«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1082 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 қарашадағы
№ 1082 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесi
1. «Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 27, 254-құжат).
2. «Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 тамыздағы № 815 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 33, 329-құжат).
3. «Cу қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру әрі жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 144 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 6, 83-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы № 364 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 15, 192-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 16 маусымдағы № 661 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 24, 313-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 4, 40-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 наурыздағы № 227 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 12, 126-құжат).