Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 7 қарашадағы
№ 1059 қаулысымен
бекітілген
«Алтын сапа» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. «Алтын сапа» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже «Алтын сапа» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына (бұдан әрі - конкурс) ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.
3. Республикалық конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы), «Алтын сапа» өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары (бұдан әрі - өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері болып табылады.
4. Конкурс конкурс дипломанттарына конкурстың эмблемасы мен дипломын беруді көздейді.
5. Конкурс конкурсты ұйымдастырушының ресми сайтында жарияланатын Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаттары атақтарын және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімімен бекітілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.
6. Конкурсты ұйымдастыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады.
2. «Алтын сапа» өңірлік көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар
мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау тәртібi
7. «Алтын сапа» өңірлік көрме-конкурсына ұсынылатын материалдар мен өнімдерді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін өңірлік сараптамалық комиссия құрылады.
8. Өңірлік сараптамалық комиссия өңірлік конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылады.
9. Өңірлік конкурсқа қатысуға:
1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын;
2) өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту бойынша оң нәтижелері бар заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі - конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады.
10. Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысуға өтінім және сауалнама-декларация;
2) сапа және қауіпсіздік туралы сертификаттар мен қорытындылардың көшірмелері (сәйкестік сертификаты, экологиялық сертификат, гигиеналық қорытынды - болған кезде);
3) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмелері (болған кезде);
4) негізгі өлшемдер мен сипаттамалардың сандық мәндері көрсетілген өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерінің негізгі сипаттамасы;
5) конкурсқа қатысушылар өз нәтижелерін және осы көрсеткіштердің өзгеру үрдісін бағалайтын көрсеткіштер.
11. Конкурсқа қатысушылар қызметінің нәтижелері туралы ақпарат графиктер немесе диаграммалар түрінде ұсынылады, олар ұсынылған сандық деректердің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беретін қысқаша түсініктермен сүйемелденуі тиіс.
12. Өңірлік конкурстар өңірлік конкурстарды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде, бірақ конкурсты өткізу жылының 30 тамызынан кешіктірілмей өткізіледі.
13. Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары конкурстарды өткізу жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей өңірлік конкурстар жеңімпаздарының қажетті құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
14. Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.
3. «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсына ұсынылатын
материалдар мен өнімді алдын ала бағалау тәртібi
15. «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсына ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала бағалауды жүргізу үшін республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сараптамалық топтар (бұдан әрі - сараптамалық топтар) құрылады.
16. Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде 7 адамды құрауы тиіс.
17. Сараптамалық топтардың құрамына:
1) кестеге әрбір айқындама бойынша өзінің бағасын қоятын (олардың бағаланатын өнімді алқалы талқылауға, ұсынылған материалдарды талдауға қатысуын негізге ала отырып);
2) қалған айқындамаларды сызып тастай отырып, кестеге бағаны өзінің құзыреттілігі жеткілікті деп есептейтін айқындамаларға ғана қоятын конкурсты ұйымдастырушының, министрліктер мен ведомстволардың, сапа саласындағы мамандардың өкілдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатарынан тағайындалатын төраға, оның орынбасары және сарапшылар кіреді.
Конкурсты ұйымдастырушы сараптамалық бағалаудың толтырылған кестелерін құжаттар жиынтығы құрамында Комиссияға жібереді.
18. Комиссия сараптамалық топтардың алдын ала қорытындысының негізінде:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
3) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес «Үздік азық-тyлік тауарлар» номинациялары бойынша дипломанттарды бекіту туралы түпкілікті шешім қабылдайды.
19. Жеке өлшем, талап, көрсеткіш бойынша алдын ала жұмыс жүргізіледі, оның мақсат толығын және мазмұнын сараптамалық топ айқындайды.
20. Егер әрбір номинацияда өнімнің әрбір түрі бойынша кемінде екі үміткер қатысса, конкурс өткізілген болып саналады.
«Алтын сапа» өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар
мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау ережесіне
1-қосымша
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»
номинациясы
Облыс ____________________________________________________
Ұйым _____________________________________________________
Өнім _____________________________________________________
Бұйымның жиынтық баллы ___________________________________
САРАПТАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ КЕСТЕСI
Р/с № | Өлшемдер, талаптар, көрсеткіштер | Сарапшылар | Орташа балл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Отандық баламаларымен салыстырғанда техникалық деңгейі (1-10 балл) | | | | | | | | | | | |
2 | Экспортқа шығарылатын өнімнің өндірілу көлемінен үлесі (10% үшін 1 балл) | | | | | | | | | | | |
3 | Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнім өндірісі көлемінің артуы (10% үшін 1 балл) | | | | | | | | | | | |
4 | Тұтынушылар, мемлекеттік бақылау органдары, сатып алушы ұйымдар тарапынан сараптамалық расталған талаптардың болуы/жоқтығы (0, 10 балл) | | | | | | | | | | | |
5 | Тұтынушылардың, сатып алушы ұйымдардың пікірлері (республиканың түрлі өңірлерінен және оның шегінен тыс жерлерден кемінде 10 ресми ресімделгендер) | | | | | | | | | | | |
6 | қазақстандық және өңірлік шикізат пен материалдарды % пайдалану (әрбір 10% үшін 1 балл) | | | | | | | | | | | |
7 | Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі, менеджменттің сертификатталған жүйесінің болуы (1, 10 балл) | | | | | | | | | | | |
8 | Маркетингтік саясат, бәсекеге қабілеттілікті басқару тиімділігінің деңгейі (1-10 балл) | | | | | | | | | | | |
9 | Бұйымды дайындау кезінде пайдаланылатын жаңалықтар, технологиялар прогрессивтілігі ("ноу-хаудың", өнер табыстарының, патенттердің болуы) (1-10 балл) | | | | | | | | | | | |
10 | Өнімнің, ораудың дизайны, эстетикалық қасиеттері (1-10 балл) | | | | | | | | | | | |
Бұйымның жиынтық баллы (Е орт. балл) | | | | | | | | | | | |
Жауапты тұлға (т.а.ә.)________________________________
Қолы ___________
«Алтын сапа» өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар
мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау ережесіне
2-қосымша
«Халық тұтынатын үздік тауарлар»
номинациясы
Облыс ____________________________________________________
Ұйым _____________________________________________________
Өнім _____________________________________________________
Бұйымның жиынтық баллдары ________________________________
САРАПТАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ КЕСТЕСI
Р/с № | Өлшемдер, талаптар, көрсеткіштер | Сарапшылар | Орташа балл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Отандық баламаларымен салыстырғанда тұтыну қасиеттерінің техникалық деңгейі (1-10 балл) | | | | | | | | | | | |
2 | Экспортқа шығарылатын өнімнің өндірілу көлемінен үлесі (10% үшін 1 балл) | | | | | | | | | | | |
3 | Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнім өндірісі көлемінің артуы (10% үшін 1 балл) | | | | | | | | | | | |
4 | Әлеуметтік бәсекеге қабілеттілік деңгейі (ұқсастарымен салыстырғандағы бағасы және қазақстандық нарықта қол жетімділігі) (1 - 10 балл) | | | | | | | | | | | |
5 | Тұтынушылар, мемлекеттік бақылау органдары, сатып алушы ұйымдар тарапынан сараптамалық расталған талаптардың болуы/жоқтығы (0, 10 балл) | | | | | | | | | | | |
6 | Тұтынушылар, сатып алушы ұйымдар пікірлері (республиканың түрлі өңірлерінен және одан тыс жерлерден 10 pесми ресімделгеннен кем емес (0, 10 балл) | | | | | | | | | | | |
7 | қазақстандық шикізат пен материалдарды % пайдалану (әрбір 10% үшін 1 балл) | | | | | | | | | | | |
8 | Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі, сертификатталған менеджмент жүйесінің болуы (1-10 балл) | | | | | | | | | | | |
9 | "Тамақ өнімдері. Тұтынушыларға арналған ақпарат. Жалпы талаптар" ҚР СТ 1010-99 сақталуы/сақталмауы (0, 10 балл) | | | | | | | | | | | |
10 | Өнімнің, ораудың дизайны, эстетикалық қасиеттері (1-10 балл) | | | | | | | | | | | |
Бұйымның жиынтық баллы (Е орт. балл) | | | | | | | | | | | |
Жауапты тұлға (т.а.ә.)________________________________
Қолы ___________
«Алтын сапа» өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар
мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау ережесіне
3-қосымша
«Үздік азық-түлік тауарлар»
номинациясы
Облыс ____________________________________________________
Ұйым _____________________________________________________
Өнім _____________________________________________________
Бұйымға қорытынды баллы __________________________________
САРАПТАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ КЕСТЕСI
Р/с № | Өлшемдер, талаптар, көрсеткіштер | Сарапшылар | Орташа балл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Отандық баламаларымен салыстырғанда техникалық деңгейі (1-10 балл) | | | | | | | | | | | |
2 | Өндірілетін көлемнен экспортқа шығарылатын өнім үлесі (10% үшін 1 балл) | | | | | | | | | | | |
3 | Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнім өндірісі көлемінің ұлғаюы (10% үшін 1 балл) | | | | | | | | | | | |
4 | Тұтынушылар, мемлекеттік бақылау органдары, сатып алушы ұйымдар тарапынан сараптамалық расталған талаптардың болуы/ жоқтығы (0, 10 балл) | | | | | | | | | | | |
5 | Тұтынушылардың, сатып алушы ұйымдардың пікірлері (республиканың түрлі өңірлерінен және оның шегінен тыс жерлерден кемінде 10 ресми ресімделгендер) | | | | | | | | | | | |
6 | Қазақстандық және өңірлік шикізат пен материалдардың % пайдаланылуы (әрбір 10% үшін 1 балл) | | | | | | | | | | | |