Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 994 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:
10-тармақтың үшінші абзацы 5) тармақшадағы «трафигін» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |