7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
- "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту" бағдарламасы бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
талдамалы әдістемелер кешені: табиғи сулар мен өсімдіктерде уран мен оның еншілес өнімдерінің аса сезімталдығын анықтау үшін әдістемелер кешені;
ҚР аумағында РАҚО-ның цифрлық картасы; ядролық және басқа радиоактивтік материалдардың пайда болу уақыты мен орнын сәйкестендіру үшін әдістемелер кешені; қоршаған ортаға РАҚО-ның радиациялық әсерін бағалау әдістемесі; халыққа дозалық жүктемесінің мәні; РАҚО-ның радиоэкологиялық қауіп-қатерінің дәрежесі туралы қорытынды;
"ДМСА-99м Тс", "Пирофосфат-99мТс" реагенттерінің лиофилденген жинақтарының сапасын бақылау әдістемесі мен өндірістің технологиялық регламенті;
ауыл шаруашылығы үшін сірне алу үшін технологиялық регламент;
жер сілкінісі және үлгілік жарылыстар жөнінде деректер қоры; автоматты, интерактивті бюллетень; сейсмограмдардың станциялық базалары; белгілі полигондардың аудандарындағы сейсмикалық оқиғалардың каталогтары;
сынақ хаттамалары; ЯСЖТШҰ үшін ұсыныстар;
РАҚ-дың оқшауланған объектілердің экологиялық қауіпсіз орналасуы үшін тау жыныстарының сапасын зерттеудің негізделген әдістері мен технологиялары;
Дерекқор құрамындағы электронды паспорттар, енгізу жөніндегі жарнамалық өнімдер және ұсыныстар;
- Қазақстандық термоядролық материалтану реакторын жасауды және пайдалануды ғылыми-техникалық қолдау жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
Реакторлық тәжірибелер әдістемесі, тәжірибелік құрылғылар және стенділер;
елдің энергетика саласының негізгі техникалық-экономикалық параметрлерін математикалық үлгілеу мен болжау үшін әдістемелер мен компьютерлік код, Қазақстан энергетикасын дамытудың есептік үлгілеу нәтижелері мен 2050 жылға дейінгі кезеңде республикада шағын және орташа қуатты АЖЭС салу жөніндегі ұсыныстар;
ядролық отынның кез келген құрамының, сондай-ақ ұнтақталған суспензияның сұйық металдық, сұйық тұзды қасиеттерін жылуфизикалық және ядролық-физикалық есептеу әдістемесі; бірінші кезекте имитациялық құрылғыларды дайындауды жиынтықтылау және бастау;
жоба бойынша негізгі ақпараттан тұратын КТМ токамактың Web-беті;
шешу үшін есептер мен теоретикалық материалды енгізген плазмалық физика бойынша оқу құралы, "Курчатов институты" РҰО ИЯС ИВК-ға жойылған деректерді алу үшін аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етумен сәйкесетін компьютерлік сыныптар;
пайдалы қазбалардың орташа, шағын кен орындарын игерудің және тендер алдындағы дайындық кезінде геотехнологияларды дамыту жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
нашар зерттелген кен орындарын үлгілеу және бағалау әдістемесі;
бұрғылау жағдайларына және керннің жай-күйіне қолайлы бағытталған кернді іріктеу құралдарын жұмыс үлгісіне конструкторлық құжаттама.
Түпкілікті нәтиже:
Атом энергетикасы саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша: өнеркәсіптік өндірісті одан әрі өсіруге бағытталған жұмыстардың ірі кешенін ғылыми-техникалық және технологиялық қолдау, импортты алмастыратын және сараптық бағдарланған өнімдерді шығаруды ұйымдастыру, жаңа ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістерді құру және тұтас экономиканы инновациялық қайта құру;
Пайдалы қазбалардың орташа және шағын кен орындарын игерудің және тендер алдындағы дайындық кезінде геотехнологияларды дамыту жөнінде: жете зерттелмеген кен объектілерін геологиялық-технологиялық-экономикалық бағалау және ақауға шығару, қорлар мен объектілерді үлгілеудің жаңа технологияларын бағалауға қойылатын талаптар, кендердің байытылуын бағалауды жетілдіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулердің құны (ғылыми-техникалық сараптауды қоса алғанда): атом энергетикасын дамытуға - 5757716,0 мың теңге; қазақстандық термоядролық материалтану реакторын жасау және пайдалануды ғылыми-техникалық қолдауға - 70183,0 мың теңге; пайдалы қазбалардың орташа, шағын кен орындарын игерудің және тендер алдындағы дайындық кезінде геотехнологияларды дамытуға - 30500,0 мың теңге;
Ғылыми ұйымдар үшін бағыттары бойынша ғылыми жабдықтар сатып алынды: Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытуға - 5224,0 мың теңге; қазақстандық термоядролық материалтану реакторын жасауды және пайдалануды ғылыми-техникалық қолдауға - 12224,0 мың теңге; Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларын орташа және шағын кен орындарын игерудің және тендер алдындағы геотехнологияларды дамытуға - 6100,0 мың теңге.
Уақтылығы: жасалатын шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы: ядролық және термоядролық энергетика мен өнеркәсіптің қауіпсіздігі және тиімділігі, радиациялық-қауіпті жерлерде қоршаған ортаның мониторинг жүйесін құру;
кенді және кені жоқ объектілерді бағалаудың жетілдірілген әдістемелері.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
308-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Қазақстандық Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын құру"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1072970 мың теңге (бір миллиард жетпіс екі миллион тоғыз жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы, "Қазақстан Республикасын Халықаралық термоядролық реактор жобасына енгізу туралы ИТЭР кеңесі сессиясының 1994 жылғы 28 шілдедегі шешімінің шеңберіндегі қызметін дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 22 шілдедегі № 143-Ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: реакторлық материалтануға арналған Қазақстан Республикасындағы алғашқы Токамак (КТМ) термоядролық қондырғысын құру, Қазақстан Республикасында ғылымды қажетсінетін және ядролық технологияларды дамыту, термоядролық реакторлардың конструкциялық материалдарына зерттеу жүргізу, материалдарды зерттеудің жаңа кешенді әдістерін меңгеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: зерттеу жүргізу үшін физикалық диагностикалар әдістемелері мен жүйелерін әзірлеу және игеру; құрастырылатын материалдарды сынау әдістерін меңгеру; өлшемдердің әдістемелік базасын жасау, басқарылатын термоядролық синтез саласында зерттеулер жүргізу үшін халықаралық зертхана құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Қазақстан- дық Тоқамақ термоядро- лық материал- тану реакторын құру | Заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Қазақстанды Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын құру жөніндегі іс-шараларды орындау: 1. ҚТМ кешенінің негізгі жүйелеріне, оның ішінде конструкторлық құжаттамаларды орау мен тасымалдауға монтаж бен жөндеуге арналған жұмысшы конструкторлық құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды аяқтау. 2. ҚТМ кешенінің реакторлық корпусын қайта жаңғырту. Ғимараттар мен құрылыстар салуды жалғастыру. 3. Жабдықтар мен материалдар сатып алу. ҚТМ кешенінің сыртқы электрмен жабдықтау жүйелерін монтаждау жөніндегі жұмыстарды аяқтау. 4. Вакуумдық сору жүйесін жасауды жалғастыру. Жабдықтар мен материалдарды сатып алу. 5. Жабдықтар мен материалдарды сатып алу. КТМ кешенінің автоматтандырылған жүйесін жасау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру. 6. Жабдықтар мен материалдарды сатып алу. ҚТМ қондырғысы- ның импульсті қоректену жүйелерін монтаждау. 7. Жабдықтарды, материалдарды сатып алу. ҚТМ дайындауды жалғастыру. 8. Жабдықтар мен материалдарды сатып алу. ҚТМ электр магнитті жүйесін құру. 9. Жабдықтар, материалдар сатып алу. Плазманы жоғары жиілікте қыздыру жүйесін құру жөнінде жұмыстарды жалғастыру. 10. Жабдықтар, материалдар сатып алу. Вакуумдық камераны қыздыру мен кондинцирлеу жүйесін құру. 11. Жабдықтар, материалдар сатып алу. Газ жіберу және плазманы сөндіру жүйесін құру. 12. Жабдықтар, материалдар сатып алу. КТМ кешені мен қондырғыларын салқындату жүйесін монтаждауды бастау. 13. Отын сатып алу. Инженерлік жүйелер мен жылытуды пайдалануды қамтамасыз ету, ҚТМ кешенін қорғау. Физикалық қорғаныш жүйесі. Іске қосу-жөндеу жұмыстары. Жүйені пайдалануға беру. 14. Пайдалану құжаттамаларын әзірлеу мен персоналды дайындауды жалғастыру. 15. Берілген пайдалану параметрлерін, разряд сценарийлерін қамтамасыз ету жөнінде нақтылау есептерін жүргізу және плазманы КТМ қондырғысының магниттік өрісінде ұстау. | қаңтар-жел- тоқсан қаңтар-қара- ша қаңтар-жел- тоқсан қаңтар-жел- тоқсан наурыз-жел- тоқсан қаңтар-жел- тоқсан сәуір-жел- тоқсан қаңтар-жел- тоқсан қаңтар-жел- тоқсан қаңтар-жел- тоқсан сәуір-жел- тоқсан сәуір-жел- тоқсан қаңтар-жел- тоқсан сәуір-жел- тоқсан қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ҚТМ кешенінің жүйелеріне арналған жұмыстық конструкторлық құжаттама. ҚТМ кешені ғимаратын қайта жаңарту. ҚТМ кешенін автоматтандырылған басқару жүйелерін, диагностика, вакуумдық айдау жүйелерін жасауды жалғастыратын жабдықтар мен материалдардың болуы. ҚТМ қондырғысының шлюздік құрылғысы. Электр магниттік жүйе мен қыздыру жүйесі және вакуумдық камераны кондиционерлеу. Іске қосылған сыртқы электрмен қамтамасыз ету жүйесі, жабдықтар мен материалдар (соның ішінде монтаждалған ЛЭП-220кВ, № 51 шағын станцияны қайта жаңғырту, күштік трансформаторларды монтаждау, ашық тарату қондырғысы, шағын станциясының электр байланысы); Жылу маусымына арналған отын, инженерлік жүйелерді, электрмен қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану және КТМ кешенін қорғау.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасында ғылымды қажетсінетін және ядролық технологияларды дамыту үшін қазақстандық Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын (ҚТМ) іске қосу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы үшін экономикалық тиімділік жаңа технологиялық укладтарды іске асыру, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, ғылым мен өндірістің алшақтығын жою, инновациялық қызметті ынталандыру арқылы жүзеге асырылады.
Уақтылығы: жасалған шарттарға қарай жұмыстардың жоспар-кестелеріне сәйкес.
Сапа: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
309-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ауыр
иондарды жеделдету негізінде пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенін құру"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 617840 мың теңге (алты жүз он жеті миллион сегіз жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғылымды қажетсінетін озық технологияларды және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту үшін физика, химия және биология салаларында зерттеулер жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: физика, химия және биология салаларында ғылыми-технологиялық зерттеулер жүргізу үшін жабдықтар дайындау және ауыр иондарды үдеткіш базасында пәнаралық ғылыми-зерттеу орталығының құрылысын аяқтау жөніндегі шарттарды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | | 7 |
1 | 006 | | Л.Н.Гуми- лев атындағы Еуразия ұлттық универси- тетінде ауыр иондарды жеделдету негізінде пәнаралық ғылыми- зерттеу кешенін құру | Мыналарға сәйкес іс-шараларды орындау ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 2-156/05 қорытындысы): 1) будаларды тасымалдау арналарымен ауыр иондардың министрлігі циклотронын жөндеу, тасымалдау, құрастыру және іске қосу; 2) ауыр көп зарядты иондардың инжектор- имплантаторын жөндеу, тасымалдау, құрастыру және іске қосу; 3) ғылыми- технологиялық зертханаларға арналған технологиялық жабдықтарды жөндеу, тасымалдау, құрастыру және іске қосу; 4) кешенді автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін зертханалық жиһаздар, жабдықтар, компьютерлік техникалар сатып алу; 5) ғимараттың құрылысын аяқтау, инженерлік жүйелердің пайдаланылуын қамтамасыз ету, кешенді жылыту және қорғау, тұтас ауыр иондардың үдеткіші негізінде пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенін іске қосу. | Қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже:
1. Жасалды, құрастырылды, жеткізілді және іске қосылды:
- салмағы 74 т., магниттерінің диаметрі 1.65 м., ДС-60 циклотроны үшін жабдық;
- ауыр иондардың жеделдетілген будаларын тасымалдау үшін арналар (2 арна);
- ЭЦР - көздері базасында ауыр көп зарядты иондардың инжектор-имплантаторы (тұтынылатын қуаты 150 кВт);
- жаңа материалдардың ғылыми-технологиялық зертханасы және атомдық физика және материалтану ғылыми-тәжірибелік зертханасы үшін тректік жарғақтар мен талдамалық жабдықтың тәжірибелік лектерін алуға арналған технологиялық жабдықтар.
2. Кешенге қызмет көрсету үшін 20 маман дайындалды.
3. Жалпы алаңы 3,5 мың шаршы метр пәнаралық ғылыми-зерттеу кешені ғимаратының құрылысы аяқталды,
- мамандандырылған талдамалы жабдықпен: №EC Corporashen фирмасының тәжірибелік физикалық камерамен; электронды микроскоптармен; спектрметриялық жабдық және зертханалық жиһазбен жарақтандырылған.
Түпкілікті нәтиже: физика, химия және биология салаларында зерттеулер жүргізу үшін, ғылымды қажетсінетін озық технологияларды және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту үшін ауыр иондардың үдеткіш базасында пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенін пайдалануға қосу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: базалық қондырғылар мен қазіргі техникаларды қолдану арқылы ғылыми-зерттеу институттары үшін ғылыми-инженер кадрларының практикалық дайындықтарының мүмкіншілігі, сондай-ақ ғылымды қажетсінетін озық технологияларды және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту үшін ғылыми тәжірибелер жүргізу.
Уақытылығы: жұмыстардың жоспар-кестесі мен жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
310-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Курчатов қаласында "Ядролық технологиялар паркі" технопаркін құру"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1100000 мың теңге (бір миллиард бір жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы № 832 қаулысымен "Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамын құру туралы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ядролық энергетика саласында жаңа технологиялар мен жоғары технологиялық әзірлемелерді құру және енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жоғары технологиялық әзірлемелерді нарыққа шығаруды қамтамасыз ету үшін осы заманғы инфрақұрылым құруды, оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізуді, жаңа технологияларды дамыту және Курчатов қаласының қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуді қамтамасыз ететін "Ядролық технологиялар парк" АҚ-ның жарғылық капиталын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Курчатов қаласында "Ядролық техноло- гиялар паркі" техно- паркін құру | "Ядролық техноло- гиялар паркі" технопаркін құру үшін, "Ядролық технологиялар паркі" АҚ-тың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, ядролық реакторлық кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді бастау үшін және әкімшілік- өндірістік сектор ғимаратының құрылысын бастау үшін "Ядролық технологиялар паркі" АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту. | Қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
"Ядролық технологиялар паркі" АҚ-тың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, инженерлік іздеулер, жобалауға арналған тапсырма, инженерлік коммуникацияларға жобаланатын объектілерді қосудың техникалық жағдайлары, сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
радиациялық технологиялар кешенінің ЖСҚ 1-сатысы;
жобаның паспорты, ортақ түсіндірме жазба, объектінің бас жоспары, технологиялық шешімдер, өндірісті және кәсіпорынды басқару, сәулет-құрылыс шешімдері, инженерлік жабдық, желілер мен жүйелер, құрылысты ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары, ядролық реакторлық кешен жобасының төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралары;
сыртқы инженерлік және коммуникациялық желілерге, кіреберіс жолдарға, жолдарға жұмыстарының басталуы;
бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес әкімшілік-өндірістік секторы құрылыстарының басталуы.
Түпкілікті нәтиже: "Ядролық технологиялар паркі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту ядролық энергетика саласында инновациялық технологияларды дамытуға мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жарияланған акциялардың санын көбейту.
Уақтылығы: жоспар-кестеге сәйкес.
Сапасы: орындалған жұмыстардың құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
311-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Уран кеніштерін тұмшалау және жою, техногендік қалдықтарды көму"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 700507 мың теңге (жеті жүз миллион бес жүз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Уранкентарату" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1311 қаулысы; "Уран өндіруші кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын әзірлеу салдарын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 шілдедегі № 1006 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: таратылатын уран өндіруші кәсіпорындар аудандарындағы тұрғындар мен қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: уран кеніштерін консервациялау және жою, аумақты шұрайландыру және кеніштердің өнеркәсіптік алаңдары мен оған жалғасып жатқан аумақта орналасқан техногендік уран қалдықтарын көму.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Уран кеніштерін тұмшалау және жою, техноген- дік қалдық- тарды көму | 1. Шығыс кенішін (Бота бұрым және Жосалы кен орындарын) жоюды аяқтау. 2. Балқаш Дергачев, Ольгин және Аққан-Бұрлық кен орындарының өнеркәсіптік алаңдарын тарату - жұмысты жалғастыру. 3. Батыс кенішін жою (Қызыл сай кен орны) - жұмысты бастау. 4. № 8 РУ-3 және № 12 РУ-5 консерва- цияланған уран кеніштерін қорғау. 5. 2001-2010 жылдарға арналған уран кен орындарын әзірлеу салдарынан уран өндіруші кәсіпорындарды консервациялау және тарату, бағдарламаларды (бұдан әрі - Бағдарламалар) іске асыру процесі және шеңберінде орындаудағы қажеттілік туындаған қосымша жұмыстар. | Қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
1) Шығыс кенішін (Бота-Бұрым және Жосалы кен орындары) таратуды аяқтау. Объект таратылады және ведомствоаралық комиссияға тапсырылады.
2) Балқаш, Дергачев, Ольгин және Аққан-Бұрлық кен орындарының өнеркәсіптік алаңдарын тарату - жұмыстың жалғасуы: орындалған жұмыс көлемі - жұмыс жобасына сәйкес объектінің жалпы сметалық құнынан 80% аспайды.
3) Батыс кенішін (Қызылсай кен орнын) тарату - жұмыстың басталуы. Орындалған жұмыс көлемі - жұмыс жобасына сәйкес объектінің жалпы сметалық құнынан 20% аспайды.
4) № 8 РУ-3 және № 12 РУ-5 консервацияланған уран кеніштерін қорғау.
5) Бағдарламаларды орындау процестері мен шеңберінде қажеттілік туындаған қосымша жұмыстар орындалды.
Түпкілікті нәтиже: Жұмыс аяқталғаннан кейін аймақтың радиациялық ластану деңгейі жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жобалық көрсеткіштерді жоғарлатпау керек.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жобаны бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманың құнының шегінде іске асыру.
Уақтылылығы: күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес.
Сапасы: жобаларға сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
312-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Қарағанды көмір бассейнінің шахталарын жабу"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 533499 мың теңге (бес жүз отыз үш миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қарағандыкөмір" мемлекеттік холдингтік компаниясының құрылымын қайта ұйымдастыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 1 қарашадағы № 1415 қаулысы; "Қарағанды көмір бассейнінің тиімсіз шахталарын одан әрі жабу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қыркүйектегі № 1479 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жабылатын газы мол шахталардан болуы мүмкін жағымсыз әсерлерден Қарағанды облысы тұрғындарының өмір тіршілігін қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз ету және кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді шұрайландыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қарағанды көмір бассейнінің шахталарын тарату жөніндегі техникалық іс-шараларды орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Қарағанды көмір бассейні- нің шахталарын жабу | "Қарағанды көмір" АҮАҚ № 1 шахталарын жабу: 1) тарату жұмыстарын жүргізу; 2) жалпы шахталық және басқа шығындар; 3) жобалау- іздестіру жұмыстары. 2. "Қарағанды көмір" АҮАҚ № 2 шахталарын жабу: 1) тарату жұмыстарын жүргізу; 2) жалпы шахталық және басқа шығындар; 3) жобалау-іздестіру жұмыстары. 3. "Қарағанды көмір" АҮАҚ № 3 шахталарын жабу: 1) тарату жұмыстарын жүргізу; 2) жалпы шахталық және басқа шығындар; 3) жобалау-іздестіру жұмыстары. 4. "Арман" ЖШС № 1 шахталарын жабу: 1) тарату жұмыстарын жүргізу; 2) жалпы шахталық және басқа шығындар; 3) жобалау-іздестіру жұмыстары. | Қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |