«Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты
пайдалану ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы
№ 214 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 6 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2005 жылғы 22 қарашадағы және «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесі;
2) көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс дақылдарының аласа діңді телітушілер аналығын салуға 2006 жылға арналған субсидиялар нормативтері;
3) сатылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына 2006 жылға арналған субсидиялар нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 наурыздағы
№ 214 қаулысымен бекітілген
Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған
қаражатты пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) тиісті жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Ауылшармині) 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасының 100 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге трансферттер түрінде көзделген қаражат есебінен және шегінде бірегей тұқым өндірушілердің (бұдан әрі - оригинаторлар) және элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі - элиттұқымшарлар) өсімдік шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ мақта саласын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану (бұдан әрі - субсидиялау) тәртібін айқындайды.
2. Ауылшармині облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес жүргізеді.
3. Субсидиялар:
1) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын және жеміс дақылдарының көшеттерін өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге;
2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және жеміс дақылдарының аласа діңді телітушілерінің салынған аналығының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге кететін шығындарды толық өтеуге;
3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымның құнын ішінара арзандатуға;
4) 2000 жылғы 1 қаңтардан кейін аттестатталған элиталық тұқым шаруашылықтарының 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген салықтық қарыздарын (бұдан әрі - кейінге шегерілген салықтық қарыз) республикалық және жергілікті бюджеттерге өтеуге;
5) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мақта талшығының сапасына сараптама жасауға жұмсаған шығындарын өтеуге арналады.
4. Осы Ереженің 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялар заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған оригинаторларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген және (немесе) перспективалық деп танылған ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірегей тұқымының және жеміс дақылдары көшеттерінің нақты өндірілген көлемі үшін төленеді.
5. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын және жеміс дақылдарының көшеттерін өндіру шығындарын ішінара өтеуді субсидиялау Ауылшармині элиталық тұқымдар мен жеміс дақылдарының көшеттерін алу үшін оларды өндірудің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес бірегей тұқымның және көбейту жылдары бойынша жеміс дақылдары көшеттерінің әрбір түріне әрбір оригинатор үшін белгілеген квоталар шегінде жүзеге асырылады.
6. Осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген субсидиялар заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған оригинаторларға жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу және жеміс дақылдарының аласа діңді телітушілерінің салынған аналығының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі нақты орындалған іс-шаралар үшін төленеді.
7. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу және жеміс дақылдарының аласа діңді телітушілерінің салынған аналығының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларды субсидиялау Ауылшармині белгілеген шығыстар сметасы шегінде жүзеге асырылады.
Әрбір оригинатор үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу және жеміс дақылдарының аласа дінді телітушілерінің салынған аналығының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету алаңын Ауылшармині көп жылдық екпелер алаңына келетін телітушілерге деген қажеттілігінің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес белгілейді.
8. Осы Ереженің 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған элиттұқымшарларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының элиталық тұқымының арзандатылған құны бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Ауылшармині тұқымның әрбір түрі бойынша әр облыс үшін белгілеген квоталар шегінде нақты сатылған көлемі үшін төленеді.
Белгіленген квоталар көлемдерін орындау барысын және бюджет қаражатын игерудің уақтылығын бақылау үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - облыстың жергілікті атқарушы органы) Ауылшарминіне тиісті жылғы 5 шілдеден кешіктірмей бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы ақпарат береді.
Аттестатталған тұқым өндірушілер ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіру және элиталық тұқымдарын сату квоталарының белгіленген көлемдерін орындамаған жағдайда квоталарды қайта бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілетін Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндірудің және элиталық тұқымдарды сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеу ережесіне сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес Ауылшармині жүзеге асырады.
Әрбір элиттұқымшар үшін элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квотаны облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін комиссия белгілейді және ол облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен бекітіледі.
Квоталарды бөлу дақылдың басымдылығын ескере отырып, олардың ғылыми негізделген қажеттілік нормаларына сәйкес егістік алқабына жүргізіледі.
9. Элиттұқымшарлар ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Ауылшармині белгілеген шекті бағадан аспайтын баға бойынша сатады.
10. Осы Ереженің 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген субсидиялар осы Ереженің 16-тармағына сәйкес айқындалған қызметтерді берушіге мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді сатып алушыға нақты көрсеткен қызметтері үшін төленеді.
2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын, жеміс
дақылдарының көшеттерін өндіруге жіберілген шығындарды ішінара
өтеуге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін
салуға және аласа діңді телітушілердің салынған аналығының аяқталмаған
өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толығымен өтеуге
арналған субсидияларды пайдалану тәртібi
11. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын және жеміс дақылдарының көшеттерін өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар алу үшін:
1) оригинаторлар тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының және жеміс дақылдары көшеттерінің оригинатор нақты өндірген көлемдері жөніндегі тізілімді;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын және жеміс дақылдарының көшеттерін кіріске алу актілерін;
ауыл шаруашылығы өсімдіктері бірегей тұқымдарының егістігін сынақтан өткізу актілерін;
егістіктерді сынақтан өткізу туралы екі данадағы есепті;
заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтаманы береді;
2) облыстың жергілікті атқарушы органы ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексереді, оригинатор нақты өндірген бірегей тұқымдардың және жеміс дақылдары көшеттерінің көлемдері жөніндегі тізілімді бекітеді, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің нақты өндірілген бірегей тұқымдарының және жеміс дақылдары көшеттерінің көлемдері жөнінде жиынтық тізілім жасайды және тиісті жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде белгіленген субсидия нормативтерінің негізінде оригинаторларға төленуі тиіс қаражаттың көлемін айқындайды.
Төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес тиесілі сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшін облыстың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органына осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдары мен жеміс дақылдарының көшеттері үшін субсидиялар төлеуге арналған ведомості және ақы төлеу шоттарын береді;
3) оригинатор нақты өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының және жеміс дақылдары көшеттерінің көлемдері жөніндегі тізілімнің, облыс бойынша нақты өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының және жеміс дақылдары көшеттерінің көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің, республика бойынша нақты өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының және жеміс дақылдары көшеттерінің көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын және жеміс дақылдарының көшеттерін кіріске алу актілерінің, тексерілген тұқымдардың саны мен сапасы туралы белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана анықтамасының нысандарын Ауылшармині белгілейді.
12. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін салуға және аласа діңді телітушілердің салынған аналығының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге кеткен шығындарды толық өтеу үшін:
1) оригинаторлар облыстың жергілікті атқарушы органына отырғызу материалын, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдарын, суармалы суды жеткізуге қызметтерді сатып алуға арналған шарттардың, сондай-ақ жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін салу және жеміс дақылдарының аласа діңді телітушілерінің салынған аналығының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі шығындарды растайтын құжаттардың бір данасын береді;
2) облыстың жергілікті атқарушы органы он күн ішінде жасалған шарттардың және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін салу және жеміс дақылдарының аласа діңді телітушілерінің салынған аналығының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі шығындарды растайтын құжаттардың шынайылығын тексереді және төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес тиесілі сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органына субсидиялар төлеуге арналған ведомості және ақы төлеу шоттарын береді.
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін салу және жеміс дақылдарының аласа діңді телітушілер аналығын салудың аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөнінде келтірілген шығындар нәтижелері бойынша оригинатор келесі ай ішінде облыстың жергілікті атқарушы органына келтірілген шығындар бойынша төлем фактісін растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кіріске алу актілерінің көшірмелерін береді.
3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған
элиталық тұқымның құнын ішінара арзандатуға арналған
субсидияларды пайдалану тәртібi
13. Арзандатылған құн бойынша сатылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымына субсидиялар алу үшін:
1) элиттұқымшарлар ай сайын айдың 1-күніне ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) сатылған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпарат береді;
2) элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды сату фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша - тиісті жылғы 20 маусымға дейін, ал күздік дақылдар бойынша - тиісті жылғы 10 қарашаға дейін ауданның жергілікті атқарушы органына:
элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
элиталық тұқымдарды өндіруге арналған бастапқы материалдың шығу тегін растайтын құжаттарды (көбейту питомниктері, суперэлита және элита егістерін сынақтан өткізу актілері мен сынақтан өткізу туралы есепті, ал көбейту питомниктерінің тұқымы мен суперэлитаны сатып алған жағдайда - тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін);
тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын;
сатылған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тұқымды тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін;
сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиттұқымшар мен сатып алушының арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын ұсынады.
Элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады:
біріншісі - элиттұқымшар үшін, екіншісі - сатып алушы үшін, үшіншісі - ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі - облыстың жергілікті атқарушы органы үшін;
3) ауданның жергілікті атқарушы органы ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады және өзінің мөрімен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелері, элиталық тұқымның нақты сатылған көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің бір данасы және сатып алу-сату шартының бір данасы ауданның жергілікті атқарушы органында сақтауға қалдырылады;
4) ауданның жергілікті атқарушы органы мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша - тиісті жылғы 1 шілдеге дейін, ал күздік дақылдар бойынша - тиісті жылғы 20 қарашаға дейін облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқым көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімді;
сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
элиталық тұқымды мақсатты пайдалану туралы актіні;
тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын береді;
5) облыстың жергілікті атқарушы органы:
он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, облыс бойынша элиталық тұқымның нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;
облыс бойынша элиталық тұқымның нақты сатылған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері элиталық тұқымының көлемі мен белгіленген субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджеттік ақшаның көлемін анықтайды;
әрбір элиттұқымшарға белгіленген квоталар шегінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості жасайды.
Төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы тиесілі субсидияларды элиттұқымшарлардың есепшоттарына аударады. Ай сайын 25-күніне қарай, бірақ тиісті жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органы Ауылшарминіне тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеу үшін жиынтық ведомостердің көшірмелерін, көрсетілген бюджеттік кіші бағдарламаны іске асыру туралы есепті береді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органына облыстың жергілікті атқарушы органы мынадай құжаттарды:
осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості;
ақы төлеуге арналған шоттарды береді;
6) ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды сатып алу-сату шартының, элиталық тұқымдарды мақсатты пайдалану актісінің, элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымның көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Ауылшармині бекітеді.
4. 2000 жылғы 1 қаңтардан кейін аттестатталған элиталық тұқым
шаруашылықтарының 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
қалыптасқан және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
өтелмеген салықтық қарыздарын республикалық және жергіліктi
бюджеттерге өтеуге арналған субсидияларды пайдалану тәртібi
14. Республикалық және жергілікті бюджеттерге элиттұқымшарлардың кейінге шегерілген салықтық қарыздарын өтеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) облыстың жергілікті атқарушы органы осы Ереже жарияланғаннан кейін бір ай ішінде 2000 жылғы 1 қаңтардан кейін аттестатталған және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін өз мәртебесін жоғалтпаған элиттұқымшарлардың тізбесін бекітеді. Бекітілген элиттұқымшарлардың тізбесі облыстардың салық комитеттеріне ұсынылады;
2) элиттұқымшарлар және көрсетілген субъектілердің тіркелімдік есеп орны бойынша тиісті салық органдары он бес күн ішінде бюджеттер, салық түрлері және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар бөлінісінде кейінге шегерілген салықтық қарыздарды салыстырып тексеру актілерін жасайды. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті салық органдарының элиттұқымшарлармен жүргізген салыстырып тексеру актілерінің тізілімін бекітеді;
3) облыстардың салық комитеттері облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, бюджеттер, салық түрлері және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар бөлінісінде кейінге шегерілген салықтық қарыздардың сомасын көрсету арқылы осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жиынтық салыстырып тексеру актісін жасайды және оған қол қояды;
4) облыстардың салық комитеттері облыстың жергілікті атқарушы органына ақы төлеуге арналған шотты толтыру үшін элиттұқымшарлардың және көрсетілген субъектілердің тіркелімдік есеп орны бойынша тиісті салық органдарының қажетті деректемелерін береді;
5) облыстың жергілікті атқарушы органы жеті күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарына салыстырып тексеру актісінің және элиттұқымшарлардың кейінге шегерілген салықтық қарыздарын өтеуге арналған төлем шоттарының бір данасын береді.
Облыстың жергілікті атқарушы органы ай сайын 25-күніне қарай, бірақ тиісті жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей Ауылшарминіне көрсетілген бюджеттік кіші бағдарламаны іске асыру туралы есепті ұсынады.
5. Мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған
шығындарды өтеуге арналған субсидияларды пайдалану тәртібi
15. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызмет бірлігіне бөлінген субсидиялар көлемі мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызмет бірлігі құнының 100%-ына дейінгі мөлшерде, бюджеттік бағдарлама паспортында айқындалған көлемде белгіленеді. Бөлінетін субсидиялар пайызы тиісті жылдағы мақтаның жалпы жиынына байланысты белгіленеді.
16. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде Ауылшармині айқындаған, сапаның халықаралық стандарттарына (практикасына) сәйкес Қазақстанда өндірілетін мақта талшығының сапасын бағалау жөніндегі қызметтерді көрсету үшін тәжірибесі және қажетті біліктілігі бар халықаралық компания мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді беруші болып табылады.
17. Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мақтаның иелері - отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар болып табылады.
18. Ауылшармині қызметтерді берушіні айқындау қорытындылары бойынша қызметтерді беруші, қызметтерді сатып алушы және облыстың жергілікті атқарушы органы арасында Ауылшармині бекіткен үлгі нысан бойынша мақта талшығының сапасын бағалау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы үш жақты шарт жасалады.
19. Қызметтерді беруші қызметтерді сатып алушыға қызметтерді берушіні айқындау жөніндегі конкурс процесінде Ауылшармині айқындаған баға бойынша қызмет көрсетеді.
20. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі нақты көрсетілген қызметтер бойынша қызметтерді беруші Ауылшармині бекіткен нысан бойынша мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісін жасайды.
21. Қызметтерді беруші субсидия алу үшін ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 15-күніне облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды ұсынады:
мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі көрсетілген қызметтердің жиынтық актісін;
мақта талшығының сапасын растайтын құжаттардың көшірмелерін.
22. Облыстың жергілікті атқарушы органы субсидияны алу үшін қызметтерді беруші ұсынған құжаттарды он күн мерзімде тексереді және бекітілген төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидияларды белгіленген тәртіппен қызметтерді берушінің шотына аударады.
23. Облыстың жергілікті атқарушы органы үш күн мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органына қызметтерді берушіге субсидиялар төлеу үшін Ауылшармині бекіткен нысан бойынша ведомості және ақы төлеу шотын береді.
24. Облыстың жергілікті атқарушы органы ай сайын 25-күніне, бірақ тиісті жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей, Ауылшарминіне бюджеттік кіші бағдарламаны іске асыру туралы есепті ұсынады.
6. Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға бөлінген қаражатты
пайдалануды мемлекеттік бақылау
25. Ауылшарминінің тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
26. Субсидияларды пайдаланудың негізділігін растайтын құжаттардың шынайылығы үшін облыстың жергілікті атқарушы органы жауаптылықта болады.
27. Ауылшармині және облыстың жергілікті атқарушы органы бюджет қаражатының мақсатта және тиімді пайдаланылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 наурыздағы
№ 214 қаулысымен
бекітілген