Тікелей нәтиже: Еуразия даму банкінің жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы үлесінің 40% акциясын 2006 жылға жалпы сомасы 25 400 000 мың теңгеге төлеу.
Түпкі нәтиже: мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық қорына 100% төлеуді қамтамасыз ету.
Уақтылылығы: банкті құру туралы келісімде көрсетілген қаржыландыру мерзімдері мен шарттарын сақтау.
Сапасы: инвестицияларды жүзеге асыра отырып Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
193-қосымша
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын
іске асыруды институционалдық қамтамасыз ету"
деген 053 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14420000 мың теңге (он төрт миллиард төрт жүз жиырма миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 364 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бюджеттік кредиттердің есебінен салынған тұрғын үйді сатып алуға және Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытуға арналған ипотекалық кредиттерді ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген өлшемдерді (бастапқы жарна 10%-дан кем емес, сыйақы ставкасы 10-дан аспайды, кредит беру мерзімі 20 жылға дейін) қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде берілетін ипотекалық кредиттер бойынша тұрғын үй құнынан пайыздық ставканың 10% дейін төмендеуі, кредит беру мерзімінің 20 жылға дейін өсуі, бастапқы жарна мөлшерінің 10% дейін төмендеуі; тұрғындардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қол жеткізуінің артуы және мемлекеттің сыйақылары мөлшерлерінің өсуі есебінен оның тартымдылығының артуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Тұрғын үй құ- рылы- сының мемле- кеттік бағдар- ламасын іске асыруды инсти- туцио- налдық қамта- масыз ету | | | |
2 | | 100 | "Қазақ- станның тұрғын құры- лыс жинақ банкі" АҚ-ның жинақ жарғы- лық капита- лын ұлғайту | "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толықтыру. | 2006 жыл- ғы бі- рінші жарты жыл- дық | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы министр -лігі |
3 | | 101 | "Қазақ- стан ипоте- калық компа- ния" АҚ-ның жарғы- лық капита- лын ұлғайту | "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толықтыру. | 2006 жыл- ғы бі- рінші жарты жыл- дық | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы министр -лігі |
4 | | 102 | "Ипоте- калық кредит- терге кепіл- дік берудің қазақ- стандық қоры" АҚ-ның жарғы- лық капи- талын ұлғайту | "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толықтыру | 2006 жыл- ғы бі- рінші жарты жыл- дық | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы министр -лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ және "Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" АҚ жарғылық капиталын толықтыру. Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ипотекалық кредит беру мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қол жеткізілімдікті қамтамасыз ету.
Уақтылылығы: жарғылық капиталды уақтылы капиталдандыру.
Сапасы: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ және "Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" АҚ Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында пруденциялық нормативтерді орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
194-қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен республикалық бюджеттік бағдарламаның тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Республикалық бюджеттен Ұлттық қорға берілетін трансферттер»
деген 066 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10617223 мың теңге (он миллиард алты жүз он жеті миллион екі жүз жиырма үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысының 7-бөлімінің 28-тарауының 244-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің қаржы активтерін жинақтауды арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық бюджеттен ресми трансферттерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 100% уақтылы аударуды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 066 | | Респуб- ликалық бюджет- тен Ұлттық қорға бері- летін ресми транс- ферттер | | | |
2 | | 100 | Жоспарлы түсімдер есебінен трансферттер | Ұлттық қорға республика- лық бюджеттен ресми трансферттер бөлінуі. | жыл- дың ішін- де | Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның Қаржы минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 10 617 223 мың теңге (100 %) сомасында республикалық бюджеттен ресми трансферттердің есебінен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақтаушы функциясын орындау.
Түпкі нәтиже: шекті тәуекел деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің кірістілігін қамтамасыз ету.
Уақытылығы: төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражатты уақтылы аудару.
Сапасы: республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын толықтыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
195-қосымша
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 49606 мың теңге (қырық тоғыз миллион алты жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын одан әрі қалыптастыру және нығайту; есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу жөнінде ведомствоаралық халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекет тетігін дамыту, кинологиялық қызметті материалдық-техникалық нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | | 104 | Наша- қорлық- қа және есірткі бизне- сіне қарсы күрес | Есірткінің заңсыз айналымымен күресті тиімді ұйымдастыру үшін қажет техника мен жабдықтарды сатып алу жолымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске тартылған кедендік бақылау органдарына материалдық- техникалық нығайту. | жыл- ішін- де | Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның Қаржы министр -лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін нығайту, кедендік бақылау сапасын жақсарту.
Тікелей нәтиже: есірткі және жарылыс заттары контрабандасының жолын кесу, кеден органдарының кинологиялық қызметін дамыту.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасына есірткі құралдарының әкелуінің алдын алу, елде есірткі ахуалын тұрақтандыру; нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы әрекет ету саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, есірткі құралдарының контрабандасы фактілерін анықтау, нашақорлықтың алдын алу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасауды күшейту.
Мыналарды сатып алу: талшық-оптикалық эндоскоптар 10 дана, дүрбілер 50 дана, түнде көру аспаптары 30 дана, аспаптар жиынтығы 50 дана, есірткі заттарының экспресс-тесті 60 дана, жарылғыш заттарының экспресс-тесті, автокөлікті еріксіз тоқтату құрылғысы 30 дана, жарық түсіргіші бар қол таяғы 30 дана, ультракүлгін қол шамы 30 дана, ықшам металл детектор 70 дана, қарау қуыс бұрғысы 70 дана, қарау қол шамы 70 дана, қарау айнасы 90 дана, УҚТ ықшам радиостанциясы 165 дана, цифрлы бейнекамералар 6 дана, цифрлы фотоаппараттар 6 дана, қызметтік-іздеу иттерін тасымалдауға арналған автомашиналар 6 дана.
Қаржы-экономикалық нәтиже: есірткі құралдарын айқындаудың 1 фактісіне арналған шығындардың орташа құны - 260,0 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарының мерзіміне сәйкес қойылған мәселелерді іске асыру.
Сапасы: есірткі құралдарының кіруіне жол бермеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
196-қосымша
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Электрондық үкімет" құру"
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1960349 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз алпыс миллион үш жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы; "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Азаматтар мен ұйымдардың кедендік қызметтерге жылдам және сапалы қатынауын қамтамасыз ету, қазіргі заманғы техникалық шешімдердің негізінде қолдағы барын жетілдіру, жаңа перспективалық ақпараттық кедендік технологияларды енгізу есебінен Қазақстан Республикасы кедендік қызметінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру. Қазақстан Республикасы кедендік органдарының бақылау, есепке алу және статистикалық қызметін автоматтандыру.
Салық әкімшілігін жүргізуді қамтамасыз ету және жетілдіру, салықтарды барынша жинауды қамтамасыз ету, салық міндеттемелерін орындаудан жалтаруға байланысты шығындардың мөлшерін азайту, салық әкімшілігін жүргізу тетіктерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындылығын арттыру. Салық әкімшілігін жүргізудің әділ жүйесін құру және салық төлеушілер үшін салықтар төлеу бойынша барынша ыңғайлы жағдайлар жасау. Салық органдарының Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" қалыптастыруға және қызметіне қатысу шеңберінде салық төлеушілерге, басқа мемлекеттік органдарға ақпараттық және технологиялық қызметтер ұсыну.
Мемлекет мұқтажы үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процесіне қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар енгізу жолымен мемлекеттік сатып алу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кедендік қызмет және кеден инфрақұрылымы жанында бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін Web-сервис ұсыну; тауарларды электрондық декларациялау; халықаралық стандарттарға жақындау және кеден рәсімдерін жеңілдету; кеден органдарында кеден төлемдері мен салықтың бюджетке түсуін қамтамасыз ету; сыртқы сауда операциялары бойынша деректерді орталықтандырылған жинау.
Салық әкімшілігін жүргізу жүйелерінің функционалдылығын кеңейту және енгізу: салық төлеушілерге қызмет көрсету нысандары мен әдістерін жетілдіру, салық төлеушілерге ұсынылатын электрондық қызметтер аясын кеңейту; салық төлеушілерді, салық салынатын базаны және салық есептілігін есепке алу жүйелерін орталықтандыру; салық төлеушілер мен салық инспекторлары үшін қашықтықтан және ақпараттық сервис әдістерінің көмегімен салық әкімшілігін жүргізу процестерін жетілдіру және дамыту. Салық органдарының базалық ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымын қайта жарақтандыру. Ақпараттық қызметтерді біріктіру, мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-әрекетті жетілдіру және арттыру.
Ақпараттық жүйенің шағын жүйелерін дамыту жолымен электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйесінің функционалдылығын кеңейту.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | "Элек- трондық үкімет" құру | | | |
2 | | 100 | "Элек- трондық кеден" ақпа- раттық жүйесін құру | "Электрондық кеден" ақпараттық жүйесінің құрауыштарын әзірлеу және енгізу (1 -4-тоқсандар). Есептеу техникасын және телекоммуникациялық жабдықтар, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету құралдарын қосымша құрылымдалған кабель жүйелерін ұйымдастыру жөніндегі жабдықтар және қызметтер сатып алу (2-тоқсан). | жыл- ішін- де | Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның Қаржы министр -лігі |
3 | | 101 | Кеден- дік авто- маттан- дырыл- ған ақпа- раттық жүйе- сін дамыту "КААЖ" | "Сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректеріне қол жеткізу статистикасы, талдау, ұйымдастыру" біріктіріл- ген жүйесінің құрауыштарын әзірлеу және енгізу, пайдалану- шыларды оқыту (1-4-тоқсандар). Бағдарламалық модульдер- ді және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету құрауыштарын әзірлеу және енгізу, пайдаланушыларды оқыту, консалтингтік қызмет көрсетулер (1-4-тоқсандар). Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді, вирусқа қарсы қорғау жүйесінің лицензияларын сатып алу (2-тоқсан). | жыл- ішін- де | Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның Қаржы минис- трлігі |
4 | | 102 | Бірік- кен салық- тық ақпа- раттық жүйе- сін дамыту "ҚР БСАЖ" | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті ақпараттық жүйелерінің функционалдылығын дамыту, енгізу және кеңейту: "Тұтастандырылған салықтық ақпараттық жүйесі", "Салық есептілігінің электрондық нысандары", "Жеке тұлғалардың төлем көзінен ұсталатын кірістерін есепке алу", "ҚҚС төлеушілерді тіркеу. ҚҚС-нан көшіріп алынған шот-фактуралар тізілімдерін қабылдау және өңдеу жүйесі", "Ірі кәсіпорындардың (салық төлеушілердің) электрондық мониторингі", "Хабарларды кепілдікті жеткізу жүйесі", "Акциздік өнімдердің өндірісі мен айналымына бақылау", "Төлем қабілетсіздігі және банкроттық", "SAS технологиялары негізінде деректерді жан-жақты кешенді талдау", "Салық заңнамаларын түсіндіру бойынша мультимедиялық байланыс және салық төлеушілерге қызмет көрсету бойынша жүйе", салық органдарының бухгалтерлік жүйесінің "Ведомстволық кадрлар", "Голографиялық қорғаныш элементі бар есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымына бақылау" ақпараттық жүйелерін дамыту, енгізу және функционалдығын кеңейту, ақпараттық жүйелерді жобадан кейінгі зерттеу қызметтерін көрсету (1-4-тоқсандар). Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен оның аумақтық органдары үшін ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуіне арналған жабдықтар сатып алу (1-2-тоқсандар). Телекоммуникациялық жабдықтар мен желілерді қорғау жабдықтарын сатып алу (2-тоқсан). 200000 пайдаланушыға Х.509 сертификаттар, 50000 пайдаланушыға криптоклиент, 50000 пайдаланушыға Тұмар СSР беруге лицензиялар сатып алу (2-тоқсан). "Sas технологиялары негізінде деректерді кешенді көп өлшемді талдау" ақпараттық жүйесіне арналған Sas лицензиясын сатып алу (2-тоқсан). | жыл- ішін- де | Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның Қаржы министр -лігі |
5 | | 103 | "СТжСО" Салық төлеу- шілер- дің және салық салына- тын объек- тілер- дің тізі- лімі" ақпа- раттық жүйесін дамыту | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Салық төлеушілердің және салық салынатын объектілердің тізілімі СТжСО" ақпараттық жүйесін дамыту, енгізу және функционалдығын кеңейту (1-4-тоқсандар). "СТжСО" ақпараттық жүйесі серверінің қуаттылығын арттыру үшін модульдер сатып алу (2-тоқсан). | жыл- ішін- де | Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның Қаржы министр -лігі |
6 | | 104 | Мемле- кеттік сатып алу ақпа- раттық жүйесін құру | "Электрондық мемлекеттік сатып алу" біріктірілген ақпараттық жүйесін құру және дамыту: Веб-порталдың жұмыс істеуі үшін лицензиялық бағдарламалық қамсыздан- дыруды; телекоммуника- циялық жабдықты; үздіксіз қорек көзін сатып алу (2-тоқсан); электрондық конкурстар- дың шағын жүйелерін және Веб-порталды дамыту (1-4-тоқсандар); енгізу мен оқыту (3-тоқсан). | жыл- ішін- де | Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның Қаржы министр -лігі |
7. | | 103 | Біріктірілген ақпараттық қаржы жүйесін құру | Бизнес-процесс және әкімшілендіру жүйесі ретінде қаржыны мемлекеттік басқару рәсімдерінің реинжинирингінің бірінші кезеңі бойынша; деректерді жинау схемасын ұйымдастыру бойынша, СУБД-ны таңдау жобасы бойынша; серверлік жабдықты және оның құнын таңдау жобасы бойынша; деректерді берудің көліктік желісін таңдау жобасы бойынша қызметтерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Қаржы министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: адал және теріс пиғылды кедендік рәсімдер қатысушыларын анықтау; алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдану есебінен кедендік рәсімдерді жеңілдету және тездету; контрабандамен және әкімшілік кедендік құқық бұзушылықтармен күрес жүргізу тиімділігін арттыру; лицензиялар мен квоталарды пайдалану жөніндегі бақылау тиімділігін арттыру; кеден төлемдерін есептеу растығы мен жеделділігін арттыру және кеден төлемдерінің түсуін бақылау тиімділігін арттыру; кеден статистикасы мен сыртқы сауда статистикасын жүргізу; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің басшылығы мен үкіметтік органдарға берілетін ақпараттың жеделділігі мен растығын арттыру; берілетін ақпаратта құрылымдау, қалыптандыру және оңтайландыру есебінен қабылданатын шешімдердің жеделдігі мен сапасын арттыру; басқа мемлекеттердің қосылған ведомстволарымен және кеден органдарымен ақпараттық өзара іс-әрекет жасасу; кеден заңнамасы мәселелері жөніндегі ақпараттық қызметтерді жедел ұсыну.
(ХКЖЖ) Хабарларды кепілдендірілген жеткізу жүйесі көмегімен салық есептілігін қабылдау, салық есептілігін толтыру және өңдеуді оңтайландыру, салық әкімшілігін жүргізу процестерін автоматтандыру, салық есептілігін камеральдық бақылаудың жаңа нысандарын енгізу; ҚҚС және ҚҚС сомасын төлеушілердің тіркеу деректерінің толық базасын жүргізу; екінші деңгейдегі банктермен әрекетсіз заңды тұлғалардың банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы электрондық алмасуды жүргізу; уәкілетті органдардан салықтарды есептеуге қажет СТжСО мәліметтер алу; шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдар бойынша рәсімдерді жетілдіру.
Электрондық конкурстар мен Веб-порталдың кіші жүйелерін дамыту, Веб-порталдың жұмыс істеуі үшін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу бизнес құрылымдар үшін мемлекеттік сатып алу бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді; іркіліссіз қоректену көздерін және желіаралық қорғаныс экрандарын сатып алу жүйенің электр желісінің істен шығуына бас тарту тұрақтылығы көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жүйенің одан санкцияланбаған қатынау қорғануының деңгейін арттырады.
Түпкі нәтиже:
жеке инспекциялар үшін кеден шекарасында алынатын импорттық декларацияларының санын 30%-дан аспайтын деңгейге дейін қысқарту; алдын ала операцияларды ескере отырып шекарада кедендік тазалаудың орташа уақытын 10%-ға қысқарту; кедендік тазалаудан кейін кеден аумағына шығудан тауарларды шығаруға дейін уақытты өлшеу кезінде импорттық тазалауға жұмсалатын орташа ұзақтықты 50%-ға қысқарту; декларация беруден тауарларды шығаруға рұқсаттар бергенге дейін уақытты өлшеу кезінде кедендік тазалауға жұмсалатын орташа ұзақтықты 50%-ға қысқарту.
Салық органдарының салық есептілігін беру, өңдеу және сақтау процестерін автоматтандыру; сыбайлас жемқорлыққа арналған жағдайларды шектейтін салық төлеуші мен салық органдары арасында қашықтықтау; салықтар мен алымдар туралы түсетін ақпаратты талдамалық өңдеуге жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау және салықтардың жиналуын арттыру жөнінде жедел шешімдер қабылдау.
Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесін пайдалануға енгізу және ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында оны техникалық қамтамасыз ету, ол мемлекет мұқтажы үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуға арналған бюджет шығыстарын азайтуға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге жұмсалатын шығындарды қысқартуға, өнімдерді берушілер арасында бәсекелестіктің тең шарттарын құруға, жинақталған ақпаратқа жедел қатынауға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
Электрондық кедендік құжаттар жүйесін енгізу қағазды, адам ресурстарын үнемдеуге және көлік шығыстарын қысқартуға оң әсерін тигізеді.
Салық әкімшілігін жүргізудің негізгі операциялық рәсімдерін орындауға жұмсалатын еңбек шығындарын азайту (адам/сағат); камералдық бақылау жүргізу нәтижелері және салықтық тексеру актілері бойынша жете есептеулер сомасы (теңге); сұрау салуларды өңдеу, статистикалық және талдамалық есептілікті қалыптастыру уақытын қысқарту (сағат).