«Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөнінде
комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 41-7-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай құрамда жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:
Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға |
Өжкенов Болат Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Қонақаев Саяхат Алпысұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаментінің директоры, төрағаның орынбасары |
Алдашев Рүстем Ағыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаменті жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқармасының бастығы, хатшы |
Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі Кеңсесінің Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
Әбдіреев Батырбек Сейтенұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi төрағасының орынбасары |
Исаев Мұсабек Исаұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры |
Тілеулесов Биғали Жақсылықұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетi № 1 өңіраралық салық комитетінің төрағасы |
Омарова Бақытжамал Жәкенқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық саясаты және болжамдар департаменті жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу басқармасының бастығы |
Әбішева Алиса Біләлқызы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі стратегиялық экологиялық бағалау бөлімінің бастығы |
Сейтімбетов Дәулетияр Сахидоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi Заңға тәуелді кесімдер департаментінің бөлім бастығы |
Жергілікті атқарушы
органның өкілi
(объектінің аумақтық
тиесілілігіне қарай
шақырылады).
2. «Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 849 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |