Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүлікті жария етуге байланысты
рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1995 ж., №24, 168-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №21, 277-құжат;2001 ж., №24, 338-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; №18, 157-құжат; 2004 ж., №17, 99-құжат):
13-бап мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
«2-1. «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сейкес жария етілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеген жағдайда өтініш беруші, осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарға қоса мүлікті жария еткені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты да табыс етеді.
Егер тұлға:
1) мүлікті жария еткені үшін алым төлеуші болып табылмайтын болса;
2) мүлікті жария еткені үшін алым теленгені туралы құжатты жергілікті атқарушы органға тапсырған жағдайда өтініш беруші мүлікті жария еткені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты тапсырудан босатылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар туралы ақпаратты тіркеуші органға мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия тапсырады.».
2. «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылык, жасау туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., №12, 78-құжат):
1) 4-бапта:
1-тармақтағы «2006 жылғы 30 желтоқсанда» деген сөздер «2007 жылғы 1 сәуірде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «2007 жылғы 1 сәуірге» деген сөздер «2007 жылғы 1 шілдеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-бапта:
3-тармақ «ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер» деген сездерден кейін «, сондай-ақ олар ақшаны жария еткен жағдайларды қоспағанда, тұрғылықты жері немесе тиісінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе занды тұлғалары» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Алым жария етілетін мүлік құнының он проценті мелшерінде төленеді.
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті қоспағанда, мүлікті жария ететін жария ету субъектілері алымды мүлікті жария етуге құжаттарды тапсырғанға дейін төлейді.
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлкін жария ететін жария ету субъектілері алымды жылжымайтын мүлікті жария етуге құжаттарды тапсырған сәттен бастап жария етілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегенге дейін кез келген уақытта төлейді.
Алымды өндіріп алу және бюджетке аудару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
3) 7-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы
«жария етуді» деген сөздерден кейін «және осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларды» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігі «жария етілетін жылжымайтын мүлікті» деген сөздерден кейін «, осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларды» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Ақшаны жария ету
1. Заңды тұлғалар ақшаны жария етуді мемлекеттік тіркеу орны бойынша салық органына мынадай құжаттарды:
1) осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті;
2) алым төленгенін растайтын құжатты;
3) жарғының (ереженің), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің және заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;
4) екінші деңгейдегі банк не шетелдік банк берген, жария етуге ұсынылған акша сомасының бар екендігін растайтын құжатты тапсыру арқылы жүргізеді.
Ақша өтініш қабылданған сәттен бастап жария етілген деп танылады.
2. Жеке тұлғалар ақшаны жария етуді алым төлеу арқылы жүзеге асырады.
Ақша алым төленген сәттен бастап жария етілген деп танылады.»;
5) 11-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі «Жылжымайтын мүліктің жария етілгені» деген сөздер «Жария етілген жылжымайтын мүлік, жария ету субъектісінің алым төлегені және алым төлеуші болып табылмайтын тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 16-баптағы «2007 жылғы 1 сәуірде» деген сөздер «2007 жылғы 1 шілдеде» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., №12, 79-құжат):
2-баптағы «2007 жылғы 1 сәуірде» деген сөздер «2007 жылғы 1 шілдеде» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2006 жылғы қарашаның 16-сы.
№ 188-III ҚРЗ