Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілетін болады:
түпкі өнімдерді экспорттауға бағдарланған өндірістер, мұнай-газ, көлік және машина жасаудың басқа да кіші салалары, металлургия, химия, агроөнеркәсіптік кешен саласында бірлескен кәсіпорындар құру және дамыту;
нақты айырбас бағамының қажетті икемділігін қолдау;
қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
экономиканы әртараптандыруды ынталандыратын икемді салық және бюджет саясатын жүргізу, жаңа салаларды дамыту және оларға шетел капиталын және ноу-хау тарту;
мемлекеттің активтерін басқарудың ашық және айқын жүйесін құру;
Ұлттық қордың қаражатын ашық және тиімді қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз ету;
металлургиядағы, банк саласындағы, сақтандырудағы, химия өнеркәсібіндегі бәсекелестікті монополияға қарсы заңнаманы реформалау және осы секторларға отандық және шетелдік инвестициялардың кіруі үшін тартымды және ашық жағдай жасау жолымен арттыру;
қорғалған зияткерлік меншік құқықтары мен сауда маркасы бар тауарлар өндіру үшін қолайлы жағдай жасау;
әлеуметтік саланы одан әрі жаңарту;
Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуына ықпал ететін көп жақты халықаралық экономикалық жобаларға қатысу;
ЕурАзЭҚ шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыруға одан әрі жәрдемдесу;
табиғи ресурстарды ашық пайдалану саясатын жүргізу және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
экономиканы теңгерімді дамыту қажеттіліктеріне жауап беретін аумақтық даму.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2007-2009 жылдарға арналған басымдықтары болып мыналар айқындалды:
тұрақты экономикалық дамудың іргетасы ретінде Қазақстан экономикасын одан әрі жаңарту және әртараптандыру;
ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау бағдарламасын қабылдау;
елдің экономикалық дамуындағы сапалы серпіліс ретінде әлемдік экономикаға тиімді ықпалдасу;
шикізат емес тауарлар экспортына және жоғары технологиялы жабдықтар импортына кредит беруді мемлекеттік қолдау;
халықтың "осал" топтарын қорғауға бағытталған және экономиканың өнімді дамуын ынталандыратын қазіргі заманғы әлеуметтік саясат;
қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамыту, мәдениеттің өркендеуі және халықтың рухани әлеуетін дамыту;
ғылыми әлеуетті дамыту және қолданбалы ғылымды өндіріске, бизнеске барынша жақындату;
Астана қаласын осы заманғы әлемдік стандарттар бойынша және Еуразиядағы өзара халықаралық іс-қимылдың ірі орталықтарының бірі ретінде дамыту;
Алматы қаласын ірі өңірлік қаржы және іскерлік белсенділік орталығы ретінде дамыту.
4. Қазақстанның 2007-2009 жылдардағы жедел экономикалық
өсуін қамтамасыз ету үшін экономика салаларындағы
серпілісті бағыттарды жаңғырту және қамтамасыз ету
§ 1. 2007-2009 жылдары өнеркәсіптің дамуы
Тау-кен өндіру өнеркәсібi
Отын-энергетикалық кешен тиімділігінің деңгейін арттыру
2007-2009 жылдары тау-кен өндіру өнеркәсібінің негізгі мақсаты өндіріске жаңарту жүргізу, озық технологиялар пайдалану және енгізу есебінен саланы қарқынды дамыту болып табылады.
Каспий теңізінің қазақстандық секторының көмірсутегі ресурстарын тиімді игеруді қамтамасыз ету және ірі кен орындарында мұнай өндіруді көтеру үшін мұнай өнеркәсібінде мынадай міндеттер шешілетін болады:
Каспий теңізінің қазақстандық секторы мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін (2006-2010 жылдар) іске асыру;
мұнай-газ кешені үшін бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер ұсыну үшін жоғары деңгейлі қосылған құны бар салаларды дамыту үшін жағдай жасау;
мұнай мен газды терең қайта өңдеуді дамыту және мұнай өнімдері өндірісін ұлғайту.
Көрсетілген міндеттерді шешу жолдары:
көмірсутектерінің барланған қорларының өсуін қамтамасыз ету және өндіруді тұрақты жоғары деңгейге шығару;
көмірсутектерін тасымалдаудың мультимодальдық жүйесін дамыту;
теңіз операцияларын жағалаулық қолдау үшін инфрақұрылым құру, теңіз мұнай операцияларын қамтамасыз ету жөніндегі теңіз порттары мен жағалау инфрақұрылымдары құрылыстарын дамыту;
екінші буынды зауыт құрылысының жобасын іске асыру және Теңіз кен орнында шикі газды айдау;
Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту жобасын іске асыруды аяқтау;
мұнай өнімдерінің сапасын еуропалық стандарттарға (ЕВРО-3) дейін жеткізу мақсатында Павлодар мұнай-химия зауытында сутегін өндіру жөніндегі қондырғы салу.
Қазақстанда газ саласын дамытудың басты мақсаты газдың ішкі ресурстарын өндіруді ұлғайту және ұтымды пайдаланудан әлеуметтік-экономикалық тиімділікті, сондай-aқ, ішкі нарықтың сұраныстарын мейлінше толық қамтамасыз ету мүддесінде газ-көлік жүйесінің транзиттік мүмкіндіктерін еселеп арттыру және елдің экспорттық әлеуетін одан әрі ұлғайту болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілетін болады:
газ қорлары бойынша ресурстық әлеуетті өсіру міндеттері және ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі ic-шараларды енгізе отырып, жаңа газ және мұнай-газ кен орындарын өңдеумен оны өндіру бойынша қуаттарды дамыту;
сұйылтылған газ шығару және мұнай-химия өнімдерінің көлемін арттырумен өндірілетін газды өңдеу және кәдеге жарату бойынша жұмыс істеп тұрғандарын қайта жаңарту және жаңа қуаттар жасау;
жаңа аумақтарды газдандырудың және коммуналдық шаруашылықта, электр энергетикасында, автокөліктерде және т.б. газды пайдалану аясын кеңейтудің өңірлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
олардың пайдаланылуы кезіндегі техникалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін газ-көлік жүйесі объектілерін техникалық қайта жаңарту жөніндегі шараларды іске асыру, сондай-ақ жаңа газ құбырларын салу және табиғи газды сыртқы нарықтарға тасымалдау жөніндегі экспорттық бағыттарды пысықтау;
газ саласының нормативтік базасын қайта қарау, газ-көлік жүйесі субъектілерінің ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру және табиғи газды тасымалдау кезіндегі тариф құрау жүйесін жетілдіру;
салаға мамандар тарту үшін оқыту, қайта оқыту және жағдай жасау.
Көмір өнеркәсібінде оның ISO сериялы халықаралық стандарттарға көшуін қамтамасыз ету қажет.
Геологиялық саланы дамыту үшін:
геологиялық барлау ұйымдарын техникалық қайта жарақтандыру;
Қазақстанда геологиялық барлау техникасының жаңа үлгілерін өндіру;
геологиялық саладағы қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулерді дамыту.
Энергия ресурстарын әлемдік нарықтарға тасымалдау
Қазіргі уақытта нәтижелері бойынша жобаны іске асыру туралы шешім қабылданатын Қазақстаннан Қытайға газ құбырын салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жоспарланып отыр.
Жаңа кен орындарын өндіру және тауарлы газ өндірісі мен өнім көлемі арта түседі, бұл өз кезегінде газдың экспорттық әлеуетін арттыруға және ішкі нарықтың қанығуына әкеледі.
Шығыс және Солтүстік-Батыс Еуропа, Жерорта теңізінің аймағы, Қытай Қазақстан үшін көмірсутектерін шығарудың перспективалы нарықтары болып табылады. Осы бағыттардың бәрінде барынша толық көлемде ілгерілеу дамыған және серпінді құбыр тасымалы саласынсыз мүлде мүмкін емес.
Республиканың газ көлігі саласы үшін магистральды газ құбырлары жүйесін қайта жаңарту және жаңғырту, әсіресе, Қазақстан және Орта азия газын Ресейге, Украинаға, Кавказ мемлекеттеріне және Еуропаға экспорттық қойылымына қызмет көрсететін Орта Азия - Орталық (ОАО МГ) жобалары, барынша өзекті болып табылады.
2008 жылға қарай табиғи газды магистральды газ көлігі жүйелері арқылы тасымалдау көлемін жыл сайын 130 млрд. текше метрге дейін, газдың халықаралық транзит көлемін жылына - 116,6 млрд. текше метрге дейін, оның ішінде ОАО МГ өткізу қабілетін жылына - 60 млрд. текше метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 2006-2008 жылдары магистральды газ құбырларын салу мен күрделі жөндеудің жалпы сомасы 804 млн. АҚШ доллары сомасындағы үш ірі жобаны іске асыру белгіленіп отыр.
Магистральды газ тасымалдау жүйелерін кеңейту қажеттілігі Ресей мен Түркіменстан және "Газпром" ААҚ мен "Өзбекмұнайгаз" ҰХК арасында тиісінше түркімен және өзбек газын сатып алуға-сатуға, Қазақстан газын өндіруді елдің батыс өңірлері мен Каспий теңізінің шельфінде болжамды арттыруға бекітілген ұзақ мерзімді келісімдерге негізделеді.
Жұмыс істеп тұрған магистральды газ көлігі жүйесінің өткізу қуатын арттыру жөніндегі міндеттен басқа, бір ғана тұтынушыға тым тәуелді болуға жол бермеу үшін оның бағыттарын әртараптандыру қажет. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан көмірсутегін Қытайға беру жобасын сыйымдылығы аса ірі нарыққа шығу деп қарастырған жөн.
Сондай-ақ республиканың ішкі газ нарығының дамуы басым міндет болып табылады.
Күтілетін өндірістік нәтижелер
2007 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өседі және 64 млн. тоннаны құрайды. 2009 жылы оны өндіру көлемі 78 млн. тоннаға дейін жеткізілетін болады.
2007 жылы газ өндіру де 33,3 млрд. текше метрге дейін өседі, бұл 2005 жылдың көрсеткішінен 27,1 %-ға артық. 2009 жылы бұл көрсеткіш 39 млрд. текше метрді құрайды. Бұл, өз кезегінде, 2005 жылғы 14,8 млрд. текше метр тауар газын өндіруді 2009 жылғы 24 млрд. текше метрге дейін өсіруге мүмкіндік береді.
2007-2009 жылдары мұнай мен газды өндірудің жоспарланып отырған көлемінің өсуіне Каспий теңізінің Қазақстан секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған газ саласын дамыту бағдарламасын, Еліміздің минералды-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру есебінен қол жеткізіледі.
Мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарын әзірлеу қоршаған табиғи орта мен жер қойнауына техногендік әсер етумен ілесе жүреді. Кен орындарын әзірлегенде ілеспе газды алауларда жандырудан шығатын өнімдер ластаудың негізгі көздерінің бірі болып табылады, осыған байланысты еліміздің мұнай-газ кен орындарында ілеспе газдарды кәдеге жарату Қазақстанда жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушылардың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Газды қайта өңдеуді және газды кәдеге жаратуды тереңдету мақсатында озық технологияларды қолданудың шетелдік тәжірибесін есепке ала отырып, осы заманғы инновацияларды енгізу қажет.
2007 жылы көмір өндіруді 87,3 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр, 2009 жылы көмір өндірудің болжамдық көлемі 88 млн. тоннаны құрайды.
Көрсетілген көлемге қол жеткізу үшін:
осы заманғы техникалық деңгейдің көмір өндіретін техникасына көше отырып, «Миттал Стил Темиртау» акционерлік қоғамы көмір департаментінің қолданыстағы шахталарын техникалық қайта жарақтандыру;
Екібастұз және Шұбаркөл көмір кен орындарын тиімді өңдеудің кешенді жоспарларын іске асыру;
жылу электр станцияларының қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету, коммуналдық секторды және басқа да салаларды қатты отынмен жабдықтау үшін Майкөбе кен орнындағы, «Қаражыра» разрезіндегі күлі аз көмір өндіруді арттыру;
ISO сериялы халықаралық стандарттарды енгізу арқылы қазақстандық көмірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен көмір өндірудің өсуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Қарағанды көмір бассейніндегі шахталарда (2007 жылы - 2 шахта, 2008 жылы - 2 шахта) жою жұмыстары жалғасатын болады.
Шұбаркөл көмір кен орнындағы Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығы пайдалануға енгізген жылына қуаты 300 мың тонна арнаулы кокс өндіру жөніндегі тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғының 2006 жылы толық қуатына шығуымен республиканың ферроқорытпа зауыттарының Ресей мен Қытайдың арнаулы кокс импортына тәуелділігі толық жойылады.
Өңдеуші өнеркәсіп
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын
2007-2009 жылдары іске асыру
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының негізгі мақсаты дамудың шикізаттық бағытталуынан ауытқу жолымен экономика салаларын әртараптандыру арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдайлар дайындау болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіп пен қызметтер саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндіру мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты мәні болып табылады.
Жедел экономикалық серпілісті қамтамасыз ету үшін 2007-2009 жылдары өнеркәсіптік секторды және қызметтер саласын әртараптандыруға және жаңартуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Индустриялық-инновациялық саясатты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету ерекше маңызға ие болады. Орта мерзімді перспективада қазақстандық бизнес үшін тауашаны айқындау мақсатында нарықтарды, салаларды маркетингтік және технологиялық зерттеулер жүргізуге байланысты жұмыс жүргізілетін болады.
Экономиканың 23 әлеуетті бәсекеге қабілетті секторларына маркетингтік, конъюнктуралық және технологиялық зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.
Барлық талдамалық зерттеулер жүргізудің мақсаты қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін барынша арттыру тәсілдерін анықтау болады.
«Өнімнің шығуы», «сату», «шығындар» сияқты көрсеткіштерге барынша көңіл бөле отырып, «өндірілген шығындар - алынатын кipic» ең үздік ара қатынасы ерекшеленетін қосылған құндардың тізбегін анықтау жалғасады. Бұл ретте, ҚҚТ-ның дамуы екі бағыт бойынша жүреді - тізбектегі «кемшіліктердің» орнын толтыру және қажет кезінде жаңа технологиялық құрылымдарды дамыту.
Алдағы кезеңнің түйінді бағыттары басымды салаларда бірқатар жоғары технологиялы өндірістер құру болуы тиіс.
Индустриялық-инновациялық дамуды басқару, даму институттарының, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің жұмыс істеуі мемлекеттік саясатын жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Сондай-ақ орта мерзімді перспективада мынадай міндеттер шешілетін болады:
өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
жеке секторды бәсекелі артықшылықты жасауға және жетілдіруге ынталандыратын кәсіпкерлік ахуалды, қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын жасау;
елдің экспорт әлеуетін қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің пайдасына әртараптандыру;
әлемдік сапа стандарттарына көшу;
әлемдік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қоса отырып, өңірлік экономикаға және әлемдік шаруашылық жүйесіне бірігуді ұлғайту.
Шикізат емес бағыттағы экономиканың салаларында іске асырылатын барлық әлеуетті бәсекеге қабілетті, оның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістер индустриялық-инновациялық саясаттың басым бағыттары болып табылады. Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялы өндірістерді шешу үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
Кластерлік даму
2005 жылы тамақ өнімдері өнеркәсібі кластері, мұнай-газ машиналарын жасау өнімдері кластері, туристік қызметтер кластері, тоқыма өнімдері өнеркәсібі кластері, металлургиялық өнімдер өнеркәсібі кластері, көлік-логистикалық қызметтер кластері, құрылыс материалдары өнеркәсібі кластері сияқты 7 пилоттық кластерлер құру және дамыту жөніндегі жоспарлар бекітілді.
Бұл жоспарлар көрсетілген салалардың жүйелі проблемаларын (саланы дамытуды ынталандыру үшін заңнаманы жетілдіру, кадрлар даярлау және қайта даярлау, стандарттау мәселелері, инфрақұрылымды дамыту) шешу жөніндегі іс-шараларды және әрбір жекелеген кластерлердің міндеттерін (бизнес стратегияларды тұжырымдау, кластер шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру, кластерішілік кооперацияны күшейту) шешуге бағытталған шараларды қамтиды.
Кластерлік идеяларды дамытуда индустриялық аймақтар құру сияқты нақты өндірісті мемлекеттік ынталандыру құралын пайдалану барынша перспективалы болып көрінеді. Бұл тетік қазіргі уақытта Астана қаласында (Құрылыс материалды) және Қарағанды облысында (Металлургия-Металл өңдеу) пилоттық кластерлердің жобаларын іске асыру шеңберінде байқаудан өтіп жатыр.
Оң нәтижелер алған жағдайда осы тәжірибені барлық өңірлерге тарату көзделіп отыр: Павлодар қаласы (өнеркәсіп), Өскемен қаласы (металлургия-металл өңдеу), Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары (ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу), Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы (машина жасау).
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы индустриялы аймақтарды қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы әзірленуде.
Тұтастай алғанда, бұл құралдың жеке меншік-мемлекеттік әріптестікті дамытуда табысты пайдаланудың барлық алғышарттары бар. Бұл ретте, құрылымдық қаржыландыру құралын пайдаланғанда бұл ұстаным өнеркәсіп салаларын дамыту үшін айтарлықтай экономикалық әсерге ие болуы мүмкін.
Мұнай-газ машиналарын жасау
Қазіргі уақытта машина жасау кәсіпорындары 230 астам өнім атауларын шығаруды игерді, оның ішінде 125 тонна жүк көтеруге қабілетті жедел бұрғылау қондырғысы, ұңғымаларды жөндеуге арналған көтергіш агрегаттар, арнаулы техника, резервуарлар, сыйымдылықтар, тұндырғыштар және сепараторлар, 6 және 8 тонна жүк көтеруге қабілетті тербелме-станоктар, ортадан тепкіш және поршеньді сорғылар, бұрқақты арматура, ысырмалар, вентильдер, мұнай эмульсияларын қыздыратын пештер және басқа да жабдықтар.
2006 жылға отандық кәсіпорындар мұнай-газ саласы үшін 50-ден астам өнімнің жаңа түрлерін игеруді жоспарлады.
HБ-125 бұрғылау сорғыларын шығару Алматы ауыр машина жасау зауытында («ААМЗ-Ижнефтемаш») жолға қойылған, зауыт шығаратын барлық өнім DIN EN ISO 9001:2000 халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған.
«Қазмұнайгазмаш» акционерлік қоғамының (Алматы қаласы) мұнай-газ кешені кәсіпорындарын арзан және сапалы жоғары қысымды бұрқақтық-сағалық жабдығымен қамтамасыз ете алады, кәсіпорында ISO 9001 сапаны басқару жүйесі қолданылады.
«Өскемен арматура зауыты» акционерлік қоғамы ысырмалар мен клапандарды ISO халықаралық стандарттары бойынша шығарады.
Ақтөбе мұнай жабдығы зауытында әр түрлі диаметрдегі сорғы-сығымдаушы құбырларын шығару игерілген.
Жеткізілетін жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және оған жедел сервистік қызмет көрсету үшін отандық тауар өндірушілер өз өндірістерін, сондай-ақ қосалқы бөлшектер шығаруға қайта бағдарлауда және «жеткізуші-тұтынушы схемасын» өзара қарым қатынастың осы заманғы сатысына шығаруда.
«Ақтөбе мұнай жабдығы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы мұнай-газ жабдығын өндіру саласына инвестициялар тартылуда: «Штангалы сорғы өндірісінің, сондай-ақ сорғы-сығымдаушы құбырлар және штангалы тереңдік сорғылар өндірісінің толық тізбегін ұйымдастыру» жобасы 7,0 млн. АҚШ доллары инвестициялар көлемімен.
Тұтастай алғанда 2007-2009 жылдары машина жасау саласын дамыту Қазақстан Республикасының машина жасау саласын әртараптандыру мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Бағдарламаның басты мақсаты әртараптандыру негізінде машина жасау саласын одан әрі дамыту және салаға машина жасау өнімінің импортын қысқарту және экспортын кеңейту үшін осы заманғы технологиялар мен жабдықтарды тарту үшін жағдай жасау болып табылады.
Металлургия
Қазақстан қара және түсті металдардың, 84 өнеркәсіптік минералдардың, сондай-ақ энергия тасығыштардың коммерциялық қорларына ие.
«Металлургия» кластері машина жасау және металлургия кәсіпорындары кластерінің басқа да қатысушылары үшін шикізат өндіретін кластер құрушы компаниялар технологиялық дәйекті тізбекте құрылған кәсіпорындар мен өндірістердің кешенін білдіреді.
Қара металлургия саласында және тау-металлургия кешенінің түсті саласында негізгі шаруашылық субъектілері - «Миттал Стил Теміртау» акционерлік қоғамы және «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ірі компаниялары болып табылады.
Қазіргі уақытта республика өнеркәсібінің металлургия секторында мынадай проблемалар бар:
руда құрамында пайдалы құрамдауыштардың аздығы;
пайдалы қазба кен орындарының көп құрамдауыштығы;
жоспарлау, жобалау және басқару процестерін автоматтандыру деңгейінің төмендігі;
негізгі қорлардың тез тозуы;
тау-кен машина жасаудың өз кәсіпорындарының қуатының аздығы;
минералды шикізатты кешенді, қауіпсіз және қалдықсыз өндіру және қайта өңдеудің жаңа үнемді технологияларын дамытудың төмен қарқындылығы;
тұтынушылардың алыс орналасуы;
жер қойнауын пайдалану, табиғат қорғау қызметі саласындағы нормативтік-заңнамалық және салық базасының нақты ахуалының барабар болмауы;
мамандар даярлау мен қайта даярлаудың осы заманғы жүйесінің болмауы;
тау-кен саласының кәсіпорындары қызметінің шашыранды сипаты (үйлесімнің болмауы).
Металлургия саласын табысты дамыту үшін Қазақстан Азия нарығын ерекше назарға ала отырып, қосылған құнымен металлургиялық өнім өндіру үшін қуаттар құруға шоғырлануы қажет.
Құрылыс материалдары саласы
Құрылыс материалдары саласының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары:
қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін тиімділігі жоғары технологиялық желілерін (өндірістерін) әзірлеу және енгізу;
өндіріс қалдықтарын пайдалануды, энергия және ресурстарды үнемдеуді және қоршаған ортаға техногендік әсер етуін төмендетуді қамтамасыз ететін технологиялар әзірлеу және игеру.
Шыны, цемент, жылу оқшаулағыш және жабық материалдарын, жақтау кірпіштерін, линолеум, сырлар мен басқа да қажетті құрылыс материалдарын шығаруды ұйымдастыру таяу жылдарға арналған басым міндеттер болып қалады.
Жоспарланған кезеңге ұйғарылып отырған мақсаттар мен міндеттер:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру;
Бағдарламада көзделген міндеттерді шешу үшін отандық және шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
жекелеген өңірлердің әлеуетін, шикізат көздерінің болуын, қолданыстағы және тұрып қалған кәсіпорындарды, ішкі өңірлік және өңіраралық нарықтарды ескере отырып, өңірлік кластерлерді іске асыру;
сала мен технологиялар трансфертінің ғылыми базасын дамыту;
жаңа стандарттар әзірлеу арқылы стандарттау жүйесін жетілдіру және қолданыстағыларын халықаралық стандарттарға бейімдеу;
шетелдік өткізу нарықтарына және шетелдік фирмалар үстемдік құрып отырған ішкі нарықтарға шығу мақсатында өндірісті басқарудың халықаралық нысанына, бірінші кезекте сапаны басқару жүйесіне көшу;
мамандарға жалпы қажеттілікті анықтай отырып, кадрлар даярлау жүйесін оңтайландыру.
Тоқыма өнеркәсібi
Тоқыма өнеркәсібі табиғи, жасанды және синтетикалық талшықтарды тоқыма жіпке және матаны қайта өңдеумен айналысатын жеңіл өнеркәсіп салаларының өндірістер тобын біріктіреді. Мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес Қазақстанның тоқыма өнеркәсібі экономикалық қызметтің 7 түрі мен 21 кіші түрінен көрінеді.
Қазақстанда қоза Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы аудандарында, Түркістан қаласында және Шымкент, Арыс қалаларының, Бәйдібек, Отырар және Сайрам аудандарының аз ғана жерінде өсіріледі.
Республиканың тоқыма өнеркәсібін дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-мата жіп пен матаны шығару жөніндегі кластерді құру жоспарланып отыр.
Шитті мақта өндіру саласындағы ең өткір мәселелер: мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы құрылымдарының бөлшектенуі; өнеркәсіптің өсіп келе жатқан сұранымдарына жауап бере алатын бәсекеге қабілетті сорт жиынтығының болмауы; білікті мамандардың жеткіліксіздігі; бірінші-үшінші өндіруге дейін тұқым көбейту бойынша тұқым шаруашылықтары желісінің жеткіліксіз дамуы; сорттық агротехниканың сақталмауы; өнім мен өндірісті, стандарттарды, сапа менеджменті жүйесін сертификаттау жөніндегі тіркелген құрылымдардың жоқтығы; отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмыспен аз жүктелуі болып табылады.
Мақта шаруашылығындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін алдағы 2007-2009 жылдары:
«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау;
мақтаны қайта өңдеу ұйымдарында 9000 сериялы ISO халықаралық стандарттарына сай сапа менеджменті жүйесін енгізуге қолдау көрсету;
мақта шаруашылығы және тоқыма өнеркәсібі жөніндегі халықаралық ұйымдар арқылы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
бір мақта қайта өңдейтін кәсіпорын салу;