«Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанынан Индустриялық-инновациялық даму
саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес
құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 356 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 25 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңестің құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 3 мамырдағы
№ 356 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы
Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік
басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған
кеңестің құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан
Республикасының Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі, төраға
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич және сауда министрі, төрағаның орынбасары
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрі, хатшы
Келімбетов - "Қазына" орнықты даму қоры"
Қайрат Нематұлы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 3 мамырдағы
№ 356 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы
Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік
басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену мен пайдалану құқықтары «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ға (бұдан әрі - Қор) берілетін акционерлік қоғамдарды (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді) (бұдан әрі - компаниялар) басқару жөніндегі негіз қалаушы мақсаттары мен міндеттері жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу үшін құрылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің міндеттерi
4. Кеңестің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының ережелерін, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды ескере отырып, компанияларды дамыту жөнінде негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
2) компаниялардың өз мақсаттары мен қаржылық нәтижелеріне қол жеткізуі жөніндегі Қордың қызметін бағалау жүргізу болып табылады.
5. Кеңес міндеттерді шешу кезінде:
1) коммерциялық және коммерциялық емеске бөліп, басты стратегиялық мақсаттар, коммерциялық және коммерциялық емес мақсаттар арасындағы теңгерім;
2) маңызды салалық бастамалар мен міндеттер;
3) компаниялардың қорытылған тиімділік көрсеткіштері мен рентабельділік коэффициенттері;
4) дивидендтер төлеу деңгейі, компаниялардың таза кірістерін бөлу және қайта инвестициялау;
5) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық бағдарламалар мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлейді.
6. Әрбір компания үшін негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер жөніндегі ұсынымдар әзірлеуді Кеңес екі жылда бір рет жүзеге асырады.
3. Кеңестің құқықтары
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға;
2) Кеңестің отырысына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша оларды тыңдауға;
3) қажеттілігіне қарай компанияларды басқарудың проблемалық мәселелерін талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.
4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
8. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. Кеңестің төрағасы Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Кеңестің қызметіне жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функциясын оның орынбасары орындайды.
9. Кеңестің құрамына Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрліктерінің бірінші басшылары, Қордың атқарушы органының басшысы (келісім бойынша) кіреді.
10. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кеңестің жұмысшы органы болып табылады.
11. Кеңестің жұмыс органы Кеңестің қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
12. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі басшысының орынбасары Кеңестің хатшысы болып табылады. Кеңестің хатшысы Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдар дайындайды және отырыстың хаттамасын ресімдейді.
13. Кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде, бірақ екі жылда бір рет қана өткізіледі.
14. Отырыстардың күн тәртібін Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырады.
Кеңес отырыстарын өткізу уақыты мен орнын Кеңес төрағасы белгілейді.
15. Отырыстың күн тәртібін Кеңестің хатшысы Кеңестің мүшелеріне, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғаларға жібереді.
16. Отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешім, қатысушы Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
17. Кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді. Отырыс хаттамасын хатшы дайындайды және оған отырысқа қатысушы Кеңестің барлық мүшелері қол қояды.
Кеңес мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол жазбаша түрде жазылады және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
18. Кеңес отырысының қол қойылған хаттамасы барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен Қорға таратылады.
5. Кеңестің қызметін тоқтату
19. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.