Қазақстан Республикасының кеме қатынасын дамытудың және ішкі су жолдарында
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 917 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кеме қатынасын дамытудың және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жыл сайын қаңтарда және шілдеде Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 917 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының кеме қатынасын дамытудың және ішкі су жолдарында
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007-2012 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Ішкі су көлігінің қазіргі жай-күйін талдау
3.1. Кеме қатынасы су жолдарының жай-күйін талдау
3.2. Қазіргі жүк-жолаушылар тасымалын талдау
3.3. Көлік флотының ағымдағы жай-күйін талдау
3.4. Мемлекеттік техникалық өзен флотының жай-күйін талдау
3.5. Кеме қатынасы шлюздерінің жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігi
5.1. Кеме қатынасын дамыту және 2012 жылға дейін күтілетін тасымалдар көлемi
5.2. 2007-2012 жылдарда мемлекеттік техникалық өзен флотының
кемелерін ауыстыру және қосымша санын сатып алу
5.3. Кеме жөндеу - кеме салу кәсіпорындарын дамыту
5.4. Құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру
5.5. Кеме қатынасы шлюздерінің құрылыстары мен жабдығын қайта жаңарту және жаңғырту
5.6. Қоршаған ортаны қорғау
5.7. Кадр әлеуетін арттыру
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8. Қазақстан Республикасының кеме қатынасын дамыту және ішкі су
жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007 - 2012 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының кеме қатынасын
дамытудың және ішкі су жолдарында
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007-2012
жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшін "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгi
негіз көлік стратегиясы туралы" Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11
сәуірдегі № 86 Жарлығы және "Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы
1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске
асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық
жоспарын және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасын орындаудың желілік кестесi
туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы
Әзірлеушi Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігi
Бағдарламаның Халықтың және шаруашылық жүргізушi
мақсаты субъектілердің Қазақстан Республикасының өзен
көлігі көрсететін қызметтеріне қажеттілігін
қанағаттандыру үшін ішкі су жолдарын кеме
қатынасы үшін қауіпсіз жағдайда ұстау арқылы
ішкі су жолдары бойынша кеме қатынасын дамыту
Бағдарламаның Қазақстанның өзен көлігін дамыту;
міндеттері өзен көлігімен жолаушылар мен жүктердi
тасымалдауды жүзеге асыру кезінде кеме
қатынасы су жолдарының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
санын 163 бірлікке дейін жеткізумен
мемлекеттік техникалық өзен флотының кемелерін
кезең-кезеңмен ауыстыру және жаңғырту;
су жолдарын кеме жүзетін жай-күйде ұстау
жөніндегі іс-шараларды іске асырумен
байланысты қызметтер құнын төмендету;
кеме қатынасы шлюздерінің құрылыстары мен
жабдығын қайта жаңарту және жаңғырту
Iске асыру мерзімi 2007-2012 жылдар
Қаржыландырудың Бағдарламаның жалпы құны республикалық
қажетті ресурстары бюджеттен 16 693,7 млн. теңгені құрайды,
мен көздері соның ішінде: 2007 жыл - 1 831,0 млн. теңге;
2008 жыл 2 713,6 млн. теңге; 2009 жыл
- 2 823,0 млн. теңге; 2010 жыл - 3 006,7 млн.
теңге; 2011 жыл - 3163,9 млн. теңге; 2012 жыл
- 3 155,9 млн. теңге.
Бұл ретте республикалық бюджеттен бөлінетін
жыл сайынғы қаражат көлемі тиісті жылға
бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын
болады
Күтілетін нәтижелер Қазақстанның өзен көлігін дамыту және жүк
тасымалдау көлемін 7 млн. тоннаға дейін
ұлғайту;
өзен көлігімен жолаушылар мен жүктердi
тасымалдауды жүзеге асыру кезінде кеме
қатынасы су жолдарының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
мемлекеттік техникалық өзен флотының
кемелерін олардың санын 163 бірлікке дейін
жеткізумен кезең-кезеңмен ауыстыру және
жаңғырту;
кеме қатынасы шлюздерінің құрылыстары мен
жабдықтарын қайта салу және жаңғырту;
су жолдарын кеме жүзетін жағдайда ұстау
жөніндегі іс-шараларды іске асырумен
байланысты қызметтер құнын төмендету.
2. Кіріспе
Қазақстан Еуропа мен Азия тоғысқан жерде орналасқандықтан едәуір транзит-көлік әлеуетіне ие болып отыр және халықаралық көлік дәліздерінің дамуымен су көлігін пайдаланудың тиімділігі кеме қатынасы үшін жасалатын жағдайларға тікелей байланысты.
Осы Қазақстан Республикасының кеме қатынасын дамытудың және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасы «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығының және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысының негізінде әзірленген.
Бағдарлама ішкі су көлігі саласының қазіргі жай-күйін талдаудың нәтижелеріне негізделеді және оны одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Бағдарламаны іске асыру кеме қатынасы су жолдарын және шлюздерді күтіп ұстаудың сапасын жоғарылатуға, су объектілерінің экологиялық жүйесіне теріс жүктемені төмендетуге, жүк көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ круиздік туристтік бағыттарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
3. Ішкі су көлігінің қазіргі жай-күйін талдау
3.1. Кеме қатынасы су жолдарының жай-күйін талдау
«Cу объектілерін кеме жүзетін су жолдары санатына жатқызу ережесін және кеме жүзуі үшін ашық кеме жүретін су жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 105 қаулысымен кеме жүзуі үшін ашық кеме жүретін су жолдарына мыналар жатқызылған:
Қара Ертіс өзені (Қытай Халық Республикасымен шекарадан) - Зайсан көлі - Бұқтырма, Өскемен және Шульба су қоймаларымен Ертіс өзені (Ресей Федерациясымен шекараға дейін);
Қытай Халық Республикасының шекарасынан Қапшағай ГЭС бөгетіне дейін Қапшағай су қоймасымен Іле өзені;
Жайық-Каспий арнасы;
Балқаш көлі;
Петропавл су қоймасының бөгетінен Ресей Федерациясымен шекараға дейін Есіл өзені;
Қиғаш өзенінің Қазақстан Республикасының аумағындағы учаскесі (Волга өзенінің сағасы);
Ресей Федерациясымен шекарадан оның сағасына дейін Жайық өзені;
Қызылорда қаласы мен паром өткелдерінің ауданындағы Сырдария өзені.
Р/с № | Кеме қатынасы бассейндерінің атауы | Кеме жүзетін су жолдары санатына жатқызылған су жолдарының ұзындығы (км) | Кеме қатынасы навигациялық құралдармен қамтамасыз етілген қызмет көрсетілетін су жолдарының ұзындығы (км) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Ертіс өзені | 1718 | 1718 |
2 | Жайық-Каспий каналымен Жайық өзені | 1173 | 956 |
3 | Қапшағай су қоймасымен Іле өзені | 350 | 330 |
4 | Балқаш көлі | 978 | 978 |
5 | Есіл өзені | 50 | - |
6 | Сырдария өзені | 5 | - |
7 | Қиғаш өзені | 162 | - |
| Барлығы | 4436 | 3982 |
Ішкі су жолдары жалпы пайдаланымдағы жолдар болып табылады және олар мемлекеттік меншікте. Оларды күтіп ұстауды және пайдалануды республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік тапсырысқа сәйкес, Өскемен, Семей, Павлодар, Орал, Атырау, Қапшағай және Балқаш қалаларында орналасқан жеті республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорындары жүзеге асырады.
Ішкі су жолдарын күтіп ұстау Қазақстан Республикасының Су Кодексімен, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі. Су жолдарының барлық учаскелерінің және шлюздердің өткізу қабілеті қазіргі уақыттағы көлемде жүк тасымалын жүзеге асыруға мүмкіндік береді және оның ұлғайюы үшін жеткілікті резерві бар.
Қазақстан Республикасының су жолдары мынадай тәртіпте жіктеледі:
«О» санатындағы бассейндерге Балқаш, Зайсан көлдері; Қапшағай, Бұқтырма су қоймалары жатады;
«Р» санатындағы бассейндерге Өскемен, Шульба су қоймалары жатады;
«Л» санатындағы бассейндерге Ертіс, Қара Ертіс, Жайық, Іле, Есіл, Сырдария өзендері, өзге де каналдар мен өзендер жатады.
Жайық, Іле, Есіл, Сырдария өзендеріндегі кеме жүзудің көлемінің жай-күйі бассейндердегі табиғи су көлемімен, Ертіс өзенінде Бұқтырма, Өскемен және Шульба су қоймаларынан ГЭС-тың төменгі бъефтеріне су өткізу мөлшерімен белгіленеді. Су өткізу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының сипаттамасы:
Ертіс өзені:
Қытай Халық Республикасының шекарасынан Ресей шекарасына дейін қашықтығы 1718 км кеме жүзетін санатына жатады. Қара Ертіс өзені ҚХР-дан басталады, Бұрғымадан Зайсан көліне дейін кеме жүзеді, тереңдігі 100 см-ге дейін. Зайсан көлі Өскемен су қоймасымен жалғасатын Бұқтырма су қоймасымен қосылады. Өзенде және су қоймаларында кеме жүзу көлемі шектелмеген. Өскемен ГЭС-інен Өскемен портына дейін 10 км, кеме жүзу тереңдігі 210 см. Өскемен портынан Шульба су қоймасының сыналау аймағына дейін 124 км, Ертіс өзенінің бос учаскесі Yлбі өзенінің зор құйылуымен. Ертіс өзенінің осы учаскесінің тереңдігі 105 см. Одан әрі ұзындығы 50 км Шульба су қоймасы бар, оған Уба өзені қосылады. Шульба ГЭС-інен Семейге дейін 75 км, тереңдігі 105 см. ГЭС-тен төмен кеме жүзу тереңдігінің жай-күйі, негізінде, ГЭC-тың төменгі бъефтеріне Бұқтырма, Өскемен және Шульба су қоймаларын пайдалану ережесінде белгіленген су өткізу көлемімен анықталады. Өткізу көлемі жиі бұзылады, бұл кеме жүзуінің күрт нашарлауына әкеледі және кемелердің аварияға ұшырауына алғышарттар жасайды. Бұл жағдай қолда бар техникалық құралдармен тереңдетілмейтін түбі тасты қайрандары бар бірқатар учаскелердің (Семей-Майск учаскесінде 19 учаске бар) бар болуы қиындыққа соқтырады. Семейден Павлодарға дейін 463 км, тереңдігі 145 см. Өзенге тән көрсеткіш - Семей - Павлодар учаскесі үшін судың реттелуіне дейін арна құрастыру шығысы - 2 950 м3/сек, реттелгеннен кейін барлығы - 750 м3/сек, бұл кеме қатынасы жағдайын күрт және едәуір нашарлатады, оның нәтижесінде осы учаскеде 1992 жылдан бастап тереңдіктер навигацияда 90 күннен астам кепілді тереңдіктерден төмен болады. Павлодардан Ресеймен шекараға дейін 381 км, тереңдігі 190 см.
Ертіс өзенінде су жолдарын күтіп ұстауды және гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердің) техникалық жай-күйін қамтамасыз етуді үш республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорындары жүзеге асырады, олар:
Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны ҚХР шекарасының Боран станциясынан Шульба ГЭС-іне дейін ұзындығы 796 км учаскесінде кеме қатынасы жағдайын, соның ішінде кемелердің төрт камералы Бұқтырма, бір камералы Өскемен және Шульба шлюздері арқылы өтуін қамтамасыз етеді.
Семей республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны Шульба ГЭС-інен Майскке дейін ұзындығы 298 км учаскесінде кеме қатынасы жағдайын қамтамасыз етеді.
Павлодар республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны Майсктен Клинге дейін ұзындығы 634 км учаскесінде кеме қатынасы жағдайын қамтамасыз етеді.
Жайық өзені:
Пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының ұзындығы 956 км.
Жайық өзені Орал қаласынан Атырау қаласына дейін Каспий маңы ойпатының шегінде орналасқан, ұзындығы 816 км. Тереңдігі Оралдан Индерге дейін 100 см, Индерден Атырауға дейін 120 см. Өзен маңындағы жердің бедері Көшім станциясына дейін басым толқынды. Төменірек, теңізге дейін жазық, сәлірек қиылысқан. Жайық өзені су бетінің еңістігі 0,07о.
Жайық өзенінің арнасы көрінетін меандрлармен иректі (иректілік коэффициенті 1,5-2,0). Калмыков кентінен төмен иректілік айтарлықтай азаюда. Ені 80 метрден 220 метрге дейін ауыспалы. Терең сулардағы тереңдік 2-6 метр, жекелеген жерлерде 8-12 метр. Қайраңдардың орташа тереңдігі 1-2 метр, кей жерлерде 0,4-0,8 метрге дейін төмендеуде. Терең су сағаларында ағын жылдамдығы 0,25-0,60 м/сек. Атырау қаласына дейін ағын бойынша жылдамдық 0,15-0,30 м/сек құрайды.
Жағалаулар биік жарлардан және құмды қайрандардан құралған. Жағалаулар биіктігі жоғарғы бөлігі 5-8 метрден төменгі бөлігі 4-5 метрге дейін өзгереді. Жағалаулар террасалардың сағаларымен немесе аңғарлардың жергілікті жағалауларымен түйісу жерлерінде өзен жағалауы биіктігі 10-20 метрге дейін жетеді.
Атыраудан Каспий теңізіне дейін Жайық-Каспий каналы бар, ұзындығы 56 км, соның ішінде өзен бөлігі 34,5 км және теңіз бөлігі 21,5 км.
2005 жылы Жайық-Каспий кеме қатынасы каналын қайта жаңарту бойынша жұмыстар аяқталып, ол пайдалануға берілді, ол бұрын болмаған жүк тасымалы көлемін 160 мың тоннаға дейін жеткізуге және мұнай шельфін өндіруді жүргізетін компанияларды тұрақты көлікпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Атырау сағалық портына дейін кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Сонымен бірге, каналды пайдалану жай-күйінде ұстау үшін болып жатырған арналық қайта құрылымдауды ескере отырып, жыл сайын жөндеу түбін тазарту жұмыстарын жүргізу қажет.
Жайық өзенінде кеме қатынасы су жолдарын күтіп ұстауды екі республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорындары жүзеге асырады, олар:
Орал республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны Рубежка кентінен Индер кентіне дейінгі учаскеде ұзындығы 623 км кеме қатынасы жағдайын қамтамасыз етеді;
Атырау республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны Горы кентінен Жайық-Каспий каналының (теңіз бөлігі) шыға берісіне дейінгі учаскеде ұзындығы 333 км кеме қатынасы жағдайын қамтамасыз етеді.
Iле өзені:
Кеме қатынасы жолдарының ұзындығы 350 км, ҚХР-дың шекарасынан Қапшағай ГЭС-іне дейін. Соның ішінде 240 км табиғи өзен және 110 км Қапшағай су қоймасы. Қойманың жобалық деңгейге дейін толмауына байланысты су деңгейі төмендеген кезде қоймада кеме қатынасын қиындыққа соқтыратын сыналау аймағында таяз жал қалыптасқан, оның түбін тұрақты тазарту жұмыстарын жүргізу қажет. Өзен арнасы майда құмнан тұрады, онда айтарлықтай өзгерістер болады, сондықтан өзеннің түбін тереңдету жөніндегі жер қазу жұмыстары тиімсіз болып отыр.
Навигация наурыздың аяғында сәуірдің басында тек таудағы қарлардың еруі кезінде көтерілетін өзендегі төмен деңгейге және аз тереңдікке байланысты басталады. Жоғарыда келтірілген себептер бойынша барынша бар тереңдіктер навигациялық қоршау белгілерінің орнын ауыстыру арқылы ғана қамтамасыз етіледі.
Іле өзенінде кеме қатынасы су жолдарын күтіп ұстауды Қапшағай су қоймасынан Дубунь кентіне дейін ұзындығы 330 км учаскеде Iле республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны жүзеге асырады.
Есіл өзенi:
Кеме қатынасы су жолының ұзындығы 50 км Петропавл қаласы ауданында. Жергілікті көлік тасымалдарын жүзеге асыратын «Есілөзенфлоты» АҚ-тың механикаландырылған айлағы бар. Негізгі тасымалдау жүгі - өңірдің шаруашылық қажеттілігі үшін құм болып табылады.
Балқаш көлі:
Кеме қатынасы жолының ұзындығы 978 км құрайды. Навигация ұзақтығы 210 тәулік. Көлік бағыттарының негізгі міндеті балық өнімін аулауды және оны тасымалдаумен байланысты.
Балқаш көлінде кеме қатынасы су жолдарын күтіп ұстауды Балқаш республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта техникалық флоттың қажетті санының жоқтығына және оның техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге бюджет қаражатының жеткілікті бөлінбеуіне байланысты барлық бассейндерде жүргізілетін түбін тазарту және түбін тереңдету жұмыстарының, түзету жұмыстарының көлемдері ең төмен деңгейде, кеме қатынасы жағдайы жарықтандырылмайды, көптеген учаскелерде кеме жүзудің кепілді көлемдері ірі тоннажды флотты пайдалануды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
3.2. Қазіргі жүк-жолаушылар тасымалын талдау
Ертіс бассейнi
Ертіс өзені бойынша су көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер мыналар болған және болып табылады:
көмір;
орман;
оқшау материалдары (тасымалдау көлемінен 70%);
мұнай және мұнай өнімдері.
1991 жылы Ертіс бассейнінде 3 139 мың жолаушы тасымалданды, ал 2001 жылы жолаушылар тасымалының көлемі 31 мың жолаушыны құрады, яғни 1991 жылға қарағанда 100 есе аз.
Өңірде жүк-жолаушылар тасымалының күрт қысқартылуы саладағы жұмыс орындарының және, тиісінше, экономиканың ұқсас салаларында едәуір қысқаруына әкеп соқтырды. Флот біртіндеп консервацияға қойылды, ал тез пайда табу жолында металл сынығына тапсырылды, соның нәтижесінде флоттың бір бөлігі уақытынан бұрын кәдеге жаратылды. Жүк тасымалының азаюына байланысты флоттың талап етілмеген бөлігі сатылды немесе Ресейге ұзақ мерзімді жалға берілді. Жалдау мерзімі 2007 жылы өтуіне қарамастан, егер кеме қатынасы үшін қажетті жүк тасымалының көлемін ұлғайтуға ықпал ететін жағдай жасалмаса, осы флоттың Қазақстанға қайтып келмеуі мүмкін деген қауіп бар. Соның салдарынан кеме жасау және кеме жөндеу зауыттарының ірі қуаттары талап етілмеген болып қалды, олардың негізгі бөлігі кейіннен басқа өнім шығаруға қайта бағдарландырылды. Білікті кадрлар елдің және шетелдің басқа өңірлеріне табыс табуға көшті. Бұдан басқа, Шульба ГЭС-ін салуға байланысты 1987 жылы Ертіс өзені 17 жылға жабылған болатын, бұл Өскемен, Семей, Павлодар және Ресей қалалары арасында кеме қатынасының толық тоқтауына себеп болды және де Ертіс бассейнінің су көлігін дамытуға теріс әсер етті.