3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды және жер қойнауын пайдаланушыларды жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылардың толық және сенімді ақпараттарымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жер қойнауының есептілігі және жер қойнауын пайдаланушылардың шарттарын орындау; Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенінде инвестицияларды талдау; геологиялық ақпаратты пайдалануда жинақтау, сақтау және беру; жер қойнауы туралы компьютерлік банк дерекқорын техникалық және технологиялық әкімшілік ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Геология- лық ақпа- ратты түзу | Бекітілген штат санының шегінде оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін республикалық геологиялық ақпарат орталығының ("Казгеоинформ" РГАО) қызметін қамтамасыз ету - 71 бірлік. 1. Жер қойнауының есебі мен жер қойнауын пайдалану шарттарының орындалуы: - пайдалы қазбалар кен орындары қорларының мемлекеттік балансын жүргізу; - кен орындары мен байқалған пайдалы қазбалардың мемлекеттік кадастрын жүргізу; - жер қойнауын қорғау құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына шығарылатын объекті- лердің тізбесін жасау; - геоақпараттық қамтамасыз ету және жер қойнауын пайдалану объектілерін тіркеу, жер қойнауын пайдалануда келісім-шарт жобаларын келісуге қатысу; - жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісім шарттық ережелерін орындау есебін ұйымдастыру және жүзеге асыру; - 1-4 ЛКШ нысаны бойынша жер қойнауын пайдалану нәтижеле- рінің статистикалық айналымы; - тау-кен және геологиялық бөлініс- терді дайындау мен тапсыру. 2. Қазақстан Республикасы минералды-шикізат кешенінде инвестицияларды талдау: - минералдық шикізат түрлері бойынша инвестиция- ларды талдау; - әкімшілік облыстар бойынша инвестиция- ларды талдау. 3. Геологиялық ақпараттарды пайда- лануда жинақтау, сақтау және беру: - жер қойнауын пайдалану объектіле- рінде жұмыстың нәтижелері туралы есептердің респуб- ликалық геологиялық қорларын сақтауға қабылдау; - геологиялық ақпаратты сатып алуға арналған келісімдерді, геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығаруға рұқсаттарды, геоло- гиялық ақпарат пакеттерін дайындау; - Геологиялық зерттеу жөнінде жұмыстарды мемлекет- тік тіркеу. Қазақстан Республикасының геологиялық және геофизикалық зерттелуін жүргізу. 4. Жер қойнауы туралы компьютерлік банк дерекқорын техникалық және технологиялық әкімшілік ету. 5. Өзінің құзыретi шегінде геология және жер қойнауын пайдалануды аумақтық басқару қызметіне әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру. | Қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
Пайдалы қазбалар кен орындары қорларының мемлекеттік балансын жүргізу - 108 баланс; геологиялық ақпаратты қолдануда технология мен беру ГЗҰ-ны пайдаланумен мемлекеттік геологиялық қорды жүргізу; жер қойнауын пайдалануда келісім-шарт жобаларын келісуге; Тау-кен және геологиялық бөліністерді дайындау және беру; жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялық қызметі нәтижелерін тоқсанаралық шолуларын дайындау - 4 шолу.
Түпкілікті нәтиже: 2006 жылғы 1 қаңтардағы зерделеудің жай-күйі бойынша пайдаланушыларды толық, уақтылы және сенімді геологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Іске асқан геологиялық ақпарат үшін республикалық бюджетке төлемдердің түсуі, тиімділігі.
Уақтылығы: Белгіленген есептерді белгіленген мерзімінде өткізу.
Сапасы: Толық және сенімді ақпарат негізінде дайындалған есептілік.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
316-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік геологиялық зерделеу"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2921832 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз жиырма бір миллион сегіз жүз отыз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы; "2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы; "2003-2010 жылдарға арналған елдің минералдық-шикізат кешені ресурстық базасын дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің минералдық-шикізат базасын нығайту және кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: пайдалы қазбалардың және жер асты суларының кен орындарын іздестіру үшін қазіргі картографиялық негіз құру; минералдық-шикізаттың әртүрлі түрлерінің болжамды ресурстарын анықтау; пайдалы қазбаларды іздестіру бағытын анықтау үшін болжамды-минерагеникалық негіз құру; қатты пайдалы қазбалар, көмірсутек шикізатының және жер асты суларының қорларының өсуі; геотермальды суларға арналған ұңғымаларды зерттеу және пилоттық жоба шеңберінде ТЭН жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Мемлекет- тік геология- лық зерделеу | | | |
2 | | 100 | Өңірлік және гео- логиялық түсіру жұмыстары | 1. 1:200000 масштабта 31,403 мың шаршы км алаңда геологиялық жете зерттеу; 2. Өңірлік гидрогео- логиялық жұмыстар - 17,54 мың шаршы км.; 3.5 мың шаршы км алаңда кенішті аудандарды геологиялық- минерагеникалық карталау; 4. Өңірлік және геологиялық-суретке түсіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі дайындық іс-шаралары. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
3 | | 101 | Іздестіру- бағалау жұмыстары | 1. 250 шаршы км. алаңда қатты пайдалы қазбаларға іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу. 2. Арал маңы учаскесінің шектерінде көмірсутек шикізаттарына іздестіру-бағалау жұмыстарын жалғастыру. 3. Жәнібек және Шалқар аймақтары шектерінде мұнай мен газға іздестіру- бағалау жұмыстарын жалғастыру. 4. Теңіз ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінің Мұзбел учаскесі шектерінде көмірсутек шикізаттарына іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
4 | | 102 | Іздестіру- барлау жұмыстары | 1. Қазақстан Республикасының 34 ауылдық елді мекендері үшін іздестіру-бағалау жұмыстарын аяқтау. 2. Қазақстан Республикасының 152 ауылдық елдi мекендерін қамтамасыз ету үшін іздестіру-бағалау жұмыстарын бастау. 3. Геотермальды суларға арналған пилоттық жоба шеңберлерінде іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізудi бастау: - геотермальды суларды ашқан ұңғымаларды зерттеу; - ТЭН әзірлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: 1:200000 масштабта 31,403 мың шаршы км алаңда жаңа буынның геологиялық негізі; пайдалы қазбалардың кен орындарын табуға перспективалы жалпы ауданы 600 км2 кем емес учаскелерді бөлу; өңірлік гидрогеологиялық жұмыстар - 17,54 мың шаршы км.; 5 мың шаршы км алаңда кенішті аудандарды геологиялық-минерагеникалық карталау; өңірлік және геологиялық-суретке түсіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі дайындық іс-шаралары - 4 есеп-ұсынымдар; 250 шаршы км. алаңда қатты пайдалы қазбаларға іздестіру-бағалау жұмыстары; 152 елді мекен үшін анықталған перспективалық объектілер, Арал маңы учаскесінің және Теңіз ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінің мұнай-газдылық перспективаларын бағалау.
Түпкілікті нәтиже: алтынның - 7 тонна, мыстың - 15 мың тонна, қорғасынның - 30 мың тонна, мырыштың - 130 мың тонна қорларының өсуі; республиканың 34 ауылдық елді мекендерін сапалы ауыз су қорымен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1:200000 масштабта 1 шаршы км. геологиялық жете зерттеудің орташа құны - 9280,6 теңге; өңірлік гидрогеологиялық жұмыстардың 1 км2 орташа құны - 3424,17 теңге; ҚПҚ-қа іздестіру-бағалау жұмыстарының бір объектісінің орташа құны - 73060 мың теңге; 1 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз ету жөніндегі іздестіру-бағалау жұмыстарының орташа құны - 3760,6 мың теңге.
Уақтылығы: уәкілетті орган бекіткен объектілік жоспарға сәйкес жұмыстарды жүргізу.
Сапасы: нұсқаулық талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
317-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мониторингі"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 661722 мың теңге (алты жүз алпыс бір миллион жеті жүз жиырма екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2003 жылғы 9 шілде Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 58, 59,60-баптары; "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 56, 58, 59-баптары; "Қазақстан Республикасының Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ереже жөніндегі" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысы; "2003-2010 жылдарға арналған елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы; "Мемлекеттік су кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысы; "Су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу, суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қатардағы М 85 қаулысы, "Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында қиратқыш жер сілкіністерінің залалын төмендету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстан Республикасының негізгі пайдалы қазбаларының негізгі түрлерінің минералдық-шикізат базасының нақты жай-күйін белгілеу және Қазақстан Республикасының перспективаға минералдық-шикізат кешенін дамытуды болжамдау; мемлекеттік басқару органдарын Қазақстан Республикасының жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы деректермен ақпараттық қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын 2030 жылға дейін дамыту болжамымен магний, ванадий, күміс, висмут кен орындарының ірілендірілген геологиялық-экономикалық бағалау; қазіргі жағдайларда республикадағы геологиялық барлау қызметін одан әрі дамыту бағыттары жөнінде ұсынымдарды әзірлеу; мониторингтік дерекқор базасын және лицензиялық және тендерлік объектілер бойынша карталарды жүргізу; геодинамикалық процестерді үлгілеу және болжамдау; жер қойнауын мемлекеттік сараптау үшін заңнама негіздерін құру; өндіріс салалары және жетекші тау-кен кәсіпорындары бойынша анықтамалықты дайындау; жер асты суларын және қауіпті геологиялық процестерді қоса алғанда, жер қойнауының жай-күйін бақылау жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің дамуының жай-күйін бағалау; жер асты суларының ластану және сарқылу учаскелері мен ошақтарын, қауіпті геологиялық процестерді жандандыру учаскелерін табу; жер асты суларының Мемлекеттік су кадастрын (МСК) жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Жер қой- науы және жер қойнауын пайдалану монито- рингі | | | |
2 | | 100 | Минерал- дық-шикі- зат базасы және жер қойнауын пайдалану монито- рингі | 1. 2030 жылға дейінгі кезеңге үлгілеумен Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасының монито- рингі мен даму болжамы: 1) пайдалы қазбалар- дың 4 түрі бойынша (магний, ванадий, күміс, висмут); 2) 2006 жылы аяқталатын 3 объект бойынша талдамалық есептер. 2. Өндіріс салалары бойынша анықтамалық- ты дайындау және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
3 | | 101 | Жер асты сулары және қауіптi геология- лық процестер монито- рингі | Жер асты суларының мониторингі: 1) 5005 бақылау пункттерінде жер асты суларының мониторингін жүргі- зуді жалғастыру; 2) Елек өзенінің трансшекаралық бассейнінде жер асты сулары жай-күйінің мониторингі полигонын құруды аяқтау; 3) мемлекеттік су кадастрын жүргізу (жер асты сулары); 4) Шығыс Қазақстан облысында жер сілкіністерін алдын ала білдірушілердi зерттеу жөніндегі сейсмомониторинг постыларын құру; 5) мемлекеттік бақылау пункттерінде жер бөліп берудi ресімдеуді жалғастыру. 2. Қауіпті геология- лық процестердің мониторингі: 1) қауіпті геология- лық процестердің постысында мониторинг жүргізу; 2) қауіпті геология- лық процестердi зерттеу бойынша Қаскелең-Талғар полигонын құруды аяқтау; 3) Шығыс Қазақстан облысында қауіптi геологиялық процестерді зерттеу бойынша 1-полигонда бақылауды ұйымдас- тыру және жүргізу; 4) қауіпті геология- лық процестердің бақылау постыларын құру. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
1. пайдалы қазбалардың әр түрі (магний, ванадий, күміс және висмут) бойынша 4 (төрт) есеп және зерттелетін объектілер бойынша 3 (үш) талдамалық есеп; 4 (төрт) нұсқаулық және 1 (бір) анықтамалық әзірленетін болады;
2. сандық және сапалық көрсеткіштерді бақылау, жер асты суларының режимі мен ластануына Жер асты суларының мемлекеттік мониторингі (ЖСММ) мемлекеттік желісінің 2005 бақылау пункттерінде су сынамаларын іріктеу деректері;
3. Елек өзенінің трансшекаралық бассейнінде жер асты сулары жай-күйі мониторингінің 1 полигонын құру;
4. Жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің мемлекеттік мониторингінің және мемлекеттік су кадастрының (жер асты сулары) деректер банкін жүргізу;
5. Шығыс Қазақстан облысында жер сілкіністерін алдын ала білдірушілерді зерттеу жөніндегі сейсмомониторинг постыларын құру;
6. 2005 мемлекеттік бақылау пункттеріне ресімделген жер бөліністері;
7. қауіпті геологиялық процестердің 20 постысындағы бақылау деректері;
8. қауіпті геологиялық процестерді зерттеу бойынша Қаскелең-Талғар
полигонын құру;
9. Шығыс Қазақстан облысында қауіпті геологиялық процестерді зерттеу бойынша 1 полигон құру;
10. Қауіпті геологиялық процестерді бақылау үшін 5 постыны құру.
Түпкілікті нәтиже:
1. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін минералдық шикізаттарды табу және ұлғайту жолымен қамтамасыз ету; жер қойнауын пайдаланушыларды жер қойнауын ұтымды пайдалану үшін сирек және асыл металдар кен орнының, көмірдің, жанғыш тақта тастардың, ұсақ жынысты кен орындарының қорлар жіктелімін реттеуші жаңа нормативтік құқықтық актілермен (нұсқаулықтармен) қамтамасыз ету.
2. Пайдаланушыларды 01.01. 2006 ж. зерттеу жағдайы бойынша Қазақстан Республикасындағы жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы толық, уақтылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- бір объекті (100 шағын бағдарлама) бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған орташа шығындар - 7244,4 мың теңге;
- жұмыстарды жүргізуге арналған орташа шығындар (101 шағын бағдарлама):
Жер асты суларының мониторингі:
- 1 бақылау пунктіне жер асты суларының мониторингін жүргізу - 62 мың теңге;
- жер асты суларының жай-күйі мониторингінің 1 полигонын құру - 32500 мың теңге;
- мемлекеттік су кадастрын (жер асты суларының) жүргізу - 20000 мың теңге;
- жер сілкіністерін алдын ала білдірушілерді зерттеу жөніндегі сейсмомониторингтің 1 постысын құру - 34740 мың теңге;
- 1 мемлекеттік бақылау пунктіне жер бөліп беруді ресімдеу;
Қауіпті геологиялық процестердің мониторингі:
- қауіпті геологиялық процестердің 1 постысында мониторинг жүргізу - 1250 мың теңге;
- қауіпті геологиялық процестерді зерттеу бойынша 1 полигонда бақылауды ұйымдастыру және жүргізу - 27500 мың теңге;
- қауіпті геологиялық процестердің 1 бақылау постысын құру - 1250 мың теңге.
Уақтылығы:
1. ҚР мемлекеттік басқару органдарын пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің минералдық-шикізаттық базасын ұтымды пайдалану және ұдайы өндіру жөніндегі негіздемелік шешімдерін қабылдау үшін, жер қойнауын пайдалануға арналған бірінші кезектегі объектілерге байланысты ұсыныспен, олардың жағдайы туралы нормативтік-құқықтық, картографиялық және анықтамалық-талдамалық ақпаратпен шұғыл қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялардың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2. Жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы ақпаратты, оларды жою жөніндегі басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ластануы мен қорларының сарқылуын анықтауды дер кезінде ұсыну.
Сапасы:
1. Жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтерді (геологиялық барлау жұмыстарын, бағаланған пайдалы қазбаларды, картографиялық және анықтамалық-талдамалық ақпаратты, нұсқаулықтарды) алушыларды қанағаттандыру нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады.
2. Жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы толық және сенімді ақпараттың негізінде есеп беруді дайындау.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
318-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Өздігінен төгіліп жатқан ұңғымаларды жою және тұмшалау"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1180210 мың теңге (бір миллиард бір жүз сексен миллион екі жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 56, 48-баптары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1019 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар, мұнай, газ, жер асты сулары кен орындарын әзірлеу жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережесін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысымен бекітілген "Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы".
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауын мұнайлық, радионуклидтік және химиялық ластанудың, табиғи су ресурстары ысырабының алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: су басу аймағында мұнай ұңғымаларын жою және консервациялау, құрамында радионуклидті жоғары, жоғары дебитті, төгілетін тұщы сулы өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Өздігінен төгіліп жатқан ұңғымалар- ды жою және тұмшалау | 1. Каспий теңізінің су басу аймағында мұнай ұңғымасын жою және консервациялау. 2. Өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғыманы жою және консервациялау. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
1) Каспий теңізінің су басу аймағында 12 мұнай ұңғымасы жойылды және консервацияланды;
2) өздігінен ағатын 47 гидрогеологиялық ұңғыма жойылды және консервацияланды.
Түпкілікті нәтиже: жұмыстың басынан 49,3% мұнайлық және 10% гидрогеологиялық ұңғымаларды жою есебінен жер қойнауының мұнайлық, радионуклидтік және химиялық ластану қаупін төмендету, сондай-ақ 97,3 мың. т.м/күн көлемінде табиғи су ресурстарының ысырабын азайту., алаңы 675,0 мың ш.м астам аумақты құрғату.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- теңізде бір ұңғыманы жоюға арналған орташа шығын 80000 мың теңгені құрайды;
- бір гидрогеологиялық ұңғыманы жоюға арналған орташа шығын 4926 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: уәкілетті орган бекітетін объектінің жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу.
Сапасы: Жұмыстар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалды және құрамында ТЖМ, ҚОҚМ, санэпидқадағалау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері бар ведомствоаралық комиссия қабылдады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
319-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Мұнай операцияларын жүргізу, сондай-ақ көмірсутегін тасымалдау,
қайта өңдеу және өткізу кезінде келісімшарттарда мемлекет мүддесін білдіру"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 300000 мың теңге (үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 6-бабы, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы "Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы".
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарттарда, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату кезінде мемлекеттің мүдделерін сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мұнай операцияларына келісім-шарттардың сақталу мониторингін ұйымдастыру және жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнай операцияларын жүргізуге жасалған келісім-шарттарды қамтамасыз ету, мұнай-газ жобаларын сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату бойынша жобаларды іске асырумен байланысты мәселелері жөнінде мемлекеттің мүдделерін білдіру, мұнай операцияларын жүргізу саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, мұнай-газ саласындағы өнімдермен қызметтердің сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сатудың қауіпсіздігі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Мұнай операция- ларын жүргізу, сондай-ақ көмірсу- тегін тасымал- дау, қайта өңдеу және өткізу кезінде келісім- шарттарда мемлекет мүддесін білдіру | 1. Мұнай операцияла- рына келісімшарттар талаптарының орындалу мониторин- гін консультациялық сүйемелдеу. 2. Мұнай операцияла- рын жүргізуге келісім-шарттардың, соның ішінде өнімдi бөлу туралы келісімдердің жобаларын дайындау. 3. Мұнай операцияла- рын жүргізу саласын- да нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша консультанттарды тарту, мұнай-газ саласындағы өнімдер- мен қызметтердің сондай-ақ көмірсу- тектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сатудың қауіпсіз- дігі. 4. Даулы мәселелердi шешу, мұнай опера- цияларын жүргізудің шарттарын мердігер- лердің орындауы және мұнай-газ жобаларын іске асыру кезіндегі басқа мәселелер жөнінде консультанттарды тарту. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: