Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының
шығындарын өтеу және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер
көрсету ережелері мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге
асыратын ақылы қызметтерден түскен қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 965 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 Қаулысымен күші жойылды
«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының шығындарын өтеу ережесі;
2) Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету ережесі және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтерден түскен қаражатты пайдалану тәртібі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қазандағы
№ 965 қаулысымен
бекітілген
Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының
шығындарын өтеу ережесi
Осы Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының шығындарын өтеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген және бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының шығындарын өтеу тәртібін айқындайды.
Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде олардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсеткені үшін жүзеге асырылады.
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін медицина ұйымдарының шығындарын өтеу мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
мемлекеттік медициналық мекемелер жеке қаржыландыру жоспары бойынша;
мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары осы Ережемен белгіленген денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шарттық негізде;
бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін және жан басына шаққандағы норматив бойынша бекітіліп берілген халқы бар ұйымдар.
Шығындарды өтеу медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асыратын, көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Күрделілерді қоспағанда, медицина ұйымдарына, медицина ұйымдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметіне байланысты шығындардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық түрлері өтеледі.
Мемлекеттік медицина ұйымдарының күрделі шығындары Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстары экономикалық жіктемесінің тиісті ерекшелігі бойынша күрделі трансферттер түрінде өтеледі.
1. Меншік нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар,
бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарының
шығындарын жан басына шаққандағы норматив бойынша өтеу
1. Жан басына шаққандағы норматив - медициналық қызметтердің нақты көлемін қамтамасыз ету үшін жыл сайын бір адамға есептеліп, қайта қаралатын шығындардың белгіленген нормасы. Жан басына шаққандағы норматив бір тұрғынға белгіленеді.
Ауылдағы денсаулық сақтаудың ерекшелігін, қызмет көрсету учаскесінің географиялық қашықтығын, ауылдық елді мекендегі халық тығыздығының төмендігін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін (бұдан әрі - БМСК) ауылдық және қалалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін жан басына шаққандағы нормативті жеке белгілеуі мүмкін.
2. БМСК-нің қаржыландыру көлемі тұрғындардың санын қызмет көрсетілетін аумақтың жан басына шаққандағы нормативіне және жынысы-жасын түзету коэффициентіне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша есептелінеді:
мұнда: К қарж. = С тұрғ.хЖ норма.х Ж коэфф.,
К қарж. - БМСК ұйымын қаржыландыру көлемі;
С тұрғ. - бекітілген тұрғындардың саны;
Ж норма. - жан басына шаққандағы норматив;
Ж коэфф. - жынысы-жасы бойынша түзету коэффициенті.
Жынысы-жасы бойынша түзету коэффициенті - бұл, тұрғындардың жынысы-жасы бойынша әр түрлі санатына медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылықтарды ескеретін коэффициент.
Жынысы-жасы бойынша түзету коэффициенттерін қолдануды және есептеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Меншік нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар
консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін медицина ұйымдарына
шығындарды тарификатор бойынша өтеу
3. Тарификатор - тәулік бойы медициналық қадағалаусыз көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер тізбесі.
Тарификатордың негізгі экономикалық көрсеткіші нақты қызмет құнының қызметтердің барлық түрінің орташа құнына қатынасын көрсететін қызметтердің шығын көлемінің коэффициенті болып табылады.
4. Қызметтердің шығын көлемі коэффициенттерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Консультациялық-диагностикалық қызмет көрсету үшін қаржыландыру көлемі қызметтердің шығын көлемі коэффициентін тарификатордың базалық тарифіне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда: К қарж. = К ш. x Б т.,
К қарж. - консультациялық-диагностикалық қызмет көрсету үшін қаржыландыру көлемі;
К ш - қызметтердің шығын көлемі коэффициенті;
Бт - тарификатордың базалық тарифі.
6. Жоспарланған жылға арналған бағдарламалардың әкімшісі консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдарда көрсетілген қызметтер үшін базалық тарифті консультациялық-диагностикалық көмекке көзделген, шығыстар нормативтері негізінде есептелген мемлекеттік бюджет қаражатын жоспарланған қызметтер санына бөлу жолымен, қызметтер шығыны көлемінің коэффициентін ескере отырып немесе мынадай формула бойынша айқындайды:
мұнда: Бт = К қаражат /(Жс х К ш.ор.),
К қаражат - консультациялық-диагностикалық көмекке көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты;
Жс - консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдардағы қызметтердің жоспарланған саны;
Кш.ор - барлық жоспарланған қызметтер бойынша шығын көлемінің орташа коэффициенті.
Барлық жоспарланған қызметтер бойынша шығын көлемінің орташа коэффициенті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әдістемелеріне сәйкес айқындалады.
3. Меншік нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар
стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың шығындарын
клиникалық-шығындық топтар бойынша өтеу
7. Клиникалық-шығындық топтар (бұдан әрі - КШТ) - аурулардың, оларды емдеуге жұмсалған шығындар бойынша ұқсас, клиникалық біртекті топтары.
КШТ-тың негізгі экономикалық параметрі аурудың осы тобының шығындарының барлық топтар бойынша орташа шығындарға қатынасын көрсететін, шығын көлемінің коэффициенті болып табылады.
Аурулардың топтары бойынша шығын көлемінің коэффициентін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
8. Клиникалық-шығындық топтар бойынша емделіп шыққан жағдайды қаржыландыру көлемі шығын көлемі коэффициентін стационарлық көмекті қаржыландырудың базалық ставкасына және стационар деңгейі коэффициентіне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда: К қарж. = К шығ. х Б стац. x К дең.,
К қарж.- клиникалық-шығындық топтар бойынша емделіп шыққан жағдайды қаржыландырудың көлемі;
К шығ.- шығын көлемі коэффициенті;
Б стац. - стационарлық көмекті қаржыландырудың базалық ставкасы;
К дең. - стационар деңгейінің коэффициенті.
Бюджеттік жылға арналған бағдарламаның әкімшісі стационарлық көмекті қаржыландырудың базалық ставкасын стационарлық көмекке көзделген, шығыстар нормативтері негізінде есептелген мемлекеттік бюджет қаражатын емделіп шыққан жағдайдың жоспарланған санына шығын көлемі коэффициентін ескере отырып бөлу жолымен немесе мынадай формула бойынша айқындайды:
мұнда: Б стац. = К қарж/ (Жс x Кш.ор.),
Қ қаражат - стационарлық көмекке көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты;
Ж с - емделіп шыққан жағдайдың жылдық жоспарланған саны;
К ш.ор. - жоспарланған жағдайлардың шығындары көлемінің орташа коэффициенті.
Жоспарланған жағдайлардың шығындары көлемінің орташа коэффициенті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әдістемелеріне сәйкес айқындалады.
Науқасты емдеуге және науқасты ауруханашілік ауыстырған жағдайларда жұмсалған шығындарды өтеу бір рет емделу жағдайы ретінде жүзеге асырылады.
Емделіп шығу жағдайы - емдеу-алдын алу, оңалту, консультациялық немесе диагностикалық көмек көрсетуді есепке ала отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық стандарттарға сәйкес көмекке жүгінген сәттен бастап ауруды емдеп шыққанға дейін стационарлық жағдайда емделушіге көрсетілген медициналық қызметтердің кешені.
Науқастарды тексеру процесінде негізгі диагнозы расталмаған немесе мамандандырылған медицина ұйымына ауыстыруды талап ететін басқа аурулары анықталған науқастарды емдеу аяқталмай жұмсалған шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Стационарды алмастыратын медициналық көмектің түрлерін көрсету кезінде шығындарды өтеу науқастарды дәрімен тегін қамтамасыз ету ескеріле отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әдістемесіне сәйкес емделу жағдайы үшін жүзеге асырылады.
Стационарлық көмектің шекті көлемін жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару органдарының ұсынысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
4. Есеп беру тәртібi
9. Бастапқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек көрсететін ұйымдар шығындарды өтеу үшін бағдарламаның әкімшісіне ай сайын белгіленген мерзімде 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес есеп-тізілімдерін береді.
10. Есеп-тізілімдерді төлеу үшін 4-қосымшаға сәйкес жұмыстарды (қызметтерді) қабылдау актісі жасалады.
11. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын медицина ұйымдары бюджет қаражатын пайдаланғаны туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен және нысан бойынша бағдарламалар әкімшілеріне есеп береді.
Бюджет қаражатының
есебінен ұсталатын медицина
ұйымдарының шығындарын
өтеу ережесіне 1-қосымша
Ведомстволық статистикалық есеп беру
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.
№ 1-нысан ОДА
Ай сайын
Денсаулық сақтау ұйымдары бағдарламалардың әкімшісіне есепті кезеңнен кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей ұсынады
Кімге ұсынылады ___________________________________________________
(атауы)
___________________________________________________________________
(алушының мекен-жайы)
Әкімші ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кәсіпорын, мекеме, ұйым ___________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
___________________________________________________________________
Меншік нысаны _____________________________________________________
Негізгі қызмет түрі _______________________________________________
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың
есеп-тізілімi
Есепті кезең
№ | Ұйымның атауы | Жан басына шаққандығы норматив (теңге) | Бекітілген тұрғындардың саны | Төлеуге ұсынылады |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жиынтығы
___________________________________________________________________
Бас дәрігер (директор) ________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
М.О. Бас бухгалтер _________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
20__ ж. "__"________
Бюджет қаражатының
есебінен ұсталатын медицина
ұйымдарының шығындарын
өтеу ережесіне 2-қосымша
Ведомстволық статистикалық есеп беру
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.
№ 1-нысан КДК
Ай сайын
Денсаулық сақтау ұйымдары бағдарламалардың әкімшісіне есепті кезеңнен кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей ұсынады
Кімге ұсынылады ___________________________________________________
(атауы)
___________________________________________________________________
(алушының мекен-жайы)
Әкімші ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кәсіпорын, мекеме, ұйым ___________________________________________
___________________________________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
___________________________________________________________________
Меншік нысаны _____________________________________________________
Негізгі қызмет түрі _______________________________________________
Консультациялық-диагностикалық қызмет көрсететін ұйымдардың
есеп-тізілімi
Есепті кезең ______________________________________________________
Базалық тариф _____________________________________________________
№ | Тарификатор бойынша кодтау | Қызметтердің саны | Шығын көлемі коэффициенті | Базалық салмақ коэфициенттері орындалуы | Төлеуге ұсынылады |
коды | кіші коды |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жиынтығы
__________________________________________________________________
Бас дәрігер (директор) ________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
М.О. Бас бухгалтер _________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
20__ ж. "__"________
Бюджет қаражатының
есебінен ұсталатын медицина
ұйымдарының шығындарын өтеу
ережесіне 3-қосымша
Ведомстволық статистикалық есеп беру
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.
№ 1-нысан СК
Ай сайын
Денсаулық сақтау ұйымдары бағдарламалардың әкімшісіне есепті кезеңнен кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей ұсынады
Кімге ұсынылады ___________________________________________________
(атауы)
___________________________________________________________________
(алушының мекен-жайы)
Әкімші ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кәсіпорын, мекеме, ұйым ___________________________________________
___________________________________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
___________________________________________________________________
Меншік нысаны _____________________________________________________
Негізгі қызмет түрі _______________________________________________
Стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың есеп-тізілімi
Есепті кезең ______________________________________________________
Базалық тариф _____________________________________________________
№ | Бөлімшенің атауы | Барлық науқастардың (емделіп шыққаны қайтыс болғаны) саны | № КШТ | Салмақ коэффициенті | Базалық ставканың саны | Төлеуге ұсынылады |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
__________________________________________________________________
Жиынтығы __________________________________________________________________
Бас дәрігер (директор) ________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
М.О. Бас бухгалтер _________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
20__ ж. "__"________
Бюджет қаражатының
есебінен ұсталатын медицина
ұйымдарының шығындарын өтеу
ережесіне 4-қосымша
Жұмысты (қызметті) қабылдау актісi
Медицина ұйымының атауы ___________________________________________
Есепті кезең ______________________________________________________
Жұмыстың (қызметтің) атауы | Төлеуге ұсынылады, мың теңге | Төлеуге қабылданды, мың теңге |
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек
____________________________________________________________________
Консультативтік-диагностикалық қызмет
____________________________________________________________________
Стационарлық көмек
____________________________________________________________________
Ескертпе____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бағдарлама әкімшісі Медицина ұйымы
Лауазымы______________ Лауазымы________________
Аты-жөнi______________ Аты-жөнi________________
Қолы__________________ Қолы____________________
м.о. м.о.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қазандағы
№ 965 қаулысымен
бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету ережесі және
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы
қызметтерден түскен қаражатты пайдалану тәртібi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету ережесі және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтерден түскен қаражатты пайдалану тәртібі (бұдан әрі - Ереже) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртібі мен оларды көрсетуден түскен қаражатты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының пайдалануы тәртібін айқындайды.
2. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтініш жасаған сәттен бастап оларға ақылы қызметтердің уақтылы әрі сапалы көрсетілуіне заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.
3. Ақылы қызметтер Қазақстан Республикасының азаматтарына, олардың тұрғылықты жеріне қарамастан шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - емделушілер) көрсетіледі.
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (бұдан әрі - ТМККК) - Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін медициналық көмектің бірыңғай көлемі;
ақылы қызметтер - ТМККК тізбесіне кірмейтін және халықтың жеке қаражаты, жұмыс берушінің, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден ақы төленетін қызметтер;
негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттардың тізімі - қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша қолданыстағы ұқсастарының алдында артықшылықтары бар, ауруларды емдеу кезінде мейлінше жиі қолданылатын және ТМККК шеңберінде тегін дәрілік көмек көрсетуге арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттардың тізімі;
ақылы бөлімшелер (палаталар) - денсаулық сақтау ұйымдарындағы ТМККК тізбесіне кірмейтін медициналық қызметтерді ақылы негізде көрсетуге арналған бөлімшелер (палаталар).
Денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
2. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртібi
5. Денсаулық сақтау ұйымдары өздерінің Ақылы қызметтер көрсетуі туралы ережені (бұдан әрі - Ереже) бекітеді. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары ережені бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен келісім бойынша бекітеді. Ережеде мыналар болуға тиіс:
денсаулық сақтау ұйымдарының ақылы қызметтер көрсетуге құқығын регламенттейтін нормативтік құқықтық кесімдерге сілтемелер;
денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін, құны көрсетілген ақылы қызмет түрлерінің тізбесі;
бюджет қаражаты есебінен TMККК шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтер түрлерінің тізбесі;
ақылы медициналық қызметтер көрсететін медицина қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер;
ақылы қызметтер, оның ішінде стационарлық медициналық көмек пен сервистік қызметтер көрсету шарттары;
азаматтардың жекелеген санаттарына арналған жеңілдіктер туралы мәліметтер;
ақылы қызметтер көрсеткені - үшін есеп айырысу рәсімі;
ақылы қызметтер көрсету бойынша есеп пен есеп беруді жүргізу тәртібі;
ақылы қызметтер көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шарттары.
Ереже денсаулық сақтау ұйымдарының тіркеу орындарында, қабылдау бөлімшелерінде (бөлімдерінде) және барлық басқа бөлімшелерінде көрнекі ақпарат орындарына орналастырылады.
6. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету үшін дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің жеке штат бірліктері бөлінеді, оларды ұстау ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады. TMККК шеңберінде медициналық қызмет көрсететін медицина қызметкерлері ақылы қызметтер көрсетуге де қатыса алады.
Ақылы қызметтер көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шарттық негізде белгіленеді.
Емделушілердің талабы бойынша оларға ақылы қызметтер көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлерінің біліктілігін растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс.
7. Стационарларда ақылы негізде жатқызылған, сондай-ақ ТМККК шеңберінде ем алатындарға ТМККК тізбесіне кірмейтін медициналық қызметтер көрсеткені үшін ақылы қызметтер көрсетіледі.
8. ТМККК шеңберінде емдеуде жүрген емдеушілерге ақылы қызметтер көрсетудің әрбір жағдайы, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттардың тізіміне енгізілмеген дәрілік заттармен қамтамасыз ету медициналық құжаттамада (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 332 бұйрығымен бекітілген стационарлық науқастың 003/у нысаны медициналық картасы, 096/у нысаны бойынша босану тарихы, амбулаториялық науқастың 025/у нысаны бойынша медициналық картасы жүкті және босанатын әйелдердің 111/у нысаны бойынша жеке картасы, 004/1у нысаны бойынша дәрігерлік тағайындаулар парағы) көрсетілуге және негізделуге тиіс.
Емделушілерді негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізіміне енгізілмеген дәрілік заттармен қамтамасыз ету емделушінің жазбаша келісімімен ақылы негізде жүзеге асырылады.
9. Емделушілерді ақылы негізде емдеуге жатқызу денсаулық сақтау ұйымдарының ақылы бөлімшелерінде (палаталарында) жүзеге асырылады. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы бөлімшенің (палатаның) төсектерінің саны бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісім бойынша айқындалады.
Ақылы негізде емдеуге жатқызу кезінде емделушімен шарт жасалады, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарда болудың ережесі мен шарттары, емдеудің құны мен ақы төлеу тәртібі, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі көрсетіледі.