Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүлікті жария
етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша толықтырулар
енгізу туралы
Осы редакция 2006 ж. 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 91-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген мүліктің құны алып тасталуға тиіс.«;
2) 144-бап мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:
«40) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген кірістері.«;
3) 341-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жария етілген жер учаскелеріне салық жер учаскесі жария етілді деп танылған кезден бастап есептеледі.
Бұл ретте жария еткен кезге дейін төленген жер салығы осы Кодекстің 325-бабының 2-тармағына сәйкес есептелген болып саналады.«;
4) 405-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «алым төлеушілер болмайды» деген сөздер, 5) тармақшасындағы «жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркегені үшін төлемнен босатылады» деген сөздер алып тасталып, тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес, жылжымайтын мүлікті жария еткен азаматтар алым төлеушілер болып табылмайды.";
5) 411-бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес, мүлікті жария еткен азаматтар алым төлеушілер болып табылмайды.".
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 22-құжат):
43-бап мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген жер учаскелеріне құқық беру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.".
3. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат):
46-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) мүлікті жария ету үшін алым;".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылғы 1 сәуірде өзінің қолданылуын тоқтатады.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 5-і.
№ 158-III ҚРЗ