Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 тамыздағы № 827 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 3 тамыздағы
№ 827 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгізілетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесi құрамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 18 шiлдедегi № 719 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;";
"Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi;" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қошанов Ерлан Жақанұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;
Мусина Лилия Сәкенқызы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi;".
2. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 шiлдедегi № 721 қаулысында:
1-тармақта:
"Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға;".
3. "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 қазандағы № 1064 қаулысында:
1-тармақтың 1) тармақшасында:
"Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Әмрин Ғұсман Кәрiмүлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға;";
"Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;".