Осы редакция 2006 ж. 5 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 368-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005.12.12.
№ 1235 қаулысына
368-1-қосымша
600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1437202 мың теңге (бір миллиард төрт жүз отыз жеті миллион екі жүз екі мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 55 Жарлығы; «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықаралық рынок капиталдарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту, қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Р/с № | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарлама (кіші бағдарлама) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Штат санының лимитіне сәйкес Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің орталық аппаратын ұстау. Үй-жайды жалдау ақысын төлеу. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс істеуі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Аудиторлық тексерулердің шығындарын өтеу. Өңірлік қаржы орталығының маркетингін жүргізу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында (мерзімді басылымдарда, теледидарда, Интернет желісінде) ақпараттық және жарнамалау компаниясын жүргізу Халықаралық консультативтік кеңестің қызметтеріне ақы төлеу. Шетелдерде халықаралық семинарлар өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
3 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Бекітілген біліктілікті арттыру жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу, оның ішінде мемлекеттік тілді оқыту. | 2-4 тоқсан | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
4 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Кабинеттерді жабдықтау үшін жиһаздар, жабдықтар және басқа активтерді, тауарларды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
5 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Ақпараттық жүйелерді және жергілікті міндеттерді сүйемелдеу. Мемлекеттік тілдегі құжаттармен жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту. Агенттіктің жабдығы мен желілеріне, серверлік үй-жай жүйелерін, телекоммуникациялық және басқа да жабдықтарға техникалық және жүйелі қызмет көрсету. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бағдарламалық өнімді сатып алу және сүйемелдеу. Есептеу техникасы мен активті желілік жабдықтар сатып алу. Жабдықты бөлшектеу/монтаждау бойынша қызметтер, жөндеу, жабдықты жеткізу бойынша ілеспе қызметтер алу. Интернет және VPDN желісіне қосылу бойынша қызметтерді алу. | | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық негізбен 100 % қамтамасыз ету; 78 біліктілігі жоғары мамандарды жұмысқа тарту мемлекеттік қызметшілердің компьютермен және ұйымдастыру техникасымен жалпы қажеттіліктің 100 %-мен жарақтандырылуын қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту, халықаралық капитал рыноктарына ықпалдасу;
Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды барынша тарту; қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі орталық аппаратының бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға арналған орташа шығын 9420 мың теңгені құрайды; бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығын - 33 мың теңге; Агенттіктің ақпараттың жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шығындардың орташа көлемі және ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету - 366,5; Халықаралық консультативтік кеңестің қызметтеріне орташа ақы төлеу - 7937,5 мың теңге.
Уақтылығы: белгіленген кестеге сәйкес іс-шараларды уақтылы орындау.
Сапасы: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының барынша көп санын тарту және қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар рыногының ықпалдасуын қамтамасыз ету.