«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы
№ 792 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен күші жойылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 45-46, 538-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі «1997 жылғы 19 маусымдағы» деген сөздер «2006 жылғы 31 қаңтардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанында:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мекен-жайы» деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |