«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 17 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына норма шығару қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы
14 ақпандағы № 99 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы« Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 487 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 159-құжат):
2-тармақта «, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган» деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету болып белгіленсін.«.
2. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 шілдедегі № 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 23, 199-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықта (заңдық техникасы):
45-тармақ өзгеріссіз қалдырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 427-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібінде:
2-тармақтың 5) тармақшасында және 7-тараудың тақырыбында "және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізудің" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Нормативтік құқықтық актілер Әділет министрлігіне және оның аумақтық органдарына оларды тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен (қол қойған) сәттен бастап екі аптаның ішінде, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтінін) қоса алғанда, мемлекеттік органның мөрімен расталған баспа түрінде және электрондық сандық қолтаңба арқылы куәландырылған электронды түрде төрт данада ("құпия" белгісі бар құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде баспа түрінде екі данада ұсынылады) ұсынылады.";
екінші абзац алынып тасталсын;
11-тармақтың 3) тармақшасында «тіркеу нөмірін» деген сөздер «мемлекеттік тіркеу нөмірін» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 10-1) тармақшасында «нормативтік құқықтық актіге немесе оның құрылымдық бөлігіне» деген сөздер «нормативтік құқықтық актінің немесе оның құрылымдық бөлігі мәтінінің мазмұнына» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік тіркеуден кейін қорытынды мен нормативтік құқықтық актінің бір данасы (түпнұсқа) оған берілген мемлекеттік тіркеу нөмірімен бірге, егер осы акт азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты болған жағдайда, ресми жариялау міндеттемесімен нормативтік құқықтық актіні тіркеуге ұсынған органға жолданады, мемлекеттік органның мөрімен расталған баспа түрінде және электрондық сандық қолтаңба арқылы куәландырылған электрон түрінде екінші және үшінші даналары Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне және нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі тізіліміне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолданады, нормативтік құқықтық актінің төртінші данасы тіркеуші органда қалады.";
екінші абзац алынып тасталсын;
төртінші абзацта "тіркеу нөмірі" деген сөздер "мемлекеттік тіркеу нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацында "Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізіліміне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізіліміне, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргізу ережесінде:
13-тармақтың үшінші абзацы "заңнамаға" деген сөзден кейін "енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемелерімен" деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 тамыздағы № 938 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 28, 315-құжат):
тақырыбында және 1-тармақта "ресми мәтіндерін кейіннен жариялау" деген сөздер "мәтіндерін кейіннен ресми жариялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялаудың ережесінде:
мәтіндегі "ресми мәтіндерін кейіннен жариялаудың", "ресми мәтіндерін кейіннен жариялауды", "кейіннен жариялауға", "кейін жариялауға", "кейіннен жариялау", "Кейіннен жариялаудың", "ресми мәтіндерін кейіннен жариялау" деген сөздер тиісінше "мәтіндерін кейіннен ресми жариялаудың", "мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды", "кейіннен ресми жариялауға", "кейіннен ресми жариялау", "Кейіннен ресми жариялаудың", "мәтіндерін кейіннен ресми жариялау" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 34, 369-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу ережесінде:
6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау - ресми және мерзімді баспасөз басылымдарында нормативтік құқықтық актілердің толық мәтінін жалпыға бірдей мәлімет үшін жариялау;".
7. "Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
68-тармақтың 7) тармақшасы "салыстырма кестесі" деген сөздерден кейін "енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемелерімен" деген сөздермен толықтырылсын.
8. "Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінде:
10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.
Жұмыс тобының жұмысына қатысу үшін әр түрлі білім салаларының, ғылыми мекемелердің мамандары және ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдері тартылуы мүмкін.".