Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) қалыптастыру жөніндегі мемлекетаралық және ведомствоаралық топтардың, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының және Орталық Азия Ынтымақтастығының жұмысына белсенді қатысуға ниеттеніп отыр.
§ 2. Қаржы секторын дамыту
Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
Орта мерзімді перспективада қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау осы саладағы жаңа мемлекеттік саясат мүдделерін, ел экономикасының қазіргі заманғы дамуын және халықаралық ынтымақтастық жағдайларын ескере отырып жүзеге асырылады.
Халықаралық оның ішінде Еуропалық одақ қабылдаған стандарттарға барынша толық жақындату мақсатында қаржы ұйымдарын реттеуді одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасын табады.
Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеудің және қадағалаудың бірыңғай жүйесін құруға бағытталған кешенді шараларды іске асыру мақсатында орта мерзімді перспективада:
қаржылық қадағалаудың жаңа басымдықтарын ескере отырып, оның заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
қаржы рыногының инфрақұрылымын дамыту, қаржы ұйымдарының қызметіне қойылатын талаптарды арттыру.
Қазақстанның банк секторын реттеуді халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) де Қазақстанның банк жүйесін Банктік қадағалау жөніндегі Базель Комитетінің капитал барабарлығының "Капиталды есептеудің және капитал стандарттарының халықаралық конвергенциясы" (International Convergence of Capital Measurement and Capital Standards) (Базель II) жаңа келісіміне көшіруді жүзеге асыруға шешім қабылдады. Көрсетілген келісімде кредиттік, рыноктық және операциялық тәуекелдерді бағалаудағы ұстанымдардың баламалылық қағидатының, яғни банктерді барабар капиталдандырудың және тұтас банк жүйесінің тұрақтылығын осылайша күшейтетін тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдірудің негізі қаланған.
Қаржы рыногын реттеу мен қадағалауды дамытудың орта мерзімді кезеңге арналған басым бағыттарына:
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын іске асыру;
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру;
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру;
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру;
қаржы секторындағы инвестициялау, бағалы қағаздар рыногы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі мәселелерін шешу;
қаржы ұйымдарын капиталдандыру деңгейін одан әрі жоғарылату жөнінде шаралар қабылдау;
қаржы ұйымдарының тәуекелдерді басқарудың қазіргі заманғы жүйелерін одан әрі енгізуін қамтамасыз ету;
Алматы қаласының халықаралық қаржы орталығы жұмысының табысты қызметіне жәрдемдесу;
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті сақтандыру түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау;
қаржы ұйымдарын қадағалау мен пруденциялық реттеудің тәуекелдерді бағалауға негізделген жүйесін жетілдіру;
қаржы ұйымдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін дербес бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйелерін тәуелсіз сыртқы бағалауға қойылатын талаптарды айқындау;
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында шетелдік қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының қаржы рыногына қол жеткізу тұжырымдамасын әзірлеу;
халықтың қаржы рыногы туралы білімін және халықтың сақтандыру және инвестициялық мәдениетін одан әрі арттыруды ынталандыру болып табылады.
Банк секторы
2006-2008 жылдардағы банк секторын дамыту саласындағы қызметтің басым бағыттары:
оның әлемдік рыноктарға жедел кіруі мен белсенді халықаралық ынтымақтастығы үшін ұлттық банк секторының ашықтығын және инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету;
тиісінше жылжымайтын мүлікке және банк тәуекелдеріне кредит беру көлемінің шамадан тыс өсуімен байланысты проблемаларды, оның ішінде:
ипотекалық қарыз беретін банктердің өтімділік деңгейін жоғарылату;
сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруға қойылатын талаптарды неғұрлым қатаң жаңа сақтандыру сыныбы - ипотекалық сақтандыруды енгізу мүмкіндіктерін қарау;
қарыз алу шарттарының ашықтығы мен салыстырылуын қамтамасыз ету үшін кредиттер бойынша сыйлықақылар ставкаларын белгілеудің бірыңғай тәртібін айқындау;
ипотекалық кредиттер бойынша қамтамасыз етуді тәуелсіз бағалаушылармен жыл сайынғы қайта бағалау.
Сақтандыру рыногы
Отандық сақтандыру индустриясын дамытудың бірінші кезектегі міндеттерін айқындаудағы елеулі оқиғалардың бірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі № 729 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдау болды.
Бағдарламаның басты мақсаты мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық, экономикалық, әлеуметтік және өзге тәуекелдерін басқарудың тиімді рыноктық құралдарының бірі ретінде сақтандырудың ролін және орнын нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрі реформалау болып табылады.
Бағдарламада айқындалған негізгі міндеттер:
жеке сақтандыруды, оның ішінде оның ұзақ мерзімді және жинақтаушы түрлерін дамыту;
өзара сақтандыру жүйесін дамыту;
халықтың сақтандыру мәдениетін арттыру;
сақтандыру ісін ақпараттандыру және автоматтандыру деңгейін көтеру;
міндетті сақтандыру саласында мемлекеттік саясатты жасау және оның тиімділігін арттыру;
сақтандыру рыногының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру;
сақтандыру саласында мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру;
сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау стандарттарын жоғарылату;
қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру тетіктерін жетілдіру болып табылады.
Осы Бағдарламаны іске асыру:
ұлттық сақтандыру индустриясының тұрақтылығын және сенімділігін нығайтуға, елде жеке сақтандыруды дамытудың бастапқы негізін қалауға;
міндетті сақтандырудың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беретін ұлттық экономиканың басым салаларының қажеттіліктерін халықты әлеуметтік қолдауды ескере отырып міндетті сақтандыру саласында ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты жасауға;
сақтандыру рыногының толыққанды инфрақұрылымын құруға қолдау көрсетуге, сақтандыру саласында кадрлық әлеуетті жақсартуға;
жаңа сақтандыру өнімдері мен технологияларды енгізуді жандандыру, сақтандыру қызметтерінің сапасын жақсарту және оның тізбесін көбейту;
сақтандыру рыногының субъектілерін қадағалау мен реттеу стандарттарын арттыру;
халықаралық рыноктарға ұлттық сақтандыру рыногының бірігу процесін тереңдету және сақтандыру (қайта сақтандыру) схемасы.
Тұтастай алғанда, ұлттық сақтандыру индустриясын дамыту мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті алғышарттарды жасауға ықпал етеді.
Сақтандыру саласындағы агенттік қызметінің басым бағыттары:
сақтандырудың әртүрлі сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру статистиканың қалыптасқан дерекқоры негізінде тәуекелдер сыныптамасын әзірлеу;
Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық ұйымының ұсынымдарын ескере отырып, жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін жетілдіру;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуекелдерін басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды белгілеу болып табылады.
Бағалы қағаздар рыногы
Бағалы қағаздар рыногы қызметінің стандарттарын белгілеу, корпорациялық басқаруды жақсартуға ынталандыру және қаржы рыногының тәуекелдерге неғұрлым бейім салаларына қадағалау ресурстарын шоғырландыру үшін Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1385 қаулысымен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Бағдарламада бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалады, ол рынокты жандандыруға және қазіргі проблемаларды кешенді шешуді қамтамасыз етуге арналған.
Бағалы қағаздар рыногын (БҚР) дамыту тұтастай алғанда мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарт жасауға ықпал етеді. Бұдан басқа, белгіленген шаралар өтімді бағалы қағаздар тізбесін кеңейтуге, корпорациялық басқаруды, эмитенттердің және БҚР-ның басқа да қатысушыларының ақпаратты ашу тәртібін жетілдіруге ықпал етеді.
Мемлекеттік қарыз алу және акциялардың мемлекеттік пакетін басқару тәртібін жетілдіру, халықтың инвестициялық мәдениетінің деңгейін арттыру жөніндегі шаралар өткізіледі. Бағдарламада Қазақстанда сертификатталған халықаралық инвестициялық талдаушылардың келуіне қажетті жағдайлар жасау, инвесторлардың құқықтарын қорғауды жоғарылату, бағалы қағаздар рыногына қатысушыларды қадағалау мен реттеудің тиімділігін арттыру көзделеді.
Болжанып отырған кезеңге арналған саясат мынадай мәселелерді шешуді қамтиды:
кредиттік рейтингтік бағалауларды, оның ішінде бағалы қағаздардың листингі және институционалдық инвесторлардың активтерін инвестициялауға қойылатын талаптарды белгілеу кезінде қазақстандық ұлттық шәкіл бойынша қолдануды кеңейту;
бағалы қағаздар рыногының бірқатар индекстерін әзірлеуін қамтамасыз ету бойынша ақпараттық және талдамалық агенттіктермен жұмыс;
дефолт жағдайына бағалы қағаздар рыногы лицензиаттарының жекелеген тәуекелдерді еркін сақтандыруын ынталандыру;
бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарын бағдарламалық техникалық қамтамасыз етуге және бағдарламалық қамтамасыз етуді сертификаттауға қойылатын талаптарды әзірлеу;
сауда-саттық ұйымдастырушысының, орталық депозитарийдің, оның ішінде номиналды ұстаушылар мен тіркеушілердің ақпаратты резервтік көшіру және сақтау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеу.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының үнемі өсіп отыратын инвестициялық әлеуеті, сондай-ақ қаржы рыногының өзге де қатысушыларының инвестициялық белсенділігінің артуы Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын серпінді дамытуға қолайлы әсер етеді.
Агенттік бағалы қағаздар рыногын реттеуді халықаралық стандарттарға, ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ, өзге де халықаралық ұйымдар шеңберінде тиімді біріктіру талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі іс-шараларды өткізеді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесi
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, салымшылардың және алушылардың құқықтарын қорғау, ұзақ мерзімді ішкі инвестициялар көзі ретінде зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысымен Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламада жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың орта мерзімді перспективаға арналған негізгі басымдықтары айқындалады және мынадай іс-шараларды қабылдау:
халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуын кеңейту;
міндетті зейнетақы жарналары бойынша "бір салымшы - бір қор" талабын іске асыру жолымен міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету және міндетті зейнетақы жарналары бойынша агенттердің берешегін азайту;
алушының зейнетақы алуға құқығына ие болған сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы жөніндегі кепілдіктерді мемлекеттің орындауы тәртібін белгілеу;
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жауапкершілігін айқындау, салымшылардың (алушылардың) мүдделерін қорғау;
зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру, зейнетақы активтерінің көлеміндегі ұзақ мерзімді қаржы құралдарының үлесін ұлғайту, жинақтаушы зейнетақы қорларының портфельдеріндегі қаржы құралдарының бағалық және валюталық тәуекелдерін азайту, ұзақ мерзімді индекстелген мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, жобалық инвестицияларды дамыту мен акциялар рыногын жандандыру;
жинақтаушы зейнетақы жүйесі субъектілерін қадағалауды дамыту әрі оның тиімділігін арттыру және Халықаралық Зейнетақы реттеуіштері Қауымдастығының (INPRS) Жеке зейнетақы қорларын реттеу қағидаттарын енгізу көзделеді.
Бағдарламаны іске асыру:
халықтың ЖЗЖ-мен қамтылуын кеңейтуге;
мемлекеттік емес зейнетақы қорлары (МЗҚ), зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар (ЗАИБЖАҰ) қызметінің қаржылық сенімділігін және ашықтығын арттыруға;
зейнетақы активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдары ұсыныстарын ұлғайтуға;
әртүрлі МЗҚ-ның салымшылары арасында зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түсетін кірістерді тұрақтандыруға;
ЖЗЖ субъектілерін қадағалау және реттеу тиімділігін арттыруға жәрдемдеседі.
ЖЗҚ үшін инвестициялық мүмкіндіктердің кеңеюін, өтелгенге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді қаржы құралдарының ұлғаюын ескере отырып, орташа өлшемді номиналды кіріс 4,5% - 6,5%-ды құрайтын болады деп күтілуде, жүйе қалыптаса бастаған алғашқы кезде пайда болған қате шоттар саны едәуір қысқарады; "бір салымшы - бір қор" қағидаты іске асырылатын болады және ЖЗҚ-ға төлемдердің тиімділігі артады.
Орта мерзімді кезеңде жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласында мынадай міндеттер шешілетін болады:
шоғырландырылған қадағалауды жетілдіру және жосықсыз бәсекені шектеу;
зейнетақы активтерін шетелдік басқарушы компанияларға берудің орындылығына талдау жүргізу;
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары мен ұйымдарда корпоративтік басқару қағидаттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу.
ҚР Үкіметінің 2006.15.05 № 395 Қаулысымен 3-параграф өзгертілді (бұр. ред. қара)
§ 3. Фискалдық саясат
2006-2008 жылдары фискалдық саясат Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 523 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған Орта мерзімді фискалдық саясатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкіметі бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келетін болады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған Орта-мерзімді фискалдық саясатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясаты, оның ішінде бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, республиканы әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру тәсілдері, бюджетаралық қатынастарды дамыту бағыттары, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясат, ықтимал фискалдық тәуекелдер айқындалады.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қор жаңа жұмыс істеу жүйесіне көшуді жүзеге асыратын болады.
Бюджет саясаты
Орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес қалыптастырылатын бюджет саясаты 2006-2008 жылдары тұрақты экономикалық өсуді қолдауға бағытталады.
Бюджет саясатының орта мерзімді перспективаға арналған негізгі міндеттері:
бюджеттік заңнаманы жүйелендіру;
бюджеттік жоспарлауды жетілдіру;
бюджет жүйесінің сыртқы экономикалық конъюнктураға тәуелділігін азайту;
мемлекеттік шығыстардың тиімділігін және нәтижелілігін арттыру;
перспективалы бюджеттік жоспарлау рөлін арттыру;
жүргізіп жатқан әлеуметтік реформаларды, білім беруді дамытуды, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымды қаржылық қамтамасыз ету;
көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;
бюджетаралық қатынастардың ашықтығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдаланудың тетігін жетілдіру;
мемлекеттік меншікті басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2006.15.05 № 395 Қаулысымен кіші бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен
борышты басқару саласындағы саясат
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясаты мынадай бағытта іске асырылатын болады:
мемлекеттік борышты басқару жөніндегі жүйені жетілдіру;
бюджеттің қалыптасқан мұнай емес тапшылығы мөлшерін негізге ала отырып, жүргізіліп отырған жинақтар саясатын ескере, республикалық бюджет тапшылығы мен үкіметтік борыш өлшемдерін айқындау;
үкіметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыштың үлесін біртіндеп азайту.
Yкіметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыштың үлесін біртіндеп азайту республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымындағы сыртқы қарыздар есебінен республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үлесін қысқарту жолымен жүзеге асырылады.
Үкіметтің қарыздар портфелін әртараптандыру мақсатында бір мезгілде ішкі рынокта қарыз алу ұлғайған кезде сыртқы қарыз алу көлемін азайтылатын болады.
Ішкі қарыз алу көлемінің ұлғаюы зейнетақы активтерін орналастыру үшін сенімді және өтімді қаржы құралдарын (оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарды) жинақтаушы зейнетақы қорларына беру қажеттілігіне байланысты.
Үкіметтік қарыз алу, сондай-ақ қор нарығында тиісті бағдар белгілеу үшін айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін ұстап тұру мақсатында да пайдаланылады. Нақты жинақтау мақсатында үкіметтік қарыз алу саясаты бес жылдық перспективада кепілдік берілген борышты ескере отырып, Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына үкіметтік борыштың 50-70% арақатынасына қол жеткізуге бағдарланатын болады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын басқару жүйесі қайта қаралатын болады. Мониторинг мемлекеттік борыш бойынша ғана емес, мемлекеттің басым қатысуымен акционерлік қоғамдардың борыштық міндеттемелерін өзіне қамтитын барлық мемлекеттік сектордың борышы бойынша да жүргізілетін болады.
Мемлекеттік борышты басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау үшін Мемлекеттік борышты басқару жөнінде тұжырымдама әзірленетін болады. Тұжырымдамада борышты басқару стратегиясы, мемлекеттік борыш құрылымы мәселелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарының борыштық міндеттемелерін реттеу мәселелері мен мемборышты басқарудың ұйымдық негіздері өз көрінісін табады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласында жүргізіліп отырған саясаты шеңберінде 2006-2008 жылдары мынадай міндеттерді (бағыттар бойынша) шешу көзделіп отыр:
бюджет тапшылығы мен борыш көрсеткіштері бөлігінде:
мұнай емес тапшылықтың көлеміне негіздей отырып, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді есепке алып, республикалық бюджеттің оңтайлы өлшемдерін айқындау және орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігіне қол жеткізу;
жинақтар саясаты шеңберінде үкіметтік борыш оңтайлы мөлшерін айқындау;
ішкі қарыз алу бөлігінде:
жылдар мен қағаз түрлері бойынша бөліністе мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының орта мерзімді кезеңге арналған болжамды схемасын жасау;
ішкі қарыздарды тарту мерзімдеріне қарай қарыз алудың түрлі құралдарын қолдану;
рыноктағы ахуалға қарай қарыз алудың жалпы көлеміндегі индекстелген және купондық міндеттемелер арасындағы оңтайлы ара қатынасты белгілеу жолымен пайыздық тәуекелдерді азайту;
бағалы қағаздар рыногындағы бағдарларды ("benchmark") белгілеу;
шығарылымдардың жалпы санын қысқарта отырып, кезінде мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару көлемін ұлғайту;
айналыс мерзімін ұлғайта отырып, пайыздарды төлеу кезеңділігін азайту;
міндеттемелердің орындалмау тәуекелін азайту және қысқа және орта мерзімді перспективада үкіметтік ішкі борышты өтеу жөніндегі төлемдердің ең жоғары шегін төмендету, бұл үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді шығаруға қайта бағдарлану көзделіп отыр;
сыртқы қарыз алу бөлігінде:
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасына, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына, донор - халықаралық қаржы ұйымдарының тиісті орта мерзімді кезеңге арналған елдік бағдарламаларына сәйкес Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық маңызды мәселелерін шешуге бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сыртқы қарыздарды тарту;
экономиканың басым салаларында сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын, жаңа инвестициялық жобаларды дайындау оның ішінде:
ауыл, су және орман шаруашылықтарында;
жол саласында;
өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
астананы одан әрі дамыту;
жаңа жобаларды іріктеуді күшейту және Қазақстан Даму Банкінің өтемдік негізде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың банктік сараптамасын жүзеге асыруға қойылатын талаптарды;
республикалық инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілетін жобалардың дайындалу сапасы мен сараптамасын жақсартудан көрінетін қарыз қаражатын тиімді пайдалану;
теңгенің айырбас бағамы өзгерген жағдайда теріс салдарды азайту мақсатында Yкіметтің сыртқы қарыздар портфелін қарыздардың валюталары бойынша әртараптандыру;
Үкіметтің бірлесіп қаржыландыру үлесін бір мезгілде ұлғайта отырып, донорлардың сатып алу рәсімдері бойынша шектеулерді жұмсарту шартымен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сыртқы қарыздарды тарту;
борышты өтеу және оған қызмет көрсету бөлігінде:
неғұрлым қымбат қызмет көрсетілетін үкіметтік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу жолымен үкіметтік борышты белсенді басқару;
жергілікті атқарушы органдардың мерзімі өткен борыш міндеттемелерін өтеу және реттелмеген борыш міндеттемелері проблемаларын жедел шешу жөнінде белсенді шаралар қабылдау;
Фискалдық тәуекелдерді болжау.
Бұдан басқа, Ұлттық қор активтерінің елеулі қысқартуына жол бермеу мақсатында (бір жағынан Ұлттық қорда жинақтау жүзеге асырылғанда, ал екінші жағынан шамадан тыс үкіметтік қарыз алынады) бюджет тапшылығын үкіметтік қарыз алу есебінен қаржыландыру деңгейі бес жылдық кезең үшін орташа жылдық мәнінде ЖІӨ-нің 1%-нан аспайтын мөлшерде шектелетін болады. Осылайша, бюджетке түсімдердің деңгейіне жағымсыз әсер ететін қолайсыз экономикалық конъюнктура кезеңінде бюджет тапшылығының көрсеткіші бес жылдық кезең үшін орташа мән шеңберінде ұлғаю жағына қайта қаралуы мүмкін.
Мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру
2006-2008 жылдары мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру саласындағы мемлекеттік саясат мынадай міндеттерді іске асыруға бағытталады:
мемлекеттік кәсіпорындардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың бейінді емес қызмет түрлерін рыноктық ортаға беруді қамтамасыз ету;
стратегиялық маңызды компаниялардың мемлекеттік акциялар пакетін басқару жөніндегі мемлекеттік холдингтік компания құру;
мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару органдарында мемлекет мүддесін білдіретін лауазымды тұлғалар тарапынан мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру;
заңнама талаптарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика салаларында мемлекеттік меншік мониторингін қамтамасыз ету;
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің тиімді жұмыс істеуі мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен оларға коммуналдық меншікті бөліп беру;
мемлекеттік меншік объектілерін есепке алу жөнінде бірыңғай дерекқор құру.
Алдағы кезеңде мемлекеттік меншік объектілерінің орынды әрі тиімді пайдаланылу нысанына оларға түгендеу жүргізу мемлекеттік кәсіпорындардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызмет түрлерін түгендеу бойынша мемлекеттің жекелеген экономика салаларына қатысу мақсаттарына сай келмейтін қызмет салаларын айқындау үшін жүргізілетін жұмыс қорытындыларын есепке ала отырып жүзеге асырылады. Көрсетілген қызмет түрлері, сондай-ақ пайдаланылмайтын немесе мақсаты бойынша пайдаланылмайтын мемлекеттік мүлікті қоса алғанда, мұндай қызмет сол арқылы жүзеге асырылатын мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен бәсекелі ортаға берілуі тиіс.