3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: радиожиілік спектрі мониторингі жүйесі қызметінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: радиобақылау және радиоөлшегіш жабдықтарын, арнайыкөлік, сондай-ақ радиобақылау пунктілерін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Радио- жиілік өрісінің және радио- элект- рондық құрал- дардың мони- торинг жүйесін техни- калық сүйе- мелдеу | Радиожиілік спектрi мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін техникалық қамтамасыз етуін жүргізу: 18 тұрақты радиобақылау пунктілерінің (бұдан әрі - ТРБП) жайларын қорғау; ТРБП үшін жайларды жалға алу; арнайыкөліктер үшін бокстарды жалға алу; азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; коммуналды қызметтердi төлеу; электрлік энергияны төлеу; жылуды төлеу; ЖМЗ, өзге шығын заттарын сатып алу; байланыс қызметтері; штаттан тыс қызметкерлерге төлеу; өлшеу құралдарын тексеруден өткізумен байланысты іссапарлық шығындарды төлеу; өлшеу құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету - 30 бірлік; радиожиілік спектрi мен радиоэлектрондық құралдардың мониторин- гі жүйесін қоғаммен инженерлік-техникалық қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы" акционерлік қоғамымен 18 тұрақты радиобақылау пунктілерін (ТРБП) техникалық қамтамасыз ету; өлшеу құралдарын тексеруден өткізу және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесі қызметінің нақтылы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 18 ТРБП қамтамасыз ету үшін кететін орташа шығын - 36 274 мың теңге, өлшеу құралдарын тексеруден өткізуге - 2 000 мың теңге, жылына мониторинглеу жүйесін инженерлік-техникалық қамтамасыз етуге - 130010 мың теңге.
Уақыттылығы: жасасқан шарттарға сәйкес.
Сапасы: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесінің қызметін пайдаланушылардың жұмыс сапалығымен қанағаттандырылуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
373-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің
жұмыс істеуін қамтамасыз ету"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 269459 мың теңге (екі жүз алпыс тоғыз миллион төрт жүз елу тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5, 7-баптары; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы» 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында "электрондық үкіметті" қалыптастырудың шеңберінде ведомстволық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында біріктірілетін мемлекеттік ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу және техникалық жүйесіне бағдарламалық-аппараттық құралдармен қызмет көрсетуді жүзеге асыру, мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қалыптастыруды, дамытуды және сүйемелдеуді ұйымдастыру-техникалық қолдауды жүзеге асыру, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың өзара іс-қимылының жүйесін және бірыңғай коммуникациялық ортаны құру және техникалық қолдау, мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізуді техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Ведомст- воаралық ақпа- раттық жүйе- лердің жұмыс істеуін қамта- масыз ету | 1. Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (басқару) сүйемелдеу. 2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу. 3. Жүйелерді, сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын сүйемелдеу. 4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу. 5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу: 1) қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін орталық байланыста сүйемелдеу; 2) АЖАЖ тіркеу пунктерінің қолданбалы бағдарламалық қамтама- сыз етуін сүйемелдеу. 6. Қазақстан Республикасы Үкіметi мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу. 7. Интернет-ресурстар- дың мониторингі. 8. Телекоммуникациялық қызметтер. 9. Жабдықтарға, жүйелер мен желілерге жүйелік-техникалық қызмет көрсету: 1) жабдықтарды, операциялық жүйелердi және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету; 2) мемлекеттік органдардың электрон- дық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің байланыс орталығы (ЭҚАБЖ-О); 3) мемлекеттік органдардың электрон- дық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің ведомстволық байланысы (ЭҚАБЖ-В); 4) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының (МДҚ) байланыс орталығы; 5) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының (МДҚ) байланыс орталығы; 6) мемлекеттік орган- дардың веб-порталы (е-үкімет); 7) Қазақстан Респуб- ликасы Үкіметінің веб-сайты; 8) ақпараттық ресурс- тар мен ақпараттық жүйелердің Мемлекеттік тіркелімі; 9) сараптау жүйесі; 10) "Мекен жай тіркелімі" мемлекеттік деректер қорының байланыс орталығы; 11) бағдарламалық кодтар депозитарийi және нормативтік техникалық құжаттар. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
63 мемлекеттік органдарда іс-жүргізудің үзіліссіз жұмысын қолдау мақсатында мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (басқару) сүйемелдеу.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу.
Тіркелген өнімдердің жалпы саны:
1) ДҚ, БӨ, Веб-сайттары, деректерді беру желісі - 550 бірлік;
2) ақпараттық есептеу құралдары (АЕҚ) - 78000 бірлік.
3. Жүйелердің сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын.
Тестіленген құжаттардың жалпы саны (бірлік) - 18 бірлік.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Бағдарламалық өнімді сертификаттау, мемлекеттік тіркелімнің жұмысына нормативтік құжат.
Документтер мен кодтар - 127 бірлік.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу.
АЖАЖ-ның 35 бөлімдерінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу (мемлекеттік органдардың саны):
1) мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Веб-сайтын сүйемелдеу;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Веб-сайтын дамыту;
3) 4 мемлекеттік органдарда сайттарды құру мен дамыту.
7. Интернет-ресурстардың мониторингі:
1) Қазақстандағы Интернетті пайдаланушылар аудиториясының саны мен құрылымын зерделеу;
2) Қазақстанда Интернет қызметтеріне сұраныстар мен пайдаланушылар аудиториясының санының динамикасын болжамдау.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелерді және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Жабдықтардың үзіліссіз жұмысы мен базалық бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтеріне 128 серверлер болжануда.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны):
1) интернетке бөлінген арналарды қосу - 4;
2) бөлінген арналарға қосу - 3;
3) VPDN қызметіне қосу - 434.
Соңғы нәтиже:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
Тіркеу құжаттарына уақытында және жедел қол жетімділікті 67% қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу.
ДҚ, БӨ, Веб-сайты, деректерді беру желісі және ақпараттық есептеу құралдарын (АЕҚ) сүйемелдеу мен өзектілеу мемлекеттік органдардың жалпы санынан 84% жүргізіледі.
3. Жүйелерді, сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын. Мемлекеттік тіркелімдегі (барлығы - 180 бірлік) жалпы санынан ақпараттық жүйені сынау проценті - 10.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Мемлекеттік ұйымдардың 40-тан 80% құрайды.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу:
16,3 % мемлекеттік органдарды, ведомстволарды Қазақстан Республикасында тұратын және уақытша тұратын халықтар туралы өзектіленген және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу.
Мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Веб-сайтын сүйемелдеу. Мемлекеттік органдардың заңнамалық сипаттағы ақпараттық хабарламалары мен құжаттарына қол жеткізу мүмкіндігі - 4%.
7. Интернет - ресурстардың мониторингі.
Интернет - ресурстарының жүргізілген іс-шараларының мониторингінің деректерін пайдаланудың өсуін ескере отырып (жылына 2 рет) осы іс-шараның құны жарты жылда 1025 млн. теңгені құрайды. Іс-шараның бір жылғы құны 2050 млн. теңге.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелерді және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Операциялық жүйелерді және деректер қорының жұмыс істеуі үшін жағдайларды сақтау жабдықтардың жұмыс істей алмау қаупін төмендету 90%.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны).
Уақытты үнемдеу, шығынды төмендету.
Уақтылығы: бекітілген графиктерге сәйкес іс-шаралар белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын болады.
Сапасы:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің сапалы және қол жетімді бағдарламалық қамтамасыз етуіне мемлекеттік органдарды 90% қанағаттандырады.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу:
1) ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелері туралы ақпаратты 100 % жүйелеу (АР мен АЖ)
2) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді бірегейлендіруді ұйымдастыру үшін АР мен АЖ әзірлеушілеріне 100% ақпаратты ұсыну.
3. Жүйелерді, сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын.
Бағдарламалық құралдар мен деректер қорының сапасын 100% бағалау.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық-телекоммуникациялық құжаттары мен кодтарының депозитарийін 100% сақтау.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу:
1) Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгінген кездегі уақытын қысқарту және халыққа көрсетілетін ақпараттық қызметті 100% жақсарту;
2) Мемлекеттік органдарды және халықтың арнайы категориядағы есебімен айналысатындарды Қазақстан Республикасына уақытша келгендерді және тұратын халықтар туралы өзектіленген және шынайы ақпараттар туралы қамтамасыз ету.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу (мемлекеттік органдардың саны).
Әрбір мемлекеттік органды 100% ақпаратының ашықтығы мен қол жетімділігі.
7. Интернет-ресурстардың мониторингі.
Интернет саласын дамыту туралы талдау есебімен 100 % қанағаттандыру.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелерді және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Техникалық жабдықтар мен базалық бағдарламалық қамтамасыз етудің үздіксіз 100% жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны).
Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуіне қажетті телекоммуникациялық ресурстардағы қажеттілікті 100% қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
374-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Байланыс және хабар таратудың ғарыштық аппараттарын
басқаруды қамтамасыз ету»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 549451 мың теңге (бec жүз қырық тоғыз миллион төрт жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; «Байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутникті құру және ұшыру туралы кейбір мәселелер» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: байланыс және хабар тарату ұлттық спутник жүйесінің қызметін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қазақстандық спутниктің орбиталды позициясын басқа елдермен - Байланыстың халықаралық электркеңесінің мүшелерімен халықаралық координациялау жөніндегі жұмыстар жүргізу;
байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутниктің, жердегі ғарыштық инфрақұрылымының сақтандыруын қамтамасыз ету, ғарыштық инфрақұрылымын басқарудың жердегі кешенінің қызметін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаның іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Байланыс және хабар таратудың ғарыштық аппарат- тарын басқаруды қамта- масыз ету | Қазақстандық спутниктің орбиталды позициясын халықаралық координациялауды іске асыруға, байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутниктің, жердегі ғарыштық инфрақұры- лымының сақтандыруын қамтамасыз ету және "Метеостанция-2", спутниктік байланыстың 2 арнасын жалдауға мүліктік кешенін ұстау үшін "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімді- лігі республикалық орталығы" АҚ-ға әртүрлі ағымдық трансферттер аудару. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) жиілік-орбиталды жоспарларды таңдау, негіздеу және талдау, KAZSAT жүйесінің жиілілік иеленуді халықаралық координациялау;
Тапсырушының Байланыс әкімшілігіне және тікелей Тапсырушыға тапсыру үшін жоспарлы және жоспардан тыс жиілік белдеулерінің халықаралық тапсырыс құжаттарының жобаларын дайындау, өңдеу және әзірлеу, Зерттеу комиссияларда сәйкес жиілік белдеулерді регламентациялаудың проблемаларын шешу кезінде ұсыныстарды өңдеу және негіздеу; координацияға ақпараттық-талдау қамтамасыз етуді жүргізу; жүйенің жиілік иеленуді халықаралық координациялау және тіркеу жөнінде есеп берулерді жүйелі түрде дайындау және тапсыру; арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу (модификация);
2) Байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутникті, жердегі ғарыштық инфрақұрылымын сақтандыру;
3) "Метеостанция-2" мүліктік кешенін ағымдық ұстау.
4) спутниктік байланыстың 2 арнасын жалдау.
Соңғы нәтиже: байланыс және хабар таратудың ұлттық спутниктік жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жүргізу.
Уақтылығы: бекітілген қаржыландыру жоспарымен сәйкес.
Сапасы: қазақстандық спутниктің меншік орбиталды позициясын халықаралық құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;
сақтандыру жағдайы келген кезде қорғауды қамтамасыз ету, "Метеостанция-2" мүліктік кешенінің тиесілі қызмет етуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
375-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Почта-жинақтау жүйесін дамыту"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1800000 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дамыту бағдарламасын бекіту туралы" 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа және экономиканың нақты секторына жоғары сапалы деңгейде почта және қаржылық қызметтердің кең спектріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге қабілетті, тиімді почта-жинақтау жүйесін қалыптастыру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық және қалалық жерде 80 өндірістік объектілер көлемінде филиалдық почта-жинақтау жүйесін капиталдық және техникалық жарақтандыру; ауылдық жерде 145 ауылдық байланыс бөлімшелерін салу және техникалық нығайту арқылы меншіктік филиалдық жүйе құру; ауылдық жерде почта байланыс бөлімшелерінің операциялық залдарын 167 комплект көлемінде өндірістік жиһаздармен жабдықтау, 4 почта вагондарын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесін жетілдіру, Астана қаласында есептеу орталығын құру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Почта- жинақтау жүйесін дамыту | Ауылдық, қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшін «Қазпочта» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту және магистральдық тасымалдау жүйесін жетілдіру әрі почта-жинақтау қызметтерін дамыту. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 44 аудандық тораптар және 36 қалалық почта байланысы бөлімшелер ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу; 145 ауылдық почта байланысы бөлімшелерінің құрылысын салу почта салу, сондай-ақ почта вагондары паркін жаңарту, Астана қаласындағы есептеу орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі техникалық нығайту талаптарына сәйкестікке келтіру; ауылдық почта байланысы бөлімшелерін 167 комплект көлемінде өндірістік жиһаздармен жабдықтау.
Соңғы нәтиже: 225 жаңадан жарақтандырылған почта байланысы бөлімшелерінде компьютерлік және банктік жабдықтардың бірыңғай инфо-коммуникациялық кеңістікте технологиялық қызметтерге нақты уақыт режимінде пайдаланушылардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін базалық алғы шарттарды құру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейту почта-жинақтау жүйесінің жалпы табысын 7-10 % өсіруге, және сәйкесінше Қоғам жұмыскерлерінің еңбек ақысының 9-11% өсуіне, бюджеттің салықтық түсімдерін 5-7% өсуіне ықпал етеді.
Уақтылығы: жасалған келісім-шарттар мен құрылыс кестелеріне сәйкес. Сапасы: нақты уақыт режимінде қаржылық қызметтер көрсету, пайдаланушылардың Интернетке бағытталған қызметтерге қолжетуі, жаңадан жарақтандырылған почта-жинақтау жүйесінің 225 бөлімшелерінде көрсетілетін қызметтердің спектрін 12%-ға кеңейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
376-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс
қызметтерін ұсыну жөніндегі залалдарына өтемақы»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 3268183 мың теңге (үш миллиард екі жүз алпыс сегіз миллион бір жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы; "Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне және ақпараттық ресурстарға халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық елді мекендерде қызмет көрсететін байланыс операторларының шығынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның ішінде ауылдық елді мекендерді 2006 жылы телефондандыру бойынша.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Ауылдағы байланыс оператор- ларының әмбебап байланыс қызмет- терін ұсыну жөніндегi залал- дарына өтемақы | Субсидиялау ережесіне сәйкес ауыл халқына телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін ұсыну бойынша ауылдық байланыс операторларының залалдарына өтемақы. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуші ауылдық байланыс операторлары шығындарының өтемақысы 3268183 мың теңге көлемінде.
Соңғы нәтиже: жалпы саны 7660 ауылдық елді мекендерден 5257 телефондандырылған ауылдық елді мекендерде (саны 50 адам және одан жоғары) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне халықтың үздіксіз қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: ауылдық 1 абонентке шаққанда шығатын шығын есебінен төленген субсидияның көлемі жылына 6948 теңге.
Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес уақытылы субсидияларды төлеу. Сапасы: телекоммуникацияның әмбебап қызмет көрсету сапасымен ауылдық абоненттердің қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
377-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының