Халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала
негізделген келісім рәсімі туралы Роттердам конвенциясы
(Роттердам қ., 1998 ж. 10 қыркүйек)
ҚР 2007 жылғы 20 наурыздағы № 239-III Заңымен ратификацияланды
Осы Конвенцияның Тараптары
халықаралық саудадағы жеке қауіпті химиялық заттар және пестицидтердің денсаулыққа және қоршаған ортаға зиян әсер етуін сезіне отырып,
«уытты және қауіпті өнімдердің заңсыз халықаралық айналымының алдын алуды қоса алғанда, уытты химиялық заттарды пайдалануды экологиялық қауіпсіз басқаруға» қатысты қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының тиісті ережелері мен XXI ғасырға арналған Күн тәртібінің 19-тарауына сүйене отырып,
ЮНЕП халықаралық саудадағы, сондай-ақ ФАО пестицидтерін орналастыру және пайдалану саласындағы беталысының халықаралық кодексіндегі химиялық заттар туралы ақпараттар алмасудың өзгерген Лондондық басшылық принциптерінде қамтылғанын алдын ала негізделген келісімнің ерікті рәсімін қолдану жөніндегі Қоршаған орта жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бағдарламасы (ЮНЕП) мен Біріккен Ұлттардың Сауда және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) атқарған жұмыстарын ескере отырып,
дамушы елдердің және өтпелі экономикасы бар елдердің жағдайлары мен ерекше қажеттіліктерін, әсіресе Тараптар арасындағы ынтымақтастыққа технологияны беруді, қаржылай және техникалық көмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, химиялық заттарды тиімді пайдалану саласындағы ұлттық мүмкіндіктерді және әлеуетті күшейту қажеттілігін назарға ала отырып,
транзиттік тасымалдар туралы ақпаратқа кейбір елдердің ерекше қажеттіліктерін мәліметке ала отырып,
Беталыстың халықаралық кодексі мен ЮНЕП химиялық заттарымен халықаралық сауда саласындағы этика кодексінде баяндалған ерікті стандарттарды ескере отырып, барлық елдегі химиялық заттарды тиімді пайдалану тәжірибесін таратуға бірлесе әрекет етуді тани отырып,
олардың аумағынан экспортталатын қауіпті химиялық заттардың өзгерген Лондондық басшылық принциптері мен Беталыстың халықаралық кодексінің принциптеріне сәйкес келетін адам денсаулығы мен қоршаған ортаны сенімді қорғауды қамтамасыз ететін әдіспен оралуын және таңбалауды қамтамасыз еткісі келе отырып,
осы Конвенцияның бірде-бір ережесінің халықаралық саудадағы немесе қоршаған ортаны қорғаудағы химиялық заттарға қатысты қолданылатын кез-келген халықаралық келісім шеңберіндегі кез-келген Тараптың құқықтары мен міндеттерінің қандай да бір өзгерісін білдіруші ретінде түсінік бермейтіндігін атап өте отырып,
жоғарыда баяндалған белгілі бөлімнің осы Конвенция мен басқа халықаралық келісімдердің арасында иерархия белгілеуге бейімделмегенін сезіне отырып,
халықаралық саудадағы қауіпті химиялық заттар және пестицидтердің әлеуетті зиянды әсер етуінен адам денсаулығын, оның ішінде тұтынушылар мен жұмыскерлердің денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін нақты шешімнің орындалуымен
МЫНАЛАР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:
1-бап
Мақсат
Осы Конвенцияның мақсаты - олардың қасиеттері туралы ақпаратпен алмасуды жеңілдету жолымен оларды экологиялық негізделген пайдалануға әлеуетті зиянды әсер етуден және бірлесе әрекет етуден, олардың импорты мен экспортына қатысты шешімдерді қабылдау процесінің ұлттық деңгейінде жүзеге асыру туралы ережелерді бекітуден және Тараптар арасында осы шешімдерді таратудан адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау үшін халықаралық саудадағы жеке қауіпті химиялық заттарға Тараптардың ортақ жауапкершілігін және бірлескен күштерін қамтамасыз етуге әдістену.
2-бап
Анықтамалар
а) «химиялық заттар» өз бетімен немесе препараттың қоспасында немесе құрамында болатын және өндірістік әдіспен дайындалған немесе табиғи жолмен алынған, бірақ құрамында ешқандай тірі организмдер болмайтын заттарды білдіреді. Бұл термин мынадай санаттарды: пестицидтер (аса қауіпті пестицидтер құрамдарын қоса алғанда) мен өндірістік химикаттарды қамтиды;
b) «тыйым салынған химиялық заттар» химиялық затты білдіреді, бір немесе бірнеше санат шеңберінде адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында соңғы регламенттеуші қаулымен тыйым салынған қолданудың барлық түрі. Бұған бірінші рет пайдалануға рұқсат берілмеген немесе өндірістен не елдің ішіндегі саудадан не осы елде олардың сатылуына рұқсат құралын одан әрі қарау процесінен шыққан химиялық заттар енеді, сонымен бірге осындай шаралардың адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында қабылданғанына айқын куә болады;
с) «қатаң шектелген химиялық заттар» химиялық затты білдіреді, бір немесе бірнеше санат шеңберінде адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында соңғы регламенттеуші қаулымен тыйым салынған шын мәніндегі кез-келген пайдалану, бірақ қолданудың жеке де нақты түрлеріне қатысты рұқсат етіледі. Бұған бірінші рет пайдалануға рұқсат берілмеген немесе өндірістен не елдің ішіндегі саудадан не осы елде олардың сатылуына рұқсат құралын бұдан арғы қарау процесінен шығарылған химиялық заттар енеді, сонымен бірге, осындай шаралардың адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында қабылданғанына айқын куә болады;
d) «аса қауіпті пестицид құрамы» пайдалану жағдайында бір немесе бірнеше рет әсер етуден кейінгі уақыттың қысқа кезеңінің ішінде байқалған адам денсаулығына немесе қоршаған орта үшін елеулі салдар туғызатын пестицид ретінде пайдалану үшін алынған химиялық затты білдіреді;
e) «соңғы регламенттеуші қаулы» мақсаты химиялық заттарға тыйым салумен немесе қатаң шектеумен аяқталатын бұдан кейінгі регламенттеуші қаулыны талап етпейтін Тараптың шығарғанын білдіреді;
f) «экспорт» және «импорт» олардың тиісті мағынасының шеңберіндегі транзиттік операцияларды алып тастағанда, бір Тараптан басқа Тарапқа химиялық заттардың ауысуы;
g) «Тараптар» осы Конвенцияның міндеттерімен байланысты болатын немесе осы Конвенция күшіне енген мемлекетті немесе экономикалық ықпалдастықтың өңірлік ұйымын білдіреді;
h) «экономикалық ықпалдастықтың өңірлік ұйымы» қандай да бір өңірдің егемен мемлекеттерімен құрылған оның мүше мемлекеттеріне осы Конвенциямен реттелетін мәселелермен айналысу тапсырылған және осы Конвенцияға қол қою, ратификациялау, қабылдау және мақұлдау немесе оған қосылу өздерінің ішкі рәсімдерімен сәйкес тиісінше уәкілдік берілген ұйымды білдіреді.
і) «Химиялық заттарды қарау жөніндегі комитет» 18-баптың 6-тармағында айтылған көмекші органды білдіреді.
3-бап
Конвенцияның әрекет ету саласы
1. Осы Конвенция:
а) тыйым салынған немесе қатаң шектелген химиялық заттарға; және
b) аса қауіпті пестицидтер құрамына қатысты қолданылады.
2. Осы Конвенция:
а) есірткі құралдары мен психотроптық заттарға;
b) радиоактивті материалдарға;
с) қалдықтарға;
d) химиялық қаруларға;
e) адамдарға арналған дәрілер мен мал дәрілері құралдарын қоса алғанда, фармацевтік препараттарға;
f) тамақ қосымшалары ретінде пайдаланылатын химиялық заттарға;
g) саудаға;
h) импортталған жағдайда, адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға қолайсыз әсер ете қоймайтын көлемдегі химиялық заттарға,
і) зерттеулерге немесе талдау жүргізу мақсаты үшін; немесе
іі) пайдаланудың осындай түрі үшін шектеулі санмен жеке пайдалануға арналған жеке тұлғаларға қатысты қолданылмайды.
4-бап
Тағайындалған ұттық органдар
1. Әрбір Тарап осы Конвенциямен қарастырылған әкімшіліктік қызметтерді орындау барысында өзінің атынан қатысатын бір немесе бірнеше ұлттық органдарды тағайындайды.
2. Әрбір Тарап осындай органның немесе органдардың өз міндеттерін тиімді орындауы үшін жеткілікті ресурстарды игеруді қамтамасыз етуге ұмтылады.
3. Әрбір Тарап осы Конвенцияның ол үшін күшіне енген күнінен кешіктірмей хатшылыққа осындай органның немесе органдардың мекен-жайын хабардар етеді. Ол осындай органның немесе органдардың атауларына немесе мекен-жайларына қатысты кез-келген өзгерістер туралы хатшылыққа хабардар етеді.
4. Хатшылық Тараптарға 3-тармаққа сәйкес алынған хабарламалар туралы кешіктірместен ақпарат береді.
5-бап
Тыйым салынған немесе қатаң шектелген
химиялық заттарға қатысты рәсімдeр
1. Соңғы регламенттеуші қаулы қабылдаған әрбір Тарап хатшылыққа осындай қаулы туралы хабарламаны жазбаша түрде жібереді. Осындай хабарлама мүмкіндігінше тезірек жіберіледі және кез-келген жағдайда соңғы регламенттеуші қаулы күшіне енген күнінен кейін тоқсан күннен кешіктірмеу керек және егер бар болса, І-қосымшаға сәйкес талап етілетін ақпаратты қамтиды.
2. Өзгерген Лондондық басшылық принциптеріне немесе Беталыстың халықаралық кодексіне сәйкес осындай хабарламаларды қайта ұсынбауы тиіс соңғы регламенттеуші қаулылар туралы хабарламалар ұсынған барлық Тараптарды қоспағанда, әрбір Тарап осы Конвенция ол үшін күшіне енген күнінен бастап хатшылыққа осы уақыттағы қолданыстағы соңғы регламенттеуші қаулылар туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
3. Хатшылық 1 және 2-тармақтарға сәйкес хабарламаларды алғаннан кейін алты айдан кешіктірмей тезірек және кез-келген жағдайда хабарламада І-қосымшаға сәйкес талап етілетін ақпараттың бар болуын анықтайды. Егер, хабарламада қажетті ақпарат болса, хатшылық барлық Тараптарға кешіктірместен алынған ақпараттың резюмесін жібереді.
4. Хатшылық Тараптарға әрбір алты ай сайын І-қосымшаға сәйкес талап етілетін барлық ақпараттарды қоса алғанда, 1 және 2-тармақтарға сәйкес алынған ақпаратқа қысқаша шолуды жібереді.
5. Хатшылық тексеріске І-қосымшаның талаптарын қанағаттандыратын тексеріске сәйкес нақты химиялық заттарға қатысты алдын ала негізделген келісім рәсіміне қолданылатын әрбір екі өңірден кем дегенде бір хабарлама алғаннан кейін оларды Химиялық заттарды қарау жөніндегі комитетке жібереді.
6. Химиялық заттарды қарау жөніндегі комитет осындай хабарламалар шеңберінде ұсынылған және II-қосымшада баяндалған критерийлерге сәйкес ақпараттарға шолу жасайды және Тараптар Конференциясы қаралатын химиялық заттардың алдын ала негізделген келісімнің рәсіміне түсуі және тиісінше III-қосымшаға қосылуының тиістігі туралы ұсыным шығарады.
6-бап
Аса қауіпті пестицидтер құрамдарына
қатысты рәсімдер
1. Дамушы ел немесе өтпелі экономикасы бар ел және оның аумағында оны пайдалану шарттары кезінде қандай да бір аса қауіпті пестицидтер құрамынан пайда болатын проблемаларды бастан өткізіп отырған кез-келген Тарап хатшылыққа осы қауіпті құрамды III-қосымшаға қосуды ұсына алады. Тарап ұсынысты дайындау кезінде кез-келген тиісті деректерден техникалық сараптамалық деректерге сүйене алады. Бұл ұсыныста IV-қосымшаның 1-бөлігінде қарастырылған қажетті ақпарат болуы тиіс.
2. Хатшылық неғұрлым тезірек, бірақ 1-тармақта қарастырылған ұсынысты алғаннан кейін алты айдан кешіктірмей кез-келген жағдайда, ондағы IV-қосымшаның 1-бөлігіне сәйкес талап етілген ақпараттың бар болуын тексереді. Егер, ұсыныста талап етілген ақпарат бар болса, хатшылық барлық Тараптарға алынған ақпараттың резюмесін кешіктірместен жібереді. Егер, осындай ақпарат ұсыныста жоқ болса, ол ұсынып отырған Тарапқа бұл туралы ақпарат береді.
3. Хатшылық IV-қосымшаның 2-бөлігінде анықталған, 2-тармаққа сәйкес жіберілген ұсынысқа қатысты қосымша ақпаратты жинайды.
4. Нақты аса қауіпті пестицидтер құрамына қатысты жоғарыдағы талаптар 2 және 3-тармақтарда қарастырылғаннан кейін орындалған соң, хатшылық Химиялық заттарды қарастыру жөніндегі комитетке ұсыныс пен тиісті ақпаратты жібереді.
5. Химиялық заттарды қарастыру жөніндегі комитет ұсыныста бар ақпаратты және жиналған қосымша ақпаратты қарайды және IV-қосымшаның 3-бөлігінде анықталған критерийлерге сәйкес Тараптар Конференциясына алдын ала негізделген келісімдер шеңберінде және III-қосымшаға сәйкес осы аса қауіпті пестицидтер құрамын қосу қажеттілігіне қатыстығы туралы ұсыным шығарады.
7-бап
III-қосымшаға химиялық заттарды қосу
1. Химиялық заттарды қарастыру жөніндегі комитет III-қосымшаға қосу үшін ұсынуға қаулы шығарған әрбір химиялық заттарға қатысты шешім қабылдауға бірлесе әрекет етуге арналған құжаттың жобасын дайындайды. Шешім қабылдауға әрекет етуге арналған құжат І-қосымшада көрсетілген ақпаратқа немесе IV-қосымшадағы жағдайларға байланысты негізделуі және соңғы регламенттеуші қаулы қолданылатын санаттан өзге қандай да бір санаттағы химиялық заттарды пайдалану түрлері туралы ақпаратты қосуы тиіс.
2. 1-тармақта ескерілген ұсыным және шешім қабылдауға бірлесе әрекет етуге арналған құжаттың жобасы Тараптар Конференциясына жіберіледі. Тараптар Конференциясы осы химиялық заттардың алдын ала негізделген келісімдер рәсімінде қамтылуы тиістігіне және тиісінше III-қосымшаға қосылуына қатысты шешім шығарады және шешім қабылдауға бірлесе әрекет етуге арналған құжаттың жобасын бекітеді.
3. Тараптар Конференциясы химиялық заттарды III-қосымшаға қосу туралы шешім қабылдағанда және шешім қабылдауға бірлесе әрекет етуге арналған тиісті құжат бекіткенде, хатшылық барлық Тараптар арасында осы ақпаратты кешіктірместен таратады.
8-бап
Алдын ала негізделген келісімнің еріктi
рәсімінде қамтылған химиялық заттар
Тараптар Конференциясының бірінші кеңесін өткізуді бастауға дейін алдын ала негізделген келісімнің ерікті рәсімінде қамтылған III-қосымшада көрінетін химиялық заттардан өзге кез-келген химиялық заттарға қатысты Тараптар Конференциясы осы кеңесте осы қосымшаға химиялық заттарды қосу туралы барлық талаптар орындалды деп сенген жағдайда оны III-қосымшаға қосу туралы шешім қабылдайды.
9-бап
III-қосымшадан химиялық заттарды алып тастау
1. Егер, Тараптар хатшылыққа III-қосымшаға сол немесе өзге химиялық заттарды қосу туралы шешім қабылдау уақыты кезінде болмаған ақпаратты ұсынса және осы ақпараттың оны қосу II-қосымшадағы критерийлерге сәйкес немесе IV-қосымшадағы жағдайларға байланысты негізделген болып саналуы мүмкін емес болса, хатшылық осы ақпаратты Химиялық заттарды қарау жөніндегі комитетке жібереді.
2. Химиялық заттарды қарау жөніндегі комитет 1-тармаққа сәйкес алатын ақпаратқа шолу жасайды. Химиялық заттарды қарау жөніндегі комитет II-қосымшадағы критерийлерге сәйкес немесе IV-қосымшадағы жағдайларға байланысты III-қосымшадан оны алып тастауға ұсыным беруге тиісті шешім қабылдауға қатысты әрбір химиялық зат бойынша шешім қабылдауға бірлесе әрекет етуге арналған құжаттың қайта қаралатын жобасын дайындайды.
3. 2-тармақта ескерілетін ұсыным Тараптар Конференциясына жіберіледі және шешім қабылдауға бірлесе әрекет етуге арналған құжаттың қайта қаралатын жобасымен қоса беріледі. Тараптар Конференциясы III-қосымшадан осы химиялық затты алып тастау дұрыстығы туралы шешім қабылдайды және шешім қабылдауға бірлесе әрекет етуге арналған құжаттың қайта қаралатын жобасын мақұлдайды.
4. Тараптар Конференциясы III-қосымшадан химиялық заттарды алып тастау туралы шешім қабылдағаннан және шешім қабылдауға бірлесе әрекет етуге арналған қайта қаралатын құжатты мақұлдағаннан кейін хатшылық осы ақпаратты барлық Тараптарға кешіктірместен жібереді.
10-бап
III-қосымшаға қосылған химиялық заттардың
импортына қатысты міндеттер
1. Әрбір Тарап III-қосымшаға қосылған химиялық заттардың импортына қатысты өз уақытында шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін заңнамалық және әкімшіліктік шараларды жүзеге асырады.
2. Әрбір Тарап хатшылыққа осы химиялық заттардың алдағы импортын жүзеге асыруға қатысты жауапты мүмкіндігінше тезірек, бірақ кез-келген жағдайда 7-баптың 3-тармағында ескерілген шешімді қабылдауға бірлесе әрекет етуге арналған құжатты жіберу күнінен кейін тоғыз айдан соң кешіктірмей жібереді. Егер, Тараптар жауапқа өзгерістер енгізетін болса, ол хатшылыққа қайта қаралған жауапты ұсынады.
3. Хатшылық 2-тармақта анықталған кезең біткеннен кейін осындай жауап ұсынбаған Тарапқа осыны жасау керектігі туралы жазбаша түрде кешіктірместен жібереді. Егер, Тарап жауап жібере алмаса, хатшылық тиісті жағдайларда оған 11-баптың 2-тармағындағы соңғы ұсыныста көрсетілген мерзімде жауап ұсынуға бірлесе әрекет етеді.
4. 2-тармақта қарастырылған жауап мынадай нысандардың бірінде ұсынылады:
а) заңнамалық немесе әкімшіліктік шараларды орындау кезінде қабылданған соңғы шешім:
іі) | импортқа рұқсат бермеу немесе |
iii) | тек нақты жағдайларда ғана импортқа рұқсат беру; немесе |
b) аралық жауап қосуы мүмкін:
і) | нақты немесе өзге жағдайларға рұқсат етілген импорт немесе аралық кезең ішінде рұқсат етілмеген импортты; |
іі) | соңғы шешімнің қызу талқылау үстінде екендігі туралы өтінішті; |
iii) | хатшылықтың немесе Тараптың атына жіберілген соңғы регламенттеуші қаулы туралы хабарлама беретін қосымша ақпарат ұсыну туралы өтінішті; |
iv) | хатшылыққа химиялық заттарға бағалау жүргізуде бірлесе әрекет ету туралы өтінішi |
5. 4-тармақтың а) немесе b) тармақшаларында келтірілген жауаптар III-қосымшаға қосылған химиялық заттарға қатысты анықталған санатқа немесе санаттарға жатады.
6. Соңғы шешім негізделген кез-келген заңнамалық немесе әкімшіліктік шаралардың мазмұндамасында болуы тиіс.
7. Әрбір Тарап ол үшін осы Конвенцияның күшіне ену күнінен кешіктірмей хатшылыққа III-қосымшаға қосылған әрбір химиялық заттарға қатысты жауаптарды жібереді. Өзгерген Лондондық басшылық принциптеріне немесе Беталыстың халықаралық кодексіне сәйкес осындай жауаптарды ұсынған Тарап осындай жауаптарды қайта ұсынбауы тиіс.
8. Әрбір Тарап өздерінің заңнамалық немесе әкімшіліктік шараларымен осы баптың ережелеріне сәйкес өздерінің есептерін оның юрисдикциясына сай келетін мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді.
9. Тарап жоғарыдағы 2 және 4-тармақтарға және 11-баптың 2-тармағына сәйкес сол немесе өзге химиялық заттардың импортына рұқсат бермеу немесе тек белгілі жағдайларда импортқа рұқсат беру шешімін қабылдайды, егер, ол мұны жасамаса, бір уақытта ұқсас:
а) кез-келген көзден осы химиялық заттардың импортына арналған; және
b) оның ішкі пайдалануға арналған отандық өндірісіне қатысты жағдайларға тыйым салады немесе бекітеді.
10. Хатшылық алты айда бір рет барлық Тараптарға олардан алынған жауаптар туралы ақпарат береді. Бұл ақпаратқа, егер, шешімдер негізделген осындай мәліметтер бар болатын болса, заңнамалық немесе әкімшіліктік шаралар туралы мәліметтер қосылады. Бұдан басқа, хатшылық Тараптарға жауап ұсынбаудың кез-келген жағдайы туралы ақпарат береді.
11-бап
III-қосымшаға қосылған химиялық заттардың
экспортына қатысты міндеттер
1. Әрбір экспорт шығаратын Тарап:
а) оның юрисдикциясына сай келетін мүдделі субъектілердің хабарламасына арналған 10-баптың 10-тармағына сәйкес хатшылық жіберген жауаптар туралы тиісті заңнамалық немесе әкімшіліктік шараларды жүзеге асырады;
b) осындай әрбір жауапта бар оның юрисдикциясына сай келетін экспорттаушылардың шешімдерді орындауларын қамтамасыз ету үшін тиісті заңнамалық немесе әкімшіліктік шараларды хатшылық 10-баптың 10-тармағына сәйкес осындай жауап туралы Тараптарға бірінші рет ақпарат бергенде қабылдайды;
с) импорттаушы Тараптарға олардың өтініші және тиісті үлгі бойынша консультативтік қызмет пен жәрдем көрсетеді:
і) | 10-баптың 4-тармағына және 2 с) тармағына сәйкес шешім қабылдауда жәрдемдескен Тараптарға қосымша ақпарат алуға; төмендегі және |
іі) | химиялық заттарды қауіпсіз реттеу саласындағы олардың жарамдылығының мерзімі ішінде олардың мүмкіндігін және әлеуетін кеңейту. |
2. Әрбір Тарап III-қосымшада көрсетілген химиялық заттар оның аумағынан кез-келген импорттаушы Тарапқа экспортталмауы үшін ерекше жағдайлар күшінде жауап жібермеу үшін немесе алдын ала шешімі болмайтын аралық жауап жіберуді қамтамасыз етеді, мынадай жағдайлардан басқа:
а) бұл-импорттық жеткізуді жүзеге асыру уақытында импорттаушы Тарапта химиялық зат ретінде тіркелген химиялық заттар;
b) бұл-импорттаушы Тарап аумағында бұрын пайдаланылғаны немесе онда импортталғанына және оны пайдалануға тыйым салу жөнінде ешқандай регламенттеуші шаралар қабылданбағанына қатысты ақпарат бар химиялық заттар; немесе
с) экспорттаушы импорттаушы Тараптың тағайындалған ұлттық органы арқылы импорттық жеткізуді жүзеге асыруға анық келісім сұрау салғанда және алғанда. Импорттаушы Тарап осындай өтінішке 60 күн ішінде жауап жібереді және хатшылыққа өзінің шешімі туралы хабардар етеді.
Экспорттаушы Тараптардың міндеттері осы тармаққа сәйкес хатшылық Тараптарды 10-баптың 10-тармағына сәйкес Тараптың жауап жібермегені немесе алдын ала шешімі болмайтын аралық жауап жібергені туралы бірінші ақпарат берген күнінен бастап алты ай мерзім өткен күнінен бастап қолданылады және бір жыл ішінде қолданыста болады.
12-бап
Экспорт туралы хабарлама
1. Тарап тыйым салған немесе қатаң шектелген қандай да бір химиялық зат оның аумағынан экспортталатын жағдайда, бұл Тарап импорттаушы Тарапқа экспорт туралы хабарлама жібереді. Экспорт туралы хабарламада V-қосымшада айқындалған ақпарат болады.
2. Экспорт туралы хабарлама тиісті соңғы регламенттеуші қаулы қабылданғаннан кейін бірінші экспорттық жеткізуге дейін химиялық заттарға қатысты ұсынылады. Ізінше экспорт туралы хабарлама қандай да бір күнтізбелік жылға бірінші экспорттық жеткізуге дейін жіберіледі. Экспортты жүзеге асыруға дейінгі хабарламаға қатысты талапты импорттаушы Тараптың тағайындалған ұлттық органы өзгеру мүмкін.
3. Экспорттаушы Тарап экспорт туралы жаңа хабарламаны осы химиялық заттарға тыйым салуға немесе қатаң шектеуге қатысты өзгерістер шығатын соңғы регламенттеуші қаулыны алғаннан кейін жібереді.
4. Импорттаушы Тарап соңғы регламенттеуші қаулыны қабылдағаннан кейін алынған экспорт туралы бірінші хабарламаны алынғанын растайды. Егер, экспорттаушы Тарап экспорт туралы хабарламаны жібергеннен кейін 30 күн ішінде растауды алмаса, ол экспорт туралы екінші хабарламаны жібереді. Экспорттаушы Тарап екінші хабарламаны импорттаушы Тараптың алуын қамтамасыз ету үшін бар күшін салады.
5. 1-тармақта анықталған қандай да бір Тараптың міндеті:
а) химиялық зат III-қосымшаға қосылғанда;
b) импорттаушы Тарап хатшылыққа 10-баптың 2-тармағына сәйкес химиялық заттарға қатысты жауап бергенде; және
с) хатшылық Тараптар арасында 10-баптың 10-тармағына сәйкес жауап таратқанда іс-қимылын тоқтатады.
13-бап
Химиялық заттардың экспортталуы
кезіндегі ілеспе ақпарат
1. Тараптар Конференциясы Дүниежүзілік кеден ұйымына III-қосымшаға қосылған әрбір химиялық затқа немесе әрбір химиялық заттар тобына Келісілген жүйе шеңберінде нақты кедендік кодтар белгілеуді ұсынады. Барлық жағдайда осындай химиялық затқа тиісті код белгіленгенде, әрбір Тарап осы химиялық заттың экспортталуы кезінде осы кодтың ілеспе құжатта көрсетілуін талап етеді.
2. Әрбір Тарап импорттаушы Тараптың қандай да бір талаптары үшін зиянсыз III-қосымшаға қосылған химиялық заттарға сияқты оның аумағында тыйым салынған немесе қатаң шектелген заттарға тиісті халықаралық нормаларды есепке ала отырып адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға тәуекелдіктер және/немесе қауіптер туралы жеткілікті ақпараттың бар болуын қамтамасыз ететін таңбалауға қатысты талаптардың сақталуы үшін талап етеді.
3. Әрбір Тарап импорттаушы Тараптың қандай да бір талаптары үшін зиянсыз химиялық заттарды экспорттау кезінде оның аумағында экологиялық немесе медициналық таңбалауға қойылатын талаптарға қатысты халықаралық нормаларды есепке ала отырып, адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға тәуекелдіктер және/немесе қауіптер туралы жеткілікті ақпараттың бар болуын қамтамасыз ететін таңбалауға қатысты талаптардың сақталуын талап ете алады.
4. Әрбір Тарап кәсіби мақсатта пайдалану үшін арналған 2-тармақта ескерілген химиялық заттарға қатысты халықаралық танылған пішінге сәйкес келуі және ең соңғы ақпарат келтірілуі тиіс қауіпсіздікке қатысты деректер нысанының әрбір импорттаушыға жіберілуін талап етеді.
5. Қауіпсіздікке қатысты таңбалау заттаңбасындағы және деректер нысанындағы ақпараттар импорттаушы Тараптың бір немесе бірнеше ресми тілдерінде іс жүзінде мүмкіндігінше келтірілуі тиіс.
14-бап
Ақпарат алмасу
1. Тараптар тиісті үлгіде және осы Конвенцияның мақсаттарына сәйкес жәрдемдеседі:
а) уытты және экоуытты сипаттағы ақпаратты қоса алғанда, осы Конвенцияның қолданылу саласы шеңберіндегі химиялық заттарға қатысты ғылыми, техникалық, экономикалық және құқықтық ақпараттармен, сондай-ақ қауіпсіздікке қатысты ақпаратпен алмасуға;
b) осы Конвенцияның мақсаттарын іске асыру үшін өзекті мәні бар ұлттық регламенттеуші қаулылар туралы жалпыға бірдей ақпаратты ұсынуға;
с) тиісті жағдайларда басқа Тараптарға тікелей немесе хатшылық арқылы химиялық заттарды қолданудың бір немесе бірнеше түрлерін қатаң шектейтін ішкі регламенттеуші шаралар туралы ақпарат ұсынуға.
2. Осы Конвенцияны орындау барысында ақпарат алмасуды жүзеге асырушы Тараптар кез-келген құпия ақпаратты қорғауды өзара түсіністік негізінде қамтамасыз етеді.