Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қазандағы № 1005 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., № 24, 248-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
20-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;
23-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
47-тармақтағы «Ереженің 46 және 47-тармақтарында көрсетілген» деген сөздер «Ереженің 45 және 46-тармақтарында көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
91-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
103-тармақта:
4) тармақша «(жиын пункттерінен)» деген сөздерден кейін «әскери бөлімдер мен арнайы құралымдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |