Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы емдеу-сауықтыру
бiрлестiгiнiң санаторийлерiне жолдаманың құнын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1992 ж. 26 қазандағы № 896 қаулысы
(1993.09.03. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. ҚР Министрлер Кабинетінің 1993.09.03. № 179 қаулысымен күшi жойылды
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң бастығына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келiсуi бойынша Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң санаторийлерiнде шет ел азаматтарының тұру құнын сом және доллар есебiмен белгiлеу хұқы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi санаторийлерiне жолдамалардың құнын бекіту туралы" 1992 жылғы 16 шiлдедегi № 602 қаулысы 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi