Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 854 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен күші жойылды
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде:
8-тармақта:
2-1) тармақшадағы «2-1)» деген сандар «3)» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі өкілетті органның өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтініші негіз болып табылады.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |