«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қарашадағы № 470к Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақта:
Тікелей нәтижеде:
жетінші абзацтағы «10 дана ауасүзгі» деген сөздер «15 дана ауасүзгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақта:
Тікелей нәтижелерінде:
он екінші абзацта:
«26 жұмыс станциясы» деген сөздер «31 жұмыс станциясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2 коммутатор» деген сөздер «4 коммутатор, 1 ламинатор» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |