4. Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабардың тілі, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекенжайы, шығарылу мерзiмдiлiгi өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, көбейту және (немесе) тарату, -
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сегiз жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға әкеп соғады.
342-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 156 Заңының редакциясында
343-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық араздықты тұтандыруға
бағытталған материалдарды жариялауға рұқсат беру
Нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағытталған, тектiк-таптық артықшылықты, соғысты насихаттайтын, республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеуi бар мәлiметтер мен материалдарды баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру, -
бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не баспа өнiмдерi тәркілене отырып, он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
343-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
344-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн, сол сияқты өзге де өнiмдердi
Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу тасымалдау -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
телевизия бағдарламалары мен (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке берiлетiн лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мыңнан екi мыңға дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткіштің елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi әкiмшiлiк қамауға, заңды тұлғаларға - өнiмдерi тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден екi мыңға дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшілiк жазалар қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің жүзден екi жүзге кейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткіштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берiлетiн лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
344-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
345-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
346-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен сотқа ықпал жасау
Сот қарайтын қандай да болсын iс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сотта iс қарау нәтижелерiне алдын ала пайымдау жасау немесе сот актiсi күшiне енгенге дейiн сотқа ықпал ету, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
346-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
347-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру
Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
347-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
348-бап. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын берудiң, теле- және
радиохабарлар материалдарын тiркеудiң, сақтаудың тәртібін бұзу
1. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын берудiң, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеу мен сақтаудың тәртібін бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралдарының шығуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
348-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
349-бап. Теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтердi эфирге шығару тәртібін бұзу
1. Темекi және алкоголь өнiмдерiн насихаттайтын теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтердi эфирге шығару тәртібін бұзу, -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
теле- және радиохабарлардың, жарнамалық роликтердiң жекелеген шығарылымдарын тәркiлей отырып, лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Заңдарда белгiленген тәртiптi бұза отырып, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларын қайталап беру,-
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып, лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
349-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ, 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістермен.
349-1-бап. Темекi және темекi бұйымдарын жарнамалау
1. Мерзiмдi баспа басылымдарында жарнаманы шығару тәртібін, оның iшiнде оларда темекi және темекi бұйымдарына жарнаманы бiрiншi және соңғы беттерiнде, мұқабаларында орналастыру жолымен бұзу, кәмелетке толмағандарға бағдарланған мерзiмдi баспа басылымдарында темекi бұйымдарын жарнамалау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Темекi бұйымдарын жарнама мақсатында тегiн тарату, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кәмелетке толмағандар арасында жарнама мақсатында темекi бұйымдарының үлгiлерiн тарату, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мәдени-ойын-сауық және спорт шараларын өткізу кезiнде темекiнi және темекi бұйымдарын жарнамалау, сол сияқты, кәмелеттiк жасқа толмағандарға арналған шараларға демеушi болып, егер бұл орайда мұнда темекi бұйымдарының атауы, бейнесi немесе тауар белгiсi (қызмет көрсету белгiсi) пайдаланылса, -
айлық есептік көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Темекi бұйымдарын көлiкте жарнамалау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
349-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
350-бап. Шығарылым деректерiн жариялау тәртібін бұзу
1. Мерзiмдi баспа басылымдарын белгiленген шығарылым деректерiнсiз шығару, эфирде өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларының эфирге шығуы, -
бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң таралымы тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
өнiм таралымы және бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн дайындау және тарату үшiн қолданылатын техникалық құралдар тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
350-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ, 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістермен.
351-бап. Авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария ету
Бұқаралық ақпарат құралының лауазымды адамының авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария етуi, егер ол оны жария етпеуге жазбаша түрде мiндеттенген болса,-
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
351-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
352-бап. Журналистiң заңды кәсiби қызметiне кедергi жасау
1. Журналистiң заңды кәсiби қызметiн орындауына кедергi келтiретiн не оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайлар туғызу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Журналист сұратқан ақпаратты беруден негiзсiз бас тарту не заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етпеу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
352-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңының редакциясында.
24-тарау
Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
353-бап. Заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығару және оны қолдану
1. Мемлекеттік органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актілеріне қайшы келетiн, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен күшi жойылған, сот күшi жоқ деп таныған не қолданылу күшiн уәкiлеттi органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының көрiнеу заңсыз қолдануы, не белгiленген тәртiпте жарияламау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
353-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
354-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеудiң ережелерiн бұзу
1. Жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеудiң заңдармен белгiленген ережелерiн лауазымды адамдардың бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
354-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
354-1-бап. Мемлекеттік нышандарды пайдалану тәртібін бұзу
1. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын заңсыз пайдалануы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік нышандарды пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
354-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
354-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау
тәртібін бұзу
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртібін бұзу-
өнiм таралымы тәркiлене отырып не онсыз жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
354-2-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы № 80-ІІІ Заңымен енгізілді.
355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының,
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери
полициясының, кеден органының, шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар
саласындағы уәкiлеттi қызметкерiнiң нұсқауларын орындамау немесе заңды
өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау
1. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полицияның, кеден органының, шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi қызметкерiнiң нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк, қаржы және әскери полиция органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң, кеден органының, шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi қызметкерiнiң өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқты тiл тигiзу не зорлық iс-әрекет жасау қатерiн төндiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
355-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 240-II өзгерістермен; бап 2002 жылғы 9 тамыздағы № 346-II, 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
356-бап. Мемлекеттік инспекторға өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi
келтiру, қаулыларын, нұсқауларын және өзге де талаптарын орындамау
1. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қызмет туралы, кiрiстер туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажеттi құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық және басқа мәлiметтердi беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңдармен көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не жалған ақпарат беру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстiң 130, 168, 173, 216, 219, 305, 313-баптарында, 317-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 13) тармақшасында, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік инспекцияның лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
4. Осы Кодекстiң 481-бабының екiншi бөлiгiнде, 482-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
356-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
356-1-бап. Бақылау және қадағалау функцияларын заңсыз беру
Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын уәкiлеттi емес тұлғаларға заңсыз беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
356-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілді.
357-бап. Озбырлық
Озбырлық, яғни бiр адамның заңдармен белгiленген тәртiпке қарамастан, заңсыз жасаған, заңдылығы екiншi бiр адам немесе ұйым тарапынан дау туғызатын iс-әрекетi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
357-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
357-1-бап. Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілік
аттестатынсыз (куәлiгiнсiз) кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу,
сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру
1. Рұқсат, лицензия, біліктілік аттестаты (куәлiгi) мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілік аттестатынсыз (куәлiгiнсiз) кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар тәркiленiп не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.