4. Астық қабылдау кәсiпорнының астық операциясы есебiнiң белгiленген тәртібін бұзуы, сол сияқты астықты иелерiнен сақтауға қабылдаған немесе иелерiне берген кездегi астық сапасының көрсеткiштерiн бұрмалауы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Астық қабылдау кәсiпорындарының заңдарда белгiленген құжаттарды жасамауы, сол сияқты дер кезiнде жасамауы, -
лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Экспорт және импорт кезiнде астықты iшкi рынокта тиiстi сапа сертификаттарынсыз өткізу,-
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Мемлекеттік ресурстар астығын сақтаушы астық қабылдау кәсiпорындарының астықтың кез келген мөлшерiн тиеп жөнелтуi, сол сияқты оны көлiк ұйымдарының уәкiлеттi органмен алдын ала келiспей әкетуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Уақытша басқару жөніндегі комиссия немесе уақытша әкiмшiлiк мүшелерiнiң астық қабылдау кәсiпорнына уақытша басқаруды жүргiзу кезеңiнде заңдарды астық қабылдау кәсiпорнына материалдық залал келтiрiп бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
309-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
309-2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру
кезіндегі құқық бұзушылық
1. Егiске арналған тұқымды өндiру, өткізу және пайдалану жөніндегі қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптi бұза отырып жүзеге асыру, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тұқымдардың сорттық және егiстiк сапаларын айқындау жөнiнде қызмет көрсетушi аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым сапасына сараптама жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұзуы, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын заңдарда белгiленген біліктілік талаптарын бұзуы, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнен айыруға әкеп соғады.
309-2-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
309-3-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктi жүзеге асыру тәртібін бұзу
Фитосанитариялық есептіліктi табыс етпеу, сол сияқты уақтылы табыс етпеу, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
309-3-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілді.
310-бап. Ветеринария туралы заңдарды бұзу
Ветеринария туралы заңдарды:
1) мiндеттi ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды жүргiзуден бас тарту және оларды жүргiзудiң мерзiмдерiн бұзу;
2) карантин мен шектейтiн iс-шаралардың шарттарын және талаптарын сақтамау;
3) ауру жұқтыратын малдарды жою бойынша ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды өз уақытында немесе толық өткiзбеу;
4) ауру жұқтыратын малды тарату;
5) малды өсiру кезiнде ветеринариялық-санитариялық ережелердi сақтамау;
6) республика аумағын малдың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындамау;
7) малды тасымалдау (айдап апару) кезiнде ветеринариялық-санитариялық ережелердi бұзу;
8) рыноктарда (сауда ұйымдарында), ветеринариялық бақылаудың қадағалауындағы жүктердi дайындау, сақтау, қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындарда, қоймалық үй-жайларда, карантин базаларында, тиеу-түсiру алаңдарында және көлiк құралдарында ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтердiң талаптарын сақтамау;
8-1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның тиiстi қорытындысынсыз жаңа, жетiлдiрiлген ветеринария препараттарын қолдану;
8-2) ветеринариялық-санитариялық объектiлердi салу мен ұстауды қамтамасыз етпеу;
9) ветеринария саласында iндеттiң немесе өзге де ауыр зардаптардың таралуына әкеп соқпаған басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ iндетке қарсы күрес мәселелерi жөніндегі жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiн бұзу түрiнде жасалған бұзушылық,
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
310-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен.
311-бап. Иттердi және мысықтарды күтiп-ұстау ережелерiн бұзу
1. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттердi күтiп-ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде мысықтарды күтiп ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
311-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
21-тарау
Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол
сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
312-бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу немесе орындамау
1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi ережелерiмен, құрылыс нормаларымен және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезіндегі ережелермен, мемлекеттік стандарттармен көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт техникасын, өртке қарсы құрал-саймандарды, жабдықтарды, өрттi табу мен өшiрудiң автоматтық құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау ережелерiн бұзу немесе орындамау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға жауапты адамның оны бұзуы, егер ол адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрген өрттiң шығуына әкеп соқтырса, қылмыс құрамы болмаған кезде, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапқа қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi елу айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома елеулi мөлшердегi залал деп танылады.
312-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
313-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткізу
Жарылыс және өрт қауiпсiздiгi жөніндегі мемлекеттік стандарттар талаптарына жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткізу не мемлекеттік өрт қадағалау органдарының ұйымның, өндiрiстiк учаскенiң, агрегаттың жұмысын тоқтата тұру немесе тыйым салу жөніндегі қаулысын орындамау, егер олар денсаулыққа зиян немесе iрi материалдық залал келтiрмесе, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодекстiң осы бабына қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома iрi мөлшер болып табылады.
313-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
314-бап. Су айдындарында қауiпсiздiк ережелерiн бұзу немесе орындамау
1. Су айдындарында қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуына жауапты адамның оларды бұзуы немесе орындамауы, егер бұл адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрсе, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
314-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
315-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзу
Уәкiлеттi мемлекеттік органдар белгiлеген деңгейден жоғары мөлшерде атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына радиоактивтi заттарды негiзсiз немесе әдейi шығарса; сәулеленуге ұшыраған немесе радиоактивтiк заттары бар өнiмдер мен материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында осыған уәкiлеттi мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымына тарту; тиiстi дайындықтан өтпеген не олардың біліктілігiн көрсететiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық жағынан рұқсат етiлмейтiн адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсіндегі жұмысқа жiберу; радиоактивтiк заттар мен иондалған сәулелендiру көздерiн есепке алуды және бақылау жасауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтiң белгiлi бiр түрiне берiлген лицензиядан айыруға әкеп соғады.
315-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
316-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң талаптарын бұзу
Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртібін бұзу, ядролық материалдарды, атом энергиясын пайдалану объектiлерiн физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу; ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтiң белгiлi бiр түрiне берiлген лицензиядан айыруға әкеп соғады.
316-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
317-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы
заңнаманы бұзу
1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы:
1) стандарттар, техникалық шарттар мен үлгiлер (эталондар) талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды шығару (соның iшiнде жөндеуден) немесе жеткізу (өткізу);
2) стандарттар, техникалық шарттар талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдi бөлшек сауда ұйымдарында, рыноктарда сатуға шығару;
3) тиiстi нормативтiк құжаттарсыз өнiм шығару (соның iшiнде жөндеуден), жеткізу (өткізу) немесе пайдалану (жарату), жұмыстар мен қызмет көрсетулердi орындау;
4) өнiмнiң сапасы немесе технологиялық процестерге арналған стандарттар талаптары бойынша стандарттар талаптарына және техникалық шарттарға сәйкес келмейтiн конструкторлық, технологиялық және жобалау құжаттамаларын тапсырыс берушiге не өндiрiске беру;
5) өнiмдi тасымалдау, сақтау және пайдалану (жарату) кезiнде, сондай-ақ тауарларды буып-түю және буып-түйiлген тауарларды кез-келген орама түрiнде өткізу кезiнде стандарттар мен техникалық шарттарды сақтамау, егер бұл өнiмнiң сапасының төмендеуiне, бұзылуына немесе нормативтен артық кемуiне әкелiп соқса;
6) мiндеттi түрде сертификаттауға жататын, сәйкестiк сертификаты жоқ, сондай-ақ оны қолдан жасаған, қолдану мерзiмi өткен немесе тоқтатылған жағдайда өнiмдi өткізу;
7) сәйкестiк сертификатын негiзсiз беру немесе қолданылу күшiн растау;
8) тiркеуден өтпеген өнiмдi сертификаттау сынағынан өткізу;
9) мемлекеттік сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, сондай-ақ тексерiлмеген немесе жөнделмеген өлшеу құралдарын және стандарттық үлгiлердi айналымға шығару;
10) тиiстi рұқсатсыз өлшеу құралдарын дайындау, тексеру, жөндеу, сату мен жалға беру, сондай-ақ стандарттық үлгiлердi шығару мен метрологиялық аттестаттау;
11) мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшеудi орындау әдiстемелерiн қолдану;
12) өлшеу құралдарын пайдаланудың ережелерi мен нормаларын бұзу;
13) стандарттар мен техникалық ережелер талаптарын, сертификаттау ережелерi мен метрология ережелерiн сақтауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың нұсқауларын орындамау түрiнде жасалған бұзушылық, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
317-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
318-бап. Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау
Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен саябақтарда, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темір жолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, поселкелер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттік орман және су қорлары, мемлекеттік қор және ұйғарымнан кейiн ұйымдарға бекiтіліп берiлген жерлерiнде жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
318-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
319-бап. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктер өсетiн егiстiктi күзетудi қамтамасыз етуге
шаралар қолданбау
Құрамында есiрткi заттары бар сора, көкнәр немесе басқа өсiмдiктер егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмдерiн сақтау мен қайта өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есiрткi заттары бар бастырудан қалған егiстiктердi және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
319-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
319-1-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізу мен
тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау
1. Көңiл көтеру ұйымдары лауазымды адамының және (немесе) меншiк иесiнiң есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізу мен медициналық тұрғыдан тыс тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы, -
қызметi тоқтатыла тұрып не онсыз, лауазымды адамдарға және (немесе) меншiк иелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға және (немесе) меншiк иелерiне жеке кәсiпкерлiк қызметiне тыйым салынып не онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаларға - заңды тұлғаның қызметiне тыйым салынып не онсыз, бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
319-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
320-бап. Өткізу мақсатынсыз есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және
прекурсорлармен заңсыз айналысу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз түрде дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе салып жiберу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 16 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер, -
ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Өткізудi мақсат етпей өзi дайындаған, қайта өңдеген, иемденiп алған, сақтаған, тасымалдаған немесе салып жiберген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды өз еркiмен тапсырған адам жауаптылықтан босатылады.
320-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
321-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және
заңсыз жарнамалау
1. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, сол сияқты оларды заңсыз жарнамалау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енген есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арнап мамандандырылмаған баспа басылымдарында жарнамалау, сол сияқты құрамында есiрткi құралдары және психотроптық заттар бар дәрiлiк препараттар үлгiлерiн жарнамалау мақсатында тарату, -
тиiстi қызмет түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы бапта есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау деп жеке және заңды тұлғалардың есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу, дайындау тәсiлдерi, әдiстерi туралы және оларды пайдалану, сатып алу орындары туралы мәлiметтердi таратуға, сондай-ақ кiтап өнiмдерiнiң, бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң өндiрiсiне және оны таратуға, аталған мәлiметтердi компьютер желiлерiнде таратуға немесе осы мақсатта да өзге де iс-әрекеттер жасауға бағытталған қызметiн түсiнген жөн.
2. Осы бапта есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп жеке және заңды тұлғалардың адамның қабылдауы мен түйсiгiне ол сезiне алмайтындай әсер ететiн, оның есiрткi құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға қызығушылығын қалыптастыратын немесе қолдайтын кез келген ақпаратты кез келген құралдар көмегiмен кез келген нысанда тарату және орналастыру жөніндегі қызметiн түсiнген жөн.