3. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін мынадай ақпарат құпия саналмайды:
а) 5 және 6-баптарды орындау барысында ұсынылған І және IV - қосымшаларда ескерілген ақпарат, тиісінше;
b) 13-баптың 4 тармағында ескерілген қауіпсіздікке қатысты деректер нысанындағы ақпарат;
с) химиялық заттардың жарамдылық мерзімі;
d) сақтандыру шаралары, оның ішінде қауіптілік деңгейі, тәуекелдік сипаты және қауіпсіздікке қатысты тиісті ұсынымдар туралы ақпарат; және
e) уытты және экоуытты тексерістер қорытындыларының резюмесі.
4. Химиялық заттардың шығарылған күні осы Конвенцияның мақсаттары үшін, әдетте, құпия ақпарат болып саналмайды.
5. Оның аумағы арқылы III-қосымшаға қосылған химиялық заттарды транзиттік тасымалдау туралы ақпаратты қажет ететін кез-келген Тарап тиісті үлгіде барлық Тараптарға ақпарат беретін хатшылыққа осы қажеттілік туралы хабардар етеді.
15-бап
Конвенцияны жүзеге асыру
1. Кез-келген Тарап осы Конвенцияны тиімді жүзеге асыру мақсатында оның ұлттық инфрақұрылымдары мен мекемелерін құру және күшейтуге арналған қажет болуы мүмкін шараларды қабылдайды. Бұл шаралар қажетіне қарай ұлттық заңнамаларды немесе әкімшіліктік сипаттағы іс-қимылдарды іске асыруды қабылдау немесе өзгерту қосады және қарастыруы мүмкін:
а) химиялық заттарға қатысты ақпараттың қауіпсіздігіне қатысты ұлттық тіркелімдер және деректер базаларын құруды;
b) химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында өнеркәсіп ұсынған бастамаларды көтермелеуді; және
с) 16-баптың ережелерін есепке ала отырып, ерікті келісімдерге әрекет етуді.
2. Әрбір Тарап жұртшылықтың химиялық заттармен жұмыс істеу және апат пайда болған жағдайда шаралар қолдану туралы және III-қосымшада санамаланған химиялық заттарға қарағанда адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға неғұрлым қауіптірек ұқсастықтар туралы ақпараттарға тиісінше қол жеткізуі үшін іс жүзінде қаншалықты мүмкін екендігін қамтамасыз етеді.
3. Тараптар кіші өңірлік, өңірлік және ғаламдық деңгейлерде осы Конвенцияны жүзеге асыру ісінде құзыретті халықаралық ұйымдар арқылы тікелей ынтымақтасуға немесе бұл орынды болатын жерде келіседі.
4. Осы Конвенция ережелерінің бірде-біреуі Тараптардың осы Конвенцияда қарастырылған адам денсаулығын қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған неғұрлым қатаң шараларды, осы шаралар осы Конвенцияның ережелеріне және халықаралық құқыққа сәйкес болған жағдайда қабылдау құқын шектеуші ретінде өзінше пайымдалмайды.
16-бап
Техникалық көмек
Тараптар, атап айтқанда, дамушы елдердің және өтпелі экономикасы бар елдердің қажеттіліктерін назарға ала отырып, осы Конвенцияны жүзеге асыру мүддесімен химиялық заттарды тиімді пайдалану саласындағы қажетті инфрақұрылымдар мен әлеуетті дамыту үшін техникалық көмекті кеңейтуге ынтымақтасады. Химиялық заттарды реттеудің неғұрлым жетілдірілген бағдарламалары бар Тараптар басқа Тараптарға кәсіби дайындықты қоса алғанда, олардың өмір бойғы химиялық заттарды тиімді пайдалану саласындағы инфрақұрылымдары мен әлеуетін дамыту ісінде техникалық көмек көрсетуі тиіс.
17-бап
Сақтамау
Тараптар Конференциясы мүмкіндігінше тезірек осы Конвенцияның ережелерін сақтамау фактісін анықтауға және осы ережелерді сақтамаушы ретінде танылған Тараптарға қатысты шараларды қолдануға арналған рәсімдер мен ұйымдастырылған тетіктерді әзірлейді және бекітеді.
18-бап
Тараптар Конференциясы
1. Осымен Тараптар Конференциясы бекітіледі.
2. Тараптар Конференциясының бірінші кеңесін бірлесе әрекет ететін ЮНЕП Атқарушы директоры мен ФАО Бас директоры осы Конвенция күшіне кіргеннен кейін бір жылдан кешіктірмей шақырады. Бұдан соң Тараптар Конференциясының кеңесі Конференцияда анықталған кезеңде шақырылады.
3. Тараптар Конференциясының кезектен тыс кеңестері Конференция мұны қажет деп санаған немесе кез-келген Тараптың жазбаша өтініші бойынша бұл өтінішті Тараптардың үштен бірі қолдаған кезінде шақырылады.
4. Тараптар Конференциясы өзінің бірінші кеңесінде өздерінің сияқты көмекші органдардың рәсімдер ережесіне және қаржы ережесіне, сондай-ақ хатшылық қызметін реттейтін қаржы ережелеріне пәтуамен келісім алады және қабылдайды.
5. Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның жүзеге асу барысын үнемі бақылайды және тиісті бағасын береді. Ол Конвенциямен жүктелген қызметтерді орындайды және осы мақсатта:
а) 6-тармақта қарастырылған Конвенцияны орындауға қажет деп тапқан төмендегі сондай көмекші органдарды бекітеді;
b) тиісті жағдайларда халықаралық ұйымдармен және үкімет аралық және үкіметтік емес органдармен ынтымақтасады; және
с) осы Конвенцияның мақсатқа жетуін қамтамасыз ету үшін қажет кез-келген қосымша шараларды қарайды және қабылдайды.
6. Тараптар Конференциясы өзінің бірінші кеңесінде Химиялық заттарды қарау жөніндегі комитет деп аталатын көмекші органды осы Конвенцияға сәйкес осы Комитетке жүктелетін қызметтерді орындау үшін ратификациялайды. Осыған байланысты:
а) Химиялық заттарды қарау жөніндегі комитеттің мүшелерін Тараптар Конференциясы бекітеді. Комитет химиялық заттарды реттеу саласындағы тағайындалған шектеулі санда үкіметтік сарапшылардан тұрады. Комитет мүшелері әділ географиялық орналасу негізінде есепке алына отырып, оның ішінде дамыған және дамушы елдер болып табылатын Тараптардың баланстағы өкілдіктерін қамтамасыз етуді қоса алғанда тағайындалады;
b) Тараптар Конференциясы Комитеттің жұмысын жүргізу, ұйымдастыру және қалыптастыру шеңбері туралы мәселені шешеді;
с) Комитет пәтуа негізінде өздерінің ұсынымдарын шығару үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Егер, пәтуаға қол жеткізудің барлық мүмкіндіктері жасалған болса, ал пәтуаға қол жеткізілмесе, осындай ұсыным соңғы шара ретінде дауыс беруге қатысып отырған мүшелердің үштен екі басым даусымен қабылданады.
7. Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның арнайы мекемелері мен Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігі, осы Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын кез-келген Тарап Тараптар Конференциясының отырыстарында бақылаушы ретінде қатыса алады. Хатшылыққа Тараптар Конференциясы отырысына бақылаушы ретінде қатысқысы келетіндіктерін хабарлаған, Конвенция іс-қимылына қатысты салада жұмыс тәжірибесі бар басқа ұлттық немесе халықаралық, үкіметтік немесе үкіметтік емес органдар немесе мекемелер, егер Тараптар отырысына қатысып отырғандардың кем дегенде үштен бірі бұған қарсы болмаса, оған қатысуға жіберілуі мүмкін. Бақылаушылардың жіберілуі мен қатысуы Тараптар Конференциясында қабылданған рәсімдер ережелерімен реттеледі.
19-бап
Хатшылық
1. Осымен хатшылық бекітіледі.
2. Хатшылыққа мынадай қызметтер жүктеледі:
а) Тараптар Конференциясының отырысын және оның көмекші органдарын ұйымдастыру және қойылатын талаптарға сәйкес оларға қызмет көрсету;
b) осы Конвенцияны жүзеге асыру ісіндегі өтініштері бойынша Тараптарға, бірінші кезекте дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелі экономикасы бар Тараптарға көмек көрсетуге әрекет етеді;
с) басқа тиісті халықаралық органдардың хатшылықтарын қажетті үйлестірумен қамтамасыз ету;
д) Тараптар Конференциясының жалпы басшылығымен оның қызметтерін тиімді орындау үшін талап етілуі мүмкін осындай әкімшіліктік немесе шарттық келісімдердің қорытындысы;
e) осы Конвенцияда қарастырылған хатшылық қызметтерді және Тараптар Конференциясы анықтауы мүмкін осындай басқа да қызметтерді орындау.
3. ЮНЕП Атқарушы директоры мен ФАО Бас директоры осы Конвенция шеңберіндегі хатшылық қызметтерді олардың арасында келісілетін және Тараптар Конференциясы бекітетін келісімдерді есепке ала отырып, бірлесе орындайды.
4. Тараптар Конференциясы, егер ол хатшылық тетігінің болжанған тиісті себеппен қызмет атқармайды деген тұжырымға келсе, Тараптардың дауыс беруіне қатысып отырғандардың төрттен үшінің басымдылығымен хатшылық қызметті бір немесе бірнеше басқа құзыретті халықаралық ұйымдардың орындауына шешім қабылдауы мүмкін.
20-бап
Дауларды реттеу
1. Тараптар осы Конвенцияны талқылауға немесе қолдануға қатысты олардың арасындағы дауларды келіссөздер жолымен немесе өзінің таңдауы бойынша кез-келген өзге бейбіт әдіспен реттейді.
2. Осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезінде немесе бұдан кейін кез-келген уақытта экономикалық ықпалдастықтың өңірлік ұйымы болып табылмайтын Тарап Депозитарийге Конвенцияны талқылауға немесе қолдануға қатысты кез-келген дауда осындай міндетті мойнына алған кез-келген Тарапқа қатысты дауды реттеудің мынадай құралдарының біреуін немесе екеуін де міндетті деп танитыны туралы жазбаша түрде өтініш бере алады:
а) Тараптар Конференциясы қабылдаған қосымшаға жататын рәсімдерге сәйкес іс жүзінде мүмкін болатын төрелік сотта қарау; және
b) Халықаралық сотқа дауды тапсыру.
3. Экономикалық ықпалдастықтың өңірлік ұйымы болып табылатын Тарап 2 а) тармағында ескерілген рәсімге сәйкес төрелік істі қарауға қатысты ұқсас сипаттағы өтініш бере алады.
4. 2-тармаққа сәйкес жазылған өтініш осы өтініштің шарттарына сәйкес оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе оның пікірі туралы жазбаша хабарлама Депозитарийге сақтауға берілгеннен кейін үш ай өткенге дейін күшінде қалады.
5. Өтініш, пікір туралы хабарлама немесе осындай жаңа өтініш мерзімінің аяқталуы, егер, дауласушы Тараптар өзгеше келіспесе, төрелік соттың немесе Халықаралық соттың қарауында жатқан істерге ешқандай кедергі болмайды.
6. Егер, дауласушы Тараптар 2-тармаққа сәйкес сол немесе кез-келген рәсімді қабылдамаса және, егер, бір Тараптың басқа Тарапқа олардың арасында дау туғаны туралы хабарлағаннан кейін он екі ай өткеннен соң Тараптар өздерінің дауларын реттей алмағанда, кез-келген дауласушы Тараптың өтініші бойынша бұл дау келісім комиссиясына беріледі. Келісім комиссиясы ұсынымдары бар баяндаманы ұсынады. Келісім комиссиясына қатысты қосымша рәсімдер Конференцияның екінші кеңесінен кешіктірмей Тараптар Конференциясы қабылдауға жататын қосымшаға қосылады.
21-бап
Конвенцияға өзгерістер
1. Тараптардың кез-келгені осы Конвенцияға өзгерістер ұсына алады.
2. Осы Конвенцияға өзгерістер Тараптар Конференциясының кеңесінде қабылданады. Хатшылық кез-келген ұсынылған өзгерістің мәтінін оны қабылдауға ұсынатын кеңесті өткізуге дейін алты айдан кешіктірмей Тараптарға жібереді. Сондай-ақ, хатшылық ақпарат үшін осы Конвенцияға қол қойған елдерге және Депозитарийге ұсынылған өзгерістердің мәтінін жібереді.
3. Тараптар пәтуа жолымен осы Конвенцияға кез-келген ұсынылған өзгерістерді қабылдауға қатысты келісімге қол жеткізуге барлық күшін салады. Егер, пәтуаға қол жеткізу үшін барлық құралдар қолданылып болса, онда соңғы шара ретінде дауыс беруге қатысып отырған Тараптардың төрттен үшінің басым даусымен өзгеріс қабылданады.
4. Депозитарий өзгерісті барлық Тараптарға ратификациялауға, қабылдауға немесе мақұлдауға жібереді.
5. Депозитарийге өзгерісті ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы жазбаша хабарлама жіберіледі. 3-тармаққа сәйкес қабылданған өзгеріс оны қабылдаған Тараптар үшін күшіне енеді, ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні Тараптардың кем дегенде төрттен үшіне жіберіледі. Одан әрі өзгеріс кез-келген басқа Тарап үшін осы Тараптың өзгерісті ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.
22-бап
Қосымшалар қабылдау және оларға
түзетулер енгізу
1. Осы Конвенцияға қосымшалар оның бөлінбейтін бөлігі болып табылады, егер, өзгесі тура қарастырылмаса, осы Конвенцияға сілтеме сол уақытта оның кез-келген қосымшаларына сілтеме бола алады.
2. Қосымшалар рәсімдік, ғылыми, техникалық немесе әкімшіліктік мәселелермен шектеледі.
3. Осы Конвенцияға толықтырушы қосымшаларды ұсынудың, қабылдаудың және күшіне енудің мынадай рәсімі қолданылады:
а) толықтырушы қосымшалар 21-баптың 1, 2 және 3-тармақтарында баяндалған рәсімге сәйкес ұсынылады және қабылданады;
b) толықтырушы қосымша қабылдай алмайтын кез-келген Тарап Депозитарийге бұл туралы Депозитарий осындай толықтырушы қосымша қабылданғаны туралы жазбаша нысанда хабарлаған күнінен бастап бір жылдың ішінде хабардар етеді. Депозитарий барлық Тараптарды олар алған кез-келген осындай хабарлама туралы кешіктірместен хабардар етеді. Кез-келген Тарап кез-келген уақытта бұрын жіберілген кез-келген толықтырушы қосымшаға қатысты қарсылығы туралы өтінішті төмендегі с) тармақшасын сақтай отырып, қосымша осы Тарап үшін күшіне енгеннен кейін қайтып ала алады; және
с) Депозитарий толықтырушы қосымша қабылдау туралы хабарлаған күнінен бастап бір жыл өткеннен соң осы қосымша жоғарыда b) тармақшасының ережелеріне сәйкес хабарлама ұсынбаған барлық Тараптар үшін күшіне енеді.
4. III қосымшадағы жағдайдан басқа осы Конвенция қосымшаларына түзетулер қабылдау және күшіне енгізу Конвенцияға толықтырушы қосымшалар ұсыну, қабылдау және күшіне енгізу үшін бекітілген ұқсас рәсіммен реттеледі.
5. III қосымшаға түзетулер ұсыну, қабылдау және күшіне енгізу мынадай рәсім қолданылады:
а) III қосымшаға түзетулер 5-9-баптарда және 21-баптың 2-тармақшасында баяндалған рәсімге сәйкес ұсынылады және қабылданады;
b) Тараптар Конференциясы пәтуа негізінде өз шешімдерін шығарады;
с) Депозитарий Тараптарға III қосымшаға түзетулер енгізуге қатысты шешім туралы кешіктірместен хабарлайды. Түзетулер барлық Тараптар үшін шешімде көрсетілген күнінен бастап күшіне енеді.
6. Егер, толықтырушы қосымша немесе қосымшаға өзгеріс осы Конвенцияға өзгерістер енгізумен байланысты болса, онда осындай толықтырушы қосымша немесе түзету осы Конвенцияға түзету күшіне енгеннен кейін ғана күшіне енеді.
23-бап
Дауыс беру
1. Төмендегі 2-тармақта қарастырылған жағдайдан басқа осы Конвенцияның әрбір Тарабы бірдей дауысқа ие болады.
2. Экономикалық ықпалдастықтың өңірлік ұйымы өз құзыретіне енген мәселелер бойынша осы Конвенцияның Тараптары болып табылатын мүше мемлекеттердің санына тең дауыстар санын ие бола отырып, өзінің дауыс беру құқығын жүзеге асырады. Осындай ұйым, егер, оған мүше мемлекеттер өзінің дауыс беру құқығын жүзеге асыратын және керісінше болса, өзінің дауыс беру құқығын жүзеге асырмайды.
3. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін «дауыс беруге қатысатын Тараптар» «дауыс беруге» немесе «қарсы дауыс беруге» қатысушыларды және дауыс берушілерді білдіреді.
24-бап
Қол қою
Осы Конвенция барлық мемлекеттер мен экономикалық ықпалдастықтың ұйымдары үшін 1998 жылғы 11 қыркүйекте Роттердамда және Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде 1998 жылғы 12 қыркүйек - 1999 жылғы 10 қыркүйек аралығында қол қою үшін ашық.
25-бап
Ратификациялау, қабылдау, мақұлдау
немесе қосылу
1. Осы Конвенция мемлекеттер мен экономикалық ықпалдастықтың өңірлік ұйымдарының ратификациялауына, қабылдауына немесе мақұлдауына жатады. Он мемлекеттер мен экономикалық ықпалдастықтың өңірлік ұйымдарының қосылуы үшін Конвенция қол қою үшін жабылғаннан кейінгі келесі күнінен бастап ашық. Ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға тапсырылады.
2. Осы Конвенцияның Тарабы болатын экономикалық ықпалдастықтың кез-келген өңірлік ұйымы оның мүше мемлекеттерінің бірде-бірі Тарап болып табылмайтын уақытта Конвенциядан туындайтын барлық міндеттемелермен байланысты болады. Осындай ұйымның бір немесе бірнеше мүше мемлекеттері Конвенция Тараптары болып табылған жағдайда, бұл ұйым және оның мүше мемлекеттері Конвенциядан туындайтын өз міндеттемелерін орындау жөніндегі тиісті міндеттері туралы мәселені шешеді. Осындай жағдайларда ұйым және мүше мемлекеттері осы Конвенциядан туындайтын құқықты бір уақытта жүзеге асыра алмайды.
3. Экономикалық ықпалдастықтың өңірлік ұйымы ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжаттарында осы Конвенциямен реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыретінің саласы туралы жазады. Сондай-ақ, кез-келген осындай ұйым өз кезегінде Тараптарға оның құзыреті саласының кез-келген тиісті өзгеруі туралы хабарлайтын Депозитарийді хабардар етеді.
26-бап
Күшіне енуэ
1. Осы Конвенция ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы елуінші құжат сақтауға тапсырылған күнінен кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.
2. Осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы елуінші құжат сақтауға тапсырылғаннан кейін ратификациялайтын, қабылдайтын немесе мақұлдайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет немесе экономикалық ықпалдастықтың өңірлік ұйымы үшін Конвенция осындай мемлекет немесе экономикалық ықпалдастықтың өңірлік ұйымы ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатын сақтауға тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.
3. 1 және 2-тармақтардың мақсаттары үшін экономикалық ықпалдастықтың өңірлік ұйымы сақтауға тапсырған кез-келген құжат осы ұйымның мүше мемлекеттері сақтауға тапсырған құжаттарға қосымша ретінде қаралмайды.
27-бап
Ескертпелер
Осы Конвенцияға ешқандай ескертпелерге жол берілмейді.
28-бап
Шығу
1. Тараптар үшін осы Конвенция күшіне енгізілген күнінен бастап үш жыл өту бойына кез-келген уақытта осы Тарап Депозитарийге жазбаша хабарлама жібере отырып, Конвенциядан шыға алады.
2. Кез-келген осындай шығу Депозитарий шығу туралы хабарлама алған күнінен бастап бір жыл өту бойына немесе шығу туралы хабарламада көрсетілуі мүмкін неғұрлым осындай кешірек мерзімде күшіне енгізіледі.
29-бап
Депозитарий
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның Депозитарийі болып табылады.
30-бап
Бірдей мәтіндер
Осы Конвенция мәтіндерінің ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде бірдей тең болатын түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУҒА төменде қол қойғандар осыған уәкілетті тиісті түрде осы Конвенцияға қол қойды.
Мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші жылы қыркүйек айының оныншы күні Роттердамда жасалды.
І қосымша
5-БАПҚА СӘЙКЕС ҰСЫНЫЛҒАН ХАБАРЛАМАЛАРДА БАР
АҚПАРАТҚА ҚАТЫСТЫ ТАЛАПТАР
Хабарламаға мынадай ақпарат енгізіледі:
1. Қасиетті, көрінуі және қолдану түрлерi
а) жалпы атауы;
b) халықаралық деңгейде (мысалы, Халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағының (ХТҚХО) танылған номенклатура шеңберіндегі, егер, осындай номенклатура бар болған жағдайда, атау;
с) сауда атаулары және құрамдар атаулары
д) Кодтық нөмірлер: Химия бойынша аналитикалық шолулар дайындау қызметінің (КАС) нөмірі, Кедендік кодтардың келісілген жүйесі және басқа нөмірлер;
е) химиялық зат жіктеуге қатысты талаптарға түскен жағдайларда, қауіптілік жіктеуі туралы ақпарат;
f) түр немесе пайдалану түрлері;
g) физикалық-химиялық, уыттылық және экоуыттылық қасиеттер.
2. Соңғы регламенттеуші қаулы
а) Соңғы регламенттеуші қаулыға қатысты ақпарат:
і) соңғы регламенттеуші қаулының резюмесі;
іі) регламенттік құжатқа сілтеме;
ііі) соңғы регламенттеуші қаулының күшіне енген күні;
iv) тәуекелдіктi/қауіптілікті бағалау негізінде қабылданған соңғы регламенттеуші қаулы болғаны туралы хабар; және оң жағдайда тиісті құжаттамаға сілтеме қосатын осындай баға туралы ақпарат;
v) тұтынушылар мен жұмыскерлер денсаулығын қоса алғанда, адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты соңғы регламенттеуші қаулыны қабылдау себептері;
vi) тұтынушылар мен жұмыскерлердің денсаулығын қоса алғанда адам денсаулығы немесе қоршаған орта үшін химиялық заттармен байланысты қауіптілікке және тәуекелдікке және соңғы регламенттеуші қаулыны қабылдаудың болжамды салдарларына шолу;
b) әрбір санат бойынша бөлгенде соңғы регламенттеуші қаулы қабылданатын санат немесе санаттар:
і) соңғы регламенттеуші қаулыға сәйкес тыйым салынған пайдалану түрі немесе түрлері;
ii) бұрынғысша рұқсат етілген пайдалану түрі немесе түрлер;
ііі) өндірілетін, импортталатын, экспортталатын және пайдаланылатын химиялық заттар көлемдерінің бағасы, егер, мұндай баға бар болса;
с) соңғы регламенттеуші қаулы басқа мемлекеттер мен өңірлер үшін өзекті болуын мүмкіндігінше көрсету;
d) мынадай элементтерді қосуы мүмкін кез-келген басқа тиісті ақпарат:
і) соңғы регламенттеуші қаулыны қабылдаумен байланысты әлеуметтік-экономикалық салдарларды бағалауды;
іі) ұқсастықтар және олармен байланысты тәуекелдіктер туралы ақпарат, егер, мұндай бар болса, мысалы:
- ауыл шаруашылық зиянкестерімен күрестің кешенді стратегиясы;
- экологиялық таза технологияны қоса алғанда, өндірістік әдістер және процестер.
II қосымша
ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН НЕМЕСЕ ҚАТАҢ ШЕКТЕЛГЕН ХИМИЯЛЫҚ
ЗАТТАРДЫ III ҚОСЫМШАҒА ҚОСУ КРИТЕРИЙI
Химиялық заттарды қарау жөніндегі комитет 5-баптың 5-тармағына сәйкес хатшылық жіберген хабарламаны қарау кезінде:
а) соңғы регламенттеуші қаулының адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында қабылданғанын растайды;
b) соңғы регламенттеуші қаулы тәуекелдікті бағалау қорытындысының негізінде қабылданғанын белгілейді. Бұл баға тиісті Тараптағы басым түсетін шарттардың контексіндегі ғылыми деректерді шолуға негізделуі тиіс. Осы мақсат үшін ұсынылған құжаттамадан айқындалуы тиіс:
і) деректердің ғылыми танылған әдістер көмегімен алынғаны;
іі) деректер шолуларының жалпы танылған ғылыми принциптерді және рәсімдерді сақтай отырып жүргізілгені және құжат түрінде ресімделгені;
iii) соңғы регламенттеуші қаулының қаулыны қабылдаушы Тараптағы басым түсетін шарттарды есепке ала отырып, тәуекелдіктерді бағалау қорытындысына негізделгенi
с) соңғы регламенттеуші қаулының химиялық заттарды III қосымшаға қосу үшін жеткілікті түрде кеңінен негізделгенін қамтамасыз ететіндігін мыналарды есепке ала отырып анықтайды:
і) соңғы регламенттеуші қаулының осы химиялық заттардың тұтыну көлемінің немесе оны қолдану түрлері санының елеулі қысқаруына алып келгенін немесе күтілетіндей алып келетінін;
іі) соңғы регламенттеуші қаулы хабарлама ұсынған Тараптағы адам денсаулығына немесе қоршаған орта үшін тәуекелдіктің іс жүзіндегі азаюына алып келгенін немесе күтілетіндей елеулі азаюына алып келетінін;
ііі) тек шектеулі географиялық аймақта немесе басқа да шектеулі жағдайларда қолданылған соңғы регламенттеуші қаулыны қабылдау үшін негіз болған пікір болғанын;
iv) халықаралық деңгейде осы химиялық заттармен жалғасқан сауда фактілерінің барлығын;
d) алдын ала болжанған дұрыс пайдаланбау химиялық заттарды III қосымшаға қосу үшін жеткілікті негіз болып табылмайтынын ескереді.
III қосымша
АЛДЫН АЛА КЕЛІСІМ РӘСІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ
ТҮСЕТІН ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАР
Химиялық зат | КАС тиісті нөмірі (лері) | Санаты |
2,4,5-Т | 93-76-5 | Пестицид |
Альдрин | 309-00-2 | Пестицид |
Каптафол | 2425-06-1 | Пестицид |
Хлордан | 57-74-9 | Пестицид |
Хлордимеформ | 6164-98-3 | Пестицид |
Хлорбензилат | 510-15-6 | Пестицид |
ДДТ | 50-29-3 | Пестицид |
Дильдрин | 60-57-1 | Пестицид |
Диносеб және диносебтың тұздары | 88-85-7 | Пестицид |
1,2-диброметан | 106-93-4 | Пестицид |
Фторацетамид | 640-19-7 | Пестицид |
НСН (аралас изомерлер) | 608-73-1 | Пестицид |
Гептахлор | 76-44-8 | Пестицид |
Гексахлорбензол | 118-74-1 | Пестицид |
Линдан | 58-89-9 | Пестицид |
Органикалық емес сынап бірігуімен қосымша, сынап бірігуі | | Пестицид |
Пентахлорфенол | 87-86-5 | Пестицид |
Монокротофос (600 г/л-дан асатын, белсенді ингредиенттері бар еритін сұйық құрамдар) | 6923-22-4 | Аса қауіпті пестицидтік құрам |
Метамидофос (600 г/л-дан асатын, белсенді ингредиенттері бар еритін сұйық құрамдар) | 10265-92-6 | Аса қауіпті пестицидтік құрам |
Фосфамидон (1000 г/л-дан асатын, белсенді ингредиенттері бар еритін сұйық кұрамдар) | 13171-21-6 | Аса қауіпті пестицидтік құрам |
Химиялық зат | КАС тиісті нөмірі (лері) | Санаты |
Метилпаратион (19,5-,40-,50-,60-проценттік белсенді құрамдас бөліктері бар және 1,5-,2- және 3-проценттік белсенді құрамдас бөліктері бар эмульгаторланған шоғырлар (ЭШ) | 298-00-0 | Аса қауіпті пестицидтік құрам |
Паратион Осы заттың барлық құрамы - капсулалардағы жүзгіндерден (КЖ) басқа, аэрозолдар, себілетін ұнтақтар (СҰ), эмульгаторланған шоғырлар (ЭШ), түйіршіктер (Т) және суланғыш ұнтақтар (СҰ) | 56-38-2 | Аса қауіпті пестицидтік құрам |
Кроцидолит | 12001-28-4 | Өндірістік химикат |
Полибромдалған дифенилдер (ПБД) | 36355-01-8 (гекса-) 27858-07-7 (окта-) 13654-09-6 (дека-) | Өндірістік химикат |
Полихлорланған дифенилдер (ПХД) | 1336-36-3 | Өндірістік химикат |
Полихлорланған терфинилдер (ПХТ) | 61788-33-8 | Өндірістік химикат |
Трис (2,3-дибромпропил) фосфат | 126-72-7 | Өндірістік химикат |
IV қосымша
АСА ҚАУІПТІ ПЕСТИЦИДТІК ҚҰРАМДАРДЫ III ҚОСЫМШАҒА
ҚОСУҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КРИТЕРИЙ
1-бөлім. Ұсынушы Тараптан талап етілетін құжаттама
6-баптың 1-тармағына сәйкес ұсынылған ұсыныстардың мынадай ақпарат бар тиісті құжаттамасы болады:
а) аса қауіпті пестицидтік құрамның атауы;
b) белсенді құрамдас бөліктер немесе құрамдағы құрамдас бөліктер атауы;
с) құрамдағы белсенді құрамдас бөліктердің салыстырмалы көлемі;