«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қазандағы № 470г Қаулысы
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 378-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында реттік нөмірі 7-жолдың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Халыққа қызмет көрсету орталығы үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Рұқсат беру құжаттарын есепке алу (лицензиялау) саласында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттық жүйесін құру:
1) ақпараттық жүйелерді құру;
2) техникалық жабдық сатып алу;
3) бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу.";
"Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақта:
Тікелей нәтижеде:
үшінші абзац пен 6-тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"Халыққа қызмет көрсету орталығы үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.
Рұқсат беру құжаттарын есепке алу (лицензиялау) саласында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттық жүйесін құру:
1) ақпараттық жүйелерді құру;
2) техникалық жабдық сатып алу;
3) бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу.";
Соңғы нәтижеде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) Халыққа қызмет көрсету орталығы үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
6) "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсетуінің тиімділігін 80%-ға дейін арттыру.";
Сапасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. "Government to Consumer" қызметтерін көрсетудің кешенді, жүйесін құру. Азаматтарды "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың қызметтерімен 100 % қанағаттандыру".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |