2. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк өнiм есебiн жүргiзудi бiр шығынның өтемдiк өнiмде екi рет көрсетiлуiн болдырмайтындай түрде қамтамасыз етуге тиiс.
313-3-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлдi.
313-4-бап. Өндiрiлген өнiм құнын есептеу
1. Өндiрiлген өнiм құны бөлу нүктесiнде белгiленедi және әрбiр есептiк кезең үшiн өндiрiлген өнiмнiң бөлу нүктесiнде өлшенген және тоннамен көрсетiлген көлемiнiң осындай есептілік кезеңi iшiнде бөлу нүктесiнде өткізудiң орташа бағасына көбейтiндiсi ретiнде айқындалады. Өнiмдi бөлу нүктесi жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта айқындалады.
2. Өнiмдi өткізудiң орташа бағасы аталған өнiмдi өткізумен байланысты және осы Кодекстiң 313-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес есептілік кезеңде өтелетiн шығыстарға қосылмаған шығыстар алынған есептілік кезеңде жанама салықтар ескерiлмей, өнiмдi өткізуден түскен табыстың есептілік кезеңде өткiзiлген өнiмнiң тиiстi жалпы көлемiне бөлiнген жалпы сомасын бiлдiредi.
3. Есептілік кезеңде өнiмдi өткізу толығымен болмаған кезде өнiм соңғы өткiзiлген есептілік кезеңдегi өнiмдi өткізудiң орташа бағасы кейiннен түзетiле отырып, өнiмдi өткізудiң орташа бағасы ретiнде алынады.
4. Өндiрiлген өнiм құны Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау жөніндегі заңдарына сәйкес түзетуге жатқызылуы мүмкiн.
Өндiрiлген өнiм құнын түзету осы Кодекстiң 312-1-бабының 3-тармағында айқындалған триггерлер мәнiнiң өзгеруiне алып келген жағдайда Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiнiң және қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiнiң мөлшерi де түзетiлуi тиiс.
313-4-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлдi.
314-бап. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен алынып тасталды.
314-1-бап. Салық кезеңi
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнiң төлемдерi бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
314-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
314-2-бап. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеу мерзiмi
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей төленедi.
314-2-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
314-3-бап. Салық декларациясы
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей табыс етедi.
314-3-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
49-1-тарау
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi
49-1-тарау Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлдi
314-4-бап. Төлеушiлер
Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн төлеушiлер болып табылады.
314-5-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер
қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу тәртібі
1. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шартты орындау кезiнде мемлекет түсiмдерiнiң үлесi әрбiр салық кезеңiнде өндiру басталған кезден салынған инвестициялар қайтарылған кезге дейiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шартта белгiленген мәннiң бес процентiнен он процентiне дейiнгiден кем болмауға және жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде, келесi кезеңдерде алған өнiм көлемiнiң қырық процентiнен кем болмауға тиiс.
2. Осы баптың мақсаттары үшін мемлекет түсімдерінің үлесі жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңі ішіндегі өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер болып табылатын, орындалған салықтық мiндеттемелерiн бiлдiредi.
Мемлекет түсiмдерiнiң үлесi қосылған құн салығын және жер қойнауын пайдаланушы оларға қатысты салық агентi ретiнде әрекет ететiн салықтарды қамтымайды.
3. Егер қайсыбiр салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша түсiмдер сомасы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәннен кем болып шықса, тиiстi айырманы жер қойнауын пайдаланушы бюджетке Қазақстан Республикасы үлесiнiң шотына осы Кодекстiң 127-бабының 4-тармағында белгiленген мерзiмдерде төлейдi.
314-5-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
314-6-бап. Салық кезеңi
Күнтiзбелiк жыл қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөніндегі салық кезеңi болып табылады.
314-7-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер
қойнауын пайдаланушының қосымша төлемдi төлеу мерзiмi
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он бес күннен кешіктiрiлмей төленедi.
314-8-бап. Салық декларациясы
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 137-бабында белгіленген мерзiмде табыс етедi.
11-бөлім
Әлеуметтік салық
50-тарау
Жалпы ережелер
315-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) бюджетпен есеп айырысуды бiржолғы талон негiзiнде жүзеге асыратындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;
2) жеке нотариустар, адвокаттар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидентi - заңды тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер, филиалдар мен өкiлдiктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
315-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
316-бап. Салық салу объектiсi
1. 315-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетiлген төлеушiлер үшiн салық салу объектiсi жұмыс берушiнің осы Кодекстiң 149-бабының 2-тармағында, 153-1-бабында анықталған табыстар түрiнде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстiң 178-бабының 14)-17) тармақшаларында анықталған табыстар түрiнде резидент емес қызметкерлерге төленетiн шығыстары, сондай-ақ осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағында көрсетiлген шетелдiк персоналдың табыстары және осы Кодекстiң 144-бабының 1), 3), 6), 8), 10), 11), 14)-17), 22-1), 23), 25)-29), 31)-34), 39) тармақшаларында белгiленген төлемдердi қоспағанда, қызмет көрсетудiң өтемдi шарттары бойынша жеке тұлғаларға (жеке кәсiпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға төленетiн төлемдердi қоспағанда) төленетiн төлемдер, сондай-ақ мыналар қосылмайды:
1) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер;
2) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн мемлекеттік сыйлықақылар, стипендиялар;
3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн белгiленетiн ақшалай наградалар;
4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда жеке еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерлерде төленетiн өтемдер;
5) пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге төлейтiн өтемдерi;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары.
7) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
2. Осы Кодекстiң 315-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушiлер үшiн, төлеушiлердiң өздерiн қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтiк салық салу объектiсi болып табылады.
3. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісім-шартқа) сәйкес жүргiзiлсе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының ережелерi қолданылады.
316-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2006жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
317-бап. Салық ставкалары
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиалдар мен өкiлдiктер арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтiк салықты мынадай ставкалар бойынша төлейдi:
Салық төлеушiнiң салық салынатын табысы | Ставкасы |
15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн | салық салынатын табыс сомасының 13 процентi |
15-тен 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн | 15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын соманың 11 процентi |
40-тан 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн | 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын соманың 9 процентi |
200-ден 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн | 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын соманың 7 процентi |
600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен жоғары | 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын соманың 5 процентi |
2. Жеке кәсiпкерлер, арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа, жеке нотариустар, адвокаттар өзi үшiн екi айлық есептiк көрсеткiш және әрбiр қызметкер үшiн бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
3. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстiң 121-бабы 2-тармағының ережелерiне сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi.
4. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн әлеуметтiк салық ставкалары осы Кодекстiң 374-384-баптарында белгiленген.
317-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңының редакциясында (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 1-тармақ 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
51-тарау
Салықты есептеу және төлеу тәртібі
318-бап. Әлеуметтiк салықты есептеу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтiк салықты есептеу осы Кодекстiң 317-бабының 1 және 3-тармақтарында белгiленген ставкаларды осы Кодекстiң 316-бабына сәйкес айқындалған салық жылы iшіндегі әлеуметтiк салық салу объектiсiне және Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына түсетiн әлеуметтiк аударымдар сомасына кемiту арқылы жүргiзiледі.
Әлеуметтiк салықты есептеу уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ай сайын өсу қорытындысы бойынша жүргiзiледi.
Жұмыс орнын ауыстырған кезде жеке тұлға бұрынғы жұмыс орнынан аталған жеке тұлғаға кiрiстер төлеуге төлеушiнiң шығыстар сомасы туралы және осы шығыстардан төленген салық сомасы туралы есептi жаңа жұмыс орнына табыс етуге тиiс.
1-1. Қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар осы Кодекстiң 317-бабының 2-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы есептелген әлеуметтiк салық сомасын Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына түсетiн әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтады.
2. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салықты есептеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
318-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгеріспен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі; 1-1 тармаққа енгізілген өзгеріс 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
319-бап. Әлеуметтiк салықты төлеу
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алынған жерi бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 321-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
3. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
319-бап Қазақстан Республикасының 2006жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
320-бап. Мемлекеттік мекемелердiң әлеуметтiк салықты төлеу ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік мекемелердiң есептi айға есептелген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жүктілігi мен босануына, жұмысқа уақытша жарамсыздығына байланысты берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) төленген әлеуметтiк жәрдемақылар сомасына кемiтiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әлеуметтiк жәрдемақылардың төленген сомасы есептi айда есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесi айға ауыстырылады.
321-бап. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртібі
1. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салық негiзге алына отырып есептеледi.
2. Төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелер үшiн өздерiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге әлеуметтiк салық төлеудi жүзеге асырады.
321-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ, 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
52-тарау
Салық декларациясы
322-бап. Әлеуметтiк салық жөніндегі декларация және құрылымдық бөлiмшелер
бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабы
1. Әлеуметтiк салық жөніндегі декларация салық органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей тоқсан сайын тапсырылып отырады.
2. Арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен тапсырады.
3. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер әлеуметтiк салық бойынша декларацияны беру мерзiмiнен кешiктiрмей өзiнiң тiркелген жеріндегі салық органдарына құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабын тапсырады. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабының тиiстi қосымшалары есеп-қисапты беру үшiн белгiленген мерзiм күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен салық органдарына берiледi.
322-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-І, 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ, 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
12-бөлім
Жер салығы
53-тарау
Жалпы ережелер
323-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесiлiлiгiне қарай мынадай санаттарға:
1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;
2) елдi мекендер жерлерiне;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);
5) орман қорының жерлерiне;
6) су қорының жерлерiне;
7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.
2. Жердің белгiлi бiр немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:
1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда елдi мекендер жерлерi;
2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
3. Жердің мынадай санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;
2) орман қорының жерлерi;
3) су қорының жерлерi;
4) запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
Аталған жерлер (запастағы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, оларға осы Кодекстiң 336-бабында белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
4. Жер салығының мөлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды.
5. Жер салығы:
1) меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттік сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.
324-бап. Төлеушiлер
1. Мынадай:
1) жеке меншiк құқығындағы;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтарда салық салынатын объектiлерi бар құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) жер салығын төлеушiлер деп танылады.
3. Мыналар:
1) бiрыңғай жер салығын төлеушiлер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) осы Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттік кәсiпорындары;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектiң ата-анасының бipeyi:
тұрғын-үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
үй маңындағы жер учаскелерi;
жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргiзу, бау-бақша шаруашылығы үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi;
гаражға арналған жер учаскелерi бойынша;
6) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша - "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар;
7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағының 4)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушiлер пайдалануға немесе жалға берiлген жер учаскелерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.
324-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
325-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушiнi анықтау
1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.
Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеушiлер болып табылады.
2. жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшiн осындай учаскенi оның нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.
3. Лизинг алушы қаржы лизингi шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады.
325-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен.
326-бап. Салық салу объектiсi
1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.
Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және басқа да ортақ пайдаланылатын инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады.
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелерi.
Ортақ пайдаланудағы кесiп берiлген белдеудегi мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлiк жүрiп өтетiн тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөніндегі құрылыстар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелерi мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi.
4) осы Кодекстiң 138-140-баптарында белгiленген тәртiппен инвестициялық жобаны iске асыру үшiн иемденiп алынған және пайдаланылатын жер учаскелерi.
5) жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi.
326-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 375-ІІ; 2006 жылғы 7 шілдедегі № 182-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген толықтырулармен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
327-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн анықтау
1. Темір жолдар, оқшаулау белдеулерi, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, заңдарда белгiленген тәртiппен темір жол көлiгi ұйымдарының объектілеріне берiлген жер учаскелерi темір жол көлiгi ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
2. Электр беру желiлерi мен кiшi станциялар тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесi ұйымдары үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желілерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
328-бап. Салық базасы
Жер салығын анықтау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.