КҚБАЖ алдағы уақытта дамыту және жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында оны Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы кемелерді және порттық құрылғыларды қорғау және қазақстандық әскери ұйымдастыру-техникалық жағдайды бақылау элементтерімен сәйкес келетін "ашық" жүйе түрінде құру болжанып отыр.
КҚБАЖ қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықтау үшін шамамен 3121 млн. теңге инвестиция қажет, соның ішінде:
Ақтау портындағы КҚБАЖ - 500 млн. теңге;
Түпқараған шығанағындағы КҚБАЖ - 321 млн. теңге;
А.Бекович-Черкасский шығанағында КҚБАЖ - 400 млн. теңге;
Орал-Каспий бассейніндегі КҚБАЖ - 400 млн. теңге;
мұнай игеру аудандарында орналасқан жергілікті КҚБАЖ - 1500 млн. теңге.
Каспий теңізінің қазақстандық секторында ҚОБӨЖ құруды Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенция (COЛAC-74) талаптарына сәйкес, Ақтау, Баутино Құрық және Атырау порттарындағы құтқару операцияларын басқару жүйесін, сондай-ақ Каспий теңізінде Апат кезінде ауқымды теңіз байланыс жүйесін (ААТБЖ) құруын және қызмет істеуін қамтамасыз ететін байланыс құрылғысымен ретрансляциялық пунктерді қамтып жүзеге асыру қажет. ААТБЖ құралдарымен құтқару қызметтерінің кемелермен жедел байланысы адамдарды, кемелерді құтқару және авария шығындарын жою бойынша операцияларды тиімді жүргізуді қамтамасыз етеді.
Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын басқарудың өңірлік жүйесін қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықтауға шамамен 5040 млн. теңге қаржы қажет, соның ішінде:
Ақтау портының ҚОБЖ - 1800 млн. теңге;
Баутино, Құрық және Атырау портының ҚОБЖ - 720 млн. теңге;
Каспий теңізінің қазақстандық жағалауы бойынша 30 км қашықтықта біркелкі орналасқан ретрансляциялық пунктер - 720 млн. теңге;
сенсорлық кіші жүйе мен коммуникациялық инфрақұрылым - 1800 млн. теңге.
5.4. Теңіз көлігінің қажеттілігін кадрлық қамтамасыз ету жүйесін құру
Теңіз көлігі саласында мамандардың тапшылығы Қазақстан Республикасындағы кеме қатынасы компанияларының және теңіз порттарының қызметтеріне едәуір деңгейде әсер етеді. Осыған байланысты отандық теңіз флотын дамыту үшін басты мәселелердің бірі кадрлық қамтамасыз ету жүйесін құру болып табылады.
Теңіз мамандарын даярлау және қайта даярлау:
Тынышпаев атындағы Көлік және коммуникациялар академиясының, Әскери-теңіз академиясының және Семей көлік колледжінің және басқа да салалық оқу орындарының базасында жаңа мамандықтар енгізу және теңіз мамандықтары бойынша оқыту;
теңіз мамандықтары бойынша мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты (мемлекеттік білім беру гранттары) ұлғайту, оқытуды кредиттеу тетіктерін пайдалану;
кеме қатынасы компанияларының жүзу құрамын даярлаудан және қайта даярлаудан өткізу үшін теңіз оқу-тренажерлық орталығын құру;
қазақстандық мамандардың үкіметаралық келісімдер негізінде, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты есебінен шетелдің теңіз оқу орындарында оқуын өткізу жолымен іске асырылатын болады.
Көрсетілген іс-шараларды іске асырғанға дейін жүзу құрамы кадрларын даярлау ТМД мемлекеттерінің оқу орындарында жүзеге асырылуы мүмкін. Ең қолайлы жолының бірі Астрахань қаласының оқу орындарында оқыту болып табылады. Бұл Каспий өңіріндегі жалпы мойындалған құжат беруге құқығы бар сертификатталған жалғыз оқу орны. Астрахань қаласында Энергетика және көліктің теңіз технологиялар институты орналасқан, оны бітірушілер «Кемелік энергетикалық құрылғыларды пайдалану» мамандығы бойынша инженер-механиктер, «Кемелік электр жабдықтарын және автоматика құралдарын пайдалану» мамандығы бойынша инженер-электр механигі, «Кeмe жасау» мамандығы бойынша инженер-кеме жасаушы дипломдарын алады. Оқу мерзімі - 5 жыл.
Астрахань теңіз колледжі «Теңіздік кеме жүргізу», «Көліктік энергетикалық құрылғыларды пайдалану», «Кeмe жасау» мамандықтары бойынша оқытуды жүзеге асырады. Оқу мерзімі - 3 жыл.
Кемелердің командалық жүзу құрамын, сондай-ақ флотты техникалық пайдалануды және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағалаулық құрылымдардың қызметкерлерін Санкт-Петербург қаласында даярлау және оқыту жоспарланып отыр.
С.О. Макаров атындағы мемлекеттік теңіз академиясы 6 факультетте теңіз көлігі үшін кадрлар даярлауды жүзеге асырады, олардың ішінде кеме жүргізуші, кеме механикалық, электр механикалық, радиотехникалық факультеттері қазақстандық кадрларды оқыту үшін неғұрлым қолайлы; Оқу мерзімі 5 - 6 жыл.
Санкт-Петербург мемлекеттік теңіз техникалық университеті жобалау, теңіз кемелерін салу және техникалық пайдалану жөніндегі теңіз инженер-мамандарын дайындайды. Оқу мерзімі - 5 жыл.
Теңіз мамандықтары бойынша мамандарға орташа
жылдық қажеттілік
р/с № № | Атауы | қажеттілік, (адам) | Барлығы, (адам) |
танкер | буксир |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Капитан | 6 | 6 | 12 |
2. | Аға көмекші | 6 | 6 | 12 |
3. | 2 көмекші | 6 | 6 | 12 |
4. | 3 көмекші | 6 | - | 6 |
5. | Аға механик | 6 | 6 | 12 |
6. | 2 көмекші | 6 | 6 | 12 |
7. | 3 көмекші | - | 6 | 6 |
8. | Электр механигі | 6 | 6 | 12 |
9. | Моторшы | 6 | 6 | 12 |
10. | Боцман | 6 | 6 | 12 |
11. | Донкерман | 6 | - | 6 |
12. | Теңізші | 12 | 12 | 24 |
13. | Аспаз | 6 | 6 | 12 |
| Барлығы | 78 | 72 | 150 |
ТМД оқу орындарында оқу қажеттілігі
р/с № № | Оқу орнының атауы | Мамандық | Қажеттілік (адам) | Оқу мерзімі (жылдар) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | С.О. Макаров атындағы мемлекеттік теңіз академиясы, Санкт-Петербург қаласы | Инженер-кеме жүргізуші | 20 | 2006-2011 |
Инженер-механик | 20 | 2006-2011 |
Инженер-радиотехник | 10 | 2006-2011 |
2. | Санкт-Петербург мемлекеттік теңіз техникалық университеті | Инженер-кеме жасаушы | 10 | 2006-2011 |
3. | Астрахань мемлекеттік техникалық университеті | Инженер-кеме жүргізуші | 64 | 2006-2011 |
Инженер-механик | 40 | 2006-2011 |
Инженер-электр механигі | 24 | 2006-2011 |
Инженер-кеме жасаушы | 5 | 2006-2011 |
4. | Астрахань теңіз колледжі | Кеме жүргізуші | 70 | 2006 - 2009 |
моторшы | 40 | 2006 - 2009 |
Кеме салушы Кеме жөндеуші | 10 | 2006 - 2009 |
Ұлттық теңіз сауда флоты қажеттілігін қамтамасыз ететін кадрлық жүйені құру бойынша іс шараларды орындауға бастапқы кезеңде 608 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінуі қажет.
5.5. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы нормативтік
құқықтық базаны жетілдіру
Теңіз көлігінің жұмыс істеуі тасымал процесіне барлық қатысушылардың өзара қатынасын реттейтін нормативтік құқықтық базаның жасалуы мен оның үйлесімділігіне, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа байланысты болады.
Қазақстан теңіз көлігі саласында 9 халықаралық конвенцияға қосылды, атап айтқанда:
1) 1966 жылғы Жүк таңбасы туралы халықаралық конвенцияға;
2) 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан болған залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы конвенцияға;
3) 1969 жылғы Кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық конвенцияға;
4) 1972 жылғы Теңізде кемелер соқтығысының алдын алудың халықаралық ережелері туралы конвенцияға;
5) 1972 жылғы Қауіпсіз контейнерлер жөніндегі конвенцияға;
6) 1973 жылғы Кемелердің ластануын болдырмау жөніндегі халықаралық конвенцияға;
7) 1974 жылғы Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға;
8) 1978 жылғы Теңізшілердің даярлығы мен оларға диплом беру және вахтада болуы туралы халықаралық конвенцияға;
9) 1948 жылғы Халықаралық теңіз ұйымы туралы конвенцияға.
Сонымен бірге теңіз көлігінің қызметін, теңізде жүзу қауіпсіздігін, табиғат қорғау іс-шараларын және басқаларын регламенттейтін бірқатар нормативтік актілер әзірлеу және қабылдау қажет. Теңіз көлігі саласында нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге 122,0 млн. теңге сомасында қаржы бөліну қажет.
5.6. Теңіз көлігін дамытуды қолдау шаралары
Теңіз көлігінің қызметін ынталандыру мемлекеттік реттеу шаралары кешенін қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, соның ішінде:
отандық сауда флотының кемелерін жасау үшін ұзақ мерзімді жеңілдікті несиелер беру;
мемлекеттік қолдаумен лизинг қызметін дамыту;
кемелер мен порт инфрақұрылымын жасауда республикалық бюджет қаражатын үлестік қатысуға тарту;
теңіз тасымалдарының ұлттық операторы мәртебесін беру;
су көлігіндегі жазатайым жағдайлардан болған залалды өтеу үшін және теңізде жүзу қауіпсіздігі мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ету жүйесіне кіретін объектілерді пайдалануды және салуды қаржыландыру көздерінің бірі ретінде сақтандыруды дамыту;
Қазақстан Республикасында теңіз көлігін дамыту жөніндегі салалық іздестіру, жобалық-конструкторлық институттар құру.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК инвестициялық ресурстары
Теңіз порт инфрақұрылымы саласындағы бағдарламалық іс шараларды іске асыру үшін инвестициялық ресурстарға жалпы қажеттілік 34235,64 млн. теңгені құрайды. 2006-2012 жылдарға жоспарланған инвестициялар жобасы мынадай кестеде көрсетілген.
млн. теңге
№№ | Атауы | Қаражатты жылдар бойынша игеру |
2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
I. | Құрылыс және қайта жаңғырту |
1 | Навигациялық жабдықтарды және техникалық құралдарын жөндеу жөніндегі шеберхана ғимаратын салу | | 25,0 | | | | |
2 | Мұнай құю айлақтарында өрт сөндіру құбырларын ауыстыру | 50,0 | | | | | |
3 | Айлақты 25-30 м. ұзартумен қайта салу (Баутино) | | 88,0 | | | | |
4 | Қолданыстағы кран асты жолдарын аумастыру. (Баутино) | | 22,0 | | | | |
5 | Автогараж ғимаратын салу (Баутино) | | 44,0 | | | | |
| Жиыны | 50,0 | 179,0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
II. | Жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды сатып алу |
1 | Теңіз мұнайын жинағыш | 120,7 | | | | | |
2 | Құрамында мұнай бар суларды жинағыш | | | | 134,1 | | |
3 | Тіркеп сүйрегіш-жиектегіш | | | | 509,6 | | |
4 | Теңіз мұнайын жинағыш | | | | 120,7 | | |
5 | Лоцмандық катер | | | | | | 120,7 |
6 | Навигациялық жабдықтарды және техникалық құралдарын жөндеуге арналған жабдық | | 5,0 | | | | |
7 | Порттық тіркеп сүйрегіш (Баутино) | | 260,0 | | | | |
8 | Порттық тартқыш (Баутино) | | 15,0 | | | | |
9 | Өзіаударғыш (Баутино) | | 3,0 | | | | |
| Жиыны | 120,7 | 283,0 | 0 | 764,4 | 0 | 120,7 |
| Барлығы | 170,7 | 462,0 | 0 | 764,4 | 0 | 120,7 |
«Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту» жобасын іске асыру шеңберінде 2006-2008 жылдарды қоса алғандағы кезеңге мынадай жұмыстар жүргізу жоспарлануда:
№ р/с | Атауы | Жүргізу мерзімі | Құны |
басы | аяқтауы | (млн. теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Толқын тосқы мен тосқауылын салу | 2006 | 2006 | 7 777,35 |
2. | Түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу | 2006 | 2008 | 3 191,73 |
3. | Айлақтар (14-24) | 2006 | 2008 | 11086,7 |
4. | Дайындық жұмыстары | 2006 | 2006 | 505,04 |
5. | Энергетикалық, көліктік шаруашылық және байланыстар объектілері | 2006 | 2008 | 2886,02 |
6. | Жабдықтарды сатып алу | 2006 | 2008 | 4352,83 |
7. | Сыртқы желілер | 2006 | 2008 | 525,75 |
8. | Аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру | 2007 | 2008 | 394,54 |
9. | Басқа да жұмыстар мен шығындар | 2006 | 2008 | 1997,88 |
| Жиыны | | | 32 717,84 |
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру қаражаттарды алып пайдалану жолымен, соның ішінде екінші деңгейдегі отандық банкілер, халықаралық қаржы институттары қаражаттары және тікелей инвестициялар есебінен көзделеді.
«Қазақтеңізқөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ-тың инвестициялық ресурстары
Ұлттық теңіз сауда флотын дамыту бойынша белгіленген іс-шараларды іске асыру үшін инвестициялық ресурстарға жалпы қажеттілік 64996,0 млн. теңгені құрайды. 2006-2012 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалар мынадай кестеде көрсетілген.
млн.теңге
№№ | Атауы | Құны | Жылдар бойынша қаражатты игеру |
2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Танкерлік флот құрылысы | 33218 | 6708 | | 6655 | 6655 | 13200 | | |
2 | Құрғақ кемелерін жасау және сатып алу | 2432 | | | 978 | | 974 | 480 | |
3 | ТОҚФ жасау және сатып алу | 23898 | 2268 | 3630 | 3600 | 3600 | 3600 | 3600 | 3600 |
4 | Кеме жөндеу өндірісін құру | 4840 | | | 1815 | 1815 | 1210 | | |
5 | Отандық сауда флотының кадрлық кажетгілігін қамтамасыз ету жүйесін құру | 608 | | 242 | 250 | 116 | | | |
| Жиыны | 64996 | 8976 | 3572 | 13298 | 12186 | 18984 | 4080 | 3600 |
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру қаражаттарды алып пайдалану жолымен, соның ішінде екінші деңгейдегі отандық банкілер, халықаралық қаржы институттары қаражаттары және тікелей инвестициялар есебінен көзделеді.
Қаражатты қарызға алу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет ресурстары
Кемелер қозғалысын басқарудың өңірлік жүйесін және құтқару операцияларын басқарудың өңірлік жүйесін құру бойынша бағдарламалық іс шараларды іске асыру үшін инвестициялық ресурстарға жалпы қажеттілік 8161,0 млн. теңгені құрайды.
млн. теңге
Атауы | Жалпы құны | Жылдар бойынша қаражатты игеру |
2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1. Кемелер қозғалысын басқарудың өңірлік жүйесі,соның ішінде: | 3121,0 | 160,5 | 160,5 | 400,0 | 650,0 | 750,0 | 500,0 | 500,0 |
Ақтау портының КҚБЖ | 500,0 | | | | 250,0 | 250,0 | | |
Түпқараған шығанағындағы КҚБЖ | 321,0 | 160,5 | 160,5 | | | | | |
А.Бекович-Черкасский шығанағындағы КҚБЖ | 400,0 | | | 200,0 | 200,0 | | | |
Жайық-Каспий бассейніндегі КҚБЖ | 400,0 | - | - | 200,0 | 200,0 | | | |
Жергілікті КҚБЖ | 1500,0 | | | | | 500,0 | 500,0 | 500,0 |
2. Құтқару операцияларын басқарудың өңірлік жүйесі, соның ішінде: | 5040,0 | | | 1260,0 | 1260,0 | 960,0 | 960,0 | 600,0 |
Ақтау портының ТҚҮО | 1800,0 | | | 900,0 | 900,0 | | | |
Баутино, Құрық, Атырау порттарының ТҚҮО | 720,0 | | | 360,0 | 360,0 | | | |
Ретрансляцилық пункттер | 720,0 | | | | | 360,0 | 360,0 | |
Сенсорлық кіші жүйе мен коммуникациялық инфрақұрылым | 1800,0 | | | | | 600,0 | 600,0 | 600,0 |
Жиыны | 8161,0 | 160,5 | 160,5 | 1660,0 | 1910,0 | 1710,0 | 1460,0 | 1100,0 |
Жайық-Каспий бассейнінде және А.Бекович-Черкасский шығанағында кемелер қозғалысын басқару жүйелерін құру жобалары бойынша, сондай-ақ құтқару операцияларын басқарудың өңірлік жүйесін құру жобасы бойынша инвестициялық жобалардың техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді қаржыландыру тиісті жылдың бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражаттары шегінде жүзеге асырылатын болады.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен көзделеді. Қажетті шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Алға қойылған міндеттерді негізге ала отырып, сандық және сапалық өлшемдер анықталды, оларға қол жеткізу Бағдарламада белгіленген іс-шараларды орындау тиімділігінің көрсеткіші болып табылады.
Қазақстан Республикасының теңіз көлігін дамыту бағдарламасының негізгі нәтижелері мыналарға:
теңіз көлігі саласында экономиканы дамытуға барабар мемлекеттік міндеттерді шешуге жәрдемдесуге;
транзиттік әлеуетті толыққанды пайдалануға;
көлік инфрақұрылымы мен отандық флоты тиімді дамуға бағытталады.
Осы бағдарлама іске асыру Республиканың өсіп отырған экспорт-импорттық және транзиттік жүк ағынының көлемдерін теңізбен тасымалдау қажеттілігін қамтамасыз етеді, және де Каспий теңізінің қазақстандық секторында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік тудырады.
2012 жылға қарай елдің мемлекеттің теңіз көлігі қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті порттық және сервистік инфрақұрылыммен, сондай-ақ ірі салмақты мұнай құю танкерлер флотымен, дедвейті 12 мың тонналық танкерлермен, құрғақ жүк кемелерімен, теңіз операцияларын қолдау флоты кемелерімен көрінеді деп жоспарлануда.
Құрылатын теңіз порты инфрақұрылымы жүк ағынының кең спектрін өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, 2012 жылға қарай теңіз порттарының өткізу қабілеті бір жылда мұнай құю 40 млн. тонна, және бір жылда құрғақ жүктерді 3,2 млн. тонна деңгейіне дейін ұлғаятын болады.
2012 жылға қарай мұнай құю және құрғақ жүктерді, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы операцияларға арналған жүктерді тасымалдау бойынша нарықтың едәуір үлесі жабылатын болады. Ocы бағдарламаны іске асыру жаңа теңіз тасымалдары нарығына шығуға мүмкіндік жасайды.
Кемелер қозғалысын және құтқару операцияларды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін енгізу жөніндегі шараларды іске асыру Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңізде жүзу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Кеме жөндеу кешені Каспий теңізінде жүзетін көбейіп келетін кеме қатынасы компанияларының тарапынан қызметтің осы түріне сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Теңіз көлігінде қоршаған ортаны қорғау жүйесін енгізу Каспий теңізі қазақстандық секторының қоршаған ортасы құрылымының ластануын төмендетуге ықпал етеді.
Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қолданыстағы халықаралық нормалар мен конвенцияларға сәйкес осы саладағы құқықтық қатынастарды тиісті реттеуді қамтамасыз етеді және республиканың теңіз көлігі қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама 2012 жылға дейін даярлау мен қайта даярлау жүйесін құруды және теңіз көлігі саласында отандық мамандар кәсіптерінің жаңа класының туындауын көздейді.
Кемелерде, порттарда, кеме жөндеу кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындары құрылады. Тұтынушылық сипатындағы қызметтер көлемі ұлғаяды.
Бағдарламаны іске асыру әлеуметтік сипаттағы өңірлік мәселелерді шешуге ықпал етеді және әртүрлі деңгейдегі мемлекет бюджетіне түсімдердің тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.
2006-2012 жылдарда іске асыруға жоспарланған инвестициялық жоспарлар негізгі капиталға 107,6 млрд. теңгеден жоғары қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Теңіз көлігін дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясының бөлігін құрайды және стратегиялық инвесторлар үшін индикатор болып табылады, сондай-ақ аралас көлік ұйымдарымен қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.
Отандық теңіз көлігін дамытудан болған көп мағыналы мультипликатты нәтиже Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация және өндірістік кешендерін нығайтуға және олардың тиімді өзара әрекетіне ықпал ететін болады.
8. Қазақстан Республикасының теңіз көлігін дамытудың
2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары (І кезең)
Р/с № № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындалуына (іске асырылуына) жауаптылар | Орындалу (іске асырылу) мерзімі | Болжанып отырған шығыстар,(млн. теңге) | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Теңіз сауда флотын дамыту: танкерлік флотты салу құрғақ жүк кемелерін салу және сатып алу теңіз операцияларын қолдау флотын салу және сатып алу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ (жинақтау), "ҚТКФ" ҰТКҚК" АҚ | Жыл сайын, 25 қаңтарға, 25 шілдеге | 2006-2012 жж.- 59 548 000, оның ішінде: 2006 ж. - 6 708,0 2008 ж. - 6 655,0 2008 ж.- 978 000 2006 ж.- 2 268,0 2007 ж.- 3 630,0 2008 ж.- 3 600,0 | «"ҚТКФ" ҰКҚК"»АҚ қарыз қаражаты |
2. | Кеме жөндеу өндірісін құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ (жинақтау), "ҚТКФ" ҰТКҚК" АҚ | Жыл сайын, 25 қаңтарға, 25 шілдеге | 2008-2010 жж. - 4 840,0 оның ішінде: 2008 ж. - 1815,0 | «"ҚТКФ" ҰТКҚК"»АҚ қарыз қаражаты |
3. | Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ (жинақтау), "Мобилэкс Ойл Терминал" ЖШС, "АХТСП" РМК | Жыл сайын, 25 қаңтарға, 25 шілдеге | 2006-2008 жж. - 32 717,7 оның ішінде: 2006 ж. - 10 507,1 2007 ж. - 13 290,3 2008 ж. - 8 920,3 | «"АХТСП"» РМК, "Мобилэкс Ойл Терминал"»ЖШС қарыз қаражаты |
4. | Баутиноның жүк ауданын кеңейту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ (жинақтау), "АХТСП"» РМК | Жыл сайын, 25 қаңтарға, 25 шілдеге | 2008-2010 жж. - 2990,0 оның ішінде: 2008 ж. - 910,0 | «"АХТСП" РМК қарыз қаражаты |
5. | Отандық сауда флотының қажеттіліктерін кадрлық қамтамасыз ету жүйесін құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ (жинақтау), БҒМ, "ҚТКФ" ҰТКҚК" АҚ | Жыл сайын, 25 қаңтарға, 25 шілдеге | 2007-2009 жж. - 608,0 оның ішінде: 2007 ж. - 242,0 2008 ж. - 250,0 | «"ҚТКФ" ҰТКҚК" АҚ қарыз қаражаты |
6. | Инвестициялық жобалардың ТЭН әзірлеу: Жайық-Каспий бассейнінде КҚБЖ құру; А. Бекович-Черкасский шығанағында КҚБЖ құру; Каспий теңізінің қазақстандық секторында кұтқару операцияларын басқарудың өңірлік жүйесін құру** | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2007 жыл, 25 шілдеге | 2006 жылы бөлінетін бағдарламалар қаражаты шегінде | Республикалық бюджет |
7. | Кемелер козғалысын басқарудың өңірлік жүйесін құру: Ақтау портының КҚБЖ**; Түпкараған шығанағындағы КҚБЖ; А. Бекович-Черкасский шығанағындағы КҚБЖ; Жайық-Каспий бассейнінде КҚБЖ; жергілікті КҚБЖ**. | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | Жыл сайын, 25 қаңтарға, 25 шілдеге | 2006-2012 жж. - 3121,0*, оның ішінде: 2006 ж. - 160,5* 2007 ж. - 160,5* 2008 ж. - 400,0* | Республикалық бюджет |
8. | Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын басқарудың өңірлік жүйесін құру**. | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | Жыл сайын, 25 қаңтарға, 25 шілдеге | 2008-2012 жж. - 5040,0*, оның ішінде: 2008 ж. - 1260,0* | Республикалық бюджет |
9. | Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз көлігінде қоршаған ортаны қорғау жүйесін құру бойынша іс шараларды дайындау. | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ (жинақтау), Қоршағанортамині,»"ҚТКФ" ҰТКҚК" АҚ, "АХТСП" РМК | 2007 жыл, 25 шілдеге | Қажет етпейді | |
Бағдарламаны іске асыруға арналған болжамды шығыстардың көздері (І кезең)
(млн. теңге)
Болжамды шығыстардың көздері | 2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл | Барлығы |
Республикалық бюджет | 160,5 | 160,5 | 1660,0 | 1981,0 |
Қарыз қаражаты | 19483,1 | 17162,3 | 23128,3 | 59773,7 |
Жиыны | 19643,6 | 17322,8 | 24788,3 | 61754,7 |
Ескертпе:
* - қаржыландыру көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады;
** - іс-шаралар нақтылануға жатады және тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Республикалық бюджет комиссиясы анықтайтын болады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
«АХТСП» РМК - «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«ҚТКФ» ҰТКҚК» АҚ - «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» акционерлік қоғамы