Республикаішілiк көші-қонды бірiншi кезекте айқындайтын қосымша факторларға Астана қаласына мемлекет астанасын көшiрудi, халықтың урбанизациясын, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы экономиканың құрылымдық қайта құрылуын жатқызуға болады, бұл ауыл халқының өнеркәсiп орталықтарына кетуiн туғызады.
Қазақстанда көшi-қон процестерiн реттеудегі оңды фактор, оның саяси тұрақтылығы болып табылады. Қазiргі кезде көшіп-қонушылардың тек қана саяси себептер бойынша елден кету жағдайлары iс жүзiнде жоқ. Бүгінде республикадағы саяси тұрақтылық елiмiзден халықтың көшiп кетуi азаюының негізгi факторы болып табылады. Сонымен бірге ТМД елдерi мен алыс шет елдерде (Ауғанстан) шиеленiс ошақтарының болуы, дүниежүзілік қауымдастықта әртүрлі саяси және ұлттық қақтығыстардың туындауы Қазақстаннан әлеуетті көшiп кетушiлердiң көші-қон көңiл күйiн айтарлықтай бәсеңдетті. Оның үстіне, керiсiнше, кейбір ТМД аймақтарындағы саяси ахуалдың тұрақсыздығына және ол жерлерде шиеленiс ошақтарының туындауына негізделген босқындар легі көбейдi.
Көші-қон легін тұрақтандыруға ТМД-ға қатысушы елдер арасында болып жатқан ықпалдастық процестер белгілi дәрежеде әсер етедi. Бірыңғай кедендiк рұқсатнамасыз режим құру, ТМД елдерi шеңберiнде болашақта заңдарды біркелкi етудiң күтіліп отырған жағдайлары және ынтымақтастықтың басқа да бағыттары халықтың көшi-қон көңiл күйiн айтарлықтай дәрежеде бәсеңдетедi.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН
САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ НЕГIЗГI МІНДЕТТЕРI
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының негізгі мақсаты көшi-қон процестерiн басқару, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, елімiздiң мемлекеттік қауiпсiздiгін нығайту және көшiп-қонушылардың құқықтарын iске асыру үшiн жағдай жасау болып табылады.
Көшi-қон процестерiнiң енжарлығын негізге ала отырып, тұрақты даму жағдайында Бағдарламаны екi кезеңде iске асыру күтiлуде.
Бірiншi кезеңде, 2001-2005 жылдардағы орта мерзiмдi перспективада Бағдарламаның негізгі мақсаты көшi-қонның терiс сальдосын төмендетуге бағытталған көшi-қон саясатын қалыптастыру, көшiп-қонушылар құқықтарын iске асыру жөнiндегі қажеттi жағдайлардың бәрiн жасау, сондай-ақ елiмiздiң мемлекеттік қауiпсiздiгiн нығайту болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай негізгі мiндеттер шешiлетiн болады:
- көшiп кетудi азайту және тұтастай алғанда iшкi көшi-қон бойынша терiс сальдоны азайту;
- бұрынғы отандастарымыздың отанына оралуына жәрдемдесу;
- көшi-қон процестерiн басқару жүйесiн және заңнаманы жетiлдiру.
Екiншi кезеңде, 2005-2010 жылдардағы ұзақ мерзiмдi перспективада Бағдарламаның негізгі мақсаты елiмiздiң экономикалық өсуiндегі көшi-қон факторларын дамыту, көшiп-қонушылардың құқықтарын iске асыру жөнiндегі қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк базаларды одан әрi жетiлдiру болып табылады.
Бұл кезеңдегі негізгі мiндеттер мыналар болып табылады:
- елiмiздiң экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында iшкi көшi-қон процестерiн реттеу;
- оң сальдоға шығу мақсатында сыртқы көшi-қон процестерiн реттеу;
- халықтың бір бөлiгiн қолайсыз аймақтардан солтүстiк және орталық облыстарға біртiндеп көшiру.
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН
САЯСАТЫНЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ РЕТТЕУ ТЕТIГI
3.1. СЫРТҚЫ КӨШІ-ҚОНДЫ РЕТТЕУ
Көшiп кетудi азайту
Орта мерзiмдi перспективада (2001-2005 жылдар) сыртқы көшi-қон саласындағы негізгі қызмет елiмiз азаматтарының оның шегінен тыс жерлерге кетуiн азайтуға бағытталатын болады.
Бұл бағыттағы негізгі құралдар мыналар болып табылады:
өзiнiң кәсiби деңгейi бойынша елiмiздiң еңбек рыногының сұранысына сай келетiн және белгілi бір аймақтарда жұмыссыздық проблемасын тереңдетпейтiн мамандарды шақыру мақсатында еңбек көшi-қонын мемлекеттік реттеу;
аймақтық саясатты нығайту, бейресми еңбек рыноктарының және көшi-қон процестерiнiң айқындығы;
әлеуеттi көшi-қон болжамын негізге алатын берекесiз және реттелмеген көші-қон процестерінің және әлеуметтiк-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың өзгеруiне байланысты көшi-қон легi бағыттарының алдын алу;
көшiп кету процестерiн және елден кетудiң жөнсiз жоғары деңгейiн, халықтың көшiп кету салдарын әлеуметтік-экономикалық және демографиялық бағалауды туғызатын себептерге кешендi талдау жасау, сондай-ақ осы негізде көшi-қон процестерiн, олардың салдары мен әлеуметтiк-экономикалық және көшi-қон ахуалына әсерiн болжамдау;
статистикалық есепті және көшiп кету жөніндегі есептіліктi жетiлдiру, оның ақпаратының дұрыстығын арттыру;
сыртқы еңбек көші-қоны саласында тиiстi нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың және атқарушы өкiмет органдарының ведомствоаралық өзара iс-қимылын ұйымдастыру негізiнде оны реттеудiң жүйесiн жасау;
жоғары білікті жұмысшылар мен мамандардың кәсiби шеберлiгін iске асыру үшiн жағдай жасау;
отандастарымыздың этномәдени және әлеуметтiк дамуына көмек көрсету және оны қолдау үшiн шетелдiк инвесторларды тарту, оларды Қазақстанда тұрып жатқан жерiне орнықтыру;
жыл сайын республиканың облыстарындағы және тұтас елдегі көшiп кету көңiл күйiн айқындау (социологиялық зерттеулер жүргiзу және ұлты, жасы және қала аудандары бойынша көшiп кетудiң негізгi себептерiн анықтау);
басқа елдермен, әсiресе, жасырын көшi-қонды азайту саласында, көшiп келушілердi қабылдайтын елдермен ынтымақтастық, білім берудi, кәсiби даярлықты арттыру үшiн, еңбек көшi-қоны мен басқа да салаларда уақытша көшi-қонға жәрдемдесу;
республика аумағында көшiп-қонушылардың әлеуметтiк-экономикалық, тiлдiк және мәдени бейiмделуiне жәрдемдесу;
еңбек әлеуетiнiң сапасын арттыру, iшкi еңбек рыногын тұрақтандыру және республиканың валюта теңгерiмiн жақсарту құралы ретiнде нарықтық экономикасы дамыған елдерге уақытша еңбек көшi-қонын дамыту;
бос орындар мен жұмыс күшiн ұсынудың теңдестірiлуiн анықтау, еңбек көші-қонын болжамдау мақсатында аймақтық еңбек рыноктары мен шетелдiк еңбек рыноктарының жай-күйiне тұрақты талдау жасау;
үкiметтiк емес ұйымдармен (YЕҰ) көшi-қон процестерiн зерделеу және оларға талдау жасау жөнiндегі ынтымақтастық;
сыртқы еңбек көшi-қонын реттеудiң экономикалық тетiгiн әзiрлеу;
мемлекеттер арасындағы байланыстардың үзiлiп қалуы салдарынан болған халықтың көшi-қонын қысқарту мақсатында көлiк, пошта, ақпарат қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, ақша қаражатын, зейнетақыларды, жәрдемақыларды дер кезiнде аударуды, мерзiмдi басылымдарды, хат-хабарларды қамтамасыз ету негізiнде Достастық және алыс шет елдер мемлекеттерiмен республика тұрғындарының тұрақты кепілдi байланысына қол жеткізу;
Қазақстан Республикасындағы көшi-қон саясаты жөнiнде ұйымдастырушылық-ақпараттық науқан жүргізу;
адамдарды, оның iшiнде әйелдер мен балаларды сату саласында заңнама базасын әзiрлеу және жетiлдiру;
"Бiздiң шет елдердегі отандастарымыз", "Бiз Қазақстанда тудық" деп аталатын және т.б. айдармен теледидар, радио хабарларын жүргізу.
Көшiп кету саласында ұзақ мерзiмдi перспективада (2005-2010 жылдар) негізгі қызмет барлық заңнамалық нормалар мен ережелердi одан әрi жетiлдiру және оларды қазiргі кездегі дүниежүзiлiк стандарттарға сай келтiру болып табылады.
Көшiп келудi реттеу және бақылау
Көшiп келу саласында орта мерзiмдi перспективада (2001-2005) негiзгі қызмет жасырын көшi-қонның алдын алу және елiмiздiң бұрынғы азаматтарының Қазақстан Республикасына қайта оралуына жәрдемдесу болып табылады.
Бұл кезеңде көшiп келу процестерiн реттеу мынадай құралдарды пайдалануды көздейдi:
әлеуметтiк-экономикалық және басқа бағалау өлшемдерiн қосып алатын - аймақтағы халықтың тығыздығын, жұмыс орнының болуын, аймақта орналасқан өндiрiстiк инфрақұрылым объектiлерiнiң мемлекеттік маңыздылығын, сондай-ақ көшiп-қонушылардың назарын есепке алып, тұратын орынды ұтымды таңдау негізiнде көшiп келушiлердi аумақтық орналастыру;
жұмыспен айналысу жiктемесiн және еңбек жөнiндегі нормативтiк базаны дүниежүзiлiк стандартқа сәйкес жетiлдiру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
өзiнiң тарихи отаны Қазақстанға қайта оралған бұрынғы отандастарымызды жаңа тұрғылықты жерiнде қабылдау, орналастыру, жайластыру жөніндегі шараларды барынша қамтамасыз ету;
көшіп келушiлердi мемлекеттік тiркеу және есепке алу жұмысын, тұрақты көшiп келу мониторингін және еңбек рыногы конъюнктурасын жақсарту жолымен көшiп келу процестерiнiң ақпараттық қамтамасыз етiлуiн жетiлдiру; көшiп келушiлерге елiмiзде тұруға халықаралық келісімдер мен стандарттарға сәйкес жағдай жасау;
экономикалық мүмкiндiктердi, қоғамның әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiн, саяси жағдайды негізге ала отырып, көшiп келу ауқымын мемлекеттің реттеуi;
мемлекеттің мүмкiндiгін негізге ала отырып, көшiп-қонушыларды қорғаудың, олардың оңалуы мен экономикалық дербестiкке қол жеткізуiне көмектесудiң құқықтық және ұйымдық негіздерiн жетiлдiру;
заңсыз көшіп-қонудың жолын кесу.
Жоғарыда айтылған құралдардан басқа Қазақстан Республикасының көшiп келу процестерiн реттеу тетiктерi мынадай iшкi жүйелер бойынша нысаналы түрде жүзеге асырылатын болады: "Оралмандар" iшкі жүйесi, "Босқындар" iшкi жүйесi, "Еңбекке қатысты көшiп келу" iшкi жүйесi, "Шекаралық-паспорттық бақылау" ішкi жүйесi.
"Оралмандар" iшкi жүйесi бойынша жоғарыда айтылғандардан басқа, көші-қон саясатының қосымша құралдары мыналар болып табылады:
- оралмандарды ұйымдасқан түрде көшiру, қабылдау және әлеуметтiк жағынан жайластыру;
- оларды дер кезiнде және жинақы орналастыру мен қоныстандыруды қамтамасыз ету;
- өзiнiң тарихи отанына қайта оралған байырғы ұлт қоныс аударушыларын жаңа тұрғылықты жерiне жайластыру және бейiмдеу мақсатында қабылдау, орналастыру, қоныстандыруды ұйымдастыру жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
- оралмандарды, әсiресе жастарды кәсiби оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастыру мәселелерiн шешу;
- оралмандарға Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшелiктерiн үйрету;
- ұлттық кәсiпшiлiктi қайта жаңғырту жөнiндегі жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасау, сондай-ақ оларға республиканың заңнама кесiмдерi негiзiнде шағын бизнес және фермерлiк қожалық саласында кәсіпкерлiк қызметте жәрдемдесу;
- көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандарға тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат, жер телiмдерiн, оның iшiнде жинақы тұру үшiн жер телімдерiн, тұрғын үй салу және шаруашылықтар ұйымдастыру үшін жеңiлдiктi ұзақ мерзiмдiк несие бөлуде мемлекеттік қолдау көрсету;
- оралмандардың ерiктi негізде қайтып оралуына және әлеуметтiк қорғауды (зейнетақымен қамсыздандыруды, жәрдемақыны және басқаларын) қамтамасыз ететiн қажеттi мемлекетаралық келісімдердi пысықтау негізiнде олардың республика өмiрiне қайта араласуына жәрдемдесу;
- оралмандарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау тәртібін оңайлату бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрi жетiлдiру;
- жыл сайын "Оралмандарды жұмысқа орналастыру - жұмыспен қамту, кәсiптiк оқыту, өздігінен жұмыспен қамтылу" аймақтық бағдарламасын әзiрлеу;
- оралмандарды елiмiздiң өмiрiне бейiмдеу және араластыру жөнiнде социологиялық зерттеу;
- заңнамаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
- барлық жағдайда, азаматтық iстердi, еңбек дауларын және т.б. қоса, құқықтық көмек көрсету;
- оралмандар балаларының елiмiздiң мектептерiнде, колледждерiнде, жоғары оқу орындарында және т.с.с. оқуына жәрдемдесу;
- жыл сайын Оралмандар күнiн өткізу.
Қазақстан Республикасындағы "Босқындар" iшкi жүйесi бойынша көшi-қон саясатының құралдары:
- аймақтар мен республика қимасында босқындар жөнiндегі деректердiң ақпараттық қорын құру;
- босқындар шыққан елдердегі ахуал мониторингi жүйесiн әзiрлеу;
- босқындарға өздерінің шыққан мемлекеттерiне қайта оралуына жәрдемдесу;
- "1951 жылғы босқындар мәртебесi туралы конвенцияға" және "1967 жылғы босқындар мәртебесiне қатысты хаттамаға" және Қазақстан Республикасы бекiткен басқа да халықаралық шарттарға сәйкес босқындар құқығын қамтамасыз ету жолымен босқындарды олардың өмiрiне қауiп төндiретiн елдерге, соның iшiнде олардың өздерi шыққан елдерге шығарып жiберуге немесе мәжбүрлеп қайтаруға тыйым салу қағидатына негізделедi.
"Еңбекке қатысты көшiп келу" iшкi жүйесi бойынша көшi-қон саясатының негізгi құралдары мыналар болып табылады:
- iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатымен ішкі еңбекке қатысты көшiп келудi реттеу;
- еңбек көші-қоны шеңберiнде келген шетелдiк азаматтардың еңбек қызметiн лицензиялау және квоталау;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елдердегі және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасы аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешу үшiн халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру; - жасырын еңбек көшi-қонын болдырмау жөнiндегі шараларды қамтамасыз ету;
- бірдей кәсiптер мен біліктілік бойынша шетелдiктермен салыстырғанда бос тұрған қызмет орнына қазақстандық азаматтардың орналасуына басым құқықты қамтамасыз ету.
"Шекаралық-паспорттық бақылау" iшкi жүйесi бойынша мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:
- ел аумағына шетелдiк азаматтардың заңсыз келуiнiң алдын алу мақсатында шекаралық және паспорттық бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру;
- шет мемлекеттерден келген азаматтардың қатаң есебiн реттеу мен жүргізу үшiн көші-қон бақылауы карточкасын енгізу;
- Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн ескере отырып, жасырын көшiп-қонушыларды жер аударудың тиiмдi тетiгiн әзiрлеу.
Көшiп келу саласында ұзақ мерзiмдi перспективадағы (2005-2010 жылдар) негізгі қызмет елiмiздiң экономикалық өсуiне жәрдемдесу мақсатымен оң сальдоға шығып, сыртқы көші-қон процестерiн реттеу болып табылады. Осыған байланысты тапшы кәсiптер иелерiнiң, дарынды ғалымдардың, мамандардың, оқытушылардың, мәдениет пен өнердiң аса көрiнекті қайраткерлерiнiң, Қазақстан экономикасына капитал инвесторларының көшiп келуiн ынталандыру мәселелерi пысықталатын болады.
3.2. IШКI КӨШI-ҚОНДЫ РЕТТЕУ
Реттеудiң әдiстемелiк негiздерi
Ішкі көші-қонды реттеу жүрiп-тұру бостандығы мен тұрғылықты жердi ерiктi түрде таңдау құқығы қағидаттарына негізделедi. Сонымен бірге ол елдiң экономикалық өсуiн қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Осыған байланысты iшкi көшi-қонды мемлекеттік реттеуде негізгі әдiстемелiк база, этномәдени, экологиялық және басқа факторларды қоспағанда, 2015 жылға дейiнгi кезеңге Қазақстан Республикасының Өндiргіш күштерiн дамыту және орналастыру схемасы болып табылады. Ол мынадай:
- еңбек рыногындағы ауыртпалықты, әсiресе жастар, мектеп және жоғары оқу орындарын бітірушiлер арасында жеңiлдету жөнiнде шара қабылдау;
- артта қалып, тығырыққа тiрелген аймақтардан инфрақұрылымы дамыған аймақтарға көшіруді ескере отырып орналастырудың ұтымды схемасын айқындау;
- проблемалы аймақтарды, шағын қалаларды, ауылдық елдi мекендердi тығырыққа тiрелген жағдайдан шығару, олардағы өндiрiстi оңалту мiндеттерiн шешуге мүмкiндiк бередi.
Iшкi көшi-қонды реттеудiң негiзгi бағыттары
Ішкi көші-қонды орташа мерзiмдi перспективада 2001-2005 жылдарда реттеу мынадай бағыттар бойынша iс-шаралар әзiрлеудi қажет етедi:
- қалыптасатын нарықтық қатынастар жағдайында қоныстандырудың ұтымды этно-демографиялық дамуын қамтамасыз ету;
- ауыл халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, еңбекке ақы төлеудегі сәйкессiздiктi жою және ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын нығайту жөнiндегі арнайы шараларды пысықтау және жүзеге асыру жолымен ауылдан-қалаға республика iшіндегі көшi-қон легін азайту;
- елдегі және жекелеген аймақтардағы экологиялық жағдайды жақсарту, экологиялық факторлардың зиянды ықпалын төмендету жөнiндегі шаралар кешенiн жүргізу және осы аймақтарда халықты әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету;
- халықтың республика ішіндегі көші-қонын оңтайландыру мақсатында еңбекке ақы төлеудiң салалық саралануының тиiмдi жүйесiн жетiлдiру;
- келушi және кетушi көшiп-қонушылар жөнiндегі әртүрлі тұрғыдағы (жынысы, жасы, кәсiбi, келген және кеткен жерi және т.б.) деректердiң республикалық және аймақтық ақпараттық базасын жасау;
- "iшкi (облысаралық) көшiп кетушi мен көшiп келушінің портретiн" жыл сайын әзiрлеу.
Iшкi көшi-қонды ұзақ мерзiмдi перспективада 2006-2010 жылдарда реттеу мынадай бағыттар бойынша iс-шаралар әзiрлеудi қажет етеді:
- Өндiргіш күштердi орналастыру схемасын негізге ала отырып, елiмiздiң еңбек ресурстары мен халқының орын ауыстыруына және оларды қайта бөлуге жәрдемдесу;
- аймақтардың экономикасын дамыту үшiн қолайлы алғышарттар және халықтың республика iшiнде теңдестiрiле қоныстануына қол жеткізу мақсатында ол жерлерде халықтың тұруына тиiмдi жағдай жасау;
- көшi-қон легі жүйесiн әзiрлеу, экономикалық өсу мен реттеу нүктесiне олардың бағытталуы, материалдық техникалық базаны күшейту, сондай-ақ ынталандыру;
- халықты экономикалық өсу нүктесiне, шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендерге ерiктi негізде өндiрiстiң даму iзiмен аймақтардағы демографиялық ахуалды ескере отырып, тұру үшiн жағдайдың болуына қарай тарту үшiн ынталандыру шараларын жасау;
- проблемалық аймақтардың және қалалардың өсу нүктесiне жоғары біліктi кадрларды, жоғары оқу орындарының, училищелердiң және т.б. бiтiрушiлерiн тарту үшiн ынталандыру шараларын дамыту.
3.3. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТIГI
Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету
Көші-қон процестерiн құқықтық реттеудi жетiлдiру Қазақстан Республикасының Конституциясы мен республика бекiткен халықаралық шарттар ережелерiне сәйкес көшi-қонға байланысты мәселелер кешенiн шешуге бағытталады. Бұл кешен заңнама және нормативтiк базаны жасау мен жетiлдiруге сыртқы көшi-қонды, еңбек көшi-қонын, көшiп келудi бақылауға және халықаралық ынтымақтастықты реттеуге қатысуды қамтитын болады.
Көшi-қон түрлерiн, көші-қон саясатын қалыптастыру қағидаттарын және оның негiзгі бағыттарын регламенттейтiн заңнама кесiмдерiн жетiлдiру және жекелеген жағдайларда жаңа заңнама кесiмдерiн қабылдау; оны жүзеге асыратын органдар және олардың құзыретiнiң негiздерi; көші-қонды құқықтық реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi; көшіп келудiң (жасырын көшiп келуді қоса алғанда) әралуан түрлерi ұғымын, көшіп келумен айналысатын органдардың өкiлеттiгiн айқындайтын осы мәселелердiң шешiлуiн материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету; көшiп келушiлер мәртебесiне жатпайтын субъектiлер тобы. Көші-қон мәселелерiн заңнамамен реттеу қатысушы мемлекеттермен тиiстi халықаралық шарттар жасасумен нығайтылуы тиiс.
Ұйымдастырушылық-экономикалық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының бағдарламасын ұйымдық-экономикалық қамтамасыз ету:
қосымша штаттық және техникалық жарақтандыру есебiнен көшi-қон қызметiнiң жұмысын нығайту және кеңейту;
мәдени-ағарту қоғамдарын, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдарды оралмандардың жаңадан қоныстанған жердегi ортаға араласып кетуi, олардың Қазақстандағы өзгерiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға бейiмделуi, көшi-қон проблемалары жөнiнде қоғамдық пiкiр қалыптастыру;
шет елдердегі қазақ диаспорасын өздерi тұратын мемлекеттердiң Қазақстан Республикасымен мәдени және экономикалық байланысын кеңейту мен нығайтуға қосатын үлесiн ұлғайту мақсатында оларды қолдау жөнiндегі шаралар жүйесiн әзiрлеу;
мемлекеттік өкiмет органдарының қоғамдық бірлестiктермен, оның iшiнде шет елдердегі отандастарымыздың бірлестiктерiмен көшi-қон саласындағы бірлескен қызметiнiң бағдарламасын әзiрлеу;
Көшi-қон саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік көші-қон саясатын iске асыру мақсатымен халықаралық ынтымақтастық жасау екi жақты және сол сияқты көп жақты iскерлiк байланыстарды, оның iшiнде БҰҰ шеңберiнде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты, мемлекетаралық шарттар мен келісімдердi, халықаралық және шет елдiк үкiметтiк емес ұйымдармен, қоғамдық, дiни ұйымдармен және қорлармен жұмысты қамтиды.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберiнде Халықаралық ұйымдар (ХКҰ, БҰҰ, БЖКБ және т.б.) қызметiне Қазақстанның белсендi қатысуы көзделеді.
Ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының бағдарламасын iске асыру 3.1 - сыртқы көші-қонды реттеу және 3.2 - iшкi көшi-қонды реттеу тармақтарында баяндалған шараларды ғылыми-әдiстемелiк негіздеуге және қамтамасыз етуге саяды. Осы мақсатпен, Бағдарламаның негізгі бағыттарын iске асыру кезiнде, отандық және шет елдiк ғылыми-зерттеу институттары кеңiнен тартылатын болады. Осы ұйымдар, бірiншi кезекте, отандық ұйымдар, әртүрлi үлгілік сауалнамаларды, әдiстемелердi, деректер базаларын Қазақстан Республикасы халқының қоныс аудару бас схемасын әзiрлеуге, еңбек көші-қонының тиiмдiлiгін есептеуге және т.б. жұмылдырылатын болады. Елiмiздiң ғылыми әлеуетi сыртқы және iшкi көшi-қон саласындағы әртүрлi әлеуметтік-экономикалық процестердi өңдеудiң талдамалы, ақпараттық, социологиялық орталықтары ретiнде пайдаланылады.
Ақпараттық-идеологиялық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының бағдарламасын ақпараттық-идеологиялық қамтамасыз ету көші-қон легін оңтайландыру, жеке бастың қауiпсiздiгiне қатер төнуiнен негiзсiз сақтанудан, дақпырт көңiл күйден және салауаттылыққа сенiмсiздiктен туған, ойластырылмай, сезiмге берiлiп көшудi болдырмау мақсатында халық үшiн тиiмдi ақпараттық және жарнамалық бағдарламаларды әзiрлеуге саяды. Бұл қамтамасыз ету ақпарат құралдарына кеңiнен сүйенетiн болады.
4. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемi жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттік заңнаманы қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
2000 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көшi-қон саясаты тұжырымдамасына сәйкес репатрианттар (оралмандар) отбасыларына тұрғын үй сатып алу үшiн қайтарымды негізде қаражат бөлу тетiгін әзірлеу қажет.
Көші-қон проблемаларын реттеу үшiн қосымша қаржы қаражатын тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгінің халықаралық және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастығы:
жебеушілердiң, коммерциялық банктердiң, кәсiпкерлiк құрылымдардың мүмкiндiктерiн нысаналы нақты бағдарламалардың, ішкi бағдарламалардың және жобалардың демеушiлерi ретiнде оралмандарды орналастыру және әлеуетті эмигранттарды орнықтыру үшiн пайдалануды;
көші-қон проблемаларын шешуге арнап республикаға шет елдерден жiберiлген қаржы қаражаттарын бақылау және оларды пайдалануға талдау жасаудың тиiмдi жүйесiн әзiрлеудi қамтитын болады.
Қаржы қаражаттары:
а) жәрдемақы, жол жүру мен теңдеме жүктерiне төлем, дәрi-дәрмек сатып алу түрiнде оралмандарға алғашқы көмек көрсету;
б) жаңадан тұратын жерiнде тұрақты жайластыруға: көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар үшiн тұрғын үй сатып алуға, инфрақұрылым құруға, жинақы қоныстандыруға, көшiп келу квотасынан тыс көшiп келген оралмандар үшін тұрғын үй салуға пайызсыз несие беру iсiне;
в) көшiп келушiлерді бақылау, алғашқы қабылдау қосындарын, бейiмделу орталықтарын құруға және оларда оралмандарды, босқындарды және басқа көшіп-қонушыларды ұстауға арналған шығындарға;
г) жұмыс орындарын құру;
д) оралмандардың, босқындардың, сондай-ақ жасырын көшiп-қонушыларды шығарып жiберу проблемаларымен айналысатын қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету iсiне бөлуге бағытталатын болады.
Республикалық деңгейде көшi-қон бағдарламасын iске асыруды қаржы-экономикалық қамтамасыз ету проблемасын шешу үшiн қауымдастық құру ұтымды болмақ.
Қауымдастық оралмандар мен басқа да көшiп-қонушылардың өмiрi мен мүлкiн сақтандыруға, инвестициялар тартуға, оралмандар мен басқа да көшіп-қонушылар құқықтарын қорғауға байланысты мәселелердi де шешетiн болады.