Мұнай өндірудің және оның айналымының біртұтас дерекқорын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 1009 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 1183 қаулысымен күші жойылды
«Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Мұнай өндірудің және оның айналымының біртұтас дерекқорын жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 20 қазаңдағы
№ 1009 қаулысымен
бекітілген
Мұнай өндірудің және оның айналымының біртұтас
дерекқорын жүргізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Мұнай өндірудің және оның айналымының біртұтас дерекқорын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес мұнай өндіру мен оның айналымын есепке алуды жүйелендіру мақсатында әзірленді және мердігерлер, көлік кәсіпорындары мен тұтынушылар ұсынатын тиісті ақпарат негізінде мұнай өндіру мен оның айналымының біртұтас дерекқорын жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) диспетчер - құзыретті органның қарамағындағы және біртұтас дерекқорды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін және мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін мемлекеттік орган;
3) мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ, сондай-ақ шикі мұнай, табиғи газ тазартылғаннан және жанғыш тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;
4) мердігер - құзыретті органмен мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
5) сатып алушы - халықтың, өнеркәсіп пен жылу энергиясын өндіретін кәсіпорындардың мұқтаждары үшін газ сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
6) жеткізуші - газ ресурстарына иелік ететін, ішкі және сыртқы нарықтарға газ жеткізуді қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;
7) тұтынушы - өнделген өнімдерді кейіннен сата отырып, мұнайды ішкі нарықта өңдеу үшін қабылдайтын мұнай өңдеу зауыттары;
8) бөгде ұйымдар - мұнайды өз шаруашылық мұқтаждарына пайдалану үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
9) көлік кәсіпорны - мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
2. Мұнай өндірудің және оның айналымының біртұтас дерекқорын
қалыптастыру мен жүйелендіру тәртібi
3. Мұнай өндірудің және оның айналымының біртұтас дерекқорын мердігерлер, көлік кәсіпорындары мен тұтынушылар қағаз және электронды нұсқаларда ұсынатын ақпараттың негізінде диспетчер қалыптастырады.
4. Мердігерлер диспетчерге тәулік сайын, есептіден кейінгі тәуліктің Астана уақытымен сағат 04-00-ге дейін осы Ережеге 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ақпарат береді.
5. Мердігерлер диспетчерге ай сайын, есептіден кейінгі айдың сегізінші күніне қарай осы Ережеге 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ақпарат береді.
6. Көлік кәсіпорындары диспетчерге тәулік сайын, есептіден кейінгі тәуліктің Астана уақытымен сағат 04-00-ге дейін осы Ережеге 5, 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ақпарат береді.
7. Көлік кәсіпорындары диспетчерге ай сайын, есептіден кейінгі айдың сегізінші күніне қарай осы Ережеге 7, 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ақпарат береді.
8. Тұтынушылар диспетчерге тәулік сайын, есептіден кейінгі тәуліктің Астана уақытымен сағат 04-00-гe дейін осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат береді.
9. Тұтынушылар диспетчерге ай сайын, есептіден кейінгі айдың бесінші күніне қарай осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат береді.
10. Диспетчер мұнай өндіру мен оның айналымы жөнінде ұсынылған ақпаратты талдайды.
11. Талдау қорытындылары бойынша диспетчер:
1) мердігерлер мен кен орындарын көрсетіп, облыстар бойынша бөле отырып, республика бойынша мұнай өндіру жөніндегі;
2) көлік түрін (магистральдық құбыржол, темір жол, теңіз, автомобиль) көрсетіп, облыстар бойынша бөле отырып, республика бойынша мұнай айналымы жөніндегі ұсынылған ақпаратты жүйелендіреді.
12. Диспетчер жүйелендірілген ақпаратты құзыретті органға:
1) тәулік сайын Астана уақытымен сағат 09.00-гe дейін;
2) ай сайын: алдын ала ақпаратты есептіден кейінгі айдың бірінші күніне қарай, түпкілікті ақпаратты есептіден кейінгі айдың оныншы күніне қарай;
3) жылдық: алдын ала ақпаратты есептіден кейінгі жылдың бірінші қаңтарына қарай, түпкілікті ақпаратты есептіден кейінгі жылдың қаңтар айының он төртінші күніне қарай ұсынады.
13. Құзыретті орган диспетчер ұсынған ақпаратқа талдау жүргізеді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай мерзімде жібереді:
1) жарты жылдық ақпаратты тиісті жылдың он бесінші шілдесіне қарай;
2) жылдық ақпаратты: есептіден кейінгі жылдың қаңтар айының он бесінші күніне қарай жібереді.
Мұнай өндірудің және оның айналымының
біртұтас дерекқорын жүргізу ережесіне
1-қосымша
Мұнай мен газ конденсатын өндіру жөніндегі тәулік
сайынғы ақпарат
___________________________________
(мердігердің атауы)
200 ___ жылғы «___» ____________________
Күні | Кен орнының атауы | Мұнай өндіру, т. | Тұтынушыларға, көлік кәсіпорындарына тапсырылған мұнайдың мөлшері, т. | Мұнай қалдығы, т. | Ұңғымалардың тоқтап тұруы | Шығындар, т. | Өз мұқтаждарына жұмсалған шығыстар, т. | Ескертпе |
барлығы | оның ішінде газ конденсаты |
тәуліктік | ай басынан бастап | тәуліктік | ай басынан бастап | тәуліктік | ай басынан бастап |
| | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | |
Жауапты орындаушы ___________________________ Т.А.Ә.
Мұнай өндірудің және оның айналымының
біртұтас дерекқорын жүргізу ережесіне
2-қосымша
Газ өндіру жөніндегі тәулік сайынғы ақпарат
___________________________________
(мердігердің атауы)
200 ___ жылғы «___» ____________________
Күні | Кен орнының атауы | Барлығы, мың текше м. | оның ішінде табиғи газ, мың текше м. |
айлық жоспар | тәуліктік | ай басынан бастап | тәуліктік | ай басынан бастап |
жоспар | факт | жоспар | факт | жоспар | факт | жоспар | факт |
| | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
Жауапты орындаушы ________________________ Т.А.Ә.
Мұнай өндірудің және оның айналымының
біртұтас дерекқорын жүргізу ережесіне
3-қосымша
Мұнай мен газ конденсатының қозғалысы жөніндегі
ай сайынғы ақпарат
___________________________________
(мердігердің атауы)
200 ___ жылғы «___» ____________________
Р/с | | бір ай ішінде | жыл басынан бері |
1. | Ай басындағы мұнай қалдығы, т. | | |
2. | Мұнай өндіру, т. барлығы | | |
3. | соның ішінде газ конденсаты, т. | | |
4. | Бөгде ресурстар (сатып алынған), т. | | |
5. | барлығы (1-жол + 2-жол + 4-жол), т. | | |
6. | Өз мұқтаждарына жұмсалған шығыстар, т. | | |
7. | Шығындар, т. | | |
8. | Көлік кәсіпорнына, тұтынушыға тапсырылған мұнай, т. | | |
9. | Жеткізілім, барлығы, т. (10-жол + 15-жол) | | |
10. | Ішкі нарық, барлығы, т. (11-жол + 12-жол + 13-жол + 14-жол) | | |
| соның ішінде: | | |
11. | т/ж, т. | | |
12. | магистральдық құбыржол, т. | | |
13. | автоцистерналар, т. | | |
14. | бөгде ұйымдарға сатылғаны, т. | | |
15. | Сыртқы нарық, барлығы, т. (16-жол + 17-жол + 18-жол) | | |
| соның ішінде: | | |
16. | т/ж, т. | | |
17. | магистральдық құбыржол, т. | | |
18. | теңіз порты, т. | | |
19. | Тасымалдау кезіндегі мұнай шығындары, т. | | |
20. | Роялти, т. | | |
21. | Ай соңындағы мұнай қалдығы, т. | | |
Жауапты орындаушы _____________________ Т.А.Ә.
Мұнай өндірудің және оның айналымының
біртұтас дерекқорын жүргізу ережесіне
4-қосымша
Газ қозғалысы жөніндегі ай сайынғы ақпарат
___________________________________
(мердігердің атауы)
«___» ________________ 200 ___ ж.
Р/с | | ай ішінде | жыл басынан бері |
жоспар | факт | жоспар | факт |
1. | Газ өндіру, барлығы, мың текше м. | | | | |
| соның ішінде: | | | | |
2. | табиғи газ, мың текше м. | | | | |
3. | ілеспе газ, мың текше м. | | | | |
4. | Бөгде ресурстар (сатып алынған), мың текше м. | | | | |
5. | барлығы ай басында (1-жол + 4-жол), мың текше м. | | | | |
6. | Өз мұқтаждарына жұмсалған шығыстар, барлығы мың текше м. | | | | |
7. | соның ішінде газды кері айдау, мың текше м. | | | | |
8. | Шығындар, мың текше м. | | | | |
9. | Жағылғаны, мың текше м. | | | | |
10. | Көлік кәсіпорнына тапсырылған газ, мың текше м. | | | | |
11. | Жеткізілім, барлығы, мың текше м. (13-жол + 15-жол) | | | | |
12. | Ішкі нарық, барлығы, мың текше м. | | | | |
13. | Сыртқы нарық, барлығы, мың текше м. | | | | |
Жауапты орындаушы ____________________ Т.А.Ә.
Мұнай өндірудің және оның айналымының
біртұтас дерекқорын жүргізу ережесіне
5-қосымша
Мұнай мен газ конденсатын тасымалдау туралы тәулік
сайынғы ақпарат
___________________________________
(көлік кәсіпорнының атауы)
200 ___ жылғы «___» ____________________
Тасымалдау түрі | Ішкі нарыққа тасымалданатын мұнайдың мөлшері, т | Сыртқы нарыққа тасымалданатын мұнайдың мөлшері, т. |
бағыты көрсетілген тұтынушы | тәуліктік | айлық жоспар | ай басынан бастап факт | бағыты | тәуліктік | айлық жоспар | ай басынан бастап факт |
жоспар | факт | жоспар | факт |
| | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Импортталатын мұнайдың мөлшері, т. | Ескертпе |
бағыты | тәуліктік | айлық жоспар | ай басынан бастап факт |
жоспар | нақты |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
Жауапты орындаушы _______________________ Т.А.Ә.
Мұнай өндірудің және оның айналымының
біртұтас дерекқорын жүргізу ережесіне
6-қосымша
Газ тасымалдау туралы тәулік сайынғы ақпарат
___________________________________
(көлік кәсіпорнының атауы)
200 ___ жылғы «___» ____________________
Тасымалдау түрі | Ішкі нарыққа тасымалданатын газдың мөлшері, мың текше м. | Сыртқы нарыққа тасымалданатын газдың мөлшері, мың текше м. |
бағыты көрсетілген сатып алушы | тәуліктік | ай басынан бастап факт | бағыты көрсетілген сатып алушы | тәуліктік | ай басынан бастап факт |
жоспар | нақты | жоспар | факт |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Импортталатын газдың мөлшері, мың текше м. | Ескертпе |
бағыты көрсетілген жеткізуші | тәуліктік | ай басынан бастап факт |
жоспар | нақты |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Жауапты орындаушы ______________________ Т.А.Ә.
Мұнай өндірудің және оның айналымының
біртұтас дерекқорын жүргізу ережесіне
7-қосымша
Мұнай мен газ конденсатын тасымалдау туралы ай сайынғы ақпарат
___________________________________
(көлік кәсіпорнының атауы)
200 ___ жылғы «___» ____________________
Мердігер | Тасымалдау түрі | Айдың басындағы мұнай қалдығы, т. | Мұнайды қабылдау, т. | Ішкі нарыққа тасымалданатын мұнайдың мөлшері, т. | Сыртқы нарыққа тасымалданатын мұнайдың мөлшері, т. |
бір ай ішінде | жыл басынан бері | бағыты көрсетілген тұтынушы | бір ай ішінде | жыл басынан бері | бағыты | бір ай ішінде | жыл басынан бері |
| | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Импортталатын мұнайдың мөлшері, т. | Тасымалдау кезіндегі шығындар, т. | Айдың соңындағы мұнай қалдығы, т. |
бағыты | бір ай ішінде | жыл басынан бері | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Жауапты орындаушы _______________________ Т.А.Ә.
Мұнай өндірудің және оның айналымының
біртұтас дерекқорын жүргізу ережесіне
8-қосымша
Газ тасымалдау туралы ай сайынғы ақпарат
___________________________________
(көлік кәсіпорнының атауы)
200 ___ жылғы «___» ____________________
Мердігер/ жеткізуші | Тасымалдау түрі | Газ қабылдау, мың текше м. | Сыртқы нарыққа тасымалданатын газдың мөлшері, мың текше м. |
бір ай ішінде | жыл басынан бері | түпкі сатып алушысы көрсетілген облыстар бойынша | бір ай ішінде | жыл басынан бері |
ж о с п а р | ф а к т | ж о с п а р | ф а к т | ж о с п а р | ф а к т | ж о с п а р | факт |
| | | | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Сыртқы нарыққа тасымалданатын газдың мөлшері, мың текше м. | Халықаралық транзит |
бағыты | бір ай ішінде | жыл басынан бері | шығарылған елі көрсетілген бағыты | бір ай ішінде | жыл басынан бері |
ж о с п а р | ф а к т | ж о с п а р | ф а к т | ж о с п а р | ф а к т | ж о с п а р | ф а к т |
| | | | | | | | | |
Жауапты орындаушы _________________ Т.А.Ә.
Мұнай өндірудің және оның айналымының
біртұтас дерекқорын жүргізу ережесіне
9-қосымша
Тұтынушының мұнай мен газ конденсатын қабылдау
жөніндегі тәулік сайынғы ақпарат
___________________________________
(тұтынушының атауы)
200 ___ жылғы «___» ____________________
Мұнайдың түсуі, барлығы, т. | Оның ішінде, т. | Айдың басындағы мұнайдың қалдығы, т. |
т/ж | а/көлік | магистральдық құбыржол |
бір тәулік ішінде | айдың басынан бері | бір тәулік ішінде | айдың басынан бері | бір тәулік ішінде | айдың басынан бері | бір тәулік ішінде | айдың басынан бері |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Қайта өңделген мұнайдың мөлшері, т. | Айдың соңындағы мұнайдың қалдығы, т. | Ескертпе |
бір тәулік ішінде | айдың басынан бері |
| | | |
| | | |
Жауапты орындаушы _________________________ Т.А.Ә.
Мұнай өндірудің және оның айналымының
біртұтас дерекқорын жүргізу ережесіне
10-қосымша
Тұтынушының мұнай мен газ конденсатын қабылдауы
жөніндегі ай сайынғы ақпарат
___________________________________
(тұтынушының атауы)
200 ___ жылғы «___» ____________________
Мердігер | Мұнайдың түсуі, барлығы, т | оның ішінде, т |
т/ж | а/көлік | магистральдық құбыржол |
бір ай ішінде | жыл басынан бері | бір ай ішінде | жыл басынан бері | бір ай ішінде | жыл басынан бері | бір ай ішінде | жыл басынан бері |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Айдың басындағы мұнайдың қалдығы, т. | Қайта өңделген мұнайдың мөлшері, т. | Айдың соңындағы мұнайдың қалдығы, т. | Ескертпе |
бір ай ішінде | жыл басынан бері |
| | | | |
| | | | |
Жауапты орындаушы ___________________ Т.А.Ә.