Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 934 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қосымша кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 94 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 5, 47-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қосымша кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесінде:
9-тармақта «аттестаттау» деген сөз «емтихан» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тыңдаушы оқу жоспарының талаптарын орындамаған және ұйымның Жарғысын бұзған жағдайда ол ұйым басшысының бұйрығымен тыңдаушылар құрамынан шығарылады.»;
11-тармақта:
«Кадрларды қайта даярлау» деген сөздер «Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Оқуға қабылдау ұйым басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
Тыңдаушыға оқып жүрген уақытында оның осы ұйымға оқуға келу мерзімі туралы куәландыратын анықтама беріледі.»;
23-тармақта:
үшінші абзацтағы «қаражат» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер».
2) «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 113 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 6, 61-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесінде:
5-тармақта:
үшінші абзацта «өзекті проблемалар» деген сөздер «басым бағыттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ғылымды, білім беру мен өндірісті ықпалдастыру;»;
8-тармақта «Білім беру процесі, зерттеуді жүргізу және алдын-ала қорғаудан өтудің тәртібі» деген сөздер «Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және заңды және жеке тұлғалармен жасалған шарттар бойынша ақылы негізде де жүзеге асырылады.
Ақылы негізде оқыту құнын ұйым айқындайды.»;
13-тармақ алынып тасталсын;
22-тармақта:
үшінші абзацтағы «қаражат» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көздер»;
26-тармақ «бұрмалағаны үшін» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бөлінетін бюджет қаражатын игеру үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
3) «Жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 11, 110-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесінде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Оқу жылының басталу және аяқталу уақыты оқу процесінің күнтізбелік кестесінде белгіленеді.
Бітіруші курстардан басқа, барлық курстарда оқу жылының ұзақтығы кемінде 30 аптаны құрайды. Емтихан сессияларының ұзақтығы бір оқу жылында кемінде 6 аптаны құрауы тиіс.»;
10-тармақта:
бірінші абзацта:
«практика» деген сөз «білім алушылардың кәсіптік практикасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
«тәжірибелі өндіріс мамандарын» деген сөздер «ғылыми қызметкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақта «жүзеге асыратын» деген сөздерден кейін «негізгі» деген сөзбен толықтырылсын;
35-тармақта «мен атағы» деген сөздер «және/немесе ғылыми атағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
36-тармақта:
бірінші абзацта:
«10» деген сандар «кемінде 10» деген сөздермен ауыстырылсын;
«олардың» деген сөзден кейін «кемінде» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші абзацта:
«мәдениет» деген сөзден кейін «, туризм» деген сөзбен толықтырылсын;
«қазақ тілі» деген сөздерден кейін «, орыс тілі» деген сөздермен толықтырылсын;
«, оның ішінде ғылыми дәрежелері мен ғылыми атақтары барлардың» деген сөздер алынып тасталсын;
40-тармақта:
екінші абзацта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) білім алушылардың барлық түрдегі кәсіптік практикаларын, тағлымдамадан өтуін, курстық және диплом жобаларын (жұмыстарын), магистрлік диссертацияларын ұйымдастыруды және басшылық жасауды, оларды әдістемелік қамтамасыз етуді;»;
үшінші абзацта:
3) тармақшада:
«дайындауды қамтиды.» деген сөздер «дайындауды;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруды қамтиды.»;
төртінші абзацта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жалпы орта білім беру ұйымдарының, кәсіптік мектептердің, кәсіптік лицейлердің, колледждердің білім алушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу»;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 42-тармақ өзгеріссіз қалдырылсын;
43-тармақта:
бірінші абзацта:
«оқу және өндірістік» деген сөздердің алдынан «барлық түрдегі» деген сөздермен толықтырылсын;
«курстық және бітіру жұмыстарын» деген сөздер «курстық жобаларды (жұмыстарды), диплом жобаларын (жұмыстарды), магистрлік диссертацияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, ұйымдарда, мекемелерде» деген сөздер «және басқа да ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «, ұйымдардағы, мекемелердегі» деген сөздер «және басқа да ұйымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұйымдастырылады» деген сөз «құрылады» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |