«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 және
2006 жылғы 30 наурыздағы № 214 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қарашадағы № 1055 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 93-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 2-жолында 5-бағанда «ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мақта талшығын сараптауға 846,7-1270,0 мың көлемдегі сынама шығынын өтеу» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамының негізінде отандық сертификаттау орталығын құруға арналған шығындарды субсидиялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақтың Тікелей нәтижелерінде «республикадағы өндірілген көлемі 846,7-1270,0 мың сынамасын халықаралық стандарт бойынша әрбір мақта талшығы бумасының сапасына сараптау жүргізуді қамтамасыз ету.« деген сөздер «халықаралық стандарттарға сай келетін және республикада өндірілетін көлемі 682,0 мың сынамаға дейін әрбір мақта бумасының сапасына объективті түрде сараптама жасауды қамтамасыз ететін отандық сертификаттау орталығын құру.« деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 214 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., № 11, 102-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесінде:
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Азық-түлік корпорациясы» АҚ) негізінде отандық сертификаттау орталығын құруға арналған шығындарды субсидиялауға арналады.«;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Ереженің 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген субсидиялар осы Ереженің 5-тарауына сәйкес төленеді.«;
5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның негізінде мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі отандық сертификаттау орталығын құру үшін субсидия алу тәртібi
15. Мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі отандық сертификаттау орталығын құруға субсидия алу үшін:
1) субсидия сомасының елу пайызы мөлшерінде аванс алу үшін «Азық-түлік корпорациясы» АҚ ғимараттарды, жабдықтарды, техниканы және қызметтерді (мақтаны тестілеуге арналған стандартталған құралды (SITC), температуралық, ылғалдылық және жарық түсіру режимін құруға арналған жүйені монтаждау мен жөндеу және басқа да қызметтер) сатып алуға арналған шарттардың және шот-фактуралардың көшірмелерін бір данадан облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
2) ғимараттарды, жабдықтарды, техниканы және қызметтерді (мақтаны тестілеуге арналған стандартталған құралды (SIТС), температуралық, ылғалдылық және жарық түсіру режимін құруға арналған жүйені монтаждау мен жөндеу және басқа да қызметтер) сатып алуға арналған субсидияның қалған сомасын алу үшін «Азық-түлік корпорациясы» АҚ төлем құжаттарының және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу актілерінің көшірмелерін жергілікті атқарушы органға ұсынады;
3) облыстың жергілікті атқарушы органы бес күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжаттарды (шарттар мен шот-фактуралардың, төлем құжаттары мен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу актілерінің көшірмелерін) тексереді және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның ағымдағы банктік шотына субсидияны аудару үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органына ақы төлеу шотын ұсынады.
16. Ай сайын 25-күнге қарай, бірақ тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органы Ауылшарминіне бюджеттік кіші бағдарламаны іске асыру туралы есеп береді.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |