралық стандарттарға өсті, 2006 жылғы жағдайы бойынша қорда 47 мыңнан астам саналатын нормативтік құжаттардың атаулары, оның ішінде 1300-нан астам мемлекеттік стандарт, 20 000 мемлекетаралық стандарт; 8 мыңнан астам халықаралық стандарттар мен 10 мың ұлттық стандарттар бар.
Алайда, бар қор шетелдік техникалық регламенттермен толықтырылмаған, сондай-ақ Қазақстанда қолданыстағы нормативтік құжаттарды халықаралық талаптармен үйлестіру жөнінде жұмыстар жүргізу үшін шет мемлекеттердің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарымен жеткілікті толықтырылмаған. Шет мемлекеттердің бар халықаралық және ұлттық стандарттары және басқа нормативтік құқықтық кесімдер мемлекеттік тілге аударылмаған. Алдағы кезеңде қорды кеңейту және жаңарту қажет.
Қорды кеңейту және жаңарту жөніндегі, сондай-ақ ақпарат алмасу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін толық көлемде қордың ақпараттық жүйесінің техникалық жабдықталуын жаңғырту және оны дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.
Қазіргі уақытта республикада стандарттау және сәйкестікті бағалау (растау) саласында техникалық реттеу жүйесінің негіз құраушы стандарттарын халықаралық баламалармен үйлестіру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр, сондай-ақ ұйым стандарттарын әзірлеу басталды. Осы жұмыстарды жалғастыру қажет.
Жүргізілген талдау көрсеткендей мемлекеттік стандарттарды жаңарту қарқыны соңғы 3 жыл ішінде артып отыр. Егер 2004 жылдың басында үйлестіру пайызы негізінен негіз құраушы стандарттар есебінен тек 17 % құраса, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 28-ө өкімімен бекітілген ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру жөніндегі жұмыстардың 2004 жылға арналған жоспарын орындағаннан кейін үйлестіру пайызы 43%-ке дейін, ал 2005 жылдың соңына қарай 53%-ға өсті. 2008 жылдың аяғына дейін мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкес үйлестіруді 65% деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ету қажет.
Стандарттар ерікті мәртебеге ие болған (стандарт таңдаудағы еріктілік) техникалық реттеу жүйесінің реформалануына байланысты техникалық регламенттерге елеулі талаптарды енгізу үшін стандарттардың үлкен санын қайта қарау және қайта өңдеу керек.
Салалардың стандарттар әзірлеуге жеткіліксіз мүдделілігі стандарттауда ғылымның даму белсенділігінің төмендеуіне негізгі себеп болып табылады.
Жалпы алғанда 2001-2006 жылдар арасында стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа жүйелері саласында «Стандарттау, сапа жүйесі, сапаны басқару жүйесі, біріктірілген менеджмент жүйесінің үлгісі, сапа пирамидасы, сертификаттау, тұрақты даму, қоршаған ортаны басқару жүйесі, мониторинг және бағалаулар, экологиялық аудит», «Қазақстан Республикасы жанармай-энергетикалық кешенінің кәсіпорындары үшін біріктірілген сапа менеджментінің үлгісін әзірлеу», «ІSО 9000 және 14000 сериялы халықаралық стандарттарын Қазақстан Республикасы энергетика кәсіпорындарында қолдану кезінде туындайтын мәселелерді талдау және оларды шешу жолдары», «Біріктірілген менеджмент жүйесінің үлгісін әзірлеу және оны мұнай-газ саласы кәсіпорындары үшін енгізу алгоритмі үлгісін әзірлеу», ІSО 9000 халықаралық стандартына сәйкес құрылған сапа менеджменті жүйелерімен НАССР қағидаттары негізінде тамақ өнімінің сапасын басқару жүйелерінің өзара әрекеті. НАССР қағидаттарына негізделген сапа менеджменті жүйесін және оны енгізу алгоритмін құру жөнінде ұсынымдар тақырыптары бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер нәтижелері кәсіпорындарға халықаралық стандарттарды енгізуде елеулі көмек көрсетеді, алдағы уақытта да қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді жалғастыру қажет.
Экономиканың түрлі салаларында стандарттау жөнінде жұмыстар жүргізу мақсатында республикада әрекет ету саласына мемлекеттік стандарттарды әзірлеу және халықаралық стандарттауға қатысу кіретін 49 стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылды. Алайда стандарттау жөніндегі балама техникалық комитеттерді қамтылмаған салаларда да құру қажет.
Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (бұдан әрі - ІSО) мүшесі болып табылады, Халықаралық электротехникалық комиссияда (бұдан әрі - МЭК) бақылаушы мәртебесіне ие. ІSО шеңберінде Қазақстан 7 стандарттау жөніндегі халықаралық техникалық комитеттің жұмысына және мұзға төзімді теңіз мұнай-газ құрылғыларына стандарттар әзірлеу жөніндегі топтың жұмысына қатысады.
Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар және сәйкестікті растау процедуралары туралы ДСҰ-ға мүше мүдделі елдерді ақпараттандыру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің ведомствосына қарасты «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысымен Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық (бұдан әрі - Ақпараттық орталық) құрылды.
Ақпараттық орталық қызметіне ДСҰ Хатшылығының, ДСҰ-ға мүше елдер қолданатын техникалық регламенттер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, оларға өзгерістер мен өнімнің, үдерістердің сәйкестігін растау процедуралары туралы хабарламаларын өңдеу кіреді.
Қазіргі уақытта Ақпараттық орталық қажетті бағдарламалық өнімдермен, библиографиялық және толық мәтінді дерекқорлармен жеткілікті түрде жабдықталмаған.
Республикада түрлі ведомстволар әзірлеген 26 жіктеуіш қолданыста, олардың 12-і мемлекеттік мәртебеге ие, олар Ресей Федерациясының 31 мемлекеттік жіктеуіштерімен салыстырғанда экономиканың барлық секторларының талаптарын қанағаттандырмайды. Қазіргі кезде техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері бойынша автоматтандырылған ақпарат жүйесін құру және енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Республикада жетіспейтін жіктеуіштерді әзірлеу, сондай-ақ депозитарийді және техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.
Қазақстан Республикасында сәйкестікті растау саласында 150-ден астам аккредиттелген сертификаттау жөніндегі орган және 400-ден астам аккредиттелген сынақ зертханалары қызмет атқарады, олардың негізгі бөлігі жеке меншік түрінде.
Республиканың сертификаттық сынақтар жөніндегі бар сынақ қоры жеткіліксіз, өйткені өнімнің барлық номенклатурасын қамтымайды және республикада тым тең дәрежеде таратылмаған.
Ол үшін сынақ зертханаларын құру және қызмет ететін сынақ зертханаларын сертификаттық сынақтар жүргізу жөніндегі қажетті жоғары технологиялық жабдықпен жарақтау қажет.
Бұдан басқа, республикада халықаралық деңгейде танылған және халықаралық сарапшылар тізілімдерінде тіркелген сарапшы-аудиторлар саны жеткіліксіз.
Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) өнімді өткізу кезеңінде техникалық регламенттер талаптарының сақталуына, сондай-ақ аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының іс-әрекеттеріне қызметтерінің аккредиттелген талаптарға сәйкестігін белгілеу мақсатында, олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің талаптарын сақтауын тексеру мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ мемлекеттік органдар өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.
Соңғы жылдары бірнеше рет қайта құрылуы және санының аздығы салдарынан мемлекеттік бақылау қызметі Қазақстанда өндірілетін және сатылатын өнімдердің елеулі көлемін тексерістермен қамтуда өзінің жылдамдығы мен қабілеттілігін жоғалтып отыр.
Қазақстан Республикасы аумағына техникалық реттеу жүйесі енгізіліп отырған және өнімге қойылатын міндетті талаптар олардың әлеуетті қауіптілігі және халық өміріне, мүлкіне және қоршаған ортаға келтіретін қауіп-қатері ескеріле отырып анықталатын жағдайда мемлекеттік бақылау органдарының да жұмыс бағыты өзгеруі тиіс.
Тексеру нәтижелерін талдау 2005 жылдың ішінде 2004 жылмен салыстырғанда тексерудің 3%-ға төмендегенін, 2003 жылмен салыстырғанда 98%-ға өскенін көрсетеді.
Тексерудің жалпы санының өткен жылдың сәйкес деңгейіне төмендеуі үстіміздегі жылдың 13 мамырынан бастап «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының енгізілуімен түсіндіріледі, 37-баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті өнімнің өткізілу сатысында техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Жалпы алғанда 2003-2005 жылдар аралығында 16 544 тексеру жүргізілді, 8452 бұзу фактісі анықталды, әкімшілік айыппұл салу туралы 4531 нұсқама жазылды.
Тексеру нәтижелері бойынша жүргізілген талдау өткен есептік кезеңмен салыстырғанда тексеру санының тек азайғанына байланысты көрсеткіштердің төмендегенін көрсетеді, ал анықталған бұзушылық фактілері кәсіпкерлердің әр уақытта өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты техникалық реттеу саласындағы, заңнама талаптарына тиісті көңіл аудармайтындықтарын көрсетеді.
Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өндірісте сапа менеджменті жүйесінің болуына тікелей байланысты болады. Республикада қазіргі уақытта ISO халықаралық стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін 450-ден астам кәсіпорын сертификаттады. Сындарлы нүктелерді талдау және бақылау қағидаттары (НАССР) негізінде сапа менеджменті жөнінде жұмыстар әлсіз жүргізіліп жатыр және OHSAS 18001 пен SА 8000 халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу жөніндегі жұмыстар қанағатсызданарлық жүргізіліп отыр.
Сапа менеджменті жүйесін енгізуде кәсіпорындардың төмен қызығушылығының негізгі себептерінің бірі сапа саласындағы саясаттың әлсіз насихатталуы мен ғылыми-әдістемелік қордың жоқтығы болып табылады. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету үшін жақын және кейінгі жылдарда кәсіпорындарда, еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік жауаптылық саласында сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғауды енгізу мен сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік көмек қажет.
Отандық кәсіпорындарды бәсекеге қабілетті өнім өндіруге ынталандыру мақсатында Сапа саласындағы конкурстар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына сәйкес негізіне сапа жөніндегі еуропа сыйақысы қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурстар және «Қазақстанның ең үздік тауарлары» республикалық көрме-конкурс өткізілді. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Алтын Сапа» республикалық көрме-конкурсы өткізілетін болады. Бұл өткізілетін конкурстардың қазақстандық тауар өндірушілерді дамытуда мәні мен рөлінің артатындығын білдіреді.
Конкурстардың негізгі мақсаты мен міндеттері оларды импортпен бәсекелестік күреске тарту, рынокқа ие болу, отандық өнімге сенімнің жетіспеушілігін жою, кәсіпорындардың өнімнің сапасын арттыру жөніндегі жұмысын жандандыру, өндірісті сапаны басқарудың қазіргі заманғы тәсілдері негізінде ұйымдастыру, бәсекелестік ортаны дамыту, кәсіпорындардың басшыларын және мамандарын сапа жүйесін енгізуге және өздері шығаратын өнімнің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігіне бағыттау болып табылады.
Бағдарлама осы жұмыстардың жалғастырылуын қарастырады.
Қазіргі уақытта техникалық реттеу жүйесі халықаралық талаптарға, оның ішінде Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ келісімдерінің талаптарына жеткілікті түрде сәйкестендірілмеген.
Қазіргі таңда бұл проблема мемлекеттік органдар тарапынан реформалау проблемасын техникалық реттеу саласында бірыңғай саясат құруға кері әсер ететінін толық түсінбеумен, Қазақстан кәсіпорындары мен ұйымдарының ІSО халықаралық техникалық комитеттерінің жұмысына мүдделілік танытуымен, халықаралық тізілімдерде тіркелген сарапшы-аудиторлардың болмауымен, өнімнің жеке түрлерінің сапасын бақылауға арналған сынау базасы мен қазіргі заманғы жабдықтың болмауымен, техникалық реттеу саласында мамандардың біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігімен, мемлекеттік инспекторлардың санының аздығымен, қазіргі заманғы ғылым мен техника талаптарына жауап беретін техникалық заңнаманың және нормативтік құжаттардың жетілдірілмеуімен, республикалық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейлердегі ақпаратпен және нормативтік құжаттармен жылдам алмасу үшін қажетті жағдайлардың болмауымен байланысты болып отыр.
Осы Бағдарламада қарастырылған Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйелерін дамыту оларды ұқсас халықаралық жүйелермен техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттар қатарын әзірлеу және үйлестіру жолымен, техникалық реттеу нысандары мен әдістерін, оның ішінде стандарттау, өнімнің сәйкестігін растау рәсімін өзгерту саласында жетілдіру, сондай-ак ақпараттық қамтамасыз ету саласында іс-әрекетті жетілдіру арқылы жақындастыруға ықпал етеді.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты өнім мен үдерістердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушыларды өнім қауіпсіздігіне қатысты адастыратын әрекеттердің алдын алу, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ саудада техникалық кедергілерді жою болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері:
техникалық реттеу саласындағы заңнаманы өнеркәсібі мен экономикасы дамыған шет мемлекеттердің балама жүйелерімен жақындастыру;
мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру;
техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
техникалық нормалау мен стандарттау мәселелері бойынша тиімді жұмыс атқару үшін жағдай жасау;
Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен (бұдан әрі - ДСҰ), ДСҰ-ға мүше елдермен, техникалық реттеу мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар (бұдан әрі - СФС) саласындағы өңірлік және халықаралық ұйымдармен үнемі байланыста болу үшін бірыңғай ақпараттық желіні дамыту;
техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды дамыту және жетілдіру;
отандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға көшуіне жағдай жасау;
халықаралық стандарттау, аккредиттеу, сәйкестікті растау және сапа менеджменті жөніндегі жұмыстарды кеңейту;
техникалық реттеу жүйесін насихаттау және техникалық реттеу саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау.
Қойылған міндеттерді іске асыру отандық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сапасын арттыру мен ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша:
техникалық реттеу саласында заңнаманы дамыту және жетілдіру;
қолданыстағы стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру;
Қазақстандық сертификаттарды шетелдерде тануы үшін жағдай жасау;
техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын дамыту;
СТК және СФС шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты дамыту және жетілдіру;
техникалық регламенттердің міндетті талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды дамыту және жетілдіру;
халықаралық стандарттар негізінде менеджмент жүйелерін енгізу;
стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
техникалық реттеу мәселелерін насихаттау, техникалық реттеу саласында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жүзеге асырылатын болады.
5.1 Техникалық реттеу саласында заңнаманы дамыту және жетілдіру
Қалыптасқан халықаралық тәжірибені және ТМД елдерінде қабылданған тәжірибені ескере отырып және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес талаптарының міндеттілігі күшіне қарай республикада Үкімет қаулыларының мәртебесінде қабылданатын, қауіпсіздік деңгейін регламенттейтін, ал стандарттарда қауіпсіздіктің берілген деңгейін қамтамасыз ететін көрсеткіштерді сынау нормалары мен әдістемелері, сондай-ақ сапа көрсеткіштері жазылған техникалық регламенттерді әзірлеу болжанады.
Осылайша қауіпсіз өнімді қолдану мен өнім сапасы мәселесінде бизнесте мемлекеттік араласу мен қоғам мүддесін қорғау балансы қамтамасыз етіледі.
Міндетті және ерікті талаптарды белгілеу кемсітушіліктің болмау қағидатымен: отандық және импортталатын өнімге, көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар теңдігі қағидатымен жүзеге асырылады.
Қолданыстағы заңнама мен нормативтік құжаттарға оларды «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында талдау жүргізу, техникалық регламенттерді әзірлеу жоспарын дайындау, өнімдер мен үдерістерге қойылатын арнайы талаптарды регламенттейтін техникалық регламенттерді әзірлеу, оларға халықаралық талаптарға сәйкестікке сараптама жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекіту.
5.2 Қолданыстағы стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру
Техникалық реттеу жүйесіндегі стандарттау саласы республика дамуы үшін маңызды мәнге ие экономиканың басым бағыттарында (кластерлерде) проблемаларды шешуге бағытталған болуы керек.