7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
63 мемлекеттік органдарда іс-жүргізудің үзіліссіз жұмысын қолдау мақсатында мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (басқару) сүйемелдеу.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу.
Тіркелген өнімдердің жалпы саны:
1) ДҚ, БӨ, Веб-сайттары, деректерді беру желісі - 550 бірлік;
2) ақпараттық есептеу құралдары (АЕҚ) - 78000 бірлік.
3. Жүйелердің сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын.
Тестіленген құжаттардың жалпы саны (бірлік) - 18 бірлік.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Бағдарламалық өнімді сертификаттау, мемлекеттік тіркелімнің жұмысына нормативтік құжат.
Документтер мен кодтар - 127 бірлік.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу.
АЖАЖ-ның 35 бөлімдерінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу (мемлекеттік органдардың саны):
1) мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Веб-сайтын сүйемелдеу;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Веб-сайтын дамыту;
3) 4 мемлекеттік органдарда сайттарды құру мен дамыту.
7. Интернет-ресурстардың мониторингі:
1) Қазақстандағы Интернетті пайдаланушылар аудиториясының саны мен құрылымын зерделеу;
2) Қазақстанда Интернет қызметтеріне сұраныстар мен пайдаланушылар аудиториясының санының динамикасын болжамдау.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелерді және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Жабдықтардың үзіліссіз жұмысы мен базалық бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтеріне 128 серверлер болжануда.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны):
1) интернетке бөлінген арналарды қосу - 4;
2) бөлінген арналарға қосу - 3;
3) VPDN қызметіне қосу - 434.
Соңғы нәтиже:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
Тіркеу құжаттарына уақытында және жедел қол жетімділікті 67% қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу.
ДҚ, БӨ, Веб-сайты, деректерді беру желісі және ақпараттық есептеу құралдарын (АЕҚ) сүйемелдеу мен өзектілеу мемлекеттік органдардың жалпы санынан 84% жүргізіледі.
3. Жүйелерді, сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын. Мемлекеттік тіркелімдегі (барлығы - 180 бірлік) жалпы санынан ақпараттық жүйені сынау проценті - 10.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Мемлекеттік ұйымдардың 40-тан 80% құрайды.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу:
16,3 % мемлекеттік органдарды, ведомстволарды Қазақстан Республикасында тұратын және уақытша тұратын халықтар туралы өзектіленген және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу.
Мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Веб-сайтын сүйемелдеу. Мемлекеттік органдардың заңнамалық сипаттағы ақпараттық хабарламалары мен құжаттарына қол жеткізу мүмкіндігі - 4%.
7. Интернет - ресурстардың мониторингі.
Интернет - ресурстарының жүргізілген іс-шараларының мониторингінің деректерін пайдаланудың өсуін ескере отырып (жылына 2 рет) осы іс-шараның құны жарты жылда 1025 млн. теңгені құрайды. Іс-шараның бір жылғы құны 2050 млн. теңге.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелерді және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Операциялық жүйелерді және деректер қорының жұмыс істеуі үшін жағдайларды сақтау жабдықтардың жұмыс істей алмау қаупін төмендету 90%.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны).
Уақытты үнемдеу, шығынды төмендету.
Уақтылығы: бекітілген графиктерге сәйкес іс-шаралар белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын болады.
Сапасы:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің сапалы және қол жетімді бағдарламалық қамтамасыз етуіне мемлекеттік органдарды 90% қанағаттандырады.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу:
1) ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелері туралы ақпаратты 100 % жүйелеу (АР мен АЖ)
2) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді бірегейлендіруді ұйымдастыру үшін АР мен АЖ әзірлеушілеріне 100% ақпаратты ұсыну.
3. Жүйелерді, сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын.
Бағдарламалық құралдар мен деректер қорының сапасын 100% бағалау.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық-телекоммуникациялық құжаттары мен кодтарының депозитарийін 100% сақтау.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу:
1) Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгінген кездегі уақытын қысқарту және халыққа көрсетілетін ақпараттық қызметті 100% жақсарту;
2) Мемлекеттік органдарды және халықтың арнайы категориядағы есебімен айналысатындарды Қазақстан Республикасына уақытша келгендерді және тұратын халықтар туралы өзектіленген және шынайы ақпараттар туралы қамтамасыз ету.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу (мемлекеттік органдардың саны).
Әрбір мемлекеттік органды 100% ақпаратының ашықтығы мен қол жетімділігі.
7. Интернет-ресурстардың мониторингі.
Интернет саласын дамыту туралы талдау есебімен 100 % қанағаттандыру.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелерді және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Техникалық жабдықтар мен базалық бағдарламалық қамтамасыз етудің үздіксіз 100% жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны).
Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуіне қажетті телекоммуникациялық ресурстардағы қажеттілікті 100% қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
374-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Байланыс және хабар таратудың ғарыштық аппараттарын
басқаруды қамтамасыз ету»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 529451 мың теңге (бес жүз жиырма тоғыз миллион төрт жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; «Байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутникті құру және ұшыру туралы кейбір мәселелер» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: байланыс және хабар тарату ұлттық спутник жүйесінің қызметін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қазақстандық спутниктің орбиталды позициясын басқа елдермен - Байланыстың халықаралық электркеңесінің мүшелерімен халықаралық координациялау жөніндегі жұмыстар жүргізу;
байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутниктің, жердегі ғарыштық инфрақұрылымының сақтандыруын қамтамасыз ету, ғарыштық инфрақұрылымын басқарудың жердегі кешенінің қызметін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаның іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Байланыс және хабар таратудың ғарыштық аппарат- тарын басқаруды қамта- масыз ету | Қазақстандық спутниктің орбиталды позициясын халықаралық координациялауды іске асыруға, байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутниктің, жердегі ғарыштық инфрақұры- лымының сақтандыруын қамтамасыз ету және "Метеостанция-2" мүліктік кешенін ұстау үшін "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімді- лігі республикалық орталығы" АҚ-ға әртүрлі ағымдық трансферттер аудару. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) жиілік-орбиталды жоспарларды таңдау, негіздеу және талдау, KAZSAT жүйесінің жиілілік иеленуді халықаралық координациялау;
Тапсырушының Байланыс әкімшілігіне және тікелей Тапсырушыға тапсыру үшін жоспарлы және жоспардан тыс жиілік белдеулерінің халықаралық тапсырыс құжаттарының жобаларын дайындау, өңдеу және әзірлеу, Зерттеу комиссияларда сәйкес жиілік белдеулерді регламентациялаудың проблемаларын шешу кезінде ұсыныстарды өңдеу және негіздеу; координацияға ақпараттық-талдау қамтамасыз етуді жүргізу; жүйенің жиілік иеленуді халықаралық координациялау және тіркеу жөнінде есеп берулерді жүйелі түрде дайындау және тапсыру; арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу (модификация);
2) Байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутникті, жердегі ғарыштық инфрақұрылымын сақтандыру;
3) "Метеостанция-2" мүліктік кешенін ағымдық ұстау.
Соңғы нәтиже: Қазақстандық спутниктің орбиталды позициясын халықаралық координациялауды ұйымдастыру үшін жағдай құру, залал келтірілген жағдайда кепілденген сақтандыру төлемдерін қамтамасыз ету, "Метеостанция-2" мүліктік кешенін керекті қажеттіліктерге сәйкес ұстауды қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жүргізу.
Уақтылығы: бекітілген қаржыландыру жоспарымен сәйкес.
Сапасы: қазақстандық спутниктің меншік орбиталды позициясын халықаралық құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;
сақтандыру жағдайы келген кезде қорғауды қамтамасыз ету, "Метеостанция-2" мүліктік кешенінің тиесілі қызмет етуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
375-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Почта-жинақтау жүйесін дамыту"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 900000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дамыту бағдарламасын бекіту туралы" 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа және экономиканың нақты секторына жоғары сапалы деңгейде почта және қаржылық қызметтердің кең спектріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге қабілетті, тиімді почта-жинақтау жүйесін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық және қалалық жерде 80 өндірістік объектілер көлемінде филиалдық почта-жинақтау жүйесін капиталдық және техникалық жарақтандыру; ауылдық жерде 15 почта байланыс бөлімшелер құрылысын салу арқылы меншіктік филиалдық жүйе құру; ауылдық жерде почта байланыс бөлімшелерінің операциялық залдарын 37 комплект көлемінде өндірістік жиһаздармен жабдықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Почта- жинақтау жүйесін дамыту | Ауылдық және қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшін "Қазпочта" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту. | 2006 жылғы 1 тоқсан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 44 аудандық тораптар және 36 қалалық почта байланысы бөлімшелер ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу; 15 ауылдық почта байланысы бөлімшелерінің құрылысын салу және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі техникалық нығайту талаптарына сәйкестікке келтіру; ауылдық почта байланысы бөлімшелерін 37 комплект көлемінде өндірістік жиһаздармен жабдықтау.
Соңғы нәтиже: 95 жаңадан жарақтандырылған почта байланысы бөлімшелерінде компьютерлік және банктік жабдықтардың бірыңғай инфо-коммуникациялық кеңістікте технологиялық қызметтерге нақты уақыт режимінде пайдаланушылардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін базалық алғы шарттарды құру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейту почта-жинақтау жүйесінің жалпы табысын 5-8 % өсіруге, және сәйкесінше Қоғам жұмыскерлерінің еңбек ақысының 7-9% өсуіне, бюджеттің салықтық түсімдерін 3-5% өсуіне ықпал етеді.
Уақтылығы: жасалған келісім-шарттар мен құрылыс кестелеріне сәйкес. Сапасы: нақты уақыт режимінде қаржылық қызметтер көрсету, пайдаланушылардың Интернетке бағытталған қызметтерге қолжетуі, жаңадан жарақтандырылған почта-жинақтау жүйесінің 95 бөлімшелерінде көрсетілетін қызметтердің спектрін 10%-ға кеңейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
376-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс
қызметтерін ұсыну жөніндегі залалдарына өтемақы»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3777048 мың теңге (үш миллиард жеті жүз жетпіс жеті миллион қырық сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы; "Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне және ақпараттық ресурстарға халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық елді мекендерде қызмет көрсететін байланыс операторларының шығынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның ішінде ауылдық елді мекендерді 2006 жылы телефондандыру бойынша.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Ауылдағы байланыс оператор- ларының әмбебап байланыс қызмет- терін ұсыну жөніндегi залал- дарына өтемақы | Субсидиялау ережесіне сәйкес ауыл халқына телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін ұсыну бойынша ауылдық байланыс операторларының залалдарына өтемақы. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуші ауылдық байланыс операторлары шығындарының өтемақысы 3377048 мың теңге көлемінде.
Соңғы нәтиже: жалпы саны 7660 ауылдық елді мекендерден 5257 телефондандырылған ауылдық елді мекендерде (саны 50 адам және одан жоғары) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне халықтың үздіксіз қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: ауылдық 1 абонентке шаққанда шығатын шығын есебінен төленген субсидияның көлемі жылына 6948 теңге.
Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес уақытылы субсидияларды төлеу. Сапасы: телекоммуникацияның әмбебап қызмет көрсету сапасымен ауылдық абоненттердің қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
377-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне қалалық телекоммуникациялық желілердің абоненттері
болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін
абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуін өтеуге берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 73387 мың теңге (жетпіс үш миллион үш жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 34-бабы; «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тарифтерін ребаланстау жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысы; «Телекоммуникацияның қалалық желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін төлем тарифтерін өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: телекоммуникация қызметтерінің тарифтерін жоғарылату жағдайында телекоммуникациялық қалалық желілерінің абоненттері болып табылатын аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қалалық телекоммуникация желілерінің абоненті болып табылатын әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің жоғарылауын өтеу ережесіне сәйкес осы қызметтерге тарифтер жоғарылаған жағдайда әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерінің төлемақысын өтеуге төлемдерді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне қалалық телеком- муника- циялық желі- лердің абонент- терi болып табыла- тын, әлеу- меттік қорға- латын азамат- тарға телефон үшін абонент- тік төлем тариф- терінің көтері- луін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалық телекоммуникациялық желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға тоқсан сайын Әкімшіліктердің тапсырыстар ұсынуы бойынша тұрғын үй жәрдемақысы тетігі арқылы телефон үшін абоненттік төлем тарифінің көтерілуін өтеуге арналған мақсатты ағымды трансферттер аудару. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігі, Облыс- тық және Астана, Алматы қалала- рының әкім- дері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 63040 телекоммуникациялық қалалық желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға компенсация төлеуді қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: тұрғын үй қатынастары саласында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қорғауын қажетті деңгейде ұстау.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: қалалық телекоммуникация желілерінің әлеуметтік қорғалатын 1 абонентіне шаққанда шығатын шығын - айына 97 теңге және соған сәйкес, жылына 1164 теңге.
Уақыттылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес мақсатты ағымды трансферттер аудару.
Сапасы: абоненттік төлемдерге тарифті көтеру бөлімінде қалалық телекоммуникациялық желілердің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалған азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
378-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«»Электрондық үкімет» құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4215034 мың теңге (төрт миллиард екі жүз он бес миллион отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5, 7-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы» 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Салық төлеушілердің және салық салу объектілерінің тізілімін ендіру туралы» 2002 жылғы 31 наурыздағы № 308с қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасын бекіту туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламасының мақсаты: Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық және әдіснамалық база құру; мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту;
«электрондық үкіметтің» қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;
электрондық-үкімет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру;
«электрондық үкіметтің» ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | "Элек- трондық үкімет" құру | | | |
2 | | 100 | Мемле- кеттік дерекқор құру | "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорын дамыту (ЖТ МДҚ): 1) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорын дамыту және енгізу; 2) ЖТ МДҚ ағымдағы кезеңін іске асыру үшін техникалық құралдарды сатып алу; 3) ЖТ МДҚ ағымдағы кезеңін іске асыру үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу; 4) жобаны басқару; 5) консалтингтік қызметтер; 6) АТ-консалтингалық жүйесі. "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорын (ЗТ МДҚ) дамыту: 1) ЗТ мемлекеттік деректер қорын дамыту және енгізу; 2) ЗТ МДҚ дамыту және енгізу үшін техникалық құралдарды сатып алу; 3) жобаны басқару; 4) консалтингтік қызметтер; 5) АТ-консалтингтік жүйесі. "Жылжымайтын мүлік тізілімі" (ЖМТ МДҚ) мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесін дамыту: 1) Пилоттық аумақта "Жылжымайтын мүлік тізілімі" МДҚ дамыту және енгізу; 2) жобаны басқару; 3) консалтингтік қызметтер; 4) АТ-консалтингалық жүйесі; 5) "Жылжымайтын мүлік тізілімі" МДҚ дамыту және енгізу үшін техникалық құралдарды сатып алу; 6) "Жылжымайтын мүлік тізілімі" МДҚ дамыту және енгізу үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу; "Мекен жайы тіркелімі" ақпараттық жүйесін дамыту (МЖТ АЖ): 1) "Мекен жай тіркелімі" ақпараттық жүйесін дамыту және енгізу; 2) "Мекен жай тіркелімі" ақпараттық жүйесін құру ағымдағы кезеңін іске асыру үшін техникалық құралдарды сатып алу; 3) лицензияланған бағдарламалық қамта- масыз етуді сатып алу; 4) жобаны басқару; 5) консалтингтік қызметтер; 6) АТ-консалтингтік жүйесі. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |