Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін қалыптастыру және қазақстандық
алғашқы мұнай-химия кешенін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 989 Қаулысы
(2010.18.10. берілген өзгерістермен)
Қосылған құны жоғары экспорттық мұнай-химия өнімін шығара отырып, көмірсутек шикізатын терең өңдеу жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін қалыптастыру және қазақстандық алғашқы мұнай-химия кешенін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдары мен «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Жоспардың іс-шараларының уақтылы және тиісінше орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2010.18.10. № 1072 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 13 қазандағы
№ 989 қаулысымен
бекітілген
Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін
қалыптастыру және қазақстандық алғашқы мұнай-химия кешенін
құру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с №№ | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Атырау облысында алғашқы біріктірілген мұнай-химия кешенін салу |
1. | Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салудың техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу | Техникалық-экономикалық негіздеме, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ»»АҚ, «КРІ» АҚ | 2006 жылғы қараша | 419,877 | «ҚМГ БӨ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты |
2. | Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салу жобасын басқаратын компанияны таңдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «КРІ» АҚ | 2006 жылғы қараша | 609,75 | «КРІ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты |
3. | Жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалаудың» (ЖҚОӘБ) алдын ала жобасын әзірлеу | Жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалаудың алдын ала жобасы, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), Қоршағанортамині, «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ»»АҚ, «КРІ»»АҚ, «Sat&Со» ЖШС, «ҚазЭкожоба» ЖШС | 2006 жылғы қараша | 16,723 | «Sat&Со» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты |
4. | Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салу жобасының халықаралық қаржы және заң консультанттарын іріктеу | Мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс өткізу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК»»АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «КРІ» АҚ | 2006 жылғы қараша | 609,75 | «КРІ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты |
5. | Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салу инвестициялық жобасын жобалық қаржыландыру, оның ішінде халықаралық банктердің қаржыландыру жұмысы | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «КРІ» АҚ | 2007 жылғы наурыз | | «КРІ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты |
6. | Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салудың техникалық жобасын орындау | Техникалық жоба | ЭМРМ (жинақтау), «КРІ» АҚ | 2007 жылғы наурыз | | «КРІ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты |
7. | Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салудың техникалық жобасының мемлекеттік, салалық сараптамасы | Мемлекеттік және салалық сараптамалардың қорытындылары | ЭМРМ, ЭБЖМ, ИСМ, Қоршағанортамині, «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «КРІ» АҚ | 2007 жылғы мамыр | 4,2 | «КРІ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты |
8. | Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салуға мердігерлерді іріктеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «КРІ» АҚ | 2007 жылғы мамыр | | «КРІ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты |
9. | Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ»»АҚ, «КРІ» АҚ | 2007 жылғы маусым -2010 жылғы маусым | 426825,0 | Инвестициялық қаражат -30% жобаға қатысушылар есебінен және 70% қарыз қаражаты |
2. | Бензол, жол битумдарын және хош иісті қосылыстар алу жөніндегі мұнай-химня өндірісі |
10. | Атырау мұнай өңдеу зауытында бензол алу жөніндегі өндіріс салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу | Техникалық- экономикалық негіздеме және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК»»АҚ, «ҚМГ БӨ»»АҚ, Марубени, Космо, «АМӨЗ» ЖШС | 2007 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | JВІС Жапония халықаралық ынтымақтастық банкісінің гранты (байланыссыз) |
11. | Атырау мұнай өңдеу зауытында бензол алу жөніндегі өндіріс салудың техникалық жобасын орындау | Техникалық жоба | ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС | 2007 жылғы наурыз | | «ҚМГ ҰК» АҚ-ның инвестициялық қаражаты |
12. | Атырау мұнай өңдеу зауытында бензол алу женіндегі өндірісті салудың техникалық жобасының мемлекеттік және салалық сараптамасы | Мемлекеттік және салалық сараптаманың қорытындылары | ЭМРМ, ЭБЖМ, ИСМ, Қоршағанортамині, «ҚМГ ҰК» АҚ,»»АМӨЗ» ЖШС | 2007 жылғы маусым | | «ҚМГ ҰК» АҚ-ның инвестициялық қаражаты |
13. | Атырау мұнай өңдеу зауытында бензол алу жөніндегі өндірісті салуға мердігерлерді іріктеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС | 2007 жылғы қыркүйек | | «ҚМГ ҰК» АҚ-ның және «АМӨЗ» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты |
14. | Атырау мұнай өңдеу зауытында бензол алу жөніндегі өндіріс құрылысының басталуы | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК»»АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС | 2008 жылғы қаңтар | | «ҚМГ ҰК» АҚ-ның және «АМӨЗ» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты |
15. | Жол битумдарын шығаратын өндірістерді құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «Sat&Со» ЖШС, «КРІ» АҚ | 2007 жылғы қаңтар | Талап етпейді | |
16. | Хош иісті қосылыстар шығару жөніндегі мұнай-химия өндірісін салудың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу | Техника-экономикалық негіздеме және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «Қазына орнықты даму қоры» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС | 2007 жылғы шілде | 121,95 | «ҚМГ ҰК» АҚ-ның және «АМӨЗ» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты |
17. | Хош иісті қосылыстар шығару жөніндегі өндірісті салудың техникалық жобасын орындау | Техникалық жоба | ЭМРМ (жинақтау), «КМГ ҰК» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС | 2007 жылғы желтоқсан | | «ҚМГ ҰК»» АҚ-ның және «АМӨЗ»» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты |
18. | Хош иісті қосылыстар шығару жөніндегі өндірісті салудың техникалық жобасының мемлекеттік және салалық сараптамасы | Мемлекеттік және салалық сараптаманың қорытындылары | ЭМРМ, ЭБЖМ, ИСМ, Қоршағанортамині, «ҚМГ ҰК» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС | 2008 жылғы ақпан | | «ҚМГ ҰК»»АҚ-ның және «АМӨЗ»» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты |
19. | Хош иісті қосылыстар шығару жөніндегі өндірісті салуға мердігерлерді іріктеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС | 2008 жылғы наурыз | | «ҚМГ ҰК» АҚ-ның және «АМӨЗ» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты |
20. | ҚР Үкіметінің 2010.18.10. № 1072 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
Ескертпе:
ЭМРМ | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
ЭБЖМ | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
ИСМ | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
Қоршағанортамині | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
«ҚМГ ҰК» АҚ | - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы |
«ҚМГ БӨ» АҚ | - «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» акционерлік қоғамы |
«КРІ» АҚ | - (бұрын - «АТОЛЛ») - «Kazakhstan Petrochemical Industries» акционерлік қоғамы |
«Sat&Co» ЖШС | - «Sat&Co» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
«ҚазЭкожоба» ЖШС | - «ҚазЭкожоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
«АМӨЗ» ЖШС | - «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |