«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар
ұсынатын, көрсетуден түсетін кіріс олардың жиынтық жылдық кірісінен алып тастауға жататын қаржылық қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 816 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 91-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар ұсынатын, көрсетуден түсетін кіріс олардың жиынтық жылдық кірісінен алып тастауға жататын қаржылық қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 25 тамыздағы
№ 816 қаулысымен
Бекітілген
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы
заңды тұлғалар ұсынатын, көрсетуден түсетін кіріс
олардың жиынтық жылдық кірісінен алып тастауға
жататын қаржылық қызметтердің
тізбесi
1. Өз клиентінің есебінен және мүддесінде (брокер ретінде) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру жөніндегі қызметтер.
2. Номиналды ұстау қызметтері.
3. Андеррайтер қызметтері.
4. Ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтер.
5. Бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді үнемі жариялау және ұстап тұру жөніндегі қызметтер.