«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 929 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы
№ 785 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 35, 484-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ «Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздерден кейін «және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары» деген сөздермен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кәсіпорынға осы қаулыға қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат берілсін.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 18 тамыздағы
№ 785 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 929 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат
орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбесі
1. «Ақмола ғылыми-техникалық ақпарат Астана қаласы
орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
2. «Республикалық ғылыми-техникалық Алматы қаласы
кітапхана» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
және оның филиалдары