7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Мемлекеттік сақтауға 3,0 мың іс қабылдау. Осылайша мұрағат қорының жалпы көлемі 0,5-0,7%-ға көбейіп, 645 мың сақталу бірлікке жетеді.
2. 730 сақталу бірліктің микрокөшірмесі мен аса маңызды құжаттардың көшірмелері сақтандыру қорларының 150 мың кадрын жасау, 4 мың істі тігу және түптеу, құжаттардың 140 мың парағын қалпына келтіру, компьютерлік графикамен нашар көрінетін мәтіндердің 2,5 мың парағын қайта жасау, микрофильмдердің 3 мың кадрына және қағаздағы құжаттардың 40 мың парағына цифрлау жүргізу.
3. Мекемелер мен азаматтардың кем дегенде 160 тақырыптық және әлеуметтік құқықтық сұрауларын орындау, зерттеушілерді мұрағаттың оқу залы арқылы талап етілген ақпаратпен қамтамасыз ету.
4. Каталогтың 29,8 мың карточкасын және 27,6 мың іске арналған 8 қорға ғылыми-анықтамалық аппаратты жетілдіру, сондай-ақ «Электрондық мұрағат», «Электрондық құжат айналымы» мұрағаттық технологияларды енгізу болжанып отыр.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарында 4 мақала және ғылыми жарияланымдар әзірлеу, 5 тарихи-құжаттамалық көрмелер өткізу болжанып отыр.
6. Құжаттандыру жағдайы және құжаттамаларды басқару мәселелері бойынша мекемелерде 7 тексеру жүргізу, сондай-ақ «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» ҚР Заңының талаптарын орындау бойынша құжаттарды ведомстволық сақтау болжанып отыр.
7. Мұрағаттың 10 қызметкерінің біліктілігін арттыру.
8. Іркіліссіз қоректендіру блогымен бір жиынтықтағы 13 компьютер және принтерлер, 1 (лазерлі) факс, А-3 форматтағы 1 цифрлық көшіру-көбейту аппараты, А-4 форматтағы 2 цифрлық көшіру-көбейту аппараты, А-3 форматтағы 1 түрлі-түсті лазерлік принтер, 1 қағаз тесу станогы, мұрағат қоймалары үшін 7 кондиционер, 3 телевизор, қозғалмалы мұрағаттық стеллаждардың 1 жиынтығы, 1 диван сатып алу құжаттардың сақталу жағдайын жақсартуға, сондай-ақ «Электрондық мұрағат» және «Электрондық құжат айналымы» бағдарламалары негізінде мұрағаттық ақпаратты іздестіру процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Түпкілікті нәтиже:
1. Зерттеушілерге басқарушылық міндеттерді шешу кезінде, жарияланымдар мен ғылыми еңбектерде құжаттарды пайдалану үшін 10 мыңға жуық іс тапсыру болжанып отыр.
2. Микрофотокөшірмеден өткен істердің саны 1,7 % көбейеді деп болжанып отыр, 6120360 кадрды құрайтын сақтандыру қорының өсімі 2,5% жетеді. Ақпаратты таяудағы 100-120 жылда таспалы тасығыштарда сақтаудың қауіпсіздік деңгейі артатын болады және зерттеушілер үшін кезінде нашар физикалық жағдайына байланысты қолға түспейтін құжаттар енгізіледі.
3. ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік органдар мен мекемелердің ақпараттық сұраулары 100 % қамтамасыз етіледі, ал азаматтардың хат-арыздарының 80-85% заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін құжаттардың көшірмесін алады.
4. Бөлімдердің жаңаша жіктелуі негізінде 170 мыңға жуық карточкасы бар қордың каталогы жетілдіріледі, ол каталогтың ақпараттылығын, тиімділігін, зерттеушілер іздеген қажетті ақпараттың жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
5. Қазақстанның азаматтары нашар зерттелген тарихи фактілермен және оқиғалармен танысуға мүмкіндік алады. Орта және жоғары оқу орындарының 150 оқушысы экскурсияларға барады, лекциялар тыңдайды. Осылайша, халықтың тарихи санасы мен отаншылдық тәрбиесін қалыптастыруға белгілі бір үлес қосылады.
6. Іс-жүргізуді, құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыруды жақсарту және құжаттарды ресімдеу кезінде 1042-2001 МемСТ-ын сақтау; жабдықталған ведомстволық мұрағаттарға 100 % жету және мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін 3 мың іс дайындау.
7. Біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлерді қамтудың 74% жету.
8. Жұмыс орындарын электрондық есептеу техникасымен жабдықтаудың 79% жетуі күтіліп отыр.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: Тиімділіктің өлшемдері 1 істі сақтаудың - 11,93 теңге; 1 істі тігудің - 224,06 теңге құжаттың 1 парағының микрофотокөшірмесін жасаудың, мәтіні нашар көрінетін құжаттың 1 парағын қалпына келтірудің және істің көлемі бойынша стандартты парақтарды жөндеп-реттеудің орташа құнының негізінде айқындалатын болады.
Уақытында орындалуы: Нақты тапсырмаларды және жұмыстардың көлемін орындаудың уақтылығы негізгі іс-шаралардың белгіленген мерзімдерімен айқындалады.
Сапасы:
- Мұрағаттың сарапшы-тексеру комиссиясының жұмыс нәтижелерін бағалаумен (істерді мемлекеттік сақтауға дайындау, қабылдау, көрмелердің, лекциялардың, экскурсиялардың тақырыптық-экспозициялық жоспарлары), зерттеушілердің мұрағат ақпаратына деген қажеттіктерін қанағаттандыру туралы пікірлерімен айқындалады;
- аса бағалы құжаттардың көшірмелерінің сақтандыру қорын құру жөніндегі жұмыстардың сапасы;
- Микрофильмдерді жасаудың технологиялық регламентімен, нашар көрінетін мәтіндерді жөндеп-реттеу, түптеу мен қалпына келтіру - арнаулы нұсқаулықтармен айқындалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
4-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 109985 мың теңге (бір жүз тоғыз миллион тоғыз жүз сексен бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы; «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Мәдениет туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1431 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның қазіргі тарихының, президенттік институттың дамуын және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлін айғақтайтын құжаттарды, тарихи материалдарды көрсету арқылы халықтың мәдениетінің, тарихи дарасанасының деңгейін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тарихи-мәдени және әлеуметтік-саяси ақпаратты топтау мен зерделеудің мәдениеттанушылық және ғылыми-әдістемелік процесі үшін жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Тарихи- мәдени құнды- лықтарды сақтау | Қазақстан Республика- сының Тұңғыш Президен- тінің Мұражайында Қазақстан Республика- сының Тұңғыш Президен- тінің өміріне, мемле- кеттік және қоғамдық қызметіне қатысты ма- териалдарды кешенді жинақтау, жүйелеу, сақтау, зерттеу мен танымал ету негізінде тарихи-мәдени және әлеуметтік-саяси ақпа- ратты топтастыру мен зерделеу процесін мә- дениеттанушылық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. «Мұражай және тарихи ғылым» атындағы ғылы- ми-зерттеу конферен- циясын өткізу. Негізгі құралдарды сатып алу. | жыл бойына | Қазақстан Респу- бликасы Тұңғыш Прези- дентінің Мұражайы |
ҚР Үкіметінің 2006.11.22. № 470к қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері:
- мұражайға келетіндер адамдар саны кемінде 42000;
- жоспарланған шетелдік келушілер саны кемінде 450 адамды құрайды;
- мектеп оқушыларының саны 20000 баланы құрайды;
- ғылыми-зерттеу конференциясын 1 (бір) өткізу;
- келушілерге кемінде 1000 экскурсия жүргізу;
- материалдық-техникалық базаны нығайту үшін мынадай құрал-жабдықтар:
жолсілтегіштер мен каталогтар және мұражайдың қызметі жөніндегі басқа өнімдерді басып шығару үшін шағын баспахана (оның ішінде 1 электркескіш, 1 цифрлы теру аппараты, 1 бүктегіш машинаны, 1 электр қыстырғыш, 1 термотүптегіш);
Мемлекет басшысының кітапхана қорын толықтыру үшін мұражай материалдары, экспонаттар мен кітаптар;
кемінде 52 дана мұражай жабдықтары;
кемінде 100 дана күзет дабылдатқышы;
31 жұмыс станциясы, 10 принтер, желі жабдықтар мен желіні құру жиынтығы, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету, Интернет және Web-сайтты әзірлеу қызметтері, LAN құрастыру мен орнату, 1 бустер, 3 микрофон, 2 кейс, 1 электр тігін машинкасы, 4 сервер, 1 аппараттық файрвол, 4 коммутатор, 1 ламинатор, 1 үзіліссіз қоректендіру көзі, 1 ауыстырғыш, 1 мониторлы консоль, 2 монитор, желі жабдығы үшін 1 тұғыр, 1 стриммер, 1 модем, 1 телеконвертор, 1 цифрлы бейнекамера үшін объектив, 1 бейнелерді цифрлайтын плата, 1 қарқынды жарықтандырғыш жабдығының жиынтығы, 1 таспалы сканер, 1 бейнеұстағыш карта, 1 электр кескіш, 1 цифрлы теру аппараты, 1 термотүптегіш, 1 бүктегіш машина, 1 электр қыстырғыш, коды бар 3 сейф, өндіріс саласына қызмет етуді жеделдету үшін 1 жеңіл қызметтік автокөлік сатып алу.
Түпкі нәтижелері: Қазақстанның қазіргі тарихының дамуын жинақтау, есепке алу мен сақтау, зерделеу мен танымал ету негізінде мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі:
- мұражайдың бір экспонатын сақтаудың орташа құны 2020 теңге.
Уақытында орындалуы:
- тиісті кезеңге арналған көзделген кесте бойынша іс-шаралардың орындалуы.
Сапасы: Республика халқының мәдени, рухани деңгейін көтеру және әлем жұртшылығын Қазақстанның қазіргі тарихының, президенттік институттың дамуымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлімен мұражай коллекциясы негізінде таныстыру.