Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы»
және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй
құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы»
2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 261-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
Премьер-Министрдің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер Министрінің
2006 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 261-ө өкімімен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік
қатысу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу
мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы
7 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық кесімнің атауы | Аяқтау нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шартты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИСМ | 2006 жылғы қыркүйек |
2 | Тұрғын үй ғимараттарын жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін тарту есебінен салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИСМ ЭБЖМ | 2006 жылғы қыркүйек |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі